Бїгінгі нґмірде:
№111 (28335) 7 МАУСЫМ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
● Басты байлық
«Жаѕа заманєы медициналыќ аппараттармен жўмыс істеу їшін дəрігерлеріміз аєылшын тілін їйренуі керек» – дейді Павлодар облыстыќ диагностикалыќ орталыєыныѕ бас дəрігері Рунар Тґлегенов – Рунар Мүбəракұлы, облыс орталығындағы өзіңіз бас қаратын диагностикалық орталықтың бүгінгі күннің талаптарына сай қызмет жасайтынын естіп, көріп-біліп жүрміз. Бұған қалай қол жеткіздіңіздер? – Біздің диагностикалық орталық Үкіметтің қолдауымен 2002 жылы ашылды. Орталықтың ашылуына Елбасының өзі келіп қатысуы дəрігерлердің, яғни біздердің жаңа қызметімізге серпін, жігер бергені рас. Сол жылы орталық қолда бар қарапайым емдеу құрылғы жүйелерімен қамтамасыз етілді. Елбасы Н.Назарбаев
диагностикалық орталыққа екінші рет 2005 жылы келді. Орталықты аралап көрді. Ал, 2007 жылы диагностикалық орталықтың мəртебесін халықаралық деңгейге жеткізу мақсатында сапалы менеджмент жүйесі енгізілді. Облыстық диагностикалық орталық медициналық сапаның халықаралық стандарты «ISO 9001: 2000», «Healtmark» сертификатына ие болды. Қазіргі кезде еліміздің облыс орталықтарындағы əрбір диагностикалық орталық ең жо ғары технологиялық құралжаб дықтармен жабдықталуда. Мысалы, біздің орталықта
● «Самұрық-Қазына» биыл құны 3 млрд. долларды құрайтын 16 жобаны iске қосады. Қазірдің өзiнде мұнда 10 мың жұмыс орны құрылған. Ал 2015-2016 жылдары 23 млрд. долларлық 40 жоба жүзеге асып, оған 9,5 мың жұмыс қолы тартылады. ● Жезқазған кен орындарындағы геологиялық барлау жұмыстарына 25,1 млрд. теңге бөлінеді. Ол Жезқазған, Сəтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын əлеуметтікэкономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында атқарылатын шараларды қаржыландырады. ● Күршім ауданында Отан соғысы ардагерлеріне арналған форум аяқталды. Шығыс Қазақстан облысының əкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған шара енді аймақтың басқа өңірлерінде өзінің жалғасын тауып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қорытындысын шығарады. ● Қызылордада Сырдария өзені үстіндегі жаңа көпірдің құрылысы басталды. Кеше іргетасы қалан ған бұл шараға облыс əкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, жаңа өткел дарияның сол жағалауын дамыту ісі нің бастауы болатынын айт ты. Нысан құрылысы аяқталысымен, өзеннің қарсы бетінде жаңа зəулім ғима раттар бой көтеретін болады.
● Шымкенттегі Қошқарата өзенінде жаңа демалыс орны қатарға қосылды. Оның салтанатты ашылу рəсіміне қатысқан облыс əкімі Асқар Мырзахметов 12 гектар аумақты алатын мекендегі арна бойымен балалар жəне спорт алаңдары келушілерге қызмет ететінін əңгімеледі. ● Қостанайда «Агробиз нес-2020» бағдар ламасына несие берудің тұсауке сері өтті. Облыста бұл салада қой жəне жылқы шаруа шылықтарын дамыту басыңқы бағыт алып отыр. Несие сызбасында мəселенің осы жағы ескерілді. ● Алматыда 18 970 бала жазғы лагерьлерде демалатын болды. Бұлардың бəрі бірінші сауықтыру кезеңінде мектеп жанындағы тынығу мекендеріне барады. Олардың ішінде 156 лагерьде 11 632 бала ыстық тамақпен, 8 лагерьде 834 бала күндізгі ұйқымен, 19 лагерьде 7 338 бала ойын алаңымен қамтылған. ● Жамбыл облысының əкімі отбасы тектес балалар үйіне шағын автобус сыйлады. Осыған разы болған 15 балалы мекеннің иелері, ерлі-зайыпты Алексей жəне Наталья Тимофеевтер Кəрім Көкірекбаевқа алғыс сезімдерін білдірді. «ҚазАқпарат», BNews.kz, Аltaynews.kz, Аlau.kz, Egemen.kz агенттіктері мен «Знамя труда» деректері бойынша дайындалды.
«Мўќаєали» драмасын тамашалады
Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлері Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық музыкалық-драма театрында болды.
Поэтикалық «Мұқағали» драмасын ықыласпен тамашалаған сенаторлар актерлердің шеберлігі мен режиссердің тапқыр шешімдерін жоғары бағалады. «Сөз өнерін қастерлейтін көптеген ұрпақтың көкейіндегі ойды жеткізген ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармалары зор ықылас туғызады. «Мұқағали»
драмасында біздің көрнекті отандасымыздың шығармашылық жолындағы барлық бел-белестері түгелдей көрініс тапқан. Қазақ музы калық драма театрының сахна шеберлеріне табысқа жете берулеріне тілектестігімді жеткізгім келеді», деді Қ.Тоқаев, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Азаматтыќ кодекс – уаќыт талабы Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Германия, Жапония, Франция, АҚШ-та жасалынған автоматтық анализаторлар, ультрадыбыстық аппараттар, цифрлы рентген жəне эндоскопиялық құралжаб дықтар бар. Былтыр ғана Францияда жасалынған бауырды тексеруге арналған «Фиброскан» аппаратын алдырдық. Жаңашылдық – заман талабы. Халық денсаулығын сақтаудың маңыздылығы, бүгінгі күннің медицина жетістіктерінен қал мау, оны өмірде қолдану жайында, денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізу, аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау жəне емдеумен қамтамасыз ету жыл сайынғы Елбасы Жолдауларында айтылып келеді. Бұл əрбір дəрігер
АҚПАРАТТАР аєыны
Алыстаєы ауыл аєын суєа ќашан ќарыќ болады? 2-бет Одаќтастыќ – ортаќ олжа 3-бет Кеѕ даланыѕ киесі 5-бет Стадиондар сайысќа сай ма? 14-бет
білуі керек жəне орындауы тиіс міндет. – Жаңашылдық – заман талабы деп қалдыңыз. Орталықтағы шетелдік құрылғылар дың бос тұрып қалғаны жоқ па? – Жоқ. Өйткені, заманауи ме дициналық технологиялармен жұмыс жасайтын мамандар бізде бар. Кейбір жерлерде жаңа құралдардың қаңтарылып тұратыны жазылып та, айтылып та жүр. Жалпы, қандай аурухана, диагностикалық орталық болса да жаңа құрал-жабдықтар ды əкелерде алдымен сол құ рылғылармен жұмыс істей алатын мамандарды шетелдік мамандардың қатысуымен бірлесіп дайындап, оқытып алулары қажет қой. (Соңы 6-бетте).
Ќазаќстандыќ дипломат – ЕЌЫЎ-ныѕ арнайы ґкілі Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне қазақстандық дипломат Мəдина Жарбосынованың ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы арнайы өкілі лауазымына тағайындалғаны туралы ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Занньердің хаты келіп түсті. Бұл Қазақстанның ЕҚЫҰ құрылымында жоғары деңгейде өкілдік етуі жəне Ұйым шеңберіндегі жемісті ынтымақтастық пен 2010 жылғы сəтті төрағалығымыздың нəтижесі болып табылады. 2013 жылғы мамырда Мəдина Бинешқызы ЕҚЫҰ-ның Украинадағы жобаларының үйлестірушісі деген маңызды лауазымға тағайындалған болатын.
Мəдина Жарбосынова – кəсіби дипломат, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі құрылған күннен сонда жұмыс істеп, түрлі жоғары лауазымдарда қызмет атқарды. 1998-1999 жылдары ол вице-министр қызметінде бо лып, кейін төрт жыл бойы Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі жəне Кубадағы елші сі ретінде жұмыс істеді. Елге оралғаннан кейін, СІМ-нің
Консультативтік кеѕес отырысы
Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің төрағалығымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттер сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызмет басшылары Консультативтік кеңесінің ХХІ отырысы өтті.
Отырысқа Армения Рес публикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Респуб ликасының, Ресей Федерациясының, Тəжікстан Республи ка сының, Украинаның жəне ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты. Аталған шара барысында тараптар Еуропа одағымен ви залық тəртіпті жеңілдету жөнінде келіссөздер үдерісін жүргізудегі тəжірибелерімен бөлісіп, ТМД аумағындағы еңбек мигранттарының жағдайлары, заңсыз еңбек көші-қон мəселелері жəне Достастық елдері азаматтарының өзара сапарлары бойынша ақпараттармен алмасты.
Сонымен қатар, тараптар табиғи апат пен төтенше жағдайларда аза маттарды эвакуациялау саласында ынтымақтасу жəне тараптар аумағында ТМД елдері азаматтарының ұсталуы, қамалуы жəне босатылуы жөніндегі хабарламаларды уақтылы жолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ, ТМД шеңберіндегі көпжақты конвенциялар ережелерінің орындалу мəселелерін талқылады. ХХІ отырыстың нəтижесі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды айқындайтын хаттамаға қол қойылды. «Егемен-ақпарат».
Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметіне тағайындалып, адам құқықтары мен адами өлшемдер мəселелерімен айналысты. Атақты медик, есімін республика жұртшылығы осы күнге дейін ерекше ілтипатпен атайтын Бинеш Оразұлы Жарбосынов сияқты жылы жүректі жан отбасында өмірге келіп, өзінің қарапайым мінезі, табанды еңбегімен осындай биікке көтерілген қазақ қызына ризашылық сезімімізді білдіреміз. Еңбегі табысты болуына тілектеспіз. «Егемен-ақпарат».
Еліміздің Конституциясында жазылғандай, сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық жəне заңмен белгіленген өзге нысандары арқылы жүзеге асырылады. Ал сот қызметінің түпкілікті нəтижесі сотқа жүгінген құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтарын, бостандықтарын жəне заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл аталған игі лікті істі жүзеге асыру үшін заңдарымыздың да ел игілігіне қызмет ететіндей болуы өте қажет. Міне, осы орайда кеше Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорымен (IRZ) бірлесіп, «Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі – уақыт талабы» тақырыбында Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциядағы жобасын талқы лау шеңберінде халық аралық конференция өткізді. Оның жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, қазақстандық жəне халықаралық сарапшылар қатысты. Конференцияны ашқан Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат
Мəми: «Бүгінгі біздің конференция Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі жобасын талқылауға жəне онымен таныстыруға арналып отыр. Баршаға белгілі сот арқылы қорғау тетіктерінің дұрыс жұмыс істеуі қоғамның əрбір мүшесінің конституциялық құқығын іске асыру кезінде тікелей көрініс табады. Бұл орайда сот əділдігі мемлекеттегі инвестициялық ахуалға, əлеуметтік саясатқа, халықаралық ынтымақтастық пен татулыққа да тікелей əсер етеді», деді. Бұдан кейін Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов, Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының (IRZ) басшысы Дирк Миро да ойларын ортаға салды. Расында жаңа редакциядағы аталған Кодексте сот ісін жүргізуге қатысушылардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің шынайы теңгерімі көзделген. Жоба 533 бапты, 60 тарау мен 4 бөлімді қамтиды. Жобада соттардың қызметіндегі техникалық құралдарды кеңінен пайдалану арқылы азаматтық істерді қарау тəртібін жеңілдетуге бағытталған негізгі ережелер қарастырылған. (Соңы 2-бетте).
Жазасын ґтеуші ґз таєдырын тек ґзі шешеді Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінде Парламент Мəжілісінің депутаты Светлана Бычкованың қатысуымен брифинг ұйымдастырылды. Онда «Қылмыстықатқару кодексінің жаңа редакциясы» тақырыбы сөз болды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Парламент Сенаты пленарлық отырысының екінші оқылымында Қазақстанның Қылмыстық-атқару кодексінің жобасы қабылданған болатын. Бұл кодекстің жобасы сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін айтарлықтай арттыру мақсатында қылмыстық-атқару заңнамасын одан əрі жетілдіруге жəне қылмыстық жазалардың орындалу тиімділігін арттыруға бағытталып отыр. Брифинг барысында сөз алған Мəжіліс депутаты қылмыстық
салада тағы екі маңызды заң қабылданғалы жатқанын, олар жаңа Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процессуалды кодекс екенін айта келе, бұл заңдардың таяу уақытта дайын болатынын жеткізді. «Олар артынша Қылмыстық-атқару кодексіне кіргізіледі. Сол себепті жаңа Қылмыстық-атқару кодексін дайындау күн тəртібінде тұр», деді С.Бычкова. Оның айтуынша, жаңа кодекс жобасында қылмыстықатқару жүйесі мен азаматтық қоғамның өзара байланысы мəселесіне тікелей қатысы бар институттарға үлкен мəн берілген. (Соңы 2-бетте).
● Бəрекелді!
Бір мектептен... 23 «Алтын белгі» иегері! Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Білікті жетекші-ұстаз, «Құрмет» орденінің иегері Нəсіпқали Дəулетов басқаратын Батыс Қазақстан облыстық маман дан дырылған дарынды бала лар мектебінен биыл 35 оқушы ҰБТ-ға қатысып, ең жоғары көр сеткішке қол жеткізді. 35 түлектің 23-і «Алтын белгіге», 5 түлек «Ерек ше аттестатқа» ие болды. Қал ған оқушы лар 120-121 ұпай жи нап, мек тептің орташа балы 115-ті көрсетті.
Жыл сайын бұл мектептің түлектері 100 пайыз грантпен жоғары оқу орнына қабылданып жүр. Ал биыл бір мектептен 23 түлектің «Алтын белгі» иегері
атануы бұған дейін республикамызда болмаған ең үздік көрсеткіш екені даусыз. ОРАЛ.