07112014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №218 (28441) 7 ҚАРАША ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

 Айбын

Ўшќыштар Еліміздегі Əскери-əуе күштері армиялық авиация ұшқыштарының ұшу құрамы үнемі даярлық үстінде. Олар биылғы өткен жаттығу жиындарында машықтары мен біліктіліктерінің жоғары екенін дəлелдеді.

Елбасы ќабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі қоғам қайраткері Оралбай Əбдікəрімовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында елдегі қоғамдық-саяси өмірдің бірқатар мəселелері талқыланды. Сонымен қатар, республиканың алдында тұрған таяу кезеңдегі əлеуметтік-экономикалық міндеттер жөнінде сөз қозғалды.

Бұдан бөлек, О.Əбдікəрімов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шараларына қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

 Президент поштасынан

Елді дамытудаєы рґлі аталєан хат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Жазушылар одағының 80 жылдығына арналған салтанатты пленумға қатысушылардан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Форумға Қытай, Түркия, Ресей жəне басқа да елдерден келген шетелдік қатысушылар өз хаттарында Қазақстан Президентінің тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап елді дамытудағы маңызды рөлін атап өткен. «Республика Сіздің басшылығыңызбен саяси жəне экономикалық əлеуетін біртіндеп ұлғайта отырып, қуатты, қарқынды, əлемдік жəне өңірлік саясатта көрнекті орынды иеленген мемлекетке айналды», – деп жазады авторлар. Пленумға қатысушылар, сондай-ақ, Қазақстанның алға қойған барлық мақсаттарға жете алатынына сенім білдіріп, ел

астанасының табысты өркендеп келе жатқанына назар аударды. «Астана республиканың экономикалық, саяси жəне мəдени орталығына, ауқымды халықаралық іс-шаралар өтетін орынға айналды. Ірі халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізетін орын ретінде Астананың таңдалуы Қазақстанның əлемдік аренадағы жоғары беделінің айғағы болып саналады», – делінген хатта. Соңында авторлар тарихи жадыны сақтау, ұлттық құндылықтарды келісім мен сенім рухында қалыптастыру саяси тұрақтылықтың негізі болып отырғанын атап өткен.

Агроґнеркəсіп кешеніне серпін берген стратегия Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қызылорда облысының аграрлық сала өкілдерінен хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Өз хатында авторлар еліміздің қарқынды дамуын жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясының зор маңызын атап өткен. «Онда қойылған міндеттер агроөнеркəсіп кешеніне үлкен серпін берді. Биыл Қызылорда фермерлері күріштің əр гектарынан 50 центнерден өнім жинап, тəуелсіздік кезеңіндегі рекордтық көрсеткішке қол жеткізді», – деп мəлімдейді диқандар. Авторлар өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру ісінде тамшылатып суару секілді заманауи агротехнология лар қолданылуда екенін, бұл бағыттағы жұмыстар əрі қарай да жалғасын табатынын айтқан. Аграрлықтар, сондай-ақ, облыстағы өзге салалардың дамуына да назар аударып, кіші Аралдың деңгейін көтеру арқасында балық өнімдерінің экспорты өскеніне

жəне оның ТМД ғана емес, Еуропа елдеріне де экспортталатынына тоқталған. Сонымен қатар, авторлар ауыл шаруашылығы өндірісін əрі қарай дамыту үшін елімізде жүзе ге асырылып жатқан көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларының маңыздылығын атап өткен. Қазақстанның көлік əлеуетін тиімді пайдалану мақсатында салынып жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізі ауыл шаруашылығы өнімдерін таяу жəне алыс шетелдерге тасымалдау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететіндіктен, саланың дамуына тың серпін беретін болады», – делінген хатта. Соңында хат авторлары еліміздің тəуелсіздігін нығайту ға жəне оны əрі қарай өркендетуге бар күш-жігерлерін жұмсайтындарын айтқан.

Кеѕестіѕ кезекті отырысы

Алдағы күні Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын жəне еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жол дау ла рын іске асыру мəселелері, сондай-ақ, кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың ұйымдастыру-құқықтық аспектілері қарас ты рылды. Осы мəселелер бойынша Конституциялық Кеңестің, Ішкі істер

мен Білім жəне ғылым министрліктерінің ақпараттары тыңдалды. Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсынымдары уəкілетті мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысы жəне құқық қолдану қызметі барысында ескерілетін болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі.

Көктемгі, жазғы, күзгі байқауларға авиациялық базалардың ұшқыштары мен Əуе қорғанысы күштері Əскери институтының курсанттары қатысты. Олардың алдына қойған мақсаты – бірінші сыныпты ұшқыш немесе штурман болу. Бұл – əрбір авиатордың арманы. Ұшқыштар сыныптық атақтың нағыз кəсіби маманы, білім-білігі жоғары деңгейдегі офицерге берілетінін бес саусақтай біледі. Бүгінде армиялық авиация жас ұшқыштармен толықтырылып отыр. Сол себепті, ұшқыштар мен штурмандардың сыныптық дайындығына айрықша назар бөлінеді. «Егемен-ақпарат».

Бюджеттегі берекесіздіктер Їкімет мїшелерініѕ мəлімдеуінше, біртіндеп жойылатын болады Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы талқыға түсті. Сондай-ақ, депутаттар тұрғын үй қатынастары, мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру мəселелеріне құрылған заң жобалары мен екі халықаралық құжатты да қарады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібінде алғашқы қаралған «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндамаларды Ұлттық экономика

министрі Ерболат Досаев, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жəне Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов жасады. Одан белгілі болғандай, 2014 жылы ІЖӨ-нің іс жүзінде өсуі 104,3 пайыз деңгейінде болжанса, бұл бұрынғысына қарағанда 1,7 пайыздық пунктке төмен. Бұл ретте, ІЖӨ-нің номиналдық

көлемі биыл 40 959,1 миллиард теңгені құрайды екен. Өнеркəсіп өнімдері көлемінің өсімі 2,7 пайыздан 0,8-ге төмендегені атап өтілді. Ал мұнай өндіру 83 миллион тоннадан 81,1 миллионға дейін қысқартылыпты. Тауар экспорты көлемі де азайып, 81,0 миллиард долларды құраса, бұл бұрынғымен салыстырғанда 5,3 миллиардқа аз. Тиісінше тауарлар импортының көлемі 48,6 миллиард АҚШ долларына қысқарып, бұрынғыға қарағанда 3,6 миллиардқа кем болып отыр. Мұнайдың əлемдік бағасы барреліне 95,0 АҚШ доллары деңгейінде сақталғандығын айта

Дін саласы

конфессияаралыќ ќатынастар мен ќоєамдыќ ќауіпсіздікті ќамтамасыз ету ќаєидаттарыныѕ негізінде реттеледі Үстіміздегі жылғы 25 қазанда «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 3 жыл толды. Іс жүзінде елімізде дəл осы сəттен бастап дін саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа ережелер күшіне ене бастады. Осы уақыттың ішінде елімізде не өзгерді, дінге сенушілер мен діни ұйымдар жаңа реформаларды қалай қабылдады, дін саласында қандай мəселелер мен проблемалар өз шешімін тапты? Осы жəне басқа да сұрақтар бойынша біз Мəдениет жəне спорт вицеминистрі Марат ƏЗІЛХАНОВПЕН əңгімелескен едік. – Марат Алмасұлы, біздің білуімізше, сіз Мəдениет жəне спорт министрлігінде өзге бағыттармен қатар діни қатынастарды реттеу саласына да жетекшілік етесіз. Бұған қоса таяу уақытқа дейін осы саладағы уəкілетті органға тікелей басшы лық жасадыңыз. Ал нақты сұраққа көшетін болсақ, «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданған уақыттан бері қандай шаралар іске асырылды? – Ең алдымен, 2011 жылы діни қатынастарды

реттеу саласындағы «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» жаңа Заңның қабылдануы азаматтардың, қоғамның жəне жалпы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан жасалған маңызды қадам болғанын атап өткім келеді. Елімізде, сондай-ақ, жаһандық деңгейде соңғы 20 жылда қоғамдық-саяси жағдайдағы түбегейлі өзгерістердің жүргені жаңа заңды əзірлеуге бірден-бір негіз болғаны баршамызға белгілі. (Соңы 2-бетте).

кеткен жөн. Бұл жерде инфляция 6-8 пайыз дəлізінде сақталып келеді. Сонымен, 2014 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 6107,4 миллиард теңге көлемінде айқындалса, бұл бұрын бекітілгендегіден 98,7 миллиард теңгеге азайғандығын көрсетіп отыр. Республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген бюджетпен салыстырғанда 65,5 миллиард теңгеге ұлғайтылып, 7 190,3 миллиард теңге сомасында белгіленген. Бюджет тік шығыстар 259,5 миллиард теңгеге қысқаратынын атай кеткен жөн. Қаржысы ең көп қысқарған Қаржы министрлігіне 70,8 миллиард теңге кем берілетін болса, Инвестициялар жəне даму министрлігі бойынша 45,8 миллиард теңге қысқаратыны белгілі болды.

 Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының штаб-пəтері Қазақстанда орналасады. Бұл шешім Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының барлық мүше мемлекеттері тарапынан қолдау тапты.  2014 жылдың соңында еліміздегі ІЖӨ-нің нақты өсімі 4,6%-ды құрайтын болады. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының өкілдері мəлім етті.  Қазақстан шетелге 4 мың тоннадан астам ет экспорттаған. Құс етін қоса есептегенде, бұл көрсеткіш 8 800 тоннаны құрайды. Ал 2016 жылы ірі қара етін экспорттау көлемін 60 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта Ұлттық қордан 120 млрд. теңге бөлінген.  Алдағы 5 жыл ішін де Алматы облысы аумағындағы 4-4,5 мың гектар аумаққа алма бағын өсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы об лыс əкімінің орынбасары Ты нышбай Досымбековтің төрағалығымен өткен апорт өнімділігін қалпына келтіру мен дамыту бойынша арнайы жиында белгілі болды.  Қарағанды облысының экономикасына қосымша 2 млрд. доллар инвестиция тартылды. Бұл уағдаластыққа Біріккен Араб Əмірлікте ріндегі Қазақстан – БАƏ инвестициялық бизнес-форумында өткізілген келіссөздер қорытындысы бойынша қол жеткізілді.  Өскеменнің шағын жəне орта бизнес субъектілері жыл басынан бері 100 млрд. теңгенің өнімін өндір ді. Жалпы өңірлік өнім құрылымындағы шағын жəне орта бизнес тің үлесі былтыр 16 пайызды құраған.  Ақтауда I, II топтағы арбадағы мүгедектер мен тірек-қимыл жүйесі бұзылған мүгедек балаларды тасымалдауға арналған тегін такси жүреді. Арнайы автокөлік үйге дейін шақырылып, қажет болған жағдайда көмекшінің де қызметі ұсынылады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.

 Оймақтай ой Арлы адам – ардақты, ар – ардақтың анасы. Бауыржан МОМЫШҰЛЫ.

(Соңы 2-бетте).

Инвестициялар тартудаєы ілкімділік

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Еліміздегі жаңа индустрияландыру бағдарламасы аясында инвестициялық саясатты жүзеге асыру» тақырыбында брифинг болып өтті. Оған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов, «KAZNEX INVEST» экспорт жəне инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Əсел Ерғазиева, Инвестициялар жəне даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы қатысты. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Брифингте алдымен сөз алған Əсел Ерғазиева 2010 жылдан бастап, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығына дейінгі аралықта Қазақстанға келген ті келей шетелдік инвести циялар дың көлемі 114 миллиард дол ларды құрағандығын, бұл соңғы тоғыз жылда елімізге келген барлық тікелей шетелдік

инвестициялардың (196,2 миллиард доллар) 58 пайызына тең көрсеткіш екендігін айтып өтті. Сонымен, жаңа индустрияландыру бағдарламасы іске асырыла бастаған кезеңнен бас тап елімізге шетелдік инвестициялар көлемі ұлғая түскен. Атап айтқанда, ол оның алдындағы 18 жылдың ішінде тартылған инвестициядан көп болып шыққан. (Соңы 2-бетте).

Бїгінгі нґмірде: «Адам бол...» 4-бет

Ерліктермен жазылєан єўмыр 9-бет

Менеджердіѕ ќитўрќылыєы 12-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.