07112013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Қарақшыдағы қарақшылық

2-бет Теңгерімділік тетігі нығайтылуы тиіс 3-бет ЭКСПО-2017: индустриялық төңкеріске бір қадам 4-бет Ауылдар поштасыз қалмақ па?.. 8-бет

№248 (28187) 7 ҚАРАША БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

 Ел тынысы: мың бір мысал

Жаѕа жобалар ќуатына шыєа бастады

Сылдыр сґз, ќўрєаќ уəде емес, наќты іс керек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келелі мəселелерді кеңінен қозғаған, барымызды атап өтіп, кемшілігімізді санап көрсетіп, ендігі жерде олқылыққа жол берілмейтінін нақтылап берген Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзі қазір жұртшылықтың кең қолдауына ие болып отыр. Сол отырыста билік қолға тиді деп мемлекет қаржысын оңды-солды шашу жайын айта келіп: «Не қарап отырсыңдар, мына мемлекеттің ақшасын менен басқа санайтын адам жоқ па бұл елде?» деген еді. Іс басындағыларға қатаң ескерту жасады. Содан бері де біраз күндер өтті.

Өңір экономикасының дамуына серпін беретін жаңа дан ашылған кəсіпорындардың жобалық қуатына шығуы басты назарда ұсталуда. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Бұл туралы облыстық кəсіпкерлік жəне индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Марат Балмұханов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген кездесуде кеңінен əңгімеледі. Оның айтуынша, облыс бойынша жалпы сомасы 517,2 миллиард теңге тұратын 74 инвестициялық жоба Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізілген. Бұл жобалар жүзеге асқанда 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады. 2011-2012 жылдары 188,3 миллиард теңге болатын 64 жоба пайдалануға беріліп, жаңадан 5 мың жұмыс орны ашылған. Биыл индустрияландыру картасы аясында 118,2 миллиард теңгенің 11 жобасы жүзеге асырылуы тиіс, бір мың жаңа жұмыс орны ашылуы

Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

қажет болатын. Бүгінгі күнге дейін 1,5 миллиард теңгенің 6 нысаны іске қосылып, 240 адам еңбекке тартылды. Олардың

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Б.Ə.Сағынтаевты Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы

Бақытжан Əбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 6 қараша. №682.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Б.Т.Сұлтановты Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметіне тағайындау туралы

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 6 қараша. №684.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Б.Б.Жəмішевті Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі қызметіне тағайындау туралы

Болат Бидахметұлы Жəмішев Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 6 қараша. №683.

Болашаќтыќтардыѕ лайыќты їлесі бар

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжиннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысы өтті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекеттік хатшы отырысты аша отырып, Комиссия мүшелерін «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығымен құттықтады жəне Мемлекет басшысының жеке бастамасымен тағайындалған стипендия бəсекеге

қабілетті ұлт қалыптастыруға бағытталған аса маңызды серпінді жобалардың біріне айналғанын атап өтті. «Болашақ» түлектері бүгінде қоғам өмірі мен мем лекеттің барлық саласында еңбек етуде, «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға лайықты үлестерін қосуда. Республикалық комиссия

арасында «Стройдеталь» ЖШСнің қуыс плиталар шығаратын өндірістік кешені мен «Қазхром» АҚ жаңа ферроқорытпа зауыты

аса маңызды да ірі кəсіпорындар болып табылады. (Соңы 5-бетте).

Ауыл инфраќўрылымы дамитын кез келе ме? Депутаттар министрге осы сўраќты кґлденеѕ тартты

Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысты заң жобасы заңнамалық айналымға алынды. Сондай-ақ, депутаттар назарына агроөнеркəсіп кешені мен мемлекеттік органдардың құзыретін заңға тəуелді деңгейде бекіту мəселелері ұсынылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібіне шығарылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркəсіп кешені мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Мəжілістің бір топ депутаты бастамашы болыпты. Қысқаша баяндама жасаған Мəжіліс депутаты Роман Ким 12 заңнамалық актіге, соның ішінде 4 кодекс пен 8 заңға өзгерістер көзделіп отырғандығымен бөлісті. Атап айтқанда, заң жобасы агроөнеркəсіп кешені мен ветеринария саласын жетілдіруге бағытталған. шешіміне сəйкес, 66 адам магистратура (64 адам) жəне докторантура (2 адам) бағдарламалары бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, олар Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Канада, ҚХР жəне Швейцарияның жетекші жоғары оқу орындарында білім алатын болады. Таңдап алынған мамандықтар ауқымы да айтарлықтай кең. Олардың арасында ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік, экономика, қаржы жəне аудит, туризм мен спорт салаларындағы менеджмент, лингвистика жəне аударма ісі мамандықтары бар.

Мəдениеттіѕ мəуелі жемісі

Қазақстанның дүниежүзі елдерімен 2013 жылғы қараша айында Қытайда мəдени-гуманитарлық ынтымақтастығы Қазақстанның мəдениет күндерін өткізу жылдан-жылға жандана түсуде. Соның бір жоспарланған болатын. Ал 2014 жылы айғағы 2012 жылғы маусымда Мемлекет Қазақстанда ҚХР мəдениет күндері басшыларының уағдаластығына сəйкес өткізілмек. Александр ТАСБОЛАТОВ, етіп отырғандығы айтпасақ та біздің елімізге жасаған мемлекеттік «Егемен Қазақстан» – түсінікті. Əрісін айтпағанда, сапарының қорытындысы жоғарыБейжіңнен. осы жылғы қыркүйек айында дағы қағидаттың шындыққа жаҚытай Халық Республикасының насымды екенін тағы бір мəрте Бұған, əрине, ең алдымен Т ө р а ғ а с ы С и Ц з и н ь п и н н і ң дəлелдеді. екі ел басшыларының жемісті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан кездесулерінің нəтижесі зор ықпал Назарбаевтың шақыруы бойынша (Соңы 2-бетте).

Жалпы, заң жобасы Мемлекет басшысының заемдарды мемлекеттік сақтандыру мен кепілдендірудің жүйесін ендіру туралы тапсырмасына сəйкес əзірленіп отыр екен. Бұл жеке инвесторлардың агроөндірістік кешендегі орын алуы мүмкін тəуекелдерін төмендетуі тиіс. Сонымен қатар, жаңа өндіріс қуатын құрған немесе барын жаңғыртуға жіберген шығынның бір бөлігін өтеп беру көзделеді. Бұдан басқа, қайта өңдеуші кəсіпорындардың ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау қарастырылған. (Соңы 2-бетте).

 Оймақтай ой

Азамат жолы – ар жолы. Бауыржан МОМЫШҰЛЫ.

Президент осы алқалы отырыста білім саласына да ерекше мəн бергені белгілі. Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарындағы қисынсыз істерді санап көрсетті. Шынында, мемлекет соңғы үш жылда білім саласына 1,7 еседен астам қаржы бөлген екен. Нақтылай түссек, ол 2013 жылы 1,5 триллион теңгеге жуық көлемді құрапты. Бұл – аз қаржы емес. Бірақ соның атқарылуының кемшіндігінен бе, əлде сылбырлықтан ба, болмаса Үкіметтің талап етпеуінен бе, Елбасы айтқан жарты миллионға жуық бүлдіршіндердің балабақша кезегінде тұруы ойландырмай қоймайды. Кейбір шенеуніктер жұртты жұбату үшін «Пəлен жылы шешімін табады» деп ұзаққа сілтеп жатады. Оған дейін қаулап өсіп келе жатқан ұрпаққа өспей тұратұрыңдар деу керек пе сонда? Қаржы жетпей жатқан жоқ. Бұған

бір дəлел Президент игерілмеген қаржы биылдың өзінде 170 миллиард теңге болатынын меңзеді. Үкімет осы қыруар ақшаның тиімді игерілу жолын қарастырып, «қалтада» сақтай бермей, ертеңгі ұрпақтан жүздеген, тіпті, мыңдаған есе қайтарымы болатынын ескеріп іске қосса, ата-аналардың жүйкесін жұқартқан мəселе шешімін табар ма еді? Бұған бір ғана мысал келтірер болсақ, төрткүл дүниені тамсандырған Астанамызда тəулік сайын 60-қа жуық нəресте дүние есігін ашады екен. Осындай қарқынның нəтижесінде былтыр 21 266 ұл мен қыз елорданың ұланы атаныпты. Қазіргі күнде сол ұрпақтың бірнеше еселенген ұл мен қызы, яғни 72 мыңға таяу бала балабақша кезегінде тұр. Білім, ғылым саласына жаңа министр келді. Аслан Сəрінжіповке дейін бұл саланы он екі бас педагог басқарғаны белгілі. Олардың арасында ғалым да, саясаткер де, бүкіл саналы ғұмырын білім мен

Баєа неге себепсіз ґседі?

Їкімет басшысы осы мəселеге байланысты тиісті орындар жўмысын сынєа алды Үкімет үйінде Премьер-Министр Серік Ахметов азықтүліктің жəне жанар-жағармайдың негізгі түрлерінің бағалары жөнінде селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңесті ашқан Премьер-Министр 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының тұрақтандыру қорларының қызметіне қарамастан бірқатар əлеуметтік маңыздағы өнімдер бағаларының айтарлықтай өскеніне назар аударғанын басып айтты. Статистика агенттігінің төрағасы Əлихан Смайылов

хабарлағандай, ағымдағы жылдың 10 айында елдегі инфляция 3,6 пайыз деңгейінде қалыптасты. Жылдың қорытындысы бойынша инфляция 5,5 пайыздан аспайды деп күтілуде. «Жалпы алғанда, өткен 10 айдағы инфляция көлемі жоғары емес жəне жылдың қорытындысы бойынша болжанған мəннен аспайды. Дегенмен, елдегі инфляцияның осындай төмен деңгейіне

ғылымға арнаған азаматтар мен азаматшалар бар еді. Əйтсе де, қызметте отырғанда абыройлы деп биікке көтеріп, кеткен күні əттеген-айын айтып шыға келетін бір «кесел» етек алғанын да жоққа шығара алмаймыз. Алдыңғы басшының тұсында «Білім туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, білім бағдарламасы қабылданған еді. Таяуда жаңа министр Үкімет отырысында өзінің жоба-жоспарын ұсынды. Онда А.Сəрінжіпов 3-4 жыл көлемінде Қазақ елінің білім-ғылымында мазмұнды өзгерістер болатынын атап айтты. Басты жаңалық отандық жоғары оқу орындарының құрылымы жаңартылмақ, яғни мемлекеттік делінетін жекешелендіріледі. Сол арқылы профессорлар мен оқытушылардың, студенттердің арасында бəсекелестік күшейтіледі. Осы арада мына бір ойды ортаға сала кетсек дейміз: «Бұрынғы министр далиып кеткен университеттер мен академияларды қысқартуды қолға алған еді. Енді бəрі жекеге неге беріледі? Бір кездері: «Нарық талабына орай бəсекелестік бел алып, мықтылары қалады, əлсіздері жойы лады», деп жеке оқу орындарын ашуға мүмкіндік берілген болатын. Кейін ол кейбір адамдардың ақша табатын көзіне айналып, қаланы қойып, ауылдарда университет ашу үрдіске айналғаны бар. Бұл халыққа тиімді болмады, қалтасының «шаңын» шығарды. Соңы біразының жабылуымен, ірілендірілуімен тынды. (Соңы 3-бетте). қарамастан, бірқатар өңірлерде əлеуметтік маңызы бар жекелеген азық-түлік бағалары өсіп отыр. Мəселен, жыл басынан бері сүт тауарлары жəне жарма өнімдері бағаларының елеулі өсуі байқалуда», – деді Ə.Смайылов. Пастерленген сүт бағасы Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында жəне Алматы қаласында 6-9 пайызға, айран бағасы Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жəне Астана қаласында 6-11 пайызға өскен. Тауық жұмыртқасы Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында 7-ден 23 пайызға дейін қымбаттаған. Сондай-ақ, бірқатар өңірлерде сарымай, жармалар, сүзбе жəне нан қымбаттаған. (Соңы 3-бетте).

 Қазақстан судьяларының VІ съезі қарсаңында

Судья – сот жїйесіндегі басты тўлєа

Тəуелсіздік алғалы бері мемлекет тарапынан сот саласына барынша қолдау мен қамқорлық жасалып келеді. Жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістер қаншама! Соған қарамастан, соттардың жұмысы əлі де көңіл көншітпейді, жұртшылықтың оған деген сенімі төмен. Неге? Мұның қандай да бір себебі бар ма? деген сұрақ көпшілікті мазалайтынын естіп жүрміз. Бекет ТҰРҒАРАЕВ,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері.

Ата Заңымызда айтылғандай, биліктің бір тармағы саналатын сот жүйесі – елімізде адам құқығы мен бостандығы сақталуының, қоғамдағы

тұрақтылық пен дамудың қамтамасыз етілуінің бірденбір кепілі. Сондай кепілдік пен əділеттілік болғанда ғана қоғам дамып, өркендейді. Сот жүйесіндегі негізгі қозғаушы күш, басты тұлға судья болып табылады. Соңғы кездері сот саласына қатысты айтылып

жүрген сын-ескертпе, кемшілік, көңіл толмаушылық, тіпті тыйылмай келе жатқан парақорлық пен сыбайластық фактілері де осы судьяның жұмысына, ісəрекетіне қатысты болып отыр. Əрине, сыбайластық пен парақорлық, тамыр-таныстық тек сот жүйесіне ғана тəн деуден аулақпыз. Ол – бүкіл қоғамды жайлап отырған дерт. Əйтсе де оның сот саласындағы зардап-залалы ауыр. Өйткені, мұнда адамдардың құқығы мен бостандығы қорғалып, тағдыр талайы шешіледі. (Соңы 5-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
07112013 by Egemen - Issuu