07082014

Page 1

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Онда негізінен елдің экономика жəне əлеуметтік салаларының өзекті мəселелері қаралды.

№152 (28376) 7 ТАМЫЗ БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Їкіметтіѕ жаѕа ќўрамына жїктелер жауапкершілік мол Динара БІТІКОВА, Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Алқалы жиынды Елбасы кіріспе сөз сөйлеп ашты. «Үкіметтің ағымдағы жылғы басты міндеттері айқындалып, шешімдер қабылданды. Бұл – биылғы Жолдауда айтылған 2050-ге дейінгі бағдарлама. Біз осы бағытта 30 өркендеген елдің қатарынан көрінуіміз керек. Барлық өңірлерді менің тапсырмам мен Үкімет басшысы аралап шықты, əкімдермен кездесті. Барлық жергілікті мəселелерді саралап берді. Мен жағынан шешілуі тиіс барлық мəселе шешілді. Бағдарламалар бекітілді, индустриялық жоспарлар бар. Дүниеде болып жатқан алмағайып ахуалдар, оның ішінде ТМД елдерінде орын алған оқиғалар аясында біз де жайбарақат отырмай, барлық мəселелерді сараптан өткізіп, қалай, не істеуіміз керектігі жайында ойлануға тиіспіз. Қазақстанға да осындай оқиғалардың қиындығы тиеді, ол қай бағытта тиеді, оның алдын алу үшін не істеу керек? (Жалғасы 2-бетте).

Ґндірісті ґѕірде ґзгерістер аз емес Кеше Елбасы жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. Сапар барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Екібастұз қаласындағы бірқатар нысандарда болып, сондай-ақ өңірдің жұртшылық өкілдерімен жəне кəсіпкерлерімен кездесулер өткізді. Сергей ГОРБУНОВ, журналист.

Мемлекет басшысының өндірісті өңірге сапары осындағы белгілі бір саланың дамуына айтарлықтай серпін беретіні бұрыннан белгілі.

Оған Екібастұз ГРЭС құрылысы мен оның энергоблоктарының іске қосылуын, сондай-ақ, Ақсу жылу электр орталығының қайта жаң ғыр тылуын мысал ретінде келтіруге болады. Павлодарда Мемлекет

басшысының қолдауымен əлемдегі ең ірі таза алюминий шығаратын электролиз зауыты салынды. Облыс орталығында республикадағы органикалық химияның жолашары болып табылатын «Нефтехим» компаниясы, LTD» ЖШС-нің өмірге келуі де Мемлекет басшысының есімімен тікелей байланысты. Павлодар өңірінен бұл сияқты мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Мемлекет басшысының осы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік басќару жїйесін одан əрі жетілдіру жґніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына сəйкес экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл жүйесін жетілдіру мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан əрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік орган болып құрылсын. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы): сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу жəне тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері - жаңадан құрылған Агенттікке; экономикалық жəне қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу жəне тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне; 2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері жаңадан құрылған Агенттікке беріле отырып, таратылсын. 3. «Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы №552 Жарлығына (Қазақстан Рес пуб ликасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №12-13, 116-құжат; 2009 ж., №24-25, 207-құжат; 2010 ж., №51, 466-құжат, 2011 ж., №10-11, 125-құжат; №52, 710-құжат; 2012 ж., №43, 569-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі»;

«Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)» деген жолы алып тасталсын. 4. Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігі бір ай мерзімде: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасымен бірлесіп жаңадан құрылған Агенттік туралы ереженің жобасын енгізсін; Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп, таратылатын Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің жəне Қазақстан Рес публикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің штат санын қайта бөлу жөнінде ұсыныс енгізсін; 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде: 1) осы Жарлықтан туындайтын, оның ішінде: Агенттіктің – сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу жəне тергеу жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыратын; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің экономикалық жəне қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу жəне тергеу жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшелеріне құқық қорғау органы мəртебесін беретін заң жобаларын əзірлеп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің қарауына енгізсін. 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 6 тамыз. №883

жолғы жұмыс сапары да облыстағы «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-де болып, вагондарды құрастыру өндірісіне арналған технологиялық жабдықтарды іске қосу жəне қолдану барысымен танысудан басталды. Серіктестіктің бас директоры Анатолий Герасименко кəсіпорынның өндірістік қызметі жəне жүк вагондарын шығару барысы туралы баяндап, өндірістің көп ұзамай жобалық қуатына шығатынына жəне жүк

вагондарының алуан түрлері мен модельдерін шығаруды ұлғайта түсетініне уəде берді. «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-нің өндірістік қуаты 2000 жартылай вагон жəне 500 жабық вагон шығаруға жетеді. Онда 619 адам жұмыс істейді. Мұнда 2014 жылы фитингтік платформалар шығару жобасын, ал 2015 жылы цистерналар шығару жобасын жүзеге асыру жоспарланған. (Соңы 3-бетте).

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ə.Ґ.Исекешевті Ќазаќстан Республикасыныѕ Инвестициялар жəне даму министрі ќызметіне таєайындау туралы

Əсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Инвестициялар жəне даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 6 тамыз. №876

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Б.Т.Сўлтановты Ќазаќстан Республикасыныѕ Ќаржы министрі ќызметіне таєайындау туралы

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 6 тамыз. №877

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Т.Б.Дїйсенованы Ќазаќстан Республикасыныѕ Денсаулыќ саќтау жəне əлеуметтік даму министрі ќызметіне таєайындау туралы

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 6 тамыз. №878

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы А.Мўхамедиўлын Ќазаќстан Республикасыныѕ Мəдениет жəне спорт министрі ќызметіне таєайындау туралы

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мəдениет министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 6 тамыз. №879

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Ќазаќстан Республикасы мемлекеттік басќару жїйесініѕ реформасы туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сəйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жəне оның тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру жəне Қазақстан Республикасының жинақы Үкіметін қалыптастыру мақсатында қаулы етемін: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігінен – бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігінен – балық шаруашылығын дамыту, су ресурстарын басқару, ормандар, жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жəне іске асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып; 3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оған өнеркəсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру жəне дамыту саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып қайта ұйымдастырылсын. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, оған: бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігінің; Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің; Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінен – мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру жəне дамыту саласындағы; Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің; Қазақстан Республикасы Бəсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік); Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып; 2) Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі, оған: Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің; Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат агенттігінен – мұрағат ісі жəне құжаттама саласындағы; Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің; Қазақстан Республикасы Спорт жəне дене шынықтыру істері агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып; 3) Қазақстан Республикасының Инвестициялар жəне даму министрлігі, оған: электр энергетикасы, атом энергиясы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жəне іске асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің; мұрағат ісі жəне құжаттама саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат агенттігінің; (Соңы 4-бетте).

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Е.А.Досаевты Ќазаќстан Республикасыныѕ Ўлттыќ экономика министрі ќызметіне таєайындау туралы

Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 6 тамыз. №880

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

В.С.Школьникті Ќазаќстан Республикасыныѕ Энергетика министрі ќызметіне таєайындау туралы

Владимир Сергеевич Школьник Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 6 тамыз. №881

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Ќ.П.Ќожамжаровты Ќазаќстан Республикасыныѕ Мемлекеттік ќызмет істері жəне сыбайлас жемќорлыќќа ќарсы іс-ќимыл агенттігініѕ тґраєасы ќызметіне таєайындау туралы

Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 6 тамыз. №886

ХРОНИКА Мемлекет басшысының Жарлық- – Қазақстан Республикасының Өңірлік тарымен басқа жұмысқа ауысуларына даму министрі; байланысты мыналар: Владимир Карпович Божко – ҚазақСалидат Зекенқызы Қайырбекова – стан Республикасының Төтенше жағдайҚазақстан Республикасының Денсаулық лар министрі; сақтау министрі; Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – ҚаЖеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қа- зақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі; зақстан Республикасының Көлік жəне Əлихан Мұхамедияұлы Байменов – коммуникация министрі; Қазақстан Республикасының МемлекетНұрлан Жамбылұлы Қаппаров – Қа- тік қызмет істері агенттігінің төрағасы; зақстан Республикасының Қоршаған Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков – Қаорта жəне су ресурстары министрі; зақстан Республикасы Экономикалық Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа – Қазақстан Республикасының Мұнай қарсы күрес агенттігінің (қаржы полижəне газ министрі; циясы) төрағасы қызметтерінен босаБ о л а т Б и д а х м е т ұ л ы Ж ə м і ш е в тылды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.