Арулар - асыл жандар, шуаќ боп шашылєандар! Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық əйелдер күні мерекесіне орай қазақстандық əйелдер қауымының бір топ танымал өкілдерімен кездесті. Дəстүрге айналған бұл кездесу «Көктем шуағы» деп аталады.
№83 (28022) 8 НАУРЫЗ ЖҰМА 2013 ЖЫЛ
АНАЛАРДЫ АРДАЌТАУ – АСЫЛ ДƏСТЇР
Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Кездесуге қатысқандар арасында басшылық қызметтерде, əскери міндеттерде, өнерде, білімде, бизнесте, денсаулық сақтауда, спортта жəне өмірдің т.б. салаларында биік жетістіктерге қол жеткізіп жүрген жандар болды. Кездесу барысында ұрпақ тəрбиесіне үлкен көңіл бөліп, көп балалы ана атанған əйелдерге деген құрмет Президент тарапынан айрықша көрініп тұрды. Өзінің сөзін көктемнің алғашқы шуағымен келген 8 наурызды бір ғасыр бойы көптеген мемлекеттер əйелдер күні ретінде атап өтеді, деп бастаған Елбасы, одан əрі еліміздегі барлық сегіз миллионнан артық əйелдерді, қыздар мен келіншектерді осынау жарқын мерекемен шын жүректен құттықтап, отбасылық бақыт, береке жəне табыстар тілейтінін жеткізді. «Сегіз» санының өзінде де қасиет барына назар аударды. Оны жантайтып қарағанда «мəңгілік» деген мағынаны білдіретін символ шығады, деді Президент. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында əйелдерге деген көп қамқорлық қарастырылғанын айтты. Жаңа ғасырдағы қазақ қыздары жақсы білім алып, жарқылдап жүруі, жалындап күлуі үшін барлық жағдайды мемлекет жасап жатыр жəне жасай беретін де болады. Қазір əйелдеріміздің заманға сай емін-еркін жүріп-тұруына барлық мүмкіншілік бар. Осының өзі қуанышты жайт. Егер əйел оқымаған болса, өмірдегі жақсы жаңалықтарды көрмеген болса, ол баласына да жақсы тəрбие бере алмас еді, деді Елбасы. Президент кейбір діни секталардың
əйелдердің құқын шектеп, оқуына, көлікпен жүруіне, қызмет етуіне, т.б. рұқсат бермейтінін сынап өтті. Біздің мақсатымыз басқа. Ұлы дала ұрпақтары əр уақытта анасын ардақтаған, əйелдерін əлпештеген, қыздарын қадірлеген. Біз сол дəстүрді лайықты жалғастырып, анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті əрқашан естен шығармаймыз. Еліміз тəуелсіздік алғаннан бері қазақтың саны 4 млн. адамға көбейді. Жалпы саны 6 млн. адам өмірге келді. Мұндай өсім осындай аз уақытта ешқашан болған жоқ. Бұл – қазақстандық аналардың үлкен жеңісі. Мемлекет те анаға жасалатын қамқорлықты жылдан-жылға арттырып келеді. Соңғы жылдары сəби дүниеге келгенде берілетін бір реттік жөргекпұл көлемі 5,5 есеге өсті, бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жəрдемақы 3,5 есе артты. Осындай қамқорлықтың арқасында бүгінде табиғи өсім де айтарлықтай деңгейге көтерілді. Соңғы бес жылда біздің елімізде бала туудың өсімі 11 пайызға артты. Жылдық табиғи өсім 37 пайыз болды. Былтыр ғана біздің елімізде 380 мың сəби өмірге келді. Бұл – 9 жыл бұрынғыдан бір жарым есе көп. Қазір көп балалы отбасы болу өмірлік нормаға айналып келеді, деді Мемлекет басшысы. Н.Назарбаев соңғы 10 жылда еліміздегі 262 отбасында үшем жарық дүние есігін ашса, 5 ана бір жолы төрт сəбиді аман-есен өмірге əкелгенін айтып өтті. Атамыз қазақ «бір қой егіз тапса, бір түп жусан артық шығады» деген, сол айтқандай, əрбір баланың өз несібесі болады. Сондықтан кейбіреулердің жағдайымыз қиын, көп баланы асырай алмаймыз дегені негізсіз байбалам. Жалпы, əйел шексіз құдіреттің иесі
Таєайындау
Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Самат Сатыбалдыұлы Əбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне; Нұрғали Дəулетбекұлы Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне; Қызылорда облысы əкімінің орынбасары Рзақұл Сəденұлы Нұртаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды.
Хроника
Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Өсер Елеусізұлы Мизанбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен; Сəбит Нұрмаханұлы Қожаметов Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды.
болып табылады. Əрбір əйелге табиғат адамға өмір сыйлайтын миссия берген. Бұл іс тек əйелдердің ғана қолынан келетініне мақтануларыңызға болады. Тəуелсіз елімізде де əйелдердің рөлі жыл өткен сайын артып келеді жəне арта түсетін болады. Сайлау қарсаңында «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімінің 38 пайызы əйелдер болды. Жергілікті мəслихаттардағы əйел депутаттардың саны жыл санап артып келеді. Мəселен, Қостанай облыстық мəслихаты депутаттарының 31 пайызы, Ақмола облыстық депутаттарының 28 пайызы əйелдер. Қазақстан Парламентіндегі əйел депутаттардың үлесі де артуда. Əйелдер арасынан министр, əкім болып жатқандар да бар. Сіздердің ұрпақ тəрбиесімен қатар, заманның барлық игіліктерін көріп, біліктеріңізді арттырып, білімдеріңізді жетілдірулеріңізге барлық жағдай жасалған, деді Елбасы. Ана деген ардақты ат. Ондай атаққа ие болудың өзі үлкен бақыт, деп жалғастырды өзінің сөзін Нұрсұлтан Əбішұлы. Осыған байланысты Президент Германияның атақты канцлері Отто Бисмарктің «қандай əйелді сұлу деп санайсыз» деген сұраққа берген ұтымды жауабын келтірді. Канцлер: «Бəрінен де көп жанды жарық дүниеге əкеліп, өмір сыйлаған əйел сұлу», деген екен. Шын мəнінде де, Бисмарк өте дұрыс айтқан, деді Президент. Ананың балаға беретін алғашқы сыйы – өмір, екіншісі – махаббат, үшінші сыйы – тəрбие. Кейбіреулер тəрбиені тек білім беру деп қарайды. Бірақ нағыз адамды тəрбиелемей, ақылсыз берген білім адамға азық болмайды. Сондықтан, тəрбиенің орны бəрінен жоғары. Осы күні экономикамыздың көптеген проблемасы
заңдарға, қалыптасқан жағдайға емес, адамның, қолына билік тиген маманның жақсы тəрбиеленгеніне көбірек қатысты екеніне біздің көзіміз жетіп келеді. Еліміздің еселеп дамуы, ең алдымен, жақсы тəрбие алған, ақылды, жауапты, халқын сүйетін патриот азаматтарға байланысты болып отыр. Сондықтан да, мен мектептерде тəрбиеге көбірек көңіл бөлінгенін қалар едім. Соның ішінде болашақ ананы тəрбиелеу ісін де ұмытпаған жөн. «Үйлену оңай, үй болу қиын» дейді қазақ, жақсы отбасын құрып кету оңай шаруа емес. Кейбір дамыған елдерде арнаулы психолог, педагогтар жастарды отбасылық өмірге баулып, тəрбиеден өткізеді. Біз де осыны ескеруіміз керек. Сонымен бірге, болашақ ана тəрбиесіне де көңіл бөлген дұрыс. Ананың баланы өзі тəрбиелемей, жасынан балабақшаға беретіні немесе арнаулы жалданған адамға жүктейтіні дұрыс емес. Ешқашан да, ештеңе де ананың берген тəрбиесін, махаббатын, жылуын алмастыра алмайды. Мектептің де білім берумен ғана шектелмей, баланы жақсы азамат етіп тəрбиелеуге атсалысуы керек. Мұғалім білім берумен қатар, оқушымен тығыз байланысып, оның бойындағы қасиеттері мен қабілеттерін ашуы тиіс. Əрбір оқушының бойындағы əлеуетін толық ашуына көмектескені жөн, деді Елбасы. Осы орайда, Президент кейбір дамыған Батыс, Шығыс елдерінде баланың толық ашылуына мүмкіндік беру үшін қандай жағдайлар жасалатынын атап өтті. Соның ішінде Жапония мен Израильде балалар 5 жасқа толғанша ойына келгенінің бəрін жасауына рұқсат берілетінін қаперге салды. Сөзінің осы саладағы қорытындысында Президент біз əрбір
баланы алдымен елін сүйетін патриот, сосын еңбекқор, жан-жақты білімді жəне білмекке құштар етіп тəрбиелеуіміз керек, деді. Қазір біздің елімізде менің тапсырмаммен білім беруге қаржы жинақтау жүйесі жұмыс істей бастады. Бұрын мұндай əдіс жоғары дамыған елдерде ғана бар еді. Əрбір адам баласының болашақта жақсы білім алуына жұмсау үшін банктен есеп-шот ашып, оған қаржы құйып отырады. Оған банктің өсімі қосылады. Белгілі бір сома жинақталғаннан кейін банктен аз өсіммен білім беру несиесін алуға болады. Бұл – баласын оқытуға бірден ақша тауып бере алмайтындар үшін өте тиімді əдіс, деді Президент сөзінің білім беру мəселесіне арналған бөлігінде. Біз «Қазақстан-2050» Стра тегиясын белгілеп отырған себебіміз, алдағы жарқын болашақты азаматтарымызға сезіндіру. Біздің қайда бара жатқанымызды, болашақта Қазақстанның қандай болатынын бүгінгі адамдардың білуі үшін осындай ұзақ мерзімді бағдарлама жасадық. Сонымен бірге, адамдардың өз өмірлерінің де болашақ стратегиясын жасауына бұл бағдар үлгі бола алады. Дамыған еліміздің қай кетігіне өздерінің де, балаларының да кірпіш болып қалануын ата-аналар əуелден таңдай білуі керек, дей келіп, Президент адамдардың денсаулық сақтау мəселесіне, оның ішінде азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығының артқанына тоқталды. Осы орайда мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының маңызы мен мəнін ашып берді. Ол əрбір қазақстандықтың өз денсаулығын қадаға лап отыруын көздейді. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы
медицина адамның тек 10-15 пайыздық денсаулығын сақтай алатынын дəлелдеді. Ал қалған саулық адамның өзінің дұрыс өмір сүруіне, спортпен айналысып, денсаулығын күтуіне, жүйкесін жұқартпауына, жаман əдеттерден аулақ болуына байланысты. Міне, осындай мақсатты көздеген 2015 жылға дейін белгіленген бағдарламаға мемлекет 260 млрд. теңге бөліп отыр, деді Н.Назарбаев. Сонымен бірге, медициналық қызметтердің сапасының артуына байланысты ана мен бала өлімінің еселеп азаюына қол жеткізілгенін атап көрсетті. Одан əрі Елбасы «Балапан» бағдарламасына тоқталып, оның барлық қазақстандық бөбектерді 2020 жылға дейін балабақшалармен қамтуды көздейтінін жеткізді. Мұның да əйелдің қолының босап, мамандығы бойынша білігін арттырып, лауазымдық тұрғыдан табыстарға жетуіне мүмкіндік беретінін, бұл, əсіресе, жас аналарды қолдау үшін қажетті шара болып табылатынын көлденең тартты. Келесі кезекте Н.Назарбаев əлемдік ахуалдарға шолу жасады. Көптеген елдерде əлемдік экономикалық дағдарыстың салдарынан жұмыссыздық артып, тəртіпсіздік, құқық бұзушылық өсіп келеді. Əрбір күні ондаған жандардың өмірмен қоштасып жатқанын естиміз, деді Президент. Осының өзі қалыпты жағдайға айналып барады. Біз үнемі таңғалумен қарайтын жоғары дамыған елдердің өзінде жұмыссыздық артып, еңбекақы, зейнетақы, төлемақылар төмендетіліп, денсаулық сақтауға, білім беруге бөлінетін қаражаттар азайтылып жатыр. (Соңы 2-бетте).
Сақтансаң – сақтайды
Алтайдаєы ахуал алаѕдарлыќ Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
2010 жылғы Кенді Алтайдағы су тасқыны 17 наурызда орын алған. Ал биыл наурыз туысымен-ақ күннің көзі елжіреп, қыс бойы тынбай жауған қалың қардың көбесі сөгіліп, қала мен далада су ағыл-тегіл ақты. Соған қарағанда, биыл көктемгі су тасқыны ерте келетін түрі бар. Осыдан екі-үш күн бұрын Өскеменнің Черняховский көшесіндегі екі-үш үйдің ауласына су кіріп, тұрғындарды əбігерге салды.
– Əдетте, Өскемен қаласында қар барынша қалың жауды деген жылдардың өзінде тасқын қаланың шеткергі аумақтарын ғана алып жататын. Ал биылғы жауған қардың көптігі сондай, енді қауіп-қатер орталық көшелердің өзіне де төніп тұрғандай. Өйткені, қала көшелеріндегі қардың қалыңдығы бір метрге жуықтайды. Мұндай жағдайда егер күн күрт жылынатын болса, қаланы қақ жарып ағатын Үлбі өзені өз арнасынан шығып кетуі əбден мүмкін, – дейді Өскемен қаласының əкімі Серік Тəукебаев.
Тасқын қатері облыс орталығында ғана емес, басқа өңірлерде де барынша күшейе түсуде.Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентіндегі 4-ші шағын ауданының жеке меншік секторындағы бірнеше үйді су басу қаупі орын алды. Осындағы 34-ші өрт сөндіру бөлімінің 12 адамы мен бірнеше техникасы судың арнасын басқа жаққа бұрып үлгерді. Суыт хабарлар басқа өңірлерден де келіп түсуде. Дəл қазіргі шақта Алтайдың ауа райы сан құбылып тұр. Сəрсенбі күні ауа температурасы 13 градусқа
дейін көтеріліп, қатты дауыл соқты. 8 наурызда күн күрт суытып, кей жерлерде 20-25 градусқа дейін суытпақ. Дауылдың жылдамдығы секөнтіне 18-23, кей жерлерде 26 секөнтке жетпек. Жақында ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Министр В. Божко өңірде болған кезде Көкпекті, Глубокое аудандарында қардың қалыңдығы 3-4 метрге жеткенін көзбен көріп, көмек жасайтынына уəде беріп кеткен. Биыл қар барлық жерде жылдағы нормадан екі-үш есе артық. Бірақ, арнайы қызмет орындары мен тұрғындардың өздері де арқаны кеңге салмай, аулаларда тау болып жатқан қарды аулаққа апарып тастауға көңіл бөлгендері жөн. Бір
сөзбен айтқанда, Кенді Алтайға қауіп бұлты төніп тұр. Осы ретте облыс басшылығын толғандырып отырғаны қаржы мəселесі екендігін айта кетпекпіз. Биылғы тасқынмен ойдағыдай күресу үшін, ең алдымен, тұрғындардың белсенділігі жəне мол қаржы қажет. Облыстық бюджеттің мүмкіндігі шектеулі. Естуімізше, В.Божко облысқа көмектің болатындығын, бірақ бірден бөлетіндей мол қаржының жоқтығын айтып кеткен. Ендеше, іске Үкіметтің араласқаны жөн екені анық. Мұндайда барынша сақ болғанға не жетсін! ӨСКЕМЕН.