Кеше Ресейдің Сочи қаласында XXII Қысқы Олимпия ойындарының алауы тұтанды. Сөйтіп, кезекті Ақ Олимпиаданың дода-думаны басталып кетті. Қазақстандық спортшыларға жарыс жолында тек табыс тілейміз!
№27 (28251) 8 АҚПАН СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Спорт – біріктіруші кїш
ЛАУЛА, АЌ ОЛИМПИАДА АЛАУЫ!
Оны тўтандыру ќўрметі кґп дїркін Олимпиада чемпиондары, даѕќты хоккейші В.Третьяк пен мəнерлеп сырєанаушы И.Роднинаєа бўйырды Сочидегі XXII Қысқы Олимпия ойындарының салтанатты ашылуы да тарихтың қойнауына қарай ақырын жылжып кетіп бара жатыр. Кеше, ақпанның 7-сі күні төрткүл дүниенің түгел көз тігуімен Қап тауларының қолтығына қиялай қонып, Қара теңіздің жағалауына жағалай қоныс тепкен осынау қаланың Адлер деп аталатын аумағына орналасқан «Фишт» ұлттық стадионында лап етіп жанып, бұрқ етіп көтерілген Ақ Олимпиаданың алауы аламанға ат қосылып, еңкулерге ерік берілгенін жаһан жүзіне жариялап та үлгерді. Төрт жылдық циклдің осынау басты жарысының басталғанын паш етіп, саңлақтарға сəтті сапар тілеп қала берген сол ұлы жиынға көптеген мемлекеттердің басшылары қатарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысып, спорт атты мəртебелі мырзаның толайым тойын биік мінберден тамашалады. Сонымен, кезекті Ойындардың додасы мен думанының тиегі ағытылды. Серік ПІРНАЗАР,
«Егемен Қазақстан» – Сочиден.
Тўєырдаєы от татулыќќа шаќырды Кеше түс əлетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев XXII Қысқы Олимпия ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Сочи қаласына ұшып келді. Мемлекет басшысы Адлердегі халықаралық əуежайға табан тіреген бойда бірден Қазақстан Ұлттық олимпиялық комитеттің қонақ қабылдау үйіне бағыт түзеді. Мұнда Елбасы өзін күтіп тұрған олимпиялық құрама команда мүшелерімен кездесті. Серік ПІРНАЗАР,
«Егемен Қазақстан» – Сочиден.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Сочидегі Олимпиаданың бұған дейінгі барлық Ойындарға қарағанда, республикамызға географиялық жағынан ең жақын тұрғанын атап көрсетті. Өзінің олимпиялық
құрама мүшелеріне арнаған сөзінде Президент спорттың біріктіруші күш екеніне тоқталды. – Сіздердің əрқайсыларыңыз дың олимпиада лицензиясын жеңіп алуларыңыздың өзі – спорттық жол дағы үл кен жетістік. Біз Лондон Олимпиадасынан кейін спорттық жетістік теріміздің деңгейін жоғары көтерген едік, мен енді сіздерге
де сондай жаңа жеңістер тілеймін. Бүгінде мемлекетіміз сіздердің халықаралық аренада зор жетістіктерге жетулеріңіз үшін барлық жағдайды жасап отыр. Менің тапсырмам бойынша қажетті барлық қаражат бөлініп, спорт ғимараттары салынып жатыр, сіздерді ең үздік отандық жəне шетелдік жаттықтырушылар жаттықтырады. Өз басым сіздерге əрдайым қолдау көрсетемін жəне барша жетістіктеріңізді ұдайы қадағалап отырамын, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев газеттер мен телевидениенің арқасында қазақстандықтар олимпиа дашылардың əрқайсысын
білетінін жəне оларға бүкіл еліміз шынайы жанкүйер болатынын айтты. – Қазақстандық жанкүйерлер Олимпия ойындарын бірінші рет жаңадан ашылған «KAZSport» арнасынан көреді. Сіздер үшін миллиондаған отандастарымыз жанкүйерлік етіп, өздеріңіз ден жоғары нəтижелер күтеді. Біз Сочидегі басты сайысқа олимпиадашылар мен жат тықтырушылардың барлығы жақсы дайындалғанын білеміз, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы, сондайақ, 2022 жылғы Қысқы Олимпия ойындарын өткізуге Алматының кандидатурасы ұсынылғанын, елімізде заманауи спорттық инфрақұрылымдардың, жарыстарды ең жоғары деңгейде өткізу тəжірибесі бар екенін атап өтті. Кездесу соңында олимпиадалық команда мүшелері өздеріне ұдайы көңіл бөліп, қолдайтыны үшін Мемлекет басшысына ризашылықтарын білдіріп, естелік кəдесый тапсырды. Ал Президент өз кезегінде спортшыларға денсаулық, күш-жігер жəне олимпиадалық ақ жол тіледі. Мемлекет басшысы, сондайақ, қонақ қабылдау үйіндегі кездесу барысында «Астана Экспо-2017» ҰК» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Талғат Ермегияевтің Астанада дүниежүзілік көрмені өткізу жөніндегі жоспарлары жəне Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімовтің 2022
Жаѕєырмалы энергияєа – жаѕаша тариф
Кеңес жұмысына бірқатар мүдделі орталық атқарушы органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Қоршаған орта жəне су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров жаңғырмалы энергия көздерін қолдау жəне Қазақстанда аталған рынокты қалыптастырудың жүйелі шараларын ұсынды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік
(Соңы 2-бетте).
Түн қараңғылығы қоюлана бастаған тұста көптен күткен Олимпиаданың ашылу салтанатына да кезек келді. Біз осынау алау-далау от шашыраған мереке мезіретіне оның сөре алуынан үш жарым сағат бұрын келуге мəжбүр болдық. Бұған екі түрлі нəрсе əсер етті. Мұның біріншісі өмірімізде бірінші рет көргелі отырған салтанатқа тезірек жетіп алуға итермелеген құштарлық болса, екіншісі уақыты жақындаған сайын «Фишт» ұлттық стадионы маңына барудың өзі қиындап кететіні туралы қауіптен туындады. Осымен Ресей жерінің тарихында екінші мəрте Олимпия ойындары өткізіліп жатыр. Олардың біріншісі Кеңес Одағы кезінде, 1980 жылы Мəскеуде Жазғы Олимпия ойындары түрінде өркен
(Соңы 10-бетте).
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Бəрекелді!
Чемпиондарєа – лайыќты ќошемет
Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов елімізде жаңғырмалы энергия көздерін қолдау жүйесін дамыту мəселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Еуропалық Одақ мемлекеттерінің тəжірибесі зерделеніп, оның ішінде бірқатар елдерде жаңғырмалы энергия көздері секторын дамыту барысында жіберілген кемшіліктері талданған болатын. Отырысқа қатысушылар ұсынылған зерттеу нəтижелері мен еуропалық сарапшылардың ұсыныстарын талқылады. Яғни, жел, күн, биогаз жəне гидростансаларда өндірілетін энергияға белгіленетін тарифтер бойынша ұсыныстар қаралды. Бұл тарифтер бенчмаркинг негізінде, яғни жаңартылатын энергия көздері секторын дамытып жатқан елдердің тəжірибесін бағалау жəне сол елдердегі «таза» электр энергиясы бағаларымен салыстыру нəтижелеріне сүйеніп белгіленіп отыр.
жылғы Қысқы Олимпия ойындарын өткізуге Алматы қаласы өтінімін дайындау барысы туралы есептерін тыңдады. Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев «Россия» телеарнасының журналисі Сергей Брилевке сұхбат берді. Қазақстан Ұлттық о лимпиялық комитетінің қонақ қабылдау үйінде өткен əңгімелесу барысында Президент Сочидегі Қысқы Олимпиадаға дайындық кезінде орасан жұмыс жүргізілгенін, соның арқасында қала айрықша жаңарып, жоғары деңгейдегі курорттық аймаққа айналғанын атап өтті. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, соның ішінде Қазақстанның астанасын салу да əрдайым бірқатар сынға ұшырағанын, бірақ нəтижесінде осының бəрі қарапайым азаматтар үшін қолайлылық пен жайлылықты арттыруға əкелетінін тілге тиек етті. Қазақстан Президенті Алматыда Қысқы Универсиада өткізу дайындығының жоспарлары мен 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізуге өтінімді даярлау барысы жайындағы ойларын да ортаға салды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Қысқы Олимпия ойындарын табысты өткізуіне тілектестік білдіріп, бұл кезеңде əлемдегі қақтығыстар мен шиеленістер деңгейі едəуір бəсеңдейтініне үміт артты.
жайып еді. Ол кезде КСРО-ның астанасы саналған бұл қала бəрібір байырғы орыс жерінің шаһары, орыс елінің бас қаласы болатын. Енді, міне, арада 34 жылға жуық уақыт өткеннен кейін сондай аламан жарыстың қысқы түрі орыс жеріне қайта келді. Бір ғажабы, осылардың екеуінің де реттік саны жиырма екінші болып отыр. Біз өткен жолы Сочи Олимпиадасының басталмай жатып талай рекордтың мойнына су құйып үлгергенін, оларды келесі жолы санамалап айтып беретінімізді баяндап едік. Міне, сол рекордтардың бірі – мұнда бірінші рет əлемнің 80-нен астам елінен 5 мыңнан аса спортшы мен ресми адамдар келіп жатыр. Тағы бір жоғары көрсеткіш – бұл жолғы Ақ Олимпиадада 7 түрлі спорттың негізіндегі 15 бағдарлама бойынша 98 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Мұның өзі осының алдындағы Ванкувер-2010 Олимпиадасынан 12 медаль жиынтығының көп екенін көрсетеді.
Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
(Қоғамдық-саяси үдерістер Сарапшылық-жобалау бюросының сарапшылар тобы дайындаған өзге де мəліметтермен 4-беттен таныса аласыздар).
Жылан жылы жетісулық спортшылар да Азия, əлем чемпионаттарында алтыннан алқа тағып, дүбірлі додаларда Қазақстанның көк байрағын желбіреткені мəлім. «Ерім дейтін елі болмаса, елім дейтін ер қайдан шықсын» демекші, Алматы облысының əкімі Аңсар Мұсаханов спорт саласы бойынша өткен жыл жетістіктерін қорытындылап, спортшыларға лайықты сый-құрмет көрсетті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады», деп нақтылады. Осы тапсырманы жүзеге асыру
мақсатында облыстық бюджеттен 4 млрд. 860 млн. теңге бөлініп, Жамбыл ауданындағы Аққайнар ауылында жаңа спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы спорт мектебінің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Талдықорған қаласындағы №1 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің «Еңбек» спорт залы, Ұйғыр, Қаратал аудандары спорт мектептері күрделі жөндеуден өтті. Бүгінде Талдықорған қаласындағы «Жетісу» стадионы мен көгалдағы хоккейге арналған алаңдарда жаңғырту жұмыстары жүргізілуде», дей келе, облыс əкімі бокстан Қазақстан Республикасының халықаралық дəрежедегі спорт шебері, Азия, əлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған Жəнібек Əлімханұлы, грек-рим күресінен
Қазақстан Республикасының халықаралық дəрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатында алтын медаль, əлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған Нұрмахан Тінəлиев, ауыр атлетика бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, əлем чемпионатының қола жүлдегері Владимир Седов, суға жүзуден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионатында алтыннан алқа таққан Виталий Худяков, қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, Азия чемпионы əлем чемпионатының қола жүлдегері Амангелді Сатыбалдинов сынды спорт саңлақтары мен жаттықтырушыларының жігерлерін жанып, патриоттық тұрғыда келелі əңгіме өрбітті. Кездесу соңынан қалыптасқан дəстүр бойынша спортшылар облыс əкіміне былғары доп жəне белбеулі кимоно сыйлап, естелікке фотосуретке түсті. Алматы облысы.