07072015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№128 (28606) 7 ШІЛДЕ СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Мерекеге арналєан салтанатты ќабылдау

Тўлєалар толєауы 3-бет «Сəлемдеме – їлкен ќўрметтіѕ белгісі» 6-бет Ежелгі жўрт жəне Ўлы дала 7-8-беттер Ќазаќтыѕ таѕєажайып дəуірі бўл! 9-бет

Елбасына – І дəрежелі «Манас» ордені

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Тїркияныѕ бўрынєы Президентімен кездесті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның бұрынғы Президенті Абдулла Гүлмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана күніне арналған салтанатты қабылдауы болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Іс-шараға Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус, зиялы қауым жəне іскерлік орта, мəдениет пен білім беру саласының өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде небəрі 17 жасқа толған ел астанасының қазірдің өзінде бай əрі даңқты тарихы бар екенін айтты. – Бүгінде елдің бас қаласы тек бірегей ғимараттарымен ғана емес, қайта ланбас өзіндік ахуал-тынысымен де ерекшеленеді. Астананың өз «гравитациясы» бар, ол таланттарды, жаңа жобаларды, қаржылық, зияткерлік жəне əлеуметтік капиталды өзіне тартып тұрады. Осында өмір сүруге, өз бо лашағын осында бедерлеуге ұмтылғандар барған сайын көбеюде. Астана хал қының саны күткендегінің бəрінен де асып түсіп, миллионға жуықтап қал ды. Бұл ретте қаланың елге берері де кө бейе түсуде. Бүгінде Астана – республикалық бюд жеттің донорына айнал ған өңір дің бірі, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев елдің əлеуметтік жəне экономикалық

өміріне тигізіп отырған елорданың оң ықпалын атап өтті. – Астана қазірдің өзінде тек елдің ғана емес, Орталық Азия өңірінің білім беру жəне медицина хабы рөліне ие болып отыр. «Нұрлы Жол» бағдар ла масын жүзеге асыру елдің барлық өңірін елордаға жақындата түсуде. Жаңа Жібек жолы жобасы Қазақстанды Еуразия құр лы ғының орта лық мемлекетіне айналдырады. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу еліміздің технологиялық көшбасшылығын қамтамасыз етіп, əлемге Қазақстанның баламалы энергетика саласындағы жетістіктерін əйгілейді. «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру – тағы бір өршіл бастамамыз. Ол Астананың ғана емес, бүкіл республиканың көп жылдарға арналған даму бағытын айқындап береді. «Локальді көшбасшылық жəне жаһандық бəсекеге қабілеттілік» – біз ұстанатын формула осы. Көріп отырғанымыздай, Астанада қазірдің өзінде осы жоспарды жүзеге асыру үшін жұмыс жүргізілуде, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Қазақстан

Президенті мерекеге өзінің жеке басының қатысы жөніндегі ойымен бөлісті. – Қала күні де адамның туған күні сияқты – ол тек мерекелеуге себеп қана емес, есеп беріп, қорытынды жасаудың да бір мүмкіндігі. Мен үшін мерейтой жеке басымның мерекесі болған кезең əлдеқашан артта қалды. Менің бүкіл жұмысым мен бар өмірім елмен етене байланысты. Мен үшін Қазақстанның, оның елордасының жəне əрбір өңірінің жаңа табысынан артық құттықтау жоқ жəне болмақ емес, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Астананы одан əрі дамытуға атсалысқандары үшін қатысушыларға алғыс айтты. – Бұл жерде жаңа жəне бірегей Еуразия мəдениеті қалыптасады, жастар бəсекеге лайық білім алады, болашаққа сеніммен қадам басатын жаңа отбасылар құрылады. Бірлігіміздің, еңбексүй гіш тігіміздің, табан ды лығымыздың арқасында біздің алға қой ған барлық мақсатымызға жететінімізге сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, игілік пен бақбереке тіледі.

АСТАНА

ЕЛОРДА ТОЙЫ – ЕЛДІЅ ТОЙЫ Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Астанадағы «Ғашықтар» саябағында салмағы 736,5 кило тартатын ас, яғни ұлттық тағамымыз дайындалып, халыққа ұсынылды. Бұл ерекше шараны ұйымдастырушылар сол сəтте Гиннестің рекордтар кітабының сертификатын иеленді. Тарата айтар болсақ, «Тайқазан» деп айдар тағылған бұл акцияны Қазақ стан халқы Ассамблеясы, Қазақ географиялық қауымдастығы мен Астана қаласы əкімдігі ұйымдастырды. Акция Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына жəне Астана күніне тарту ретінде қолға алынды. Акцияға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Мəжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, ҚХАның, Қазақ географиялық қоғамы қауым дас ты ғы ның, еліміздің Бас аспаздар қауымдастығы мен этномəдени бірлестіктердің мүшелері, Гиннестің рекордтар кітабының қызметкерлері, жас тар ұйымдарының жетекшілері, БАҚ, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының ахуалы, оның түрлі саладағы дамуының басты бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар, А.Гүл Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен жəне Астана күнімен құттықтап, елімізге игілік пен бақбереке тіледі.

 Президент поштасынан

Аќ тілектер аєыны

Елбасының баспасөз қызметі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне байланыс ты Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидың құттықтауы туралы хабарлады.

Н.Моди Қазақстанның қалыптасуы мен қарқынды дамуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығын атап өткен. «Үндістан екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға Сіздің ұдайы көрсетіп келе жатқан қолдауыңызды жоғары бағалайды», – делінген жеделхатта. Үндістан Премьер-министрі Қазақстан Президентімен Астанада өтетін алдағы кездесуді тағатсыздана тосуда екенін айтады. Соңында Н.Моди Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат жəне табыс тіледі. (Соңы 2-бетте).

Мемлекеттер басшылары негізгі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан əрі дамыту мəселелерін, сондай-ақ, өңірлік жəне халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдас тықтың жолдарын талқылады. Сонымен қатар, халықаралық күн тəртібіндегі мейлінше маңызды жайттар жөнінде əңгіме өрбіді. Нұрсұлтан Назарбаев екі ел халқының тарихи, тілдік жəне мəдени жақындығына назар аударды. – Қырғызстанда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы, елдің дамуының жалғасуы, мықты мемлекет болуы – барлық қазақстандықтардың ойы осы, – деді Қазақстан Президенті.

Телефон арќылы сґйлесті Қазақстан Президентінің баспа сөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясының Пре зиденті Владимир Путинмен телефон арқылы əңгімелескенін хабарлады. Телефонмен əңгімелесу кезінде Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, денсаулық, бақ-береке жəне жаңа жетістіктер тіледі. *** Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Беларусь Президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтап, денсаулық пен бақуаттылық, достас Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа табыстар тіледі. Қазақстан мен Беларусь көшбасшылары, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықтың мəселелерін талқылады. *** Елбасының баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Сербия Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы əңгімелескенін хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаевты Сербия Президенті туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық жəне президенттік лауазымындағы қызметіне табыс тіледі. Екі елдің көшбасшылары ҚазақстанСербия достық қарым-қатынастарын одан əрі нығайту бағытындағы бірлескен

тығыз жұмысқа əзірліктерін растады. Əңгімелесуге Сербия тарапы баста машылық етті. *** Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы əңгімелескенін хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаевты Украина Президенті туған күнімен құттықтап, денсаулық пен бақуаттылық, достас Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа табыстар тіледі. Сондай-ақ, Қазақстан мен Украина президенттері екіжақты ынтымақтастық мəселелерін талқылады. *** Қазақстан басшысының баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Тəжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы əңгімелескенін хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаевты Тəжікстан Респуб ликасының Президенті туған күнімен құттықтады. Əңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелерін, сондай-ақ, Қазақстан Президентінің Душанбе қаласына биылғы күзде болатын ресми сапарын талқылады. Əңгімелесуге тəжік тарапы бастамашы болды. *** Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің

Алмазбек Атамбаев екі ел арасындағы достық пен тату көршілестік қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғызстан халқы атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа I дəрежелі «Манас» орденін тапсырды. Қазақстан Президенті жоғары награда үшін алғысын білдіріп, өзара ықпалдастықты одан əрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. – Бұл наградаға лайық болуға, елдеріміз арасындағы достық пен бауырластықты нығайтуға, қарым-қатынасымыздың деңгейін одан əрі арттыруға тырысамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы əңгімелесті деп хабарлады. Əңгімелесу барысында Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевқа туған күніне арнаған құттықтауын жеткізіп, денсаулық, бақ-береке жəне жұмысына жаңа табыстар тіледі. *** Елбасының баспасөз қызметі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Абу Дабидың мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Əмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Əл Нахаянмен телефон арқылы əңгімелескенін хабарлады. Абу Дабидың мұрагер ханзадасы Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтап, алдағы қызметіне сəттілік жəне табыс тіледі. Сондай-ақ, əңгімелесу барысында тараптар сауда-экономика жəне инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. *** Қазақстан Республикасының баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаев Германияның бұрынғы Федералды канцлері Гер хард Шредермен телефон арқылы əңгімелесті деп хабарлады. Əңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевты ГФР-дың бұрынғы Федералды канцлері туған күнімен құттықтап, денсаулық жəне жаңа табыстар тіледі. Герхард Шредер Қазақстан қоғамының батыл да қарышты дамуы, кең ауқымды реформалар жəне ұлттың əл-ауқатының артуы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланысты екеніне назар аударған. Телефон арқылы əңгімелесуге герман тарапы бастамашы болды.

 Жүрекжарды

Зор еѕбектіѕ жемісін елмен бірге кґріѕіз! Осынау ерекше шараны ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, қазақтың өзі «ет» деп атайтын ұлттық тағамымызды 40 аспаз таңғы сағат 4.00-ден

бастап далада, қазақ халқының ет асудағы дəстүрлі рецептімен дайындады. (Соңы 4-бетте).

Уа, егемен елдің Сардары – Нұрекеңдей ардағы! Таудан биік парқыңыз, Баға жетпес нарқыңыз. Тарихына қазақтың, Қалдырдыңыз жарқын із. Өзіңіз де қосылып, Тарихта мəңгі қалдыңыз.

Еске алсақ өткенді, Өткен күнде көп белгі. Бағымызға берді ғой, Нұрекеңдей текті ерді. Не қиыннан аман-сау, Бəрінен де өткерді. Таңырқатып бар елді, Мойындатты əлемді.

Əр жыл сайын бұл күнді Мерекелеп жатырмыз. Бата, тілек беретін Бұрыннан бар салтымыз. Сол дəстүрді қашанда, Қастерлейік жалпы біз. Құтты болсын, Нұреке, Сіздің туған күніңіз!

Ашық болып Аспан да, Жарқырасын түніңіз! Ел басқарып аман-сау, Жүзден де асып жүріңіз! Елтай БИМАХАНБЕТҰЛЫ, Түркістан қаласының құрметті азаматы, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы. Оңтүстік Қазақстан облысы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.