Кеше Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді. Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин Астанада «Сулыжелекті бульварды» аралап көрді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
№206 (28145) 7 ҚЫРКҮЙЕК СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Ќытай Тґраєасы – Астанада
Санкт-Петербург саммитіндегі сəттер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Сенегал Республикасының Президенті, Африканы дамыту мүддесіндегі жаңа серіктестік ұйымының төрағасы Маки Саллмен кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Екіжаќты кездесулер
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында мемлекеттер басшыларымен жəне делегациялар жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Франция Президенті Франсуа Олландпен бірге Мемлекет басшысы сауда-экономикалық жəне инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мəселелерін талқылады. Испания Премьер-министрі Мариано Рахоймен бірлесіп екі елдің арасындағы ортақ мүддені білдіретін түрлі салалардағы серіктестікті тереңдетудің аспектілері қарастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен бірге оның Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ, халықаралық күн тəртібінің өзекті мəселелерін талқылады.
Италия Премьер-министрі Энрико Леттамен кездесуде екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың кең ауқымды мəселелері қаралды. Канада Премьер-министрі Стивен Харпермен келіссөздер түрлі салалардағы, соның ішінде агроөнеркəсіп кешенін дамыту саласындағы екіжақты серіктестік аясын кеңейтуге арналды. Қазақстан Президенті мен Жапония Премьер-минис трі Синдзо Абэ екі ел дің сауда-экономикалық жəне инвестициялық ынты мақ тастығының түрлі аспектілерін талқылады. Бруней-Дарусса лам Мем ле ке ті нің Сұлтаны, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері
қауым дас тығының төр ағасы Хассанал Болкиахпен бірлесіп көптарапты өзара іс-қи мыл аясының кең ауқымы, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мəселе ле рі талқыланды. Мексика Құрама Штаттарының Президенті Энрике Пенье Ньетомен бірлесіп екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің анағұрлым перспективалық бағыттары қарастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамамен бірге елдеріміз арасындағы серіктестік аясын кеңейту мəселелерін талқылады, сондайақ, ядролық қаруды таратпау жəне өңірлік қауіпсіздік тақырыбы сөз болды. Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министрі Манмохан Синг хпен саудаэкономикалық, ғылымитехникалық жəне инвестициялық салалардағы екі елдің өзара ісқимылын дамыту перспективасына қатысты пікір алмасты.
Əңгімелесу барысында мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен басымдықтарын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев өзара іс-қимылды дамыту үшін мүмкіндіктердің бар екенін айтты. М.Салл ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ретінде энергетика саласы мен спорттағы биік жетістіктерді атады.
Ўйымєа кіру жайы ќаралды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Роберту Азеведумен кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу кезінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі мəселесі қаралып, келісілетін құжаттарға қол қоюдың барысы талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жетекші сауда серіктестері – Еуропалық Одақпен жəне АҚШпен аталған мəселелер бойынша жүргізілген келіссөздер үдерісі туралы мəлім етті. Р.Азеведу Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясындағы бірлескен жұмыстың жемісті жүргізілгенін атап өтіп, біздің еліміз Ұйымға мүше болу үшін өз тарапынан барлық күш-жігерін салатынына сендірді. (Соңы 2-бетте).
Ілкімді істер легі Кеше Астанада Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысының əкімі Б.Сапарбаев республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкіл дері мен кездесіп, өзі басқаратын өңірдің жағдайы мен онда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баспасөз мəслихатын өткізді. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Журналистер баспасөз мəслихаты басталмас бұрын
«Қазмедиа» орталығында ұйымдастырылған аталған облыстың көрмесімен танысты. Мұнда оларға көптеген ақпараттар берілді. Баспасөз мəслихатының
алдында Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Əб дірахымов сөз алып, мұндай шара бұдан былайғы уақытта жүйелі түрде өтіп
Энергетика мен спорт – перспективалы салалар
отыратындығын, əр аптаның жұма сы күні əр өңір дің басшысы ке ліп, журналистерге өздерінің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндап, қойған сұрақтарына жауап беретіндігін айтып өтті. Осы шараның беташары Шығыс Қазақстан облысынан басталып отыр екен. Мұнан кейін сөз алған Бердібек Сапарбаев журналистерді Шығыс Қазақстанда Елбасының
тапсырмасына сəйкес жүргізіліп жатқан жұмыстармен, өңірдің тынысымен жан-жақты таныстырды. Бұл мəселе туралы газетіміздің осы нөмірінде айқарма бет беріліп отыр. Онда облыс əкімінің жеке мақаласы орын алған. Сондықтан біз баспасөз мəслихаты кезінде айтылған көптеген жəйттерді баяндамай-ақ, осы шағын репортажымызда Бердібек Сапарбаевтың білікті де тəжірибелі басшы ретіндегі жеке қолтаңбасын білдіретін мəселелерге ғана тоқталып өткенді жөн көрдік. Баспасөз мəслихатынан
байқағанымыздай, Бердібек Мəшбекұлы елді ұйыстыра отырып басқарудың əдіс-тəсілдерін іздейтін секілді. Соның бірі ретінде осыдан біраз уақыт бұрын қолға алынып, жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқан «Туған жерге тағзым» акциясын айтуға болады. Бұл акцияға Елбасының «Мемлекет пен бизнес тек экономикалық қана емес, əлеуметтік мəселелерді шешу кезінде де толыққанды серіктес болуы керек» деген сөзі ұран етіп алынған. Осы акцияның
өту барысында қаржылы азаматтар өздері өскен ауылдарына, елді мекендеріне көмек көрсету мақсатында қаржы құйып, тапсырылған істерді орындауға кірісіп кеткен. Акция басталған 2009 жылы осындай жолмен 1,6 миллиард теңгеге 126 жоба жүзеге асса, 2010 жылы келген қаржы көлемі 3,9 миллиард теңгені, 2011 жылы 6,5 миллиард теңгені, 2012 жылы 3,7 миллиард теңгені, ал 2013 жылдың 8 айында 5 миллиард теңгені құраған.
Шығыс Қазақстан облысына арналған айқарма бет материалдарын 4-5-беттерден оқисыздар.