07052014

Page 1

ОТАН ҚОРҒАУ – ҚАСИЕТТІ БОРЫШ 7 мамыр – Отан ќорєаушы кїні

№88 (28312) 7 МАМЫР СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Мінсіз ќызмет мемлекет мерейін ґсіреді

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Жоєары əскери жəне арнаулы атаќтар, сыныптыќ шендер беру туралы

Қаулы етемін: генерал-лейтенант əскери атағы: Жақсылықов Руслан Фатихұлына, Сапаров Оқас Базарғалиұлына; генерал-майор əскери атағы: Ашқаров Бейбіт Ысқақұлына, Жұмашев Жасұлан Қыдырғожаұлына, Мұқанов Нұржан Нұрланұлына, Уашпаев Марат Қамарянұлына, Хұсаинов Марат Рақымұлына; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Əбіш Самат Сатыбалдыұлына, Елубаев Құрман Исламұлына, Қыдырбаев Нұрлан Сұлтанұлына; қаржы полициясы генерал-майоры арнаулы атағы Боданов Айвар Жиреншеұлына; сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы Омаров Руслан Ысқақұлына; полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Жаппаров Мергенбай Баймендіұлына, Күдебаев Серік Мырзақұлұлына, Мəткенов Тілеген Советұлына; 3-сыныпты мемлекеттік əділет кеңесшісі сыныптық шені: Зайтлер Степан Степановичке, Иманов Ибрагим Əлжанұлына, Қараманов Серік Сəдуақасұлына берілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 6 мамыр. №815

Əскери атаќ – мемлекет тарапынан берілген жоєары баєа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев əскери жəне арнаулы атақтар тапсыру салтанатты рəсіміне қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кеше, Отан қорғаушы күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен əскери жəне қызметтік борышын атқару кезінде батылдық пен жанқиярлық көрсеткен бір топ əскери қызметшілер, құқық қорғау жəне ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Наградаларды тапсыру салтанатына ел Президентінің өзі қатысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Салтанатты рəсім кезінде Президент: «Бүгін еліміздің Қарулы Күштерінің мемлекеттік мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы ретінде мен сіздерді жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттауға шақырып отырмын. Бұл – мемлекеттің Отан алдындағы мінсіз қызметтеріңізді бағалағаны. Біздің халқымыз бейнеттің де зейнеті бар дейді. Сіздердің еңбектеріңіз жанды. Мемлекет міне, сол қажырлы еңбектеріңізді бағалап отыр.

Өздеріңізге ордендер мен медальдар тапсыру арқылы мемлекет сіздерге өзінің ризашылығын жəне бағасын береді. Əрине, сіздер тек қана марапат үшін қызмет етпейтіндеріңізді білеміз. Дегенмен, еңбектеріңіз елену керек. Сіздер елдің тəуелсіздігін, азаматтардың бейбіт өмірі мен тыныштығын қорғап жүрсіздер. Біз өздеріңізге қарап, Қазақстанның жарқын болашағына сенеміз. Атқарған еңбектеріңізбен, жүрістұрыстарыңызбен жастарға үлгі болып, əскери жəне қызметтік парызды абыроймен атқарып, Отанға қалтқысыз қызмет етіп келесіздер. Сол үшін барша Қазақстан халқы

атынан ризашылығымызды білдіреміз», деді. Осылай дей келе, Елбасы мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға адал еңбек ету – əрбір патриоттың ісі екенін жеткізді жəне қазақ халқының өткенді өнеге, бүгінді қастер тұтатын, ертеңгі күнге үмітпен қарайтын халық екеніне, демек, асыл арманды қажырлы еңбек, батыл əрекет арқылы жүзеге асыратынына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өзінің сөзінде марапатталған əскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында өз өмірлерін қатерге тігіп, адамдарды құтқарып қалған азаматтар бар екенін де айтып өтті. «Сіздер тек өз қызметтеріңізді ғана емес, азаматтық борыштарыңызды да абыроймен атқардыңыздар, жастарға үлгі болдыңыздар. Өмірде ерлікке əрдайым орын бар екенін дəлелдедіңіздер. Араларыңызда күш-қуаты мен уақытын аямастан өз қызметінде

● Айбын

ұдайы үздік нəтиже көрсете отырып, ұзақ жылдар қажырлы еңбек етіп келе жатқандар да бар. Отанға қалтқысыз қызмет – азаматтық ерлік пен жанқиярлылықтың шынайы көрінісі. Баршаңыз еліктеуге, үлгі алуға лайықтысыздар, сіздерге қарап жастар бой түзейді. Сіздердің істеріңіз – өз халқын сүюдің жəне оған адал болудың үздік үлгісі», – деді бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаев. Салтанатты рəсім кезінде Мемлекет басшысы болашақта марапат алғандарға зор жауапкершілік жүктелетінін, олар азаматтарымыздың бейбіт өмірін қорғай жүріп, өскелең буынға үлгі болуға тиіс екенін де айтты. Сонымен, бұл күні Қорғаныс, Ішкі істер жəне Төтенше жағдайлар министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, «Сырбар» сыртқы барлау қызметі, Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), Бас прокуратура

жəне «Қазақстанның ішкі істер органдары мен ішкі əскерлері ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұсыныстары бойынша барлығы 60 адам түрлі марапатқа ие болды. Мəселен, əскери жəне қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуда көрсеткен ерлігі, қажырлылығы үшін марапатталған азаматтар ішінде ІІ дəрежелі «Даңқ» орденімен 8 адам, ІІ дəрежелі «Айбын» орденімен – 14, ІІІ дəрежелі «Айбын» орденімен – 7, «Құрмет» орденімен – 2, «Ерлігі үшін» медалімен – 8, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен – 18, «Ерен еңбегi үшiн» медалімен 1 адам марапатталып, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 2 адам атап өтілді. (Соңы 2-бетте). ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Отан қорғаушы күні қарсаңында Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қол басшысы кезекті жоғары əскери жəне арнаулы атақтар, сондай-ақ, сыныптық шендер тапсырды. Қатысушыларға арнаған сө зін де Нұрсұлтан Назарбаев олардың еліміздің қауіпсіздігін, оның шекарасының қорғалуын, тəуел сіз мемлекет құрып жатқан қазақстандықтардың бейбіт еңбегінің алаңсыздығын қамтамасыз етіп отырғанын айтты. Бұған қоса, ол тарихи тұрғыдан Қарулы Күштер жастардың тəрбиесінде əрдайым маңызды рөл атқарғанын атап өтті. – «Офицердің ар-намысы» деген ұғым ешқашан ұмытылған емес жəне оның мəні ешқашан да төмендеген жоқ. Жауынгердің нағыз ерлігі отаны мен халқы үшін өз өмірін қия білуінде. Отанға қызмет етудің үлгісін көрсете отырып, сіздер өскелең буынды тəрбиелеп, қоғамымыздың рухани негіздерін нығайта түсесіздер. Мемлекет сіздердің қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға белсене атсалысатындарыңызға сенім

● VII Астана экономикалық форумы қарсаңында

БІЗ ПАРАДЌА ЌАТЫСАМЫЗ! БЭК-тіѕ іскерлік конгресі Отанымды ќорєау – басты парызым

– дейді жас лейтенант Марат АСАНОВ – Марат, əскери қызметкер болуды таңдапсың, отбасыңда əскери адамдар бар ма еді? – Менің əкем Ахан 20 жылын əскери салаға арнады. Соның ішінде көп жыл əскери комиссариатты басқарды. Қазір запастағы полковник, үнемі əскери киіммен сымдай тартылып жүретін əкемізге қарап əскери саланың маманы болсам деп армандаушы едім. Бұл күндері сол арманым іске асып, тəуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері қатарындағы қызметімді абыройлы атқара бастадым. – Жоғары білімді қандай оқу орнында алдың? –Түркістан қаласындағы №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияны бітірген жылы алдымда сан тарау жол тұрды. Өз елімізде де бірнеше əскери оқу орны бар ғой. Мектепте

бірге оқыған қатарластарым басқа саланы қалап жатты. Дегенмен, мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігіне қарасты Əскери университетте білім алуды қаладым. Оның үстіне Ресей мен Қазақстан арасында жоғары білімді əскери мамандарды даярлау жөнінде келісім жасалған екен. Осы келісімге сəйкес Мəскеудегі Əскери университетке оқуға түскен қазақстандық студенттерге мемлекеттік оқу гранты бөлінеді. Міне, осы мүмкіндікті пайдалануды көздедім. Бағым бар екен, ҰБТ қорытындысында жоғары балл жинадым. Сөйтіп, 2007 жылы Мəскеудегі əскери университетке əлеуметтанушы мамандығына оқуға түстім. Осы университетте оқи жүріп, 2011 жылы қосымша полиграф курсын бітірдім. (Соңы 4-бетте).

VII Астана экономикалық форумы (АЭФ) 2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында өтеді. Форумның жалпы тақырыбы теңдестірілген экономикалық өсімді қамтамасыз ету жəне жаһандық даму мəселелері төңірегінде болады. VII АЭФ əлемдік экономиканың өзекті мəселелерін талқылап, соған байланысты ұсыныстар белгілеп, өңдеу жұмыстарын жалғастырады. Биыл форум аясында ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция (ДҚДК) өткізу жоспарлануда. Сонымен бірге, жақында үш мемлекет – Қазақстан, Беларусь республикалары мен Ресей Федерациясы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қоймақ. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық кəсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Еуразиялық экономикалық одақ жолында» атты Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) бизнес-диалогының іскерлік конгресі өткізіледі. Аталмыш шара туралы біз Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі Рахым ОШАҚБАЕВТЫ əңгімеге тартқан едік. – Рахым Сəкенұлы, VII Астана экономикалық форумы аясында «Еуразиялық экономикалық одақ жолында» атты БЭК бизнес-диалогының іскерлік конгресі өтетіндігі белгілі, шараның мақсаты мен ерекшеліктерін тілге тиек етсеңіз? – Өздеріңізге белгілі, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық

экономикалық одақтың (КО жəне БЭК елдері –Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы) толыққанды қызметін қамтамасыз ету жоспарланған. Одақ аясында тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы іс жүзіне асырылып, экономика салаларында үйлестірілген, келісілген

немесе ортақ саясат жүргізілетін болады. Біз интеграцияның үш сатысынан өттік: алдымен Кеден одағы (КО), одан кейін Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК), қазір экономикалық интеграцияның ең жоғарғы сатысы – Еуразиялық экономикалық одақ құру алдында тұрмыз. Осыған орай, АЭФ аясында өткізілетін іс-шараның басты мақсаты – ең алдымен, қазіргі экономикалық интеграцияны тереңдете дамыту бойынша ұсыныстар əзірлеу, КО жəне БЭК-ке қатысушы елдер арасында өзара тиімді сауда қарым-қатынастарын дамыту бағыттарын айқындап, осы саладағы түйткілді мəсе лелерді, сондай-ақ, КО жəне БЭК аумағында кəсіпкерлік қызметті жүр гізуде Еуразиялық экономикалық комиссиясының шешімдері жобаларын реттеуді бағалау тетіктерін енгізу арқылы олардың шешілу жолдарын талқылау жоспарлануда. Қазіргі уақытта білікті спикерлерді тарту мəселесі бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Аталған іс-шара сенімді интеграциялық бірлестікті қалыптастыруда тиімді ұсыныстар əзірлеуге жəне оны одан əрі дамытуға мүмкіндік жасайды деп үміттенеміз. (Соңы 2-бетте).

артады. Сіздер бұл міндетті орындап, алған атақтарыңызды ақтайды деп сенемін, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы берілген атақтар бүкіл əскери қызмет барысындағы ерен еңбектің нəтижесі екеніне тоқталып өтті. – Бұл – мемлекет тарапынан берілген жоғары баға. Генерал болу – зор мəртебе, сіздер оған лайықты болуға тиістісіздер. Мықты денсаулық жəне қызметтеріңізге табыс тілеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Салтанатты рəсім кезінде сөз сөйлеген офицерлер өздеріне берілген атақтар отандастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған барлық құрылымдарға берілген жоғары баға екенін айтты. Олар Қазақстан армиясының, құқық қорғау жəне арнаулы органдардың жақсы жарақтандырылғанын айтып, барлық күш-жігерлерін, тəжірибелері мен білімдерін ел халқына қызмет етуге жұмсайтындарына сендірді. Жоғары əскери жəне арнаулы атақтар, сыныптық шендер алған адамдар тізімі Президенттің Жарлығында жарияланып отыр.

Бїгінгі нґмірде: Кəсіби армия – ел қорғаны 3-бет

Жүз жасаған майдангер 5-бет

Сағынышқа айналған Сағдиев

8-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.