АҚПАРАТТАР аєыны №149 (28627) 7 ТАМЫЗ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ
«Abaialemi.kz»
ЭКСПО-2017:
энциклопедиялыќ онлайн порталы ашылды
ЖЎМЫС АЛАЅЫ
Кеше Семейде Абайдың 170 жылдығын мерекелеу аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған www.abaialemi.kz энциклопедиялық онлайн порталының тұсаукесер рəсімі өтті. Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Мемлекеттік тілді дамыту қоры жасаған портал Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өзінің «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына
əзірленді. Елбасы осы аталған сыйлықтың бір бөлігін əлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін Қорға берген болатын. Сол жобалардың бірі www.abaialemi.kz порталы болып отыр. Тұсаукесер рəсіміне қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қауымы, түркітанушылар, тарихшылар, ғалымдар, Абай шығармаларының аудармашылары жəне алыс-жақын шетелдерден келген қонақтар қатысты. Осы салтанатты шара барысында ұлы ақынның шығармашылығы мен өміріндегі бұған дейін белгісіз болып келген жайттарға арналып, Қордың арнайы тапсырысымен түсірілген «Абайдың ұлы жұмбағы» атты жаңа рухани-ағартушылық деректі фильм көрсетілді. www.abaialemi.kz онлайн порталында ұлы Абай дəуірі, оның ізбасарлары туралы мəлімет, абайтану еңбектері, замандастарының естеліктері, Абайға арналған
шығармалар бар. Порталда түрлі ақпарат көздері: кітаптар, газет-журналдар, ғылыми басылымдар, деректі фильмдер, фото мұрағаттардан алынған деректер орналастырылған. Мұндағы қазақ, латын жəне араб тілдеріндегі ақпарат мынадай бөлімдер бойынша орналасқан: Абайдың
өмірбаяны, шығармашылығы, Абай əлем тілдерінде, Абай өлеңдері, Абай туралы естеліктер, абайтану, абайтанушы-ғалымдар, «Абай жолы» эпопеясы, естелік жерлер, Абай мұражайы, фотогалерея. Іс-шара соңында Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев аталған порталдың жас жеткіншектер, студенттер, абайтанушы ғалымдар, ақын шығармаларын өзге тілге аударып жүрген аудармашылар, Абайдың рухани мұрасына қызығушылық білдірген ғаламтор жүйесіндегі барлық пайдаланушылар үшін аса маңызды екенін атап өтті. «Біздің Қор қазіргі заман мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, əлемнің қай түкпірінен болмасын қазақтың жазба əдебиетінің негізін қалаған тұлға туралы ақпарат алуға тілек білдірген адамның қажетті мəліметті табуына мүмкіндік беретін осындай тұңғыш интернет-порталды іске қосып отыр», деді ол.
Қазіргі күндері Астанадағы ЭКСПО-2017 көрме кешені құрылысын жүргізу жандана бастады. Мұндағы бірқатар құрылыс нысандарындағы жұмыстар тіпті алдын ала белгіленген кестеден де озық келеді. Солардың бірі – əкімшілік ғимараты бүгінде біршама бой көтеріп, өзінің қатарға қосылатын сəтін жақындата түсуде. Бүкілəлемдік көрме кешені құрылысының бас мердігері болып табылатын компанияның басшысы Нұржеке Ахмадиевтің айтуына қарағанда, əкімшілік ғимаратты биылғы
Оймақтай ой Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден. Əлихан БӨКЕЙХАНОВ
Адамзат биігіндегі Абай Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың Шығыс өңіріндегі жұмыс сапары адамзатқа кемеңгер перзент сыйлаған қасиетті Семей топырағында жалғасты. Мемлекеттік хатшы Семей қаласында басталған Абайдың 170 жылдық мерейтойы аясындағы мерекелік іс-шараларға қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған бес институттық реформасы мен «100 нақты қадамын» іске асыруда ұлы ақын, ойшыл һəм ағартушы Абай Құнанбаевтың рухани мұрасын оқып-үйренудің маңызы зор. Бұл ретте Гүлшара Наушақызы «Адамзаттың Абайы» атты салтанатты іс-шараға қатысып сөз сөйлеп, хакімнің адамзат тарихындағы алар орнына тоқталды. Абай атындағы театрда өткен жиында Мемлекеттік хатшы дана бабамыздың əлем тарихында адамзаттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан санаулы тұлғалардың қатарынан табылатынын атап өтті. Абай бабамыздың тойын лайықты деңгейде атап өту, есімін ұлықтау ісі Қазақстанда ғана қолға алынып отырған жоқ. Абай мұрасы мұхиттың арғы жағындағы елдерде де кеңінен зерттелуде. Мысалы, Америкадағы Смитсон институтының қызметкерлері қазақтың бас ақынын əр қырынан зерттеу үстінде. Таяуда бірқатар зерттеушілер Жидебай-Бөрілі
жерінде болып, Абай-Шəкəрім мемориалдық кешенін, ЕңлікКебек ескерткіштерін көріп, ұлы ақын атамекеніне бас иіп қайтты. 2013 жылы көршілес Өзбек стан астанасында орнатылған Абай ескерткішін Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев ашты. 2014 жылы мүсінші Юань Сикунь сомдаған ұлы бабамыздың қола тұлғасы Бейжіңдегі «Чаоян» саябағында бой түзеді. Биыл Абай мерейтойына, шығармашылығына арналған сан алуан іс-шаралар Қырғызстан, Түркия, Ресей, Моңғолия жəне Еуропаның бірқатар елдерінде өтті. Ал ел ішінде ұлы ойшыл, ақын, ағартушы, қазақ жазба əдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың болмысын тану, мұрасын насихаттау жəне зерттеу ісі жаңа қарқынмен жүргізілуде. Əрине, бұл бағыттағы жұмыстар одан əрі
жалғаса береді. Өйткені, ұлт ұстазы Абайды оқу, оның даналығын санаға сіңіру – үлкен рухани байлықты игеру деген сөз. Біз бұл байлықты əлі сан ғасырлар бойы игереміз. Себебі, Абай бір ұлттың шеңберінде қалмай, адамзаттың рухани биігіне көтерілетін тұлға, деді Гүлшара Əбдіқалықова. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы Абай шығармашылығына əлемдік əдебиет өкілдері əсер еткенін, хакімнің антик дəуірі өкілдері мен Шығыс шайырлары, Батыс Еуропа жəне орыс əдебиетімен таныс болып қана қоймай, олардың озық шығармаларын жоғары деңгейде аударғанын атап өтті. Салтанатты жиында өңір басшысы Даниал Ахметов бұл тойдың шежірелі Шығыс өңірі үшін ұлы мереке екенін айтты. (Соңы 2-бетте).
қазан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазір құрылыс келбетіне қарай отырып, оның толық аяқталғаннан кейін қандай пішінге көшетінін көзге елестету қиын емес. Барынша жоғары деңгейдегі ыңғайлылық пен қолайлылықты басты мақсаты етіп ұстанған ғимараттың ауқымы 29 мың шаршы метрді құрайды. Осы кезде бүкіл «ЭКСПО-2017» кешеніне IT-технологияның жалпы бақылау жасауын жүзеге асыратын жедел басқару орталығы екінші қабатқа орналасатыны да белгілі болды. Мұнда қалашық аумағында қадам басқан сайын орналасатын барлық экрандар мен мониторлардағы жазбалар, барша нысандар жөніндегі мəліметтер сəт
сайын құйылып келіп тұрады. Бұл кешен қызметкерлерінің көрме территориясында не болып жатқанын ұдайы бақылап отыруларына мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, көрменің барлық офистері осы ғимаратта орналасатын болады. Олардың арасында бұдан басқа, тағы макет залы, конференц-зал, қарау алаңы секілді баспананың арнайы жабдықтары мен құралдары қоныс тебеді. Сонымен, кешеннің ең алғашқы нысан құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілетін шағына тым көп қалған жоқ. Мұрат АЙТҚОЖА.
● Еліміздегі «Даму» қоры шағын жəне орта бизнестің кредиттік ставкаларын субсидиялауды жүзеге асыруды бастады. Бұл ретте моно жəне шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кəсіпкерлер үшін 750 млн. теңгеге дейінгі несиенің жылдығы 14 пайыздан аспайтын ставканың 10 пайызын мемлекет субсидиялайтын болады. ● Осы жылдың шілде айында еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамамен 19 202 теңгені құрады. Бұл – қазақстандықтардың негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормалары аясында есептелген жоба. Статистика мамандары халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 2014 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 2 пайызға төмендеген деп отыр. ● Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов мектептердегі оқулық жетіспеу шілігі мəселесі 15 тамызға дейін шешілетінін айт ты. Сондай-ақ, министр оқушыларды жаңа оқулықтармен қамтамасыз ету, мектептерді дайындау, жөндеу жұмыстарының тамыз айында толық аяқталатынын жеткізді. ● Астанада бір айдың ішінде Wifi Bus Astana қызметін пайдаланушылардың саны 1 млн. 26 мың адамды құрады. Мамандар орта есеппен тəулігіне бір автобуста 114 жолаушы тегін интернет желісіне қосылады дейді. ● 2015 жылдың алғашқы жартыжылдығында алматы лық соттарда жазалау үкімдері 29 пайызға төмендеді. Қалалық соттың қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасының төрағасы Бақытжан Қара мановтың айтуынша, биылғы 6 айда 73 мыңнан астам іс тіркелген. Олардың ішінде азаматтық істердің саны – 52 491, қылмыстық істер – 2636, ал əкімшілік істердің саны – 18260. Ал қазіргі таңда аталған істің 59 982-сі жабылған. ● Шымкентте 92 га. аумақта орналасқан «Саудалогистикалық орталығында» 8 ірі жоба жүзеге асуда. Бұл орталыққа инфрақұрылым салынып, 24,3 млрд. теңгеге жеке инвестиция тартылды. Бірінші кезеңдегі нысандар биылғы жылдың қыркүйегінде іске қосылады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
Жўмыспен ќамту баєдары
Маңғыстау облысы үшін бүгінде аса маңызды мəселелердің бірі халықты жұмыспен қамта масыз ету болып табылады. Облыс əкімінің орынбасары Шолпан Ильмуханбетованың айтуы бойынша, жұмыс орындарын құрудың жалпы қарқыны өткен жылмен салыстырғанда артқан. – Сонымен, егер 2014 жылдың 5 айында облыс бойынша 8944 жұмыс орны құрылса, осы жылы 9053 орын (109 орынға өсу) ашылды. Əрине, осы өсуде «Нұрлы Жол» жəне Индустрияландыру кар тасы бағдарламаларының инфра құрылымдық жобалары аясында ашылған жұмыс орындарының үлесі де аз емес. Дегенмен, негізінен біз жұмыссыз азаматтарға жастар тəжірибесі мен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды арттыру арқылы, əлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жолымен мемлекеттік қолдау шараларын барынша арттырдық, – деп нақтылады Шолпан Ильмуханбетова. Бүгінде өңірдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2%-пайызды құрайды, бұл өткен жылғы көр сеткіштен 0,2 пайыздық
тармаққа төмен, соның ішінде жастардың жұмыссыздығы 6,8%дан 3,8%-пайызға дейін төмендеді. Шолпан Лазаревнаның айтуынша, солардың арасында бүгінде халықты мұнай-газ өндіруші компаниялар мен олардың сервистік компанияларына орналастыруды қамтамасыз ету негізгі мəселе болып тұр. – Сондықтан, өздеріңіз білетіндей, соңғы айлар бойында
Грант иелерініѕ тізімі жарияланады
Биыл тест сынағын тап сырғандарға берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мəселесін қарайтын республикалық комис сия өз жұмысын жалғастырып, грант иелерін анықтауда. Еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылық асыға күтіп отырған білім беру грант тары иелерінің тізімі «Егемен Қазақстан» газетінің таяудағы нөмірі мен сайтында жарияланатын болады.
біз өңірдегі мұнай-газ компанияларына салынатын салықтық жүктемелерді азайту қажеттігі жайлы мəселені əлденеше көтердік, – деп алаңдаушылығын білдірді Шолпан Ильмуханбетова. – Соның ішінде, мұнай нарығындағы бүгінгі баға жағдайын ескере отырып, өңірдің мұнай-сервистік компанияларына тапсырыстарды қамтамасыз ету мен жұмысшыларды жаппай қысқартуға жол бермеуге кепіл
болатын экспорттық кедендік баж салығын нөлге дейін түсіру іске асар еді. Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында ағымдағы жылы жалпы сомасы 104,6 млрд. теңге болатын 17 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Соның ішінде 1504-тей жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. (Соңы 7-бетте).
Оќырман назарына!
Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеу мет тік желілер арқылы оқу үшін, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.