ОТАН ҚОРҒАУ – ҚАСИЕТТІ БОРЫШ №122 (28061) 7 МАМЫР СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
7 мамыр – Отан қорғаушы күні
Еѕбек пен ерлікке лайыќты баєа
Отан қорғаушы күні мерекесіне орай кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз міндеттерін орындау жолында айрықша көзге түскен бір топ əскери, құқық қорғау жəне арнайы қызметтер саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Марапат алушылар алдында сөйлеген сөзінде Президент алдымен 7 мамырды өзінің Жарлығымен Отан қорғаушы
күні деп жариялағанын еске салды. Осы мерекені мемлекеттік мейрам ретінде алғаш рет атап өтеміз. Мен дəстүрлі түрде осы мерекенің қарсаңында Қарулы Күштер, құқық қорғау жəне арнаулы қызметтер саласында айрықша еңбегімен,
ерлігімен көзге түскендерді наградтау туралы Жарлыққа қол қойдым, деді Президент. Одан əрі Елбасы марапатталушылардың бəрі де ерен еңбегімен, қалтқысыз қызметімен ерекшеленген жандар екенін атап өтті. – Сіздердің басты мін деттеріңіз – тəу етер Тəуелсіз дігі мізді қорғап, елдің ішіндегі тыныштықты күзетіп, этностарымыздың арасындағы татулықты қамтамасыз ету. Тату елдегі тұрақтылық пен тəртіп
Индустриялыќ дамуєа балама жоќ
тұ ғырының берік болуы өздері ңізге тікелей байланысты. Сіздер осынау абыройлы борышты біліктілікпен, жоғары кəсіби шеберлікпен атқарып келе жатырсыздар. Қазақстанның тұрақтылығы мен халқымыздың амандығын біз сіздер секілді сенімді сарбаздар күзетіп тұр деп сенеміз. Елге қорған болу үшін қажымас қайрат, жігерлі рух қажет болса, осының бəрі сіздердің бойларыңызда бар, деді Президент.
Одан əрі Жарлық оқылып, Пре зидент өз қолымен наг радаларды тапсырды. Марапат алушылар арасында «ІІ дəрежелі Даңқ» орденін алған «Оңтүстік» өңірлік əскерлерінің қолбасшысы, ге нерал-майор Талғат Қой бақов, Ұлттық қорғаныс универси тетінің бастығы, генералмайор Асхат Рысбаев, «ІІ дəреже лі Айбын» орденін алған Экономикалық қылмысқа жəне (Соңы 2-бетте).
2013 жылғы 7 мамырда «Отар» 40-шы əскери базасының полигонынан Отан қорғаушы күніне арналған жауынгерлік парад тікелей трансляцияланатын болады. Полигонда Құрлық əскерлерінің барлық қару-жарақ түрлерінен жауынгерлік атыстар жүзеге асырылады. Қазақстан Əскери-əуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтарынан зымырандар нақты түрде жіберіліп, бомбалау тəжірибе жүзінде қолданылады. Каспий теңізі ак ваториясындағы Қазақстан Əскери-теңіз күштері ке ме лерінің жауынгерлік атысы онлайн-режімінде таратылады. Жауынгерлік парадқа 7 мыңнан астам əскери қызметші, 400-ден аса бронды машина мен автомбильді техника, 86 ұшақ пен тікұшақ қатысады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Жоғары əскери жəне арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы
Қаулы етемін: 1-сыныпты мемлекеттік əділет кеңесшісі сыныптық шені Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлына; генерал-лейтенант əскери атағы Қаражанов Құрбан Сəкенұлына; əділет генерал-лейтенанты əскери атағы Мерзадинов Ерғали Серікбайұлына; сыртқы барлау генерал-лейтенанты арнаулы атағы Жанқұлиев Аманжол Қазбекұлына; 2-сыныпты мемлекеттік əділет кеңесшісі сыныптық шені Меркель Иоган Давидовичке; генерал-майор əскери атағы: Бектанов Мұрат Кəрібайұлына, Қуанғалиев Жомарт Сабырұлына, Мұқатов Мейрамбек Сəдуақасұлына, Мұхтаров Талғат Сəбитұлына, Сағандықов Нұрлан Нығметжанұлына; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Қосжанов Бақытбек Жамалбекұлына, Мұқашев Ахат Ғаббасұлына, Нұрдəулетов Ғизат Дəуренбекұлына; қаржы полициясы генерал-майоры арнаулы атағы Шабақбаев Марат Несіпбекұлына; полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Əміров Мұхаран Серікұлына, Білəлов Берік Сұлтанғазыұлына, Жақыпов Рашид Тауфикұлына, Кенжетаев Жан Табылдыұлына, Оспанов Асқар Шуашұлына, Тыныбеков Қайрат Сағатханұлына; əділет генерал-майоры арнаулы атағы Бердалин Бауыржан Маратұлына; 3-сыныпты мемлекеттік əділет кеңесшісі сыныптық шені: Айтпаева Сəуле Мұханбедианқызына, Асанов Жақып Қажыманұлына, Бекбосынов Сабыржан Мəдиұлына, Исақов Нұржан Əзімханұлына, Секішев Асқар Асанханұлына берілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
------------------------------------------
Отан қорғаушы күніне арналған материалдарды 3-беттен оқисыздар.
Сенбі күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мəселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыс барысында өнеркəсіп саласының қазіргі жағдайы, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ, осы бағдарламаның екінші бесжылдығына дайындық мəселесі талқыланды. Қазақстан Президенті батыс елдеріндегі экономикалық дағдарыс біздің еліміздің экономикасының дамуына да əсер ететінін атап өтті. – Тау-кен, металлургия, химия салаларындағы өнімдерге
бағаның төмендеуіне байланысты бюджетке түсімдер азайды жəне Үкіметке оны қайта қарауға тура келеді. Бұған қоса, соның алдында болашақтағы дағдарыстарға қарсы əрекет ету бағдарламасы əзірленді. Бүгінде олардың қазіргі жағдайда қаншалықты өзекті екеніне талдау жасау қажет, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев үш жарым жылдан бері индустриялықинновациялық даму бағдарламасы іске асырылып жатқанын атап өтті.
– Жаңа кəсіпорындар іске қосылды, қалған бөлігі қосымша биыл пайдалануға берілетін болады. Бағдарламада көзделген барлық индикаторға қол жеткізуге тиіспіз. Бүгінде индустриялық-инновациялық дамуды қаржыландыруда шешімін табуды қажет ететін проблемалар бар. Еуропа елдері мен өзге мемлекеттер бастан кешіп отырған қиындықтар Қазақстанға да əсер етуде. Қазір біз экономикамыздың өсу қарқынының төмендеуіне жəне елімізде жұмыссыздықтың артуына жол бермеуге тиіспіз, – деді Қазақстан Президенті. (Соңы 2-бетте).
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 6 мамыр.
Маќсат – тўраќты жəне ќорєалєан зейнетаќы жїйесін ќалыптастыру Премьер-Министр Серік АХМЕТОВТІЅ «Егемен Ќазаќстан» газетіне сўхбаты – Серік Нығметұлы, өткен аптада Сенатта зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты заң жобасының таныстырылымы болып өтті. Ұсынылып отырған түзетулер еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру саласына түбегейлі өзгертулер енгізуді көздейді. Жалпы, зейнетақы жүйесін жаңғыртудың мақсаты не? – Үкімет пен Ұлттық банк бұл мəселемен біраз жылдардан бері шұғылданып келеді. Қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан
өзгертулер зейнетақы жүйесін жетілдіру үдерісінен туындап отыр ған мəселе деуге болады. Арнайы жұмыс тобы бұл мəселені егжей-тегжейлі қарап, əлемдік тəжірибені жан-жақты зерттеді. Бұл, əрине, өте маңызды əрі күрделі мəселе. Зейнетақы жүйесін реформалау 1998 жылы посткеңестік елдердің ішінде алғаш рет Қазақстанда жү зеге асырылғаны мəлім. Сол кезеңнен бастап елімізде жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілді.
Оның негізгі мақсаты – мемле кеттің есебінен төленетін ынтымақты жүйеден келешекте азаматтардың өздерінің жеке жинақтары есебінен зейнетақы алу жүйесіне бірте-бірте ойысу болатын. Сол уақыттан бері қарай зейнетақы төлемдерінің мөлшері бірнеше рет көтерілді, азаматтардың зейнетақы жинақтары да артты. Мұны статистика да көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда базалық, еңбек, жинақтаушы бөліктерінен құралған орташа жиынтық зейнетақының мөлшері
№ 560.
орташа айлық жалақының 40% немесе 42 мыңға жуық теңгені құрап отыр. Зейнетақы төлемдерінің бұл деңгейі халықаралық стандарттарға сəйкес. Біздің ендігі міндетіміз – осы деңгейді сақтап қалу. Сайып келгенде, зейнетақы жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты да осы. Оның бірінші кезеңінде негізгі үш өзгеріс ұсынылып отыр. Оның бірі – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру болса, екіншісі, денсаулыққа зиянды жəне ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдар үшін міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді енгізу, сондайақ, зейнетақы жасын біріздендіру, яғни əйелдердің зейнетке шығу жасын ер азаматтардың зейнет жасымен теңестіру. (Соңы 2-бетте).