07122013

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №270 (28209) 7 ЖЕЛТОҚСАН СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Елшілермен екіжаќты əѕгіме

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь елшісі Анатолий Ничкасовты, Иран елшісі Горбан Сейфи мен Армения елшісі Ара Саакянды қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев дипломаттармен екіжақты өзара іс-қимыл жəне көпжақты парламенттік форумдар аясындағы ынтымақтастық мəселелерін талқылады. Парламентаралық үнқатысуды одан əрі дамыту жəне саудаэко номикалық байланыстарды

заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етудің келешегі туралы пікір алысылды. Əңгіме барысында Сенат Төрағасы өзекті халықаралық проблемалар, аймақтық ынтымақтастық пен интеграция жөніндегі ойларын ортаға салды.

Маѕызды əѕгіме ґрбіген жїздесу

Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Ш. Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұстаздарымен жəне студенттерімен кездесті. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 6 желтоқсан

№1322

Астана қаласы

Демалыс кїнін ауыстыру туралы

Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау жəне 2013 жылғы желтоқсан мен 2014 жылғы қаңтарда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Демалыс күні 2013 жылғы сенбі 28 желтоқсаннан – жұма 2014 жылғы 3 қаңтарға ауыстырылсын. 2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ, құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық жəне қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кəсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2014 жылғы 3 қаңтарда жұмыс жүргізуге құқық берілсін. Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес өтеледі. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Аќ ќайыѕдар аймаєы алтын астыєымен ардаќталады

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Самат Ескендіровтің қатысуымен баспасөз мəслихаты өтті. Онда аталған облыстың əлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың аймақта жүзеге асырылуы, басқа да өзекті мəселелері туралы кеңінен əңгімеленді. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Əуелі айтылған брифинг аясында Солтүстік Қазақстан облысында іске асырылып жатқан жобалардың көрмесі ұйымдастырылып, жұртшылық назарына ұсынылды. Көрмеден көрген, көңілге түйген пікірге жүгінер болсақ, биылғы жылы ел қамбасына 5 млн. 200 мың тонна алтын дəн құйған аймақтың əлеуметтік-экономикалық даму үрдісі өте жақсы. Брифингте өңірдің тыныс-тіршілігі мен орын алған проблемаларға байланысты, сондай-ақ, қол жеткізілген жемісті істер туралы облыс əкімі баяндама жасады. Ол ақ қайыңдар өңірінің жұртшылығы алтын сабақты астығымен мақтанатынын да жасырмады. – Құрметті брифингке қатысушылар, мен осы маңызды шараға дайындалу барысында журналистерді қандай сұрақтар қызықтырады деген ойға терең зер салдым. Сөйтіп, тілшілерді халықтың

əлеуметтік жағдайы мен туындаған бірқатар мəселелері толғандыруы ықтимал деген тоқтамға келдім. Десем де, əуелі Қызылжар өңірінің жан-жақты өрлеу нəтижелеріне қарап, ондағы əлеуметтікэкономикалық дамудың жоғары деңгейін, сондай-ақ, мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылып жатқанын көруге болатынын айтқым келеді. Ал енді облыстағы проблемаларға тоқталсам, бүгінгі күнде екі мəселе өзекті болып тұр. Олар – ауыл мен ауданаралық жолдарға жəне қадірі артып қат дүниеге айналған ауыз суға қатысты мəселелер. Бүгінде бұл мəселелерді толығымен кешенді түрде шешу жолдары қарастырылып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр, – деді облыс əкімі. (Соңы 4-бетте). ----------------------------------------------------Солтүстік Қазақстан облысына арналған айқарма бет материалдарын 4-5-беттерден оқисыздар.

Көңіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкоб Зумаға Нельсон Манделаның қайтыс болуына байланысты жеделхат жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Оңтүстік Африка Республикасының ұлы перзенті Нельсон Манделаның қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды күйзеле отырып қабылдағанын атап өткен. «Əлемге танымал Президент Нельсон Мандела – өзінің бүкіл өмірін кемсітушілік пен апартеидке қарсы күреске арнаған, жаңа демократиялық жəне зайырлы мемлекеттің құрушысы болған ержүрек күрескер. Оның өнегелі өмірі əлемнің көптеген халқын өздерінің бостандығы үшін күреске жігерлендіріп, азаматтарының жүректеріне үміт отын ұялатты. Бұл кемеңгер тұлғаның жарқын бейнесі Африка халықтарының ұлт-азаттық күресі мен тəуелсіздігінің символы ретінде адамзат тарихында мəңгі сақталатыны шүбəсіз», – делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас ауыр қазаны бөлісіп, Қазақстан халқы атынан жəне жеке өз атынан бүкіл Оңтүстік Африка халқына қайғыларына ортақтастығын білдірді.

 Демократия – даму даңғылы

Жастарды ќўќыќтыќ оќыту

– Ќазаќстан Республикасы сайлау органдары ќызметініѕ басым баєыттарыныѕ бірі Қуандық ТҰРҒАНҚҰЛОВ, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Бүгінгі əлемде демократиялы мемлекеттің, оның саяси жүйесі мен азаматтық қоғам институттарының тиімді дамуы оның азаматтарының құқықтық жəне саяси мəдение тінің деңгейін тұрақты түрде арттырусыз мүмкін емес. Азаматтың қандай құқықтары бар екендігі жəне

оның өз құқықтарын пайдалана алу мүмкіндігі туралы толық жəне терең білімінің болуы оны қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуға ынталандырады, белсенді азаматтық ұстанымының қалыптасуына ықпал етеді. Жас азаматтың саяси, əлеуметтік жəне азаматтық қоғам институттарындағы қызметі – жеке жетістіктердің ғана емес, бүкіл елдің өркендеуінің кепілі. (Соңы 3-бетте).

Жас белсенділермен жүздесу кезінде спикер Елбасының «Қазақ стан-2050» Стратегиясында белгіленген мақсаттар мен тапсырмаларға сəйкес, мемлекетімізде болып жатқан басты өзгерістер, мəжілісмендердің заңнамалық жұмысы, алдағы жоспарлар жайында əңгіме өрбітті. Əсіресе, үш жылдық бюджетке байланысты заңнамалық құжаттарға, салық салу мəселелеріне, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру жағдайларына баса назар аударылды. Бүгінгі күні жергілікті өзінөзі басқару жəне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату, мемлекеттік қызметтер, Кəсіпкерлердің ұлттық палатасы, Бюджет жəне Салық кодекстеріне өзгерістер енгізуге

қатысты заңдар қабылданды, – деді Мəжіліс Төрағасы. – Сондай-ақ, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару кодекстері, Əкімшіліктік құқық бұзушылық туралы кодекс, кəсіподақтар, меншіктік құқықты қорғауды күшейту, сот шешімдерін орындау жүйесін жетілдіру сынды маңызды заң жобалары палата қарауына енгізілді. Н.Нығматулин депутаттардың заңнамалық бастамаларын да назардан тыс қалдырмады. Атап айтсақ, Мəжілістің кезекті жалпы отырысында тікелей депутаттық топ əзірлеген агроөнеркəсіптік кешен мəселелеріне қатысты заң жобасы мақұлданды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау мəселелері бойынша заңнамалық түзетулерді, əлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыруды атап айтуға болады. (Соңы 2-бетте).

 Алматыда тұрғын үйді жалға берген жеке кəсіпкерлерден бюджетке 1,8 млрд. теңге түсті. Алматы қала сы салық департаментінен хабарланғандай, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, өсу қарқыны 11 айда 128 пайызды құраған немесе 400 млн. теңге артық түскен.  Кеше Қызылордада облыстық соттың 75 жылдығы аталып өтті. Оның барысында Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мəми облыстық сот кеңсесіне мерекелік сый ретінде 6 автокөлік пен 3 пəтер тапсырса, облыс əкімі Қырымбек Көшербаев облыс əкімдігі атынан 2 автокөлік тарту етті.  Шығыс Қазақстан облысының қала мен аудандар əкімдері есеп берулерін бастады. Премьер-Министрдің тапсырмасында көрсетілген мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы баяндалатын бұл есептерді облыс əкімі Бердібек Сапарбаев бастаған комиссия қабылдап жатыр.  Жамбыл облыстық əкімдігінде бос орындарға ашық конкурс өткізілді. Оған жастары 24-39 аралығындағы 21 талапкер тілек білдіріп, солардың 19-ы тестілеуге қатысты. «Мемлекеттік қызметке келгісі келетіндер арасында талантты жастардың көп екеніне көзіміз жетті», – деді осыған орай облыс əкімдігінің аппарат жетекшісі Рахматілда Рахманбердиев.  Бүгін Қостанайдан Шым кентке дейін тіркеме ва гон бірінші рет сапарға шығады. Əуелгі жолын №238 Қостанай-Қарағанды пойызымен бірге бастайтын ілкі қадам өзін-өзі ақтаса, жаңа жылдан бастап жаңа бағыттар қатарына қосылады.  Атыраудан солтүстікке қарай Жайық бойымен жаңа жол салынады. Бұл кеше облыс əкімінің орынбасары Тимуржан Шəкімов өткізген Атырау қаласының 2045 жылға дейінгі бас құрылыс жоспары тұжырымдамасын талқылау жиыны кезінде белгілі болды.  Ақтаудың теңіз жағалауындағы жаңа тұрғынжай ауданын жарықтандыруға қосымша қаржы қаралды. Бұл туралы мəлімдеген қала экономика жəне бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ада Ким осы жұмыстар үшін үнемделген қаржы есебінен 56 млн. 579 мың теңге ақша бөлінетінін айтты. Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.

 Заманмен үндес заңғар басылым

Ќазаќќа керекті ќалт жібермейді Еліміз тəуелсіздік алған жылдарда жұлдызы жоғары болып, жарқырап көрінген басылымдардың бірегей дарабозы «Егемен Қазақстан» газеті дер едім. Өз басыма, əсіресе, газеттің басты байлық – денсаулық мəселелеріне баса көңіл бөліп, жүйелі жазатыны ұнайды. Мұнда ұлт денсаулығының түйткілді жайларын кеңінен толғаған мақаласұхбаттарды оқыған сайын қуанып қаламын. Бір айтарлығы, газет журналистерінің медицина мəселелерін, денсаулық сақтау ісін жазуда мол тəжірибе жинағандығы, тақырыпты жете зерделейтіні, саланы білетіндігі тайға таңба басқандай көрініп тұрады. Саламатты өмір салтының, ауыл-аудандардағы емдеу сапасының көптеген проблемалары да өткір айтылып жатады. Өзім дəрігер, өмір бойы адам жанының арашашысы болып келе жатқандықтан, елдің бас басылымының өз саламызды дəйім назарда ұстауын жақсы нышанға балаймын. «Егемен» толғайтын елдік мəселелеріне елеңдемей

тұра алмаймын. Елбасының салиқалы саясатын халыққа жеткізуді басты мұрат санайтын басылымның əр жағдайдағы байыптылығы, ұстамдылығы тəнті етеді. Сонымен бірге, қажет жерінде батылдық та таныта біледі. Руханият, тарих, тіл мен діл орайындағы газеттің ұстанымы əркез көпшіліктің, қалың оқырманның көңілінен шығып келе жатқаны анық. Газеттің мен байқаған артықшылықтарының бірі сол, қазаққа керектіні əсте де қалт жібермейді. Тəуелсіз Қазақстанның табыстарына, Қазақ елінің əлемдік абыройына риясыз қуанады. Сондықтан, мен оны өз миссиясы мен парызына сергек,

Алаш мұратына барынша адал басылым деп есептеймін. Баз біреулер билік пен халықтың арасына жік қоя сөйлеп, содан ұпай жинайтын сыңайлы. Ал Отанымыздың бас газетіне олай жіктеу жат. Біздің елімізде билік пен халық біртұтас. Елдегі береке-бірлік пен тыныштық соның айғағы. Осы ақиқатты одан əрі айғақтай түсетін парасатты елдік сөзін «Егемен Қазақстан» газетінің айтуы да жарасымды. Бұл ретте бас газетке тікелей өзімнің де айтатын алғыс-рахметім мол. Белді журналист Сүлеймен Мəметке берген сұхбатымда айтқан өзіндік ой-пікірлерімді жонбайқырмай жариялады. Орайымен мақалаларымды басып тұрады. Ой-пікір еркіндігін құрметтейді. Соған орай заңды түрде заманның заңғар басылымына айналған газетті зиялы қауым өкілі, біз де құрметтейміз. Камал ОРМАНТАЕВ, Ұлттық ғылым академиясының академигі. АЛМАТЫ.

 Жеделхат «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті С.Абдрахмановқа Барқытбелдің баурайындағы Үржар ауданының еңбеккерлері биыл астықтан мол өнім алды. Мал басы көбейіп, ет, сүт өнімдері де артып отыр. Аудан тұрғындары ел газеті «Егемен Қазақстанның» əр санын асыға күтеді. Елбасының саясатын насихаттап, елімізде болып жатқан өркенді өзгерістерді күн сайын баспасөзде жариялап отыратын басылымның таралымы ауданда жыл сайын өсіп келеді. Бүгінге дейін газеттің 1500 данасына оқырмандар таңдауын жасап, жазылып үлгерді. Жыл аяғына дейін ауданда газет тиражы 2 мың данаға жететіні сөзсіз, себебі, ұстаздар мен дəрігерлер сырласатын, ақыл-кеңесін алатын Отанымыздың бас газетін асыға күтеді, өздеріне қажет деректерді табады. Серік ЗАЙНУЛДИН, Үржар ауданының əкімі, «Құрмет» орденінің иегері. Шығыс Қазақстан облысы. * * * Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері еліміздің бас газетінің тұрақты оқырмандары болып табылады. Жоғары журналистік мəдениет көрсете отырып, газет қызметкерлері еліміздің саяси, экономикалық, мəдени өмірінің маңызды оқиғаларын объективті түрде жарыққа шығарады. Еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз жəне келесі 2014 жылға біздің университет ұжымының мүшелері «Егемен Қазақстан» газетінің 282 данасына жазылғандығын қуана хабарлаймыз. Басылымның барлық қызметкерлеріне шығармашылық табыс тілейміз жəне əрі қарай да табысты ынтымақтастығымызды жалғастырамыз деген сенім білдіреміз. Жазылу жалғасуда. Еркін КӨБЕЕВ, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры.

 Елді елең еткізген

Ўлы кїрескер ґмірден ґтті Бүгінде Оңтүстік Африка Рес публикасы өзінің тұңғыш қара нəсілді президенті Нельсон Манделаның өмірден өтуіне байланысты қара жамылып жатыр. Апартеид пен адам құқы жолындағы аты аңызға айналған күрескер 96 жасқа қараған шағында жарық дүниемен қоштасты. Н.Мандела 1964 жылы 46 жасында өмір бойы түрмеге отыру жазасына кесілді. Оның түрмеде айтқан сөзі бүкіл əлемге тарады. Үкім шығарылар алдындағы соңғы сөзінде ол былай деген болатын: «Мен барлық саналы ғұмырымды Африка халқы үшін күреске арнадым. Мен «ақтардың» үстемдігіне

қарсы, сондай-ақ, «қаралардың» үстемдігіне де қарсы жан аямай күрестім. Мен барлық азаматтар үйлесімділікте өмір сүретін жəне тең мүмкіндіктерге ие болатын демократиялы жəне еркін қоғамды мұрат тұттым. Бұл мен сол үшін өмір сүруге əркез дайын жəне мен ұмтылып отырған мұрат болып табылады. Бірақ, егер қажет болып жатса, сол мұрат үшін мен өлуге де дайынмын». Н.Мандела табаны күректей 27 жыл түрменің тар қапасында отыруға мəжбүр болды. Ол апартеидке қарсы барлық қозғалыстарды заңдастырған Оңтүстік Африка Республикасының соңғы ақ

нəсілді президенті Фредерик де Клерктің пəрменімен 1990 жылы бостандыққа шықты. Арада үш жыл өткенде бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алса, 1994 жылы ел президенті болып сайланды. Америка Құрама Штаттарында қара өңді азаматтың президенттік ке сайлануын да Мандела күресінің ұлы жеңістері қатарында атаудың артықтығы жоқ. Мандела – əлемдегі талай түсініктерді төңкеріп түсірген тұлғалардың бірі. Оның ерлігін, өрлігін, кемеңгерлігін танымау, мойындамау мүмкін емес. Əншейінде еш мəселеде пікірлері бір жерден шықпайтын ресми Бейжің мен

Далай-ламаның, Вашингтон мен Теһранның Мандела қазасына байланысты қатарласа көңіл айтатыны да сондықтан. Мандела есімі тарихын жаңа бастап жатқан біздей елдер үшін бөлекше қадірлі. Осыдан бір ғана

ғасырдай бұрын Верныйдағы губернатор бағында «Қырғыздар мен иттер кіргізілмейді» деген жазу ілініп тұрғанын біз ұмыта қойған жоқпыз. Мандела ісі бізге тəуелсіздіктің қадір-қасиетін білуді үйретуге тиіс.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
07122013 by Egemen - Issuu