Бїгінгі нґмірде: Нўрлы жол – болашаќќа жол 4-бет
№195 (28418) 7 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Дегбірі ќашќан əлем, сїргінге толы шартарап 5-бет Ана тілініѕ абыз анасы Бўл бизнесті тўншыќтыру емес пе?
7-бет
8-бет
Əл-ауќат ќоры алдында ауќымды міндеттер тўр Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы өткізген Трансформациялау форумына қатысты. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Санаға толықтай сіңіп үлгірмеген трансформация түсінігі тілімізге де емін-еркін ене қоймағаны анық. Алайда, атауы айрықша танымал болмаса да, бұл ұғым біздің қоғамға да «қоныс теуіп», қолданысқа кіре бастағанына біраз болған. Себебі, «трансформация» сөзі сөздіктерде «өзгеру» «түрлену» түсінігіне балама болады. Яғни, экономикаға қатыстырып айтқанда трансформация жаңа түрге ауысуды білдіреді екен. Ендеше, астарына үңілсек, біздің қоғам талайдан демесек те, біраздан бері жаңаруға бағыт бұрып, осы трансформация түсінігіндегі өзгеріске өрістегені баршаға белгілі шығар. Десек те, мұның бəрі бұған дейінгі алғы шаралар, бағ дарламаға барар баспалдақ басқыштары десек болатындай. Өйткені, Трансформациялау бағдарламасының нақты тұсауы кеше кесіліп, ресми іске қосылды. Ол еліміздің «Самұрық-Қазына» əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамынан бастау алды. Бағдарламаның «беташарына» Елбасы өзі қатысып, сөз сөйледі. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Самұрық-Қазына» қорын қалыптастырар кезде ел байлығын еселейтін, жоғары технологиялы əрі тиімді компания құру көзделгенін айтты. – Ол құрылғаннан кейін əлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс басталып, оны еңсеру ісіне
«Шевронмен» ыќпалдастыќ артады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясы Директорлар кеңесінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстанның «Шевронмен»
ынтымақтастық мəселелері тал қыланды. Атап айтқанда,
мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондайақ, компанияның мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға қатысуы туралы сөз қозғалды.
Ынтымаќтастыќ жайы талќыланды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсонмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қа зақстанның «Шеврон» компаниясымен қор атсалысуға мəжбүр болды. Ол ауыр жағдайдағы бірқатар екінші деңгейлі банктердің активіне кірді. Қазір енді Қордың тікелей қызметімен айналысатын уақыты туды, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев одан əрі қор мемлекеттің мұнай-газ жəне атом өнеркəсібіндегі, энергетика, көлік жəне коммуникациялар саласындағы ірі активтерін біріктіретіндігіне тоқталды. Қордың жиынтық активі республикамыздың ІЖӨ-нің жартысына тең екендігін тілге тиек етіп, соңғы үш жылда Қор компаниялары бюджетке 2,5 триллион теңге аударғанын атап өтті.
– «Самұрық-Қазына» еліміздегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады – онда 350 мыңнан астам адам жұмыс істейді. «Самұрық-Қазына» қоры – іс жүзінде екінші ұлттық қор. Онда елдің байлығы шоғырланған, ол біздің қазіргі жəне болашақтағы игілігіміздің көзі болып саналады. Елдің əрі қарайғы дамуы да трансформация бағдарламасын қалай орындайтынымызға байланысты, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президентінің айтуынша, бұл бағдарлама əлемнің жетекші қорларының тəжі рибелеріне сүйенген жəне бірнеше мақсатты көздейді.
– Біріншіден, қор компанияларының құнын ұлғайту. Екіншіден, портфельдің басқарылу тиімділігін арттыру. Үшіншіден, Үкімет, Директорлар кеңесі, Қор басқармасы, сондайақ Қор мен оның портфельдік компаниялары арасындағы жауапкершілікті айқын бөлу, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қордың жиынтық активі бес жыл ішінде 200 миллиард долларға дейін еселенуі үшін трансформация аясындағы күшжігер, бірінші кезекте, Қор компанияларының жаңа құнын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. (Жалғасы 2-бетте).
Ќазаќстан спортшыларын ќўттыќтады
Мемлекет басшысы Нұр сұл тан Назарбаев Корея Респуб ликасының Инчхон қаласында өткен XVII Жазғы Азия ойындарында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның құрама командасын құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтардың жəне жеке өзінің
атынан спортшыларды құттықтап, олар біздің құраманың спорттағы жеңістерінен мақтаныш сезіміне бөленетін миллиондаған отандастарымыздың үмітін ақтағанын айтты. «Азия құрлығының 45 елінің спортшыларымен болған қызу бəсекеде сіздер аса табандылық, шеберлік жəне жеңіске деген зор ерік-жігер көрсетіп, 84 медаль, соның ішінде 28 алтын медаль жеңіп алдыңыздар. Бұл – Қазақстанның Жазғы Азия ойындарына
қатысу тарихындағы ең үздік нəтиже, жаңа рекорд», делінген құттықтауда. Қазақстан Президенті, сондай-ақ, біздің құраманың табысы Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХІ Олимпия ойын дарын дағы болашақ жеңіс терімізге жолашар бола тынын атап өткен. Соңында Мемлекет басшысы спортшыларға денсаулық жəне əрі қарай да жеңістер тіледі.
● Мемлекет мерейі
Азиадада айбынымыз асты Корея аспанында еліміздіѕ кґк туы 28 рет кґкке ґрледі!
Ўлыќ мерекеніѕ ўлаєаты мол Құрбан айттың алғашқы күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Əзірет Сұлтан» мешітіне арнайы келіп, барша мұсылман қауымын айтулы мерекемен құттықтады. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтаған Мемлекет басшысы бұл мұсылмандар үшін ең маңызды мейрам екенін айтты. – Барлық əлемдегі мұсылман қоғамымыздың ең ұлық мерекесі – Құрбан айтты мерекелеп жатыр. Бұл қасиетті күні Алладан денсаулық, жақсылық, бақ-береке тілеп жатқан халқымыз бар. Сол тілектердің барлығы орындалсын. Шалған құрбандары, ниеттері қабыл болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Əрбір отбасына жақсылық пен бақыт нəсіп болып, азаматтарымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі арта берсін, Қазақстанның тəуелсіздігі мəңгілік болсын, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев одан əрі елімізде шамамен 2,5 мың
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
Қазанның 4-і күні Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында мəреге жеткен ХVII Азия ойындары Қазақстан спорт саңлақтары үшін үлкен абыроймен аяқталды. Бұл айтулы аламанда 39 спорт түрінен 439 медаль жиынтығы (барлығы – 1454 медаль) сарапқа салынды. Еліміз атлеттері бəсекеде спорттың 23 түрінен сынға түсіп, 28 алтын, 23 күміс, 33 қола, барлығы 84 медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте 4-орынға табан тіреді. Азия ойындарының соңғы күні, яғни 4 қазанда қоржынымызға каратэшілеріміз бір «күміс» жəне «қола» салды. Аталған күміс жүлдені Екатерина Хуповец (-50 кг.) иеленсе, «қола» Халид Халидовқа (+84 кг.) бұйырды. Осы жолғы күміс жүлде Азиададан ұтқан медальдарымыздың ең соңғысы болды. Қазақстан спортшылары ХVII Азия ойындарында, сөз жоқ, орасан зор табысқа жетіп, өздерінің миллиондаған жанкүйерлері мен тілеулестерінің көңілінен шықты. Олар 28 алтын медальды жеңіп алу арқылы сонау 1994 жылы Хиросимада тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш – 25 жоғары сапалы награда деңгейінен айтарлықтай асып түсті. Сөйтіп, 20 жыл бойы өзгеріссіз мызғымай тұрған көрсеткіш жаңарып, жаңа рекорд тіркелді. Азия ойындарында саңлақтарымыз алған əрбір медаль біз үшін қашанда құнды. Оған дау жоқ. Ал қоржынымызға екі-үш жүлдеден салғандардың ерлігін тосын сый деп
Таєайындаулар
қабылдағанымыз жөн болар. Əрбір төрт жыл сайын өтетін бұл бəсі биік сайыста жүзуден Дмитрий Баландиннің 3 мəрте «алтын» алғаны, жеңіл атлетші Ольга Сафронованың жүлденің 3 түрін де иеленгені айта жүрерлік жайт болды. Байдаркада жəне каноэде есуден жарысқа түскен қыз-жігіттеріміз де қос-қостан медаль еншілеп, ортақ мүдденің орындалуына еселеп үлес қосты. Əсіресе, боксшыларымыз Инчхон
төрінде еркін көсілді. Бұл спорт түрінен жігіттеріміз бен қыздарымыз алған жүлделерді қоса есептегенде 6 алтын, 2 күміс жəне 2 қола, барлығы 10 медаль болды. Осы орайда айта кетейік, Данияр Елеусінов еліміздің тарихында тұңғыш рет бокстан Азиаданың екі дүркін чемпионы атанып қайтты.
(Соңы 10-бетте).
отын-энергетика жəне инвестиция салаларындағы ынтымақтастық
мəселелері талқыланды. Д.Уотсон Елбасына компанияның қазіргі қызметі мен біздің еліміздегі мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Болат Серғазыұлы Сəрсенбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Ливан Рес публикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды; Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен босатылды; Асқар Жеңісұлы Шоқыбаев Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
мешіт бар екеніне, оларға қазақстан дықтардың, соның ішінде жастардың көптеп баратынына тоқталды. – Сенімнің – таза, ал адамдар дың жүрегі ашық болғаны маңызды. Мешітке жай əншейін емес, жақсылықты, татулық пен бірлікті ниет
еткен шынайы тілек пен келу керек. Сонда ғана біздің еліміз өркендейді, ал жастарды жақсы болашақ күтеді, – деді Мемлекет басшысы. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев отандастарымызды Құрбан айтпен тағы да құттықтап, Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.
● Бір ауыз сөз
Ќўрметті атаќтыѕ ќўны кетіп барады
2006 жылы облыстың құрылғанына 70 жыл толуына орай «Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы алғаш рет белгіленіп, көрнекті мемлекет қайраткері Бəйкен Əшімов ақсақал бастаған бір топ ардақты азаматқа берілгені есімізде. Кейін мұндай марапат Мақтай Сағдиев, Кəкімбек Салықов сынды ел тұлғаларына көрсетілді. Алайда, соңғы жылдары осы атанжіліктей атақты кейбіреулер ебін тауып иеленіп, халық қалаулылары шүлен таратқандай үлестіріп, не керек, беделін түсіріп жіберген секілді. Осыдан бірнеше жыл бұрын облыс басшыларының бірі мəслихаттың сессиясында өңірдің алға басуына еңбегі сіңе қоймаған дастарқандас, табақтас аралас-құралас танысын осы атаққа ұсынып тұрып, «бұл кісіге «Солтүстік Қазақстан
облысының құрметті азаматы» атағын аванспен берейік. Алдағы уақытта мал шаруашылығын көтеруге жұмыс істесін!» дегені бар. Сонда «е, мұндай дəрежені қарыз арқылы да алуға болады екен ғой...», деп таң-тамаша қалғанбыз. «Петропавл қаласының құрметті азаматы» атағы жөнінде де осылай айтуға болады. «Халық қалаулылары» деген дардай аты бар депутаттардың биліктің ығына жығылып, таңдаумен, талғаммен берілетін марапаттың құнын арзандатып алғаны қынжылтады. Құрметті атақтың құнын кетірмеуді құнттаған жөн шығар, тегі. Бақыт РАМАЗАН, журналист.
Солтүстік Қазақстан облысы.