07062013

Page 1

СІЗ не дейсіз? Каникул ќызыќты ґтеді Жазғы демалыс балалық шақтың базарлы дəурені екендігі белгілі. Оның əрбір күнін қызықты, мəнді де сəнді, əсіресе, тиімді өткізу маңызды мəселе болып қала бермек. Бұл орайда əлемге танымал Бурабайы, Зерендісі, Қор ғалжыны, жалпы, кез келген бүйірін түртіп қалсаң табиғат кəусарлары тама шалай қалатын Ақ мола өңірі жанға жайлы қолайлылықтарымен көз тартады. Тек қана демалысты оңтайлы ұйымдастыра білу керек. Мұнда бала лар дың талғампаздығын, жалықтырып алмау жағын, есте қалар шаралардың тəлімділігін ескерген жөн. «Егемен Қазақстанның» Ақмола облысы бойынша тілшісі Бақберген Амалбек облыстық білім басқармасының бастығы Марат Ыбыраевқа: – Сіз бұған не дейсіз? – Биыл 100 мыңға жуық бала, яғни мектеп оқушыларының 97,8 пайызы жазғы демалыспен қамтылады. Олардың 59 528-і сауықтыру шараларына, 37 501-і еңбек демалы сы на тартылады. Осыған байланысты облыс аумағында 653 балалардың сауықтыру лагерьлері мен алаңдары жұмыс істейтін болады. Мектептер жанындағы 430 лагерьде балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұлардың 10-ы Ақмола облыстық білім басқар масына, 5-еуі облыстың өзге ведомстволарына, 8-і жеке меншікке қарасты демалыс орталықтары. Мұны таратып айтып отырғаным, балалар демалысына əлеуметтік серіктестіктегі ұйымдардың бет бұра бастағанын көрсету еді. Сауықтырудың басқа да бағыттары бойынша мақсатты жұмыстар атқарылады. Арнайы квота бойынша денсаулығы төмендеген 22 бала «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық оқыту жəне сауықтыру орталы ғында демалатын болады. Жеткіншектердің шығармашылық қабілетіне орай əртүрлі бағыттағы 34 аула клубы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жазғы маусымның барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың жолы – жоғары сынып оқушыларының еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру. Бұл орайда, 511 бригаданың құрамындағы 12 058 жасөспірім көгалдандыру жұмыстарымен айналысса, 3561 бала 97 еңбек от рядында, 1 421 оқушы 54 мектеп орманшылығында еңбек етпек. Мүмкіндікті пайдаланып, аяқталған оқу жылында, облысымыздың спорт мек тептерінің тəрбие ле нушілері республикалық жəне халықаралық жарыстарда 102 алтын, 99 күміс жəне 127 қола медальді жеңіп алғанын айтқым келеді. Сондықтан, біз спорттық шараларға айтарлықтай көңіл бөліп отырмыз. Дəл қазір өткізілетін спорттық жəне мəдени-көпшілік шаралардың санын тізбелеу артық шығар. Бірақ, оның көп əрі қызықты, тартысты болатыны анық. Ақмола облысы.

№143 (28082) 7 МАУСЫМ ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

Индустрия игілігі

«Тыныстыѕ» тынымсыз тірлігі ўзаќ мерзімді мїдделерге баєытталєан «Егемен Қазақстан».

Ўлттыќ сана таразылар, есік құлыптары, өрт сөндіру құралдары, ыстық жəне суық су есептегіштер, газ монометрлері, ауыл шаруашылығы үшін жылжымалы минералды тыңайтқыш шашқыштар жəне басқа бұйымдар шығару қолға алынды. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢА СЕРПІЛІС. Республика Үкіметінің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының өнеркəсіпті əртараптандыру бағытын жүзеге асыру мақсатында «Тыныс»

неге ќайталана береді? Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Үкіметтің жəне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жыл ғы республикалық бюджеттің атқа рылуы туралы есептері жөнінде Қаржы министрі Б.Жəмішев, Ұлттық банк төрағасы А.Марченко жəне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы А.Мусин баяндама жасады. Екі рет өзгеріске ұшыраған 2012

жылғы республикалық бюджеттің түсімі 4 триллион 763 миллиард теңгені құраған. Оның 2 триллион 975 миллиарды салық түсімдері болып табылады. Ал бюджеттің шығыс бөлігі 5 триллион 795 миллиард теңге (99,3 пайыз) болыпты. 2011 жылмен салыстырғанда шығыс бөлігі 668 миллиардқа артқан. Пайдаланылмаған қаржы көлемі 41,6 миллиард теңгені құраған. Қаржы министрінің мəліметіне қарағанда, бұл қаржы көздері өңірлерден үнемделген көрінеді. (Соңы 2-бетте).

Астанадаєы ќырєыз əсерлері

«Егемен Қазақстан».

Астана қаласының 15 жылдық мерекесіне орай еліміздің Қырғыз Республикасындағы Елшілігі бастамасымен

əрі сол елдің Мə дениет, ақпарат жəне туризм министрлігі мен меценаттар тобының қолдауымен ұйымдастырылған ісшара ның ашылу салтанатында екі елдің атынан

қатысқан лауазым иелері сөз сөйледі. Оның ішін де еліміздің Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұх тар Құл-Мұхаммед, Қыр ғызстандағы Төтенше жəне өкілетті елшіміз Бейбіт Исабаев, Қырғызстанның Мəде ниет, ақпарат жəне туризм министрі Сұлтан Раев ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. (Соңы 2-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Тарихтан тамыр тартќан таєылым 4-бет

акционерлік қоғамы 2003 жылы «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясының құрамына енді. Бұл кəсіпорынның қайта түлеп,

Бюджет орындаудаєы олќылыќтар

Туыстық туы

Айгүл СЕЙІЛОВА,

Оны ќалыптастыру тарихи білім беруге байланысты

Сенат Төрағасы Қайрат Мəмидің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді тыңдады. Сондай-ақ 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджеттерге өзгерістер енгізу мəселесі де қаралды.

Кеше елордадағы Тəуелсіздік сарайында «Астана – Қырғызстан суретшілерінің өнерінде» деген тақырыппен көрме ашылды. Оған Қырғызстанның əйгілі суретшілерінің туындылары қойылды.

Саќ болыѕыз: улы шам! 7-бет

Тґл тарихќа – соны сілкініс

Іргесін бекітіп, ірілігін танытқан мемлекеттің бастау басынан бастап, қилы кезеңдерді түбінен қопара түгендеп, ақ-қарасын анықтап, барын асырып жібермей, кемін бүгіп қалмай айтып, ақиқатты аттамай, жоқтан бар жасамай таразы басында теңестіріп, бүгінгі тыныс-тіршілікпен ұштастырып ата тарихтан асыл қазына қалыптастыру, соны кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, осы дəстүрді жалғастыра бер деу, алдыңғы толқынның парызы да қарызы. Міне, осындай елдік іс өткен сəрсенбінің сəтінде елордада басталды. Онда Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин алқалы топтың алдында мазмұнды баяндама жасап, халықтық дүниетанымды қалыптастыруды қозғады. Қазақ елінің қадір-қасиетін, төрткүл дүниеге түгел даңқы жеткен биік абыройын сөз етті. Ел тарихын ой қазанында қорытып жүрген ғалымдар да өз тұжырымдарын жұрт талқысына салды. Сол ұлт руханияты жан-жақты əңгіме арқауына айналған басқосудағы өрісті ой туралы тарихшылар мен жазушылар өз байлампайымдарын редакцияға жолдаған екен. Бүгін солардың екеуін газет оқырмандарына ұсынып отырмыз.

Бақберген АМАЛБЕК,

ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХ. Көкшетау мен қала тұрғындары тағдырында айрықша орны бар «Оттегімен тыныстау аппаратуралары» зауытын салу жөнінде КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы 1953 жылы қабылданғанымен, оның құрылысы 1959 жылы аяқталған еді. Сол жылы құрылыс ұйым дары мен кеніштерге 400 вагонетка жөнелтілген болатын. Бірақ, бұл зауыттың негізгі өнімі емес еді. Келесі жылы түпкі мақсат жолындағы медициналық жабдықтар шығарыла бастады. Ал, 1964 жылы мұнай-газ өндірісі үшін редукторлар, «КБ-1» клапандары, жоғары қысымға шыдас беретін тетіктер дайындау игерілді. Тіпті, балалар ойыншықтары да зауыт белгісімен дайындалып жатты. Зауыт 70-80-жылдары меди циналық жабдықтарға қатысты жұмыстарды жандандырып, қолдан тыныс алдыру аппаратураларының жетілдірілген түрлерін көптеп шығара бастады. Халықаралық стан дарттардағы бұл өнімдер социалистік елдердің емдеу-профи лак тикалық ме кемелеріне, КСРО Қарулы күштеріне жөнелтіліп тұрды. Мұнда жыл сайын 16 миллиард теңгенің өнімі шығарылатын. Тəуелсіз мемлекетіміздің өтпелі кезеңдегі табанды саясаты «Тыныс» атауын алған зауыттың шын мəніндегі тынысын ашты. Кəсіпорында 1996-2000 жылдары конверсиялық шаралар жүргізіліп, өндірістік бағыт өзгертілді. Халық шаруашылығына қажетті

Оқиғаға орайлас ой

Абитуриент. Студент. Маман 8-бет

өрге басуындағы ұтымды қадам болды. (Соңы 4-бетте).

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының Өкімі Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2013 жылғы 14 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Н.НЫҒМАТУЛИН. Астана, Парламент Үйі, 2013 жылғы 6 маусым

№36

Азаматтыќ їн Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Кеше «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының орталық офисінде партия Төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек қоғамдық қабылдау өткізді. Б.Байбектің осыған дейінгі аймақтарды аралаған сапарларында қоғамдық қабылдаулар өткізгені жақсы мəлім. Ал бұл жолғы елордадағы қабылдауына негізінен азаматтық ұстанымдары айқын, елге қажетті іске жаны ауыратын белсенді қоғамдық институттардың өкілдері келіпті. «Отбасылық тəрбие» ЖШС-нің бас директоры Софья Евдокимова қабылдауға отбасылық құндылықтарды қасиеттеуге негізделген жобаларын арқалай жетіпті. (Соңы 2-бетте).

Мəселенің мəнісі

Туристеріміз Тїркиядан ќайта алмай жатыр Түркиядағы мыңға жуық қа зақ стандық турист тасымалдаушы компанияның банкротқа ұшырауына байланысты елімізге орала алмай отыр. Келісімшарт бой ынша Түркияның «Скай Эйрлайнз» компаниясы бір аптада 15 мыңға жуық отандасымызды тасымалдауы қажет еді. Алайда, белгісіз бір себептермен, компания басшылығы борыштарын төлеуді тоқтатқан. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады. «Скай Эйрлайнз» компаниясының банкротқа ұшырауы Астана, Алматы, Ақтөбе жəне Қарағанды қалаларынан Түркияға аттанған немесе аттанғалы отырған туристердің жоспарларын бұзып жіберді. Келу рейстерінің кешігіп жатқандығы туралы мəлімет осы қалалардағы əуежайларда хабарланды. Ал «Sky airlines» əуе компаниясы болса, дағдарысқа ұшырағандықтарын енді ғана мəлімдеп отыр. «Қазіргі таңда Анталияда болған

58 азамат басқа чартерлермен елімізге оралды. Бұл ұшақтарға билет алған жолаушылар басқа туристік операторларға бөлінеді. Сондықтан, жоспарланған демалыстарына бұл жағдай əсер етпейді», – деді Көлік жəне коммуникациялар министрлігі азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мұқтыбаев. Қазір Анталиядан Қазақстанға ұшып келулері жоспарланған азаматтардың нақтылы саны 1018 екені белгілі болды. Еліміздің Анталиядағы консулдығының мəліметі бойынша, кеше ол жақтан бері қарай бірнеше рейс ұшып шығуға тиіс болатын. Қазір консулдық пен авиакомпания арасында осыған байланысты келіссөздер жүріп жатыр. Ал ол жақта жатып қалған туристерге «Куалитум Тур» мейманханасынан бірнеше күн тегін орын беріледі. «Егемен-ақпарат».

1995 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұ жырымдамасы» жасалып, мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңесте бекітілген болатын. Сонан бергі істелген жұмыс тардың ауқымы жұрт шылыққа белгілі. Олар «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында атқарылған іс-шаралармен қоса халық көңілінен шықты. Дегенмен, уақыт бір орында тұрмайды. Тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің өркендеу стратегиясына сəйкес, жаһандану үдерісі туындатқан жаңа белестерге көтерілу, жаңа сындарға төтеп беру мəселелері ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруды талап етуде. Бұл жұмыс билік пен қоғам назарында. Соған сəйкес оған тың серпін беру, жаңа бағыттары мен жолдарын айқындау маңызды мəселе. 5-6 маусымда өткен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жəне Мемлекет тарихы институтында еліміздің тарихшы ғалымдары өкілдерінің жиналысында айтылған, талқыланған мəселелер осыған дəлел. Шындығында, соңғы екі жыл бойы жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын оқыту бағдарламасын қысқарту, тіптен алып тастау

туралы қозғалып жүрген пікірлер көпшілікті алаңдатқаны рас. Мына кеңейтілген отырыста Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин нің өте терең, ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруға байланысты шараларды айқындаған маңызды да байыпты баяндамасы тарихшылар қауымы ғана емес, барша жұртшылықты алаңдатқан күдіктерді сейілтіп, оқытушылар мен ғалымдарға, жалпы қоғамтанушыларға жаңа серпіліс беріп, қанаттандырды десек, артық айтылмаған болар еді. Бұл мəселені жан-жақты талқылап, нақты іске көшу кезек күттірмейді. Қазір жұмыс топтары қызу қарқынмен іске кірісті деуге болады. Соның тек кейбіріне ғана тоқталсақ, олар – оқулық тарға қойылатын талаптарды орындай білу; білім стандарттарын қоғамның бүгінгі қажеттілігі өлшемімен қайта жасау; жоғары оқу орындарында барлық мамандықтар бойынша Қазақстан тарихы пəнін нақты стандартқа сəйкес оқы ту. Ал ғылыми-зерттеу жұмыс та ры ұлттық тарихи сананы қалыптастыру жобасына сай қатарлас жүргізіле беруі қажет. Қайдар АЛДАЖҰМАНОВ, Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты.

Тарих пен əдебиет Бўл екеуініѕ табиєаты ортаќ Елбасының ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына орай Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің ұлттық тарихты нақтылау, жаңғырту жəне дамыту туралы айтылған сөзі қазақтың тарихшы ғалымдарына бір серпіліс, рухани қуат əкелері айқын. Кез келген ұлт пен ұлыстың өз тарихын білмеуі қатер, ол бейқамдық асқынса құрдымға бастайды. «Есі кірген ел ескісін іздейді» деген аталы сөз – шындық. Бұл Тəуелсіздіктің арқасы. Кезінде Алаштың біртуар ақыны Қадыр Мырза Əлі қазақ зиялыларының мұңын екі жол өлеңге сыйдырып, өлең жазған: «Біздің тарих – ол да бір қалың тарих, Оқулығы жұп-жұқа бірақ тағы», – деп. Сондай-ақ, мəскеулік «ЖЗЛ» сериясынан үш бірдей ғұ мыр баяндық роман жарияла ған белгілі жазушы Ме деу Сəрсекенің «Ермұхан Бек маханов» атты деректі романында

қазақтың алғашқы тарихшысы Ермұхан Бекмахановтың ұлттық тарихты жазып, сол үшін азапқа тартылған, азаттық жолын аңсаған күрескерлік рухын архив материалдары арқылы бұлтартпай суреттейді. Жазушы егер тарихи тақырыпқа əңгіме жазуға ұмтылса, оның түбінде инемен құдық қазғандай қыруар еңбек жатарын «Көкенай мен Қалқаман» атты бір ғана тарихи əңгіме жазған өз басымнан өткердім. Сондықтан тарих ғылымы нақтылықты, күллі адамзат дəуірлерін біртұтас тануды талап етер өте қиын дүние. Тарихтың терең зерттелуі – ел діктің, отаншылдықтың белгісі. Тарих пен əдебиет – табиғаты жақын, табиғаты ортақ гу ма нитарлық салалар. Қазақ тарихы өркендеп өссе, ұлттың рухы өрлейді. Астанадағы алқалы жиын – біз үшін үлкен қуаныш. Айгүл КЕМЕЛБАЕВА, жазушы, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
07062013 by Egemen - Issuu