07072013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Ертеңі ерен елорда 2-бет Қазақстанның халықаралық орнын айқындаған 4-бет Тәуелсіздік тұмары 5-бет Өзің жасағанға не жетсін 6-бет

№166 (28105) 7 ШІЛДЕ ЖЕКСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

ТАТУ ЕЛДІЅ ТАМАЄЫ ТƏТТІ

Отшашу

Астана мерейтойына арналєан алып торт Елбасы Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ ќатысуымен кесілді

Астана. «Ќазаќ Елі» алаѕы. 6 шілде. 23.59.

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 15 жылдығына орай «Хан шатыр» сауда, ойынсауық орталығындағы мерекелік торт кесу салтанатына қатысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Салтанатты рəсімде Мемлекет басшысымен бірге балалар: мектеп олимпиадасы мен спорттық жарыстардың жүлдегерлері, балалар үйінің тəрбиеленушілері, оқу озаттары, дарынды, талантты жеткіншіктер болды. Елбасы өз қолымен ұсынған торттың алғашқы тілімінен

Астана қаласы балалар үйінің тəрбиеленушісі 11 жастағы Аружан Боранбаева жəне 8 жастағы Денис Синико дəм татты. Елорданың 15 жылдық мерейтойының құрметіне балалар мерекелік концерт дайындаған. Онда республикалық жəне халықаралық байқаулардың лауреаттары – «Айналайын» тобы, Зүлфия Айтбаева, Тұрсынəлі

Жаншырай, «Ренессанс» би мектебі, Əлішер Жақсыбай, домбырашылар Солдатбай Əли, Жарылқасын Шыңғыс, Абылай Ислам жəне тағы басқалар, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерден келген өнерлі, жас меймандар – Челябіден Анастасия Дашевская, Өзбекстаннан, Қытайдан, Қырғызстаннан келген би топтары өнерлерін көрсетті. Концертке қатысушылар Мемлекет басшысының алдында «Астанадағы ертегіге бергісіз өмір» атты флеш-мобты паш етті. Одан кейін балаларды түрлі ойындар, бағалы сыйлықтар мен

аниматорлардың қызық-думаны күтіп тұрды. Мерейтойлық торттың салмағы – 600 келі, пішіні – төртбұрышты, көлемі – 4х4. Тортты дайындау үшін 200 келіден астам ұн, 250 келі қант, 5 мың жұмыртқа, 200 келі құлпынай тосабы жəне тағы да басқа ингридиенттер жұмсалды. Торттың жан-жағы Астананың көрнекті жерлері мен мақтаулы нысандарының кейпімен əшекейленген, ал дəл ортасында биіктігі 1,2 м «Бəйтерек» монументінің көшірмесі бой түзеген. Тіл үйірер тəттіні

дайындау үшін 10 аспаз 11 сағат уақыт еңбектенді. Торт 25 тілімге бөлінеді, салтанатты шарадан кейін одан «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығына келген кез келген адам дəм татты. Дəл осы шақта «Думан» ойын-сауық кешеніне келушілер де тура осылай елорданың 15 жылдығына арналып пісірілген белгілі əнші, шоумен, продюсер Қыдырəлі Болманов тілген 30 келілік торттан ауыз тиіп жатты. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ораза ќабыл болсын! Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти.

Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкіршілік айтамыз. Құрметті мұсылман бауырлар! Иман бұлағынан сусындай бастаған халқымыз мүбəрəк Рамазанда Алланың рақымына бөленуді үміт етіп, сауабы мол ізгі амалдарды атқаруға ниеттеніп отыр. Сіздерді бір ай бойы жалғасатын мұсылмандардың ұлық мерекесі – Рамазанның келуімен құттықтаймын! Алла тағала өз мейірімі əрі кеңшілігімен белгілі күннің, түн мен айдың қадірі мен қасиетін һəм артықшылығын арттырып қойды. Қасиетті Құранда айтылған Рамазан айының ерекшелігі сол, бұл мезгілде жасалған кез келген игі істің, Жаратушыға жақындататын жақсы амалдың сауабын санау мүмкін емес. Ораза – Алла мен адамның арасындағы риясыз құлшылық, тек Раббымыздың разылығын көздейтін ұлық ғибадат. Оразаның теңдессіз сауабын Жаратушы Иеміздің жасырып қоюында үлкен сыр бар. Көзбен көріп, қолмен ұстап, түйсікпен түсініп алмайынша көп

нəрсеге сене бермейтін адам баласының санасына салмақ болатын сауапты жасыруда біз біле бермейтін даналық көп. Бұл – ұлық ғибадатты кіршіксіз орындап, ұлы мақсатқа ұмтылуға жетелейді. Хадис-шəріпте Алла тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөліркегеннен шыққан аузының исі мен үшін мисктен де артық», - дейді. Алланың уəдесі – хақ. Рамазан – рухани жаңару айы. Жерді мекен еткен аң мен құстың, барлық тіршілік иесінің жыл мезгілдерінде жаңару, түлеу, өзгеру үдерісінен өтетіні белгілі. Ал Алланың адам баласына берген шексіз нығметі, теңдессіз сыйы саналған ораза – тікенді жерге табан тигізбей, сақтанып жүретініміз секілді, күнəға бетпе-бет келуден сақтайтын, жан-дүниемізді, мінезқұлқымызды жақсылыққа тəрбиелейтін, рухани түлеп шығатын құлшылық. Ауыз бекітудің адам өмірін ізгілікке бастайтынын білген пенде одан бас тартуы мүмкін емес. Ораза – сабыр мектебі. Еліміз егемендігін алып, еңсесін тіктеп, рухани құндылықтарымен қайта қауышқан сонау 1991 жылдары Рамазан айы күннің қысқарған, түннің ұзарған, яғни ораза

түске малындырған мерекелік отшашуға куə болды. Асқақ Астананың 15 жылдық мерейтойын атап өтуге жиналған жұртшылықтың көңіл-күйі көтеріңкі көрінді. Көктен көздің жауын алатындай сұлу көріністі, таңғажайып құбылысты тамашалау үшін алаңға жергілікті тұрғындар ғана емес, жержерден келген қала қонақтары мен жастар көптеп жиылыпты. Мерейлі мерейтой көп көңілін желпіндіріп жібергендей. Бір-бірін құттықтаған жұрттың жүзінен мейірім төгіліп, жүрегінен Астанаға деген ыстық ықыластары ақтарылды. Осылайша, елорда көгін қызылды-жасылды түске бояған отшашудан халық ерекше көңіл-күймен тарқасты. «Егемен-ақпарат».

----------------------------------------Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

ЕЛОРДА ТОЙЫ – ЕЛ ТОЙЫ Кґшпенділер дəуірінен тəбəрік

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ Хазірет,

Талайды таңдай қақтырған, қазақ жұртын айдай əлемге əйгілеген, ел жүрегі – Астана күні кеше өзгеше тебіреніспен, ерекше серпіліспен аталып өтті. Түс ауа «Астана Опера» театры алаңындағы театрландырылған қойылым елорданы өзгеше думанға бөлесе, Есіл өзені жағалауындағы «Өзен əуендері» классикалық музыка кеші жұртшылыққа сиқырлы саздың тылсымынан сыр шертіп, адам бойын баурап аларлықтай ғажайып əсерімен есте қалды. Елорда құрметіне арналған бұл күнгі шаралар тек мұнымен түгесілген жоқ. Кеш қарая «Студенттер саябағында» «Қайырлы кеш, Астана» деген атаумен бұқаралық сауық ұйымдастырылса, сағат тілі түнгі 12-ні соққанда «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңға жиналған көпшілік аспанды түрлі

Астана мерекесі аясында өткізіліп жатқан шаралар ауқымында «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» атты көшпенділер өркениетінің фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарының ерекше ілтипатына бөленген шаралардың біріне айналуда.

ұстауға қолайлы қыс мезгіліне тұспа-тұс келді. Расында да, бұл енді ғана иманға ден қойған халқымыздың деңгейіне дөп келген мезгіл еді. Енді, міне, Аллаға шүкір, кешегі кеңес кезінде үзіле жаздаған рухани жібімізді «Бірінші тілек тілеңіз, Бір Аллаға жазбасқа» деп жырлаған батагөй бабаларымыздың алтын арқауын жалғауға мүмкіндік туды. Жұртымыз Ислам құндылықтарымен қайта қауышып, рухани қазығын қайта айналып тапты. Жүрекке бекіген сенімге селкеу түспейді. Аспан жерге айналып түсетін шіліңгір шілдеге тұспа-тұс келген Рамазанда ораза ұстауға күннің аптабы немесе басқа да себептер əсер етпейді деп сенеміз. Себебі, иманның бал дəмін татқан жан

Алланың теңдессіз сыйынан шет қалғысы келмейтіні хақ. Иман жолы сабырлық пен тақуалықты талап етеді. Ораза нағыз, шынайы тақуалыққа жетелейді. Құранда Алла тағала: «Ей, иман келтіргендер! Күнəлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» («Бақара» сүресі, 183аят), – дейді. Қымбатты отандастар! Қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Ұстаған оразаларыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болғай! Рамазан айында жасаған игі істеріңіз сауаптан жазылып, Алла тағала елімізге, жерімізге береке жаудырғай!

«Хан шатыр» сауда ойынсауық орталығының жанындағы алаңда жағалай қанат жайған ақ шаңқан киіз үйлерден құралған этноауыл адамзат өркениетінің негізін қалаған көшпенділер дəуірінің қайталанбас көріністерін елестетеді. Этноауылға іргелес тұрғызылған шығыстық үлгіде сауда-саттық орындарында көне жəдігерлердің көптеген түрлері орын алған. Еліміздің жер-жерлерінен келген шеберлер, қолөнершілер, зергерлер ұлттық нақыштағы өз бұйымдарын тұтынушыларға ұсынады. Осы орайда Түркістан қаласынан келген шебер Есболат Сүйінбаев, қызылордалық Пернеш Жүсіпованың қолөнерлері көпшілік көңілінен шығуда.

«Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» атты көшпенділер өркениетінің фестивалі түркі халықтарының əуезді əндерімен өрнектелуде. Этноауылға келушілер Таулы Алтайдан келген өнерпаздар Леонид Атугов пен Геннадий Самаевтардың өнеріне дəн риза болса, Рамазан Стамғазиев пен Айгүл Қосанова бастаған еліміздің дəстүрлі əншілеріне қызу қол соғады. Биылғы көшпенділер фестивалінің бір ерекшелігі тəжірибелі шеберлер өздерінің өнерін үйрету дəрістерін өткізді. Ұлттық қолөнер дəстүрлеріне ықылас білдірген балалар саз балшықтан құмыралар жасап, шеберлік сабағын тыңдады.

Тағайындау

«Егемен-ақпарат».

Мемлекет басшысының Өкімімен Дəурен Əскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
07072013 by Egemen - Issuu