07032015

Page 1

Мерекелеріѕізбен, асыл аналар, аяулы арулар! №45 (28523) 7 НАУРЫЗ СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

наурыз – Халыќаралыќ əйелдер кїні

Əйел отбасыныѕ єана емес, Отанныѕ да ўйытќысы Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз – Халықаралық əйелдер күні мерекесіне орай Қазақстан əйелдері қоғамдастығының бір топ өкілдерімен кездесті. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Көктем жəне əйел-ана! Бірін бірі толықтырған қандай үйлесім десеңізші! Иə, əйелдер мерекесінде адам жанын ғажайып сезімге бөлейтін ерекше күй де осындай керемет екі ұғымның ұштасқандығынан туындаса керек. Ендеше, қар астынан қылтиып бəйшешек бой көтергенде жер-дүниені бусандырған көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі басталатыны да бекер болмас. Күннің көзі нұрын төгіп, ақ қар-көк мұз еріп, тал-шыбықтар бүрленіп, дала біткен түрленіп жатқан шақтың құдіреті де сол көктемнің

шуақты нұрынан нəр алады емес пе? Кеше осынау керемет мереке қарсаңында Астана төрінде өткен Елбасының əйелдер қауымымен кездесуі де «Көктем шуағы» деп аталды. Мұндай кездесу аналар мерекесі қарсаңында Ақордада өтетін жыл сайынғы дəстүрге айналып келеді. Оған əдеттегідей еліміздің барлық өңірлерінен келген, экономиканың түрлі секторларында, мəдени-əлеуметтік салаларда жəне мемлекеттік қызметте істейтін əйел жұртының өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы оларды келе жатқан Халықаралық əйелдер күнімен құттықтап, Қазақстанның барша əйелдер қауымына бақыт, денсаулық жəне бақбереке тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі əйелдердің əл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Тəуелсіздік жылдарында біз көп нəрсені еңсердік. Қазір елімізде береке мен тыныштық орнады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы Жол» жəне басқа бағдарламалар осыны көздейді. Əйелдер отбасын сақтаушы ретінде бақ-берекені ең алдымен балаларынан, дастарқанынан сезінеді, сол арқылы мемлекеттің қамқорлығын сезінеді, деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, елдегі əйелдер қауымы өкілдерінің белсенділігі артып келе жатқанына тоқталды. Бүгінде мемлекеттік қызметтегі қызметкерлердің басым бөлігін əйелдер құрайды. Денсаулық сақтау саласында олардың үлесі 75 пайызға, білім беру саласында 65 пайызға дейін жетеді. Бизнестегі басшылардың

ЕЛДІГІМІЗДІЅ ЕРЕН СЫНАЄЫ Ќазаќстандыќтар кезектен тыс президенттік сайлаудыѕ мəн-маєынасын осылай баєалауда ● Президент поштасынан

● Жүрекжарды

Елбасы тґѕірегіне топтасайыќ

Мен Елбасына сенемін

– дейді Мемлекет басшысыныѕ сайлауєа тїсуін ќалайтынын айтып хат жазєан ќазаќстандыќтар Президент сайлауын өткізу туралы шешімге қолдау білдірген жəне Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылуын өтінген хаттар мен жеделхаттар əлі де көптеп келіп жатыр, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының атына еңбек ұжымдарынан, белгілі спортшылардан, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінен, сондай-ақ, елдің түрлі өңіріндегі тұрғындардан Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы президенттік сайлауға қатысуын өтінген хаттар легі əлі жалғасуда. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ мен «Alageum Electric» электротехникалық холдингінің еңбек ұжымы президенттік сайлауды өткізу туралы шешімге бірауыздан қолдау білдірген жəне Мемлекет басшысының сайлауға қатысуын өтінген. «Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім мандаты елді жүйелі дамыту мен өркендету үшін жоспарланған барлық ауқымды шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – делінген хатта. (Соңы 8-бетте).

Серік ҚИРАБАЕВ, академик.

Қазіргі таңда тəуелсіз Қазақстанды бүкіл əлем таниды. Мұнда туған Отанымыздың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың зор еңбегі бар екені талассыз шындық. Өткен жылдар бедерінде Мемлекет басшысының өнеркəсіпке, ауыл шаруашылығына қатысты бастамалары табысты жүзеге асырылып, Қазақстан халқының гуманитарлық, мəдени жəне рухани сұраныстарына жауап беретін инфрақұрылымдар қалыптастырылды. «Мəдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру өскелең ұрпақты адамгершілік жəне патриоттық рухта тəрбиелеуге интеллектуалдық жəне ақпараттық негіз қалады. Бүгінде біз жаңа саяси табыстар табалдырығында тұрмыз. Мен, Қазақстан ғылымының 90 жастағы ақсақалы ретінде, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа алдағы 26 сəуірге тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде қатысуға өзінің келісімін беру туралы өтінішпен қайырыламын. Менің мақсатым кім-кімге де түсінікті ғой деп ойлаймын. Елді дамыту үшін қабылданған жоспарларға кім бастамашылық жасаса, оларды жүзеге асыратын да сол болуы тиіс. Мен Президентімізге сенемін жəне оған жеңіс тілеймін. АЛМАТЫ.

да 40 пайызы – нəзік жанды арулар, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Елбасы тəуелсіздік жылдарында тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда əйелдер қауымының үлесі зор болғанына назар аударды. Əйел – отбасының ұйытқысы, алтын бесіктің иесі. Ел болашағының барлығы əйел азаматтарының қолынан өтеді. Сондықтан, сіздер арқылы барша Қазақстанның əйелдерін шын жүрегіммен құттықтағым келеді. Еш уақытта жүздеріңізден күлкі кетпесін деді Мемлекет басшысы. Елбасы сөз арасында елімізде демографиялық өсу жалғасып келе жатқанына, тек былтырдың өзінде дүниеге 400 мың сəби келгеніне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, биыл ел тəуелсіздігіне 24 жыл толатынын еске салды. Бұл уақыт қас-қағымда өте шықты, себебі, бəріміздің назарымыз жұмыста

болды. Бүгін соның нəтижесін көріп отырмыз – біз құрған мемлекетті бүкіл əлем таниды, құрметтейді, деді Қазақстан Президенті. Осы ретте Мемлекет басшысы елдегі тұрақтылықтың арқасында экономикамыз қарқынды дамып келе жатқанын баса айтты. Бүгінде жер бетінде, БҰҰ мəліметі бойынша, 800 миллион адам аштықтан жапа шегуде. Жыл сайын азық тапшылығының кесірінен 6 миллион бала, 30 миллион ересек адам өледі. 400 миллион адам ауызсуға зəрулік зардабын тартады. Жыл сайын планетамызда 30 əскери қақтығыс болып, соның салдарынан сағат сайын 40 адам қаза табады. Сондықтан, елдің ішкі тұрақтылығын көздің қарашығындай қорғауға тиіспіз, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасы бүгінгі жастар арасындағы кейбір ахуал да өзін

Оѕтайлы бюджет игергенге оѕай Сенаторлар 2015-2017 жылдарєа арналєан республикалыќ бюджетке тїзетулерді ќабылдады Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды. Егжей-тегжейлі талқылаудан кейін сенаторлар 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қабылдады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Экономика салаларының 2014 жылғы дамуының алдын ала деректерін жəне не гіз гі экспорттық тауарларға əлемдік тауар нарықтарындағы ағымдағы ахуалды ескере отырып, Қазақстан Республикасының əлеу меттік-экономикалық

дамуының 2015-2019 жылдарға арналған болжамын түзету 2015 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау үшін негіз болып табылады. Биылғы 11 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев алға қойған тапсырмаларына сəйкес «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасындағы дағдарысқа қарсы

жаңа шараларды іске асыру үшін Ұлттық қордың нысаналы трансферттері ұлғаятын болды. Сенаторлар А.Күзеков, В.Бобров, Б.Еламанов, С.Бектұрғановтың бюджетті жоспарлауды жетілдіру, сыртқы қарызды жабу, сондай-ақ, көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй қатынастары саласы жөніндегі сауалдарына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, Қаржы, Ин вестиция жəне даму министрлері жауап берді. (Соңы 2-бетте).

Жалпы отырыстыѕ кїн тəртібі наќтыланды Кеше палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Халық қалаулыларының назарына азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша ілеспелі түзетулерімен Азаматтық процестік кодекстің жобасы бірінші оқылымда ұсынылатын болды. Сондай-ақ, палата екі ратификациялық заң жобасы бойынша қорытынды əзірлеу мерзімін тағайындамақ. Олар: 2009 жылғы 6 қазандағы Жерді қашықтықтан зондтаудың

ғарыш жүйесін жəне ғарыш аппараттарының құрастырусынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы Қазақстан-Франция келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Қазақстан Рес публикасының Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау

ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді ратификациялау. Жалпы отырыстың күн тəртібі жобасында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде мəселе де қамтылған.

алаңдататынын жеткізді. Ажырасулар секілді басқа да назар аударатын мəселелер баршылық, олар бұрын да болатын. Қазір бəрі еркіндеу болып кетті. Дегенмен, қоғамдағы моральдық ахуал да, құрылым да қашанда əйелдерге тəуелді, деген Президент ұрпақ тəрбиесіндегі əйелдердің айрықша рөлін атады. Сөз арасында Мемлекет басшысы қазіргі жастар арасында маңызды мəселенің бірі баспаналы болу өз шешімін тауып келе жатқанына тоқталды. Яғни, тұрғын үй құрылысының жаңа бағдарламасы бойынша жалға берілетін баспананың жартысы жастарға тиесілі болады. Əрине, бағдарлама бойынша баспанаға ие болатын жастар жұмыс істеулері керек. Онда алғашқы бастапқы жарна деген жоқ. Кезекпен жалға баспана алады, сосын жалға алынған қаражатын төлейді. Ал бұл төлем пəтер құнына да кете береді. Онсыз да пəтер жалдап тұрып жатыр емес пе жастар? Сол секілді бұған да төлейді, ал оның төлемі пəтер құнына түседі. Біртіндеп, осылайша пəтер жастардың меншігіне өтетін болады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент мұндай бағдарламаның ешбір елде жоқ екенін, Қазақстан ғана осындай қадамға барып отырғанын жеткізді. Басқа мəселелер де осылай шешімін тауып жатыр, біртіндеп таба береді де, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Соңы 2-бетте).

Асыл жар

– Неге үйіне асығады бұл кісі? – Деп біреулер келетіндей білгісі. Мен үйіме асығатын себебім – Менің жарым – асыл жардың үлгісі. Күн шыққандай – күлсе оның күлкісі. Оның көзі – көз біткеннің мұңдысы. Кейде менің өңменімнен өтеді Секілденіп қосауыздың ұңғысы. Мен сияқты баласының тұңғышы Кейде мені келеді оның ұрғысы. Соның ыстық пейіліне ынтызар Мен аялап келе жатқан жыр құсы. Мен жəйлі оның келер бəрін білгісі Айырбастай алмас оны мың кісі. Анамдай боп аймалайды бетімді Басқа түгіл, оның жұмсақ сүлгісі. Келеді оның қасымда ылғи жүргісі, Жарасады менімен тек тұрмысы. Қызықпайды басқалардың бағына – Тек менімен келеді өмір сүргісі. Тек менімен келер өмір сүргісі Жер бетінде бар болған соң бір кісі Асығамын, асығамын үйіме – Болмайын деп сағындырған жыл құсы! Жүрсін ЕРМАН.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
07032015 by Egemen - Issuu