07082013

Page 1

СІЗ не дейсіз? Аќтаулыќтар лифтіге ќашан ќол жеткізеді?

Ақтау қаласында лифт мəселесі – өзекті. Бірнеше жылдар бойы беті бері қарай алмай келе жатқан мəселенің тамырына соңғы кездері қан жүгіре бастағандай. Ел арасында лифт туралы жылымық əңгімелер арагідік естіліп қалып жүр. Расында, Ақтаудағы көп қабатты үйлерді лифтімен қамтамасыз ету жайы қалай? Бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде? «Егемен Қазақстанның» Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі Гүлайым Шынтемірқызы Ақтау қаласының əкімі Еділ Жаңбыршинге:

– Сіз бұған не дейсіз? – Ақтау қаласында лифтілері бар көп қабатты тұрғын үйлер ең алғаш 1968 жылы салынған болатын. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңына сəйкес көп қабатты тұрғын үйлердегі лифтілер тұрғындардың ортақ меншігі болып келді. Сондықтан мемлекет лифтілерді жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарына бюджеттен қаржы бөле алған жоқ. Ал тұрғындардың өздері бұл қызметті атқара алмайды. Себебі, бір лифтіні ауыстыру үшін шамамен 8 млн. теңге қажет. Мұндай көлемдегі қаражатты тұрғындардың қалтасы көтермейтіні анық. Инвесторлар тарту да тиісті нəтиже берген жоқ. Осыған орай, 2010 жылы облыс пен қала əкімдігінің «Тұрғын үйлердегі лифтілерді мемлекеттің коммуналдық меншігіне беру туралы» шешімі қабылданды. Қазіргі таңда қаладағы 345 лифті қала əкімдігінің коммуналдық меншігіне өтті. Қаланың көне тұрғын үй қорында 7-10 қабатты əрқайсысында 2 лифтіден 156, əрқайсысында 1 лифтіден 11 жəне 8 лифтісі бар 1 көп қабатты үйлер бар. Барлығы 168 көп қабатты үйлерде 331 лифті бар. Одан басқа қала əкімдігінің теңгерімінде 7 көп қабатты жаңа тұрғын үй қорында 14 лифті болды. Олардың барлығын қосып есептегенде, қала бойынша 175 көп қабатты үйлерде 345 лифті бар. Бүгінгі таңда 345 лифтінің 71-і жұмыс істейді, ол 66 үйді қамтиды. Демек, қаладағы барлық лифтілердің 274-і жұмыс істемейді. Сондықтан жұмыс жасау мерзімдері 25 жылдан асқан түгелдей ауыстыруды қажет ететін 270, ал жөндеуді талап ететін 23 лифті болып отыр. Қалған 109 үйде кем дегенде, бір лифті жұмыс жасауы үшін 112 лифтіні түгелдей ауыстыру қажет. Қазіргі кезде қалалық бюджеттен бөлінген 32 млн. теңгеге 4 лифті сатып алынды. Лифтілер осы жылдың соңына дейін бірінші кезекте мүгедектер тұратын үйлерге қондырылатын болады. Жақында өткен бюджетті нақтылау комиссиясында тағы 5 лифтіге қаржы бөлінді. Бұл лифтілер конкурс арқылы осы жылы алынып, 2014 жылы орнатылатын болады. Сонымен қатар, лифтілерді күтіп-ұстау шаруашылықтың маңызды проблемаларының бірі болып отыр. Сондықтан оның бірнеше тетіктері қаралып, оңтайлысы тəжірибеге енгізілді. Лифтілерді ағымдағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсету бюджет есебінен жүргізіледі, қалған шығындар конкурстан қызмет көрсетуді жеңіп алған мердігердің тұрғындардан жинаған төлемдері арқылы жабылады. Қызмет электронды смарт-карта бойынша жүргізіледі. Тұрғындар лифтілерді пайдаланғаны үшін смарт-картаның көмегімен автоматты түрде есептеседі. Карта 800 теңге тұрады, оны 100 рет пайдалануға болады. Қазіргі таңда лифтілерге ағымдағы қызмет көрсетумен «Ақтау қалалық лифтілері» ЖШС айналысады.

№184 (28123) 7 ТАМЫЗ СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда? «2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сəйкес толықтай жаңартуы тиіс». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

(«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан).

Жаѕєыру Биылдан бастап Ґскемен мен Шїлбі су электр стансаларына ауќымды жґндеу жўмыстары жїргізілуде Қазақстандағы AES компаниялар тобының қоғаммен байланыс қызметінің директоры Светлана Нищенконың айтуынша, алдағы уақытта 60 жылдық тарихы бар Өскемен ГЭС-інде жаңа инженерлік-тұрмыстық корпус құрылысы аяқталмақ. Аталған нысанның жалпы көлемі 800 шаршы метрді құрайды. Бұл – барлық қырынан қазіргі заман талаптарына сай əрі қызметкерлер еңбегін жақсартуға бағытталған ғимарат. Мəселен, инженерлік-тұрмыстық корпуста жұмыс кеңселерімен қатар 46 орынға арналған асхана, медпункт, мəжіліс залы, қауіпсіздік техникасын оқытуға арналған заманауи оқу сыныбы қарастырылған. Биыл маусым айында

Өскемен су электр стансасының №3 гидроқұрылғысын қайта құрылымдау жұмыстары басталды. Агрегат пайдалануға берілгенде оның қуаты 9 МВт-ға дейін артады деп күтілуде. Қазіргі кезде стансаның қолданыстағы жабдықтарын жаңарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру кезеңкезеңімен орындалып жатыр. Жоспар бойынша 2015 жылы жаңғыртылған гидроқұрылғы пайдалануға берілуі тиіс. Жалпы, Шүлбі жəне Өскемен ГЭС-індегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру стансаның негізгі жəне қосалқы жабдықтарын, сондай-ақ еліміздің шығысындағы гидротехникалық құрылым кешендерінің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған.

Шүлбі ГЭС-інде де қайта жаңғыр ту жұмыстары жүргізілуде. 2013 жылы маңызды жобалар қатарында жаңадан өрт қауіпсіздігі депосы құрылысының басталуы мен станса ғимаратының қасбетін жөндеу жұмыстарын айтуға болады. «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңға сəйкес, энергетикалық нысандарда кез келген өртті жедел өшіруге арналған жеке өрттен қорғау қызметінің құрылуы талап етіледі.

 Сайлау – 2013

Демократияныѕ айќын кґрінісі

Кеше Атырау облысыныѕ 72 округіне əкім сайланды Не нəрсенің де болғанынан боладысы қызық қой. Ауыл əкімдерін сайлау өтеді дегелі бері Атыраудағы ел-жұрт та елеңдеп қалды. Мұны бір жағынан демократиялық дамудың жарқын белесіне балайтындар көп. Өйткені, бұған дейін ауыл əкімдері тағайындау арқылы қызметке алынса, енді бəрі басқаша сипат

алғалы тұр. Өзге өңірлер секілді мұнайлы өңірде де ауыл əкімі болуға ынта танытқандар аз болмады. Олай дейтініміз, өңірдегі 72 округтен 214 үміткер сайлауға қатысуға ниет білдірді. Соның ішінде кеше өзіміз куə болған Махамбет ауданындағы ауылдар əкіміне 30 үміткер тіркеліпті. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Негізінен ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бет бұрылған бұл ауданда 10 округ бар. Аудан орталығымен бірге, ауылдарда халық саны артып келеді. Округтердің біреуінен өзгесі Жайық өзені жағасына таяу орналасқан. Осы округтерден аудандық мəслихатқа сайланған 12 депутат ауыл əкімдерін таңдады. Сайлау басталар алдында Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Мырзашев дауыс беру тəртібін түсіндіріп өтті.

Маңғыстау облысы.

АҚПАРАТТАР аєыны  Қазақстанның алтын-валюта қоры шілдеде 89,8 млрд. долларға өсті. Бұл өсімнің 0,3 пайыз болғанын білдіреді. Осыған байланысты Ұлттық қордың активтері шілдеде 64,343 млрд. долларға дейін, яғни 1,41 пайызға артқан.  Қазақстан мектептерінде «ақылды» сыныптар ашылады. 2013 жылдың соңына дейін осындай екі сынып Астана қаласында жəне бір сынып Өскеменде іске қосылады.  Өскеменде атақты жерлестерге ескерткіштер орнатылып, экологиялық саябақ жасалады. Қала күніне орай белгіленіп отырған шара барысында

(Соңы 3-бетте).

Александр Протозановқа, Ахат Күленовке, Оралхан Бөкейге ескерткіш қойылып, 10 қыркүйекке қарай Шешек асуы маңында экологиялық саябақ бой көтереді.  Қостанайда шаруашылыққа арналған құрал-жабдық пен техниканың ауқымды көрмесі өтеді. Ертең, бейсенбі күні аукцион ұйымдастырылады. «ҚазАгро» ұлттық холдингінің еншілес компаниясы «ҚазАгромаркетинг» АҚ мұрындық болып отырған акцияға еліміздің түкпір-түкпірінен келген шаруа қожалықтары қатысады деп күтілуде.  Ақтөбе облысының əкімі 122 балаға сыйлық жасады. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мұны облыс орталығындағы «Ақтөбе» қайырымдылық пансионатында тəрбиеленушілерге көрсетті.  «Жезқазған-Сексеуіл» темір жол

учаскесі іске қосылғанда 700 жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының президенті Асқар Мамин мен Қызылорда облысының əкімі Қырымбек Көшербаевтың Сексеуіл кентіндегі кездесуі кезінде айтылды.  Павлодар облысында браконьерлерден 174 қап бағалы шаян тəркіленді. Лебяжі ауданындағы Ақсор көлі жағалауында полицейлер екі браконьерді ұстап, олардың қоржынынан осыншама заңсыз ауланған жəндіктерді тапты. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Шүлбі ГЭС-інде мұндай қызмет түрі бар, ал өрт қауіпсіздігі депосы өрттен қорғау қызметінің қызметкерлеріне қажетті жағдай жасайды. 12 мың шаршы метр аумақты құрайтын ғимараттың қасбетіне заманауи əрлеу жəне жылылау ма териалдары қолданылмақ. Нəтижесінде, Шүлбі стансасының машиналар залындағы жабдықтарға қолайлы температура

белгілеуге мүмкіндік туады. Компания өкілдерінің айтуынша, инвесторлар биыл аталған жобаларға 6 млрд. теңгеге жуық қаржы құяды. Өскемен жəне Шүлбі су электр стансалары – Ертіс өзенінің бойындағы жасанды құлама суға салынған стансалардың бір бөлігіне жатады. 1939 жылы құрылысы басталған Өскемен ГЭС-і соғыс жылдарынан кейін

Бїгінгі нґмірде:

Балаєа ќиянат жасаушылар 4-бет

Абай

– академик Зəки Ахметовтіѕ зерттеу еѕбектерінде

5-бет

 Жағымды жаңалық

«Тыныс ал, балаќай!» Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Жуырда облыс орталы ғындағы жүкті аналар мен салмақтары аз нəрестелер емделетін №1 перинаталдық орталық жаңа медициналық құрал-жабдықтармен толықты. Жалпы құны 18 миллион теңге тұратын бұл заманауи медициналық құрал-жабдықтарды «Тыныс ал, балақай!» жобасы аясында «Аяла» қайырымдылық қоры сыйға тартты. Сөйтіп, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мен «Аяла» қайырымдылық қоры арасындағы жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сəйкес, облыстық перинаталдық орталықтың жансақтау бөліміне 27 қондырғы орнатылды. Бұл қадамның ана мен бала өлімінің азаюына,

денсаулықтарының жақсаруына əсер етері сөзсіз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарына қарағанда, облыста ана мен бала өлімі көрсеткіші төмендеген. Бірақ, өкінішке қарай, салмағы аз болып туатын балалардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Сондықтан бұл жабдықтар орталық үшін аса қажет көрінеді. Ал, «Аяла» қайырымдылық қо ры ның вицепрезиденті Жангелді Сəрсеновтің айтуын ша, ха лық көп жүретін қоғамдық орындарда «Тыныс ал, балақай!» деген жазуы бар арнайы жəшіктер орнатылыпты. Жиналған қаржыға медициналық құралдар сатып алынады. Бөбектерге, аналарға қолұшын беремін деушілерге осындай мүмкіндік жасалыпты. Павлодар облысы.

қайта жалғасып, өзінің алғашқы электр қуатын 1952 жылы таратқан болатын. Ал Шүлбі ГЭС-і – еліміздегі ең жас стансалар сапында, 1987 жылдан бастап алғашқы электр қуатын өндіре бастады. Думан АНАШ. Шығыс Қазақстан облысы. -----------------------------------

Суретті түсірген Есімхан ОРЫНБАЕВ.

 Жемқорлық – індет, жою – міндет

Теѕдессіз «тəбет»

75 миллион 300 мыѕ теѕге жəне 272 мыѕ АЌШ доллары кґлемінде пара алєан ўлттыќ компания басшысы ќамауєа алынды

Қаржы полициясының қызметкерлері аса ірі көлемде пара алғаны үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының президентін қамауға алды. Бұл туралы Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. «2013 жылғы 1 тамызда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Ғ.Мырзақұловты ұстады», делінген парақшада. Ұсталған тұлғаға жалпы құны 15 млрд. теңгеден асатын Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын құрастыру-сынау кешенінің құрылыс жұмыстарын сатып алу конкурсында «Құлагер» құрылыс компаниясы» ЖШС мүдделеріне əрекет етіп, сол үшін аталған кəсіпорынның басқарма төрағасы Т.Егенбаевтан сенімді адамы Е.Асылбеков арқылы 272 мың АҚШ доллары жəне 75 млн. 300 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр. Қазір «Құлагер» ҚК» ЖШС басшысы Т.Егенбаев пен «Сұңқар Күзет» ЖШС директоры Е.Асылбеков те ұсталды. Егенбаев аса ірі көлемде пара берді деп, ал Асылбеков пара алуға көмектесті деп айыпталып отыр. «3 тамызда Мырзақұлов пен Асылбеков сот санкциясымен қамауға, Егенбаев – үй қамауына алынды», деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі. Қазір аталмыш қылмыстық іс тергелу үстінде. Бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбай отыр. Құрыш НҰРЫМБЕТ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.