ОТАН ЌОРЄАУ – ЌАСИЕТТІ БОРЫШ №85 (28563) 7 МАМЫР БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫ КҮНІ
ЕГЕМЕН ЕЛДІЅ ЌЎРЫШ ЌАЛЌАНЫ Елбасы мемлекеттік наградалар тапсырды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев марапаттау рəсіміне қатысушыларды ең алдымен Отан қорғаушы күнімен жəне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Қазақстан Президенті марапатқа ұсынылғандардың бəрі де ерен еңбегімен, қалтқысыз қызметімен ерекшеленген жандар екенін атап өтті. «Биыл Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне тəуелсіз елдің төл наградалары тапсырылады. Бүгінгі ұрпақ Ұлы Жеңісті алып берген аға буын алдында əрқашан қарыздар. Мемлекет басшысы ретінде мен бүкіл
ел атынан сіздерге мың алғыс айтамын, ардақты ардагерлер», – деді Елбасы. Мемлекеттік наградаларды тапсыру кезінде Нұрсұлтан Назарбаев ер-азаматқа туған Отанды, қастерлі тəуелсіздікті қорғап, ел тыныштығын күзетуден асқан мəртебе жоқ екенін айтты. «Сіздер сол абыройлы борышты адал атқардыңыздар жəне атқарып келесіздер. Сіздер соғыстан кейін де елге қызмет етуді жалғастырып, бейбіт күнде де батырлыққа орын
Телефон арќылы сґйлесті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко екіжақты ынтымақтастықтың келешегі мен өзекті мəселелерін, соның ішінде Украина Президентінің Астанаға сапарының ұйымдастырылуы жайын талқылады.
Президент поштасынан
Жарќын жеѕісімен ќўттыќтады
бар екенін қапысыз дəлелдей білдіңіздер. Қоғамда тұрақтылық пен тəртіптің сақталуы да мына сіздердің еңбектеріңізге тіке лей байланысты», – деді Қазақстан Президенті өз сөзінде. Елдің өмірінде Отан қорғаушы ердің орны қашанда ерекше. «Ұлттық əскер – егемен елдің құрыш қалқаны. Оның басты міндеті – ұлт пен ұлыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бүгінде шекарамыздың қауіпсіздігі мен халқымыздың амандығын сенімді сарбаздар күзетіп тұр. Олар ата-бабалардың ерлік дəстүрін лайықты жалғастырып, аға буын аманатына адал болады деп сенемін. Елге қорған болу үшін
ер-азаматқа қажымас қайрат, асқақ рух қажет екені анық. Сіздердің бойларыңыздан соның бəрі табылады», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұдан кейін Қазақстан Президенті мемлекеттік наградалар тапсыру рəсімі екі бірдей маңызды мерекенің қарсаңында өтіп отырғанына назар аударды. «Бүгін оған елдің бостандығы мен бейбіт өмірін қорғап қалған ардагерлер қатысып отыр. Біз сіздерге «Барыс» жəне «Құрмет» ордендерін тапсырамыз. Бұл – бүгінгі ұрпақ сіздерге ұсына алатын сый-құрметтің бір бөлшегі ғана. Бүкіл ел, бүкіл əлем фашизмнен қорғап қалғандарыңыз үшін сіздерге борыштар.
Арда герлерді марапаттау үзілмес ұрпақ сабақтастығын айғақтайды. Сіздердің майдан даласы мен бейбіт өмірдегі ерліктеріңіз əрдайым батырлық пен отаншылдықтың үлгісі болып қала бермек. Ұлы Жеңіске қол жеткізгендердің барлығы үшін ең үздік марапат – тəуелсіз Қазақстан, өркендеу жолындағы еліміз, азаматтарымыздың бақуатты өмірі. Бұл сіздердің ерліктеріңіздің бекер кетпегенін дəлелдейді. Бүгінде сіздердің істеріңізді қазақстандықтардың жаңа ұрпағы табысты жалғастыруда. Ел олардың да еңбегін бағалайды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті, сонымен
● Қазақстан Республикасына қызмет етемін!
Кґктемгі шаќыру Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Облыста жыл басынан бері Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында көптеген ұлағатты шаралар ұйымдастырылды. Бұл жолы 7 мамыр – Отан қорғаушы күні қарсаңында Тұңғыш Президент Н.Назарбаев атындағы орталық мəдениет жəне демалыс саябағындағы тутұғыр алаңында «Əскерге шақырушылар күні» өткізілді. Шараға ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, əскерге
шақырылушылардың ата-аналары, Ауған жəне локальды соғыстардың ардагерлері, əскери қызметшілер, курсанттар, ЖОО студенттері, мектеп оқушылары мен патриоттық клубтардың мүшелері қатысты. Осы жерде əскерге шақырылған 40 жас Ұлы Жеңістің құрметіне Астанада өтетін мерекелік əскери парадқа қатысатын 15 соғыс ардагерімен кездесіп, аға ұрпақтың батасын алды. (Соңы 6-бетте).
Ќазаќстан Президенті Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ атына мемлекет, їкімет басшыларынан, халыќаралыќ ўйымдардыѕ жетекшілерінен сайлаудаєы жеѕісіне байланысты ќўттыќтаулар əлі де келіп жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назар баевтың атына Бельгия ко ролі Филипптен құттықтау жеделхаты келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Бельгия королі Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік лауазымдағы биік парызын орындауына байланысты құттықтауы мен жылы тілегін жолдаған. Филипп, сондай-ақ, Қазақстан халқына татулық пен келісім, бақбереке тіледі. *** Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынты мақ тастық ұйымының Бас хатшысы Ламберто Занньерден құттықтау жеделхаты келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Л.Занньер Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың сындарлы сипатына қанағаттанушылық білдірді. «Мен Сіздің демократияландыру жəне елдегі азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі реформаларды ілгерілетудегі ісіңізге жəрдем ету үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенімізді айтқым келеді», – делінген хатта. (Соңы 5-бетте).
Суретті түсірген Хайредин РАУШАНОВ.
АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ 21-22 МАМЫР 2015
қатар, бұл жолы ордендер мен медальдар тапсырылатын жандардың қатарында түрлі сала мен ұйымның өкілдері бар екенін атап өтті. «Баршаңызды бейбіт əрі бақуатты Қазақстанды дамытуға қосқан зор үлес біріктіреді. Қазір, бейбіт уақытта сіздер тəуелсіздікті күзетесіздер, ел шекарасын, тұрақтылықты, тыныштық пен республикамыздағы заңдылықтың сақталуын қорғайсыздар. Сіздердің өмірлеріңіз тұтастай Отанға қызмет етуге арналған. Мен сіздерге бұл наградаларды ризашылықпен тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы. (Соңы 2-бетте).
● Толғандырар тақырып
ТІЛ – ТАТУЛЫЌ ТІРЕГІ Ќазаќстан Республикасы Премьер-Министрініѕ орынбасары Бердібек САПАРБАЕВПЕН сўхбат
– Құрметті Бердібек Мəшбекұлы! Сіз Вице-премьер қызметіне кіріскелі де біраз уақыт болып қалды. Енді өзіңіз басшылық жасайтын əлеуметтік саланың мəселелері туралы ойларыңызды газет бетінде бөлісе бастасаңыз ертелік етпейді деп ойлаймын. Алғашқы əңгімемізді тілдің жайынан бастасақ. Ана жылы Елбасымыз бір топ қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесіп, сұхбат берген. Сонда əңгіменің бір тұсында: «Біз жаһанданумен күресуді емес, жаһандануға бейімделуді алдымен ойлауымыз керек. Сөйткенде ғана тілімізді, дінімізді, дəстүрімізді, салт-ғұрпымызды сақтап қала аламыз. Осы үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы», деген еді. Сол жерде мен: «Сонда да осы үш тілдің басында қазақ тілі тұрады ғой, əрине?» деп қалдым. Бұл сөзіме Елбасымыз: «Əрине. Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Оған көңіл де, қаржы да солай бөлінеді. Қазақ тілі – өзіміздің ана тіліміз. Біз бəріміз ана тілімізді ардақтаймыз», деп нақты кесіп айтты. Кешегі керемет сайлаудың нəтижелері, яғни халқымыздың Елбасын мұншалықты қолдауы еліміздегі тіл саясатына
разылықтың да көрінісі дей аламыз ғой? – Дəл солай. 26 сəуір – Тəуелсіздік тарихындағы ерекше белес. Халықтың мұндайлық бірлігі, ел басқарып отырған тұлғаға мұндайлық құрметі, сенімі – нағыз феномен құбылыс. Бұл құрметті, бұл сенімді Нұрсұлтан Əбішұлының ел үшін ерен еңбек еткен бүкіл өміріне, білімі мен білігіне, қажыры мен қайратына барша халықтың бірлесіп берген бағасы деп санауымыз керек. Екінші жағынан, бұл сайлау біздің халқымыздың асылын ардақтай алатын, қадірлісін құрметтей білетін қасиетін, шын мəнінде елдік биігіне көтерілген сипатын да танытты. Соның ішінде халқымыздың туған тілдің тағдырына перзенттік жүрекпен қарап, сан түрлі себептермен етекке түсіп кеткен тілді төрге шығарып берген Елбасына разылығы да жатыр. Бəрі де салыстыру арқылы білінеді дейтін болсақ, осыдан ширек ғасыр уақыт қана бұрын ауызекі əңгіменің, əрі барғанда газет пен журналдың, радио мен теледидардың, көркем əдебиеттің еншісінде ғана қалған ана тілімізді осыншалықты деңгейге жеткізу өзі ауылда туып, қазақ тілінің қайнарына қанып өскен, орта мектепті қазақша бітірген Нұрсұлтан Əбішұлының ғана қолынан келетін еді. Осындай Ер бастаған, осындай Ел қостаған қандай істің де жеңіске жетеріне сенуге болады. (Соңы 3-бетте).