Аналар – асыл жандар, шуаќ боп шашылєандар! №47 (28271) 8 НАУРЫЗ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
ƏЙЕЛГЕ ЌАМЌОРЛЫЌ – ƏЛЕМГЕ ЌАМЌОРЛЫЌ Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев 8 наурыз – Халыќаралыќ əйелдер кїні мерекесіне орай Ќазаќстан əйелдер ќоєамдастыєыныѕ бір топ ґкілдерімен кездесті Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Жыл сайын дəстүрлі түрде болып келе жатқан «Көктем шуағы» атты осынау кездесуде Президент əйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, олардың еңбектеріне табыстар тіледі. Кездесуге экономиканың, мəдениеттің, əлеуметтік саланың жəне мемлекеттік қызметтің түрлі секторларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Өзінің құттықтау сөзін де Елбасы: «Сіздер арқылы мен еліміздің барлық əйелдер қауымын құттықтап, денсаулық, отба сын да бақыт жəне татулық тілей мін. Экономиканың түрлі салаларында, əсіресе, білім беру, денсаулық сақтау, мəде ниет пен бизнесте жұмыспен қам тылғандардың 52%-ынан астамын əйелдер құрайды. Олар депу таттардың, басшылардың арасын да да көп, ал мемлекеттік қызметшілердің тең жартысынан астамы – əйелдер. Осылайша, олар көп теген шешімдерді қабылдауға атсалысады. Сол үшін менің алғысымды қабыл алыңыздар», – деді. Президент Тəуелсіздік жылдарында елімізде 7 миллиондай баланың өмірге келгенін атап өтті. «Бүгінде Қазақстанда күн сайын мыңнан аса сəби өмірге келіп жатыр. Қазір көпбалалы аналар саны – жарты миллион, бұл – нағыз ерлік. Бүкіл əлеуметтік блок нəзік жандардың үлесінде. Олар медицина қызметкерлерінің 75%-ын қамтиды, – деді Мемлекет басшысы. – Гендерлік қатынас бойынша республика жетекші орындардың біріне ие болып отыр. Əйелдердің
өндірістегі жалпыұлттық өнімге қосқан үлесі 40%-ға жуықтайды. Əйелдер маңызды мем лекеттік қызметтер атқарады, 550 мың қазақстандық əйел шағын жəне орта бизнеске басшылық етеді». Нұрсұлтан Назарбаев жақында Махаббат Бекбосынованы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сəйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат агенттігі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде құрылып, оған: 1) Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау жəне халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру саласындағы; 2) Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінен ақпарат, мұрағат ісі жəне құжаттама саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мыналарды: Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің Ақпарат жəне мұрағат комитетін; Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігінің Байланыс жəне ақпараттандыру комитетін; Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау жəне халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетін таратуды; 2) осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді; 3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1-тармақта: «Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі;»; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат агенттігі.». 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 7 наурыз №761
комиссияның төрайымы қызметіне тағайындағанын айта келіп, оның танымал дəрігер екенін жəне өте күрделі медициналық оталар жасауға тікелей қатысатынын атап өтті. Келесі кезекте Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асы рудағы əйелдердің рөліне тоқталды. «Біз саяси тұрақ тылықты, сенімді, достықты, елімізде
тұрып жатқан адамдардың барлығының теңқұқылығын сақтаймыз. Қазақстан бұл ретте бірегей «арал» болып қала бермек. Бұл – біздің ортақ қазынамыз, біз оған бірге қол жеткіздік», деді Қазақстан Президенті. Осыдан кейін Президентпен кездесуге келгендер сөз алды. Бірінші болып сөйлеген қазақтан
шыққан алғашқы əйел-генерал, Бас прокуратураның Құқықтық статистика жəне арнаулы есеп комитетінің төрайымы Сəуле Айтпаева өзіне генерал атағының берілуі құқық қорғау саласында қызмет ететін 90 мыңға жуық əйелдерге үлгі болғанын атап өтті. Сіздің Жолдауыңызда айтылған құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ж.М.Қасымбекті Қазақстан Республикасының Көлік жəне коммуникация министрі қызметіне тағайындау туралы
Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Көлік жəне коммуникация министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 7 наурыз №764
Жеңіс Махмұдұлы ҚАСЫМБЕК 1975 жылы туған. Қазақ мемлекеттік сəулет-құрылыс академиясын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін бітірген. Іскерлік əкімшілендіру докторы ғылыми дəрежесі бар. Еңбек жолын «Темірбанк» АҚ маманы болып бастады. Табиғи монополияларды реттеу жəне бəсекелестікті қорғау агенттігінде бас маман, бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 1999 жылдан бастап Көлік жəне коммуникация министрлігі жүйесінде еңбек етіп келеді. Министрліктің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры қызметтеріне тағайындалды. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кəсіпорнының директоры болды. 2005-2009 жылдары Көлік жəне коммуникация вице-министрі қызметін атқарды. 2009 жылғы наурыздан – Көлік жəне коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы.
арттыру туралы талабыңызды біз орындауға дайынбыз. Біз, погон таққан қызметкерлердің бəрі өз міндетімізді кəсіби шеберлікпен жəне шынайы орындайтынымызға сеніңіз, деді ол Президентке. «24 кz» телеарнасының жүргізушісі Екатерина Морковина аз уақыттың ішінде өз арналарын 6 млн.-ға жуық адамның
Хроника
Мемлекет бас шысының Жар лығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев басқа жұ мысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Көлік жəне коммуникация ми нистрі қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
тама ша лағанын жеткізді. Қазір арнаның Интернет нұсқа сын дайындаудамыз. Осы жетіс тіктердің бəріне біз Сіздің қамқорлығыңыздың арқасында қол жеткіздік, деді ол. Оралман-кəсіпкер Баһаргүл Төлегеннің сөздерін де Президент ыждағатпен тыңдады. Мен түрлі кəдесыйлар жасайтын кəсіпорын аштым. Онда 45 адам жұмыс істейді. Қазір «Əдемі-Ай» сауда белгісі қазақстандық брендке айналды. Сіздің жақында бизнестің дамуы үшін түбегейлі шаралар қабылдау жөніндегі Жарлығыңыз мен сияқты кəсіпкерлерге шексіз көмек болды. Біз ол жаңалықты қуана қарсы алдық. Біздің өнерде, ғылымда, спортта жəне басқа да салаларда жарқылдап жүруіміз – Сіздің қамқорлығыңыздың арқасы. Сол үшін де Сізге тағзым етеміз, деді Б.Төлеген. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметкері, украин халқының өкілі Тамара Ширмер өзінің сөзінде Украинада болып жатқан трагедияға қынжылыс білдірді. Осындайда татулық пен тыныштықтың қадірін білесің. Сіздің арқаңызда Қазақ елі бейбітшілік пен келісімге толық қол жеткізіп, қуанышты өмір сүруде, деді ол. Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің анасы Оксана Тен де сөйледі. Денистің биік сатыға көтерілгендігі Сіздің қамқо р л ығ ың ыз дың ар қасы. Бүгінгі күні елімізде 800 мыңнан артық жас бала спортпен айналысады. Осының бəрі Сіздің жасап берген мүмкіндігіңіздің арқасында болып отыр, деді ол. (Соңы 2-бетте).
Жаѕа басшыларды таныстырды Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов Көлік жəне коммуникация министрлігі мен Байланыс жəне ақпарат агенттігі ұжымдарына олардың жаңа басшыларын таныстырды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының Жарлығымен Көлік жəне коммуникация министрі болып Жеңіс Қасымбек, Үкіметтің қаулысымен Байланыс жəне ақпарат агенттігінің төрағасы болып Асқар Жұмағалиев тағайындалды. С.Ахметов А.Жұмағалиевке Көлік жəне коммуникация ми нистрлігінің басшы сы қыз ме тінде атқарған жұмыс ы үшін алғыс айтып, оның кəсіби біліктілігінің жаңа мемлекеттік орган жұмысын жедел ұйымдастыруға жəне Мемлекет басшысы алға қойған міндет терді шешуге көмектесетініне сенім білдірді. Премьер-Министр Ж.Қасымбек пен А.Жұмағалиевке алда тұрған міндеттерді шешу барысында табыстар тіледі.
● Жүрекжарды Əр адамның өзі құрмет тұтатын құндылықтары бар. Бүгінде осы құндылықтар елеулі сынға салынып, тіпті, жаңаша пайымдалып жүр. Осы ретте нені өткен күнге қалдырып, нені өзімен бір ге болашаққа ала баруды əркім өзі шешуі керек. Отбасы осындай мəңгілік құндылықтың бірі болып табылады. Əрине, шаңырақ құрған адамдар отбасына уақыт бөліп, қамқорлық жасайды, ұрпағына, балаларына ақыл-кеңесін береді. Бұл оңай емес. Фридрих Энгельс əйгілі «Отбасының, жеке меншіктің жəне мемлекеттің пайда болуы» атты еңбегінде отбасы адамзат қауымдастығының ауыспалы түрі деп жазған еді. Ол əлеуметтік, экономикалық жəне мəдени өзгерістерге орай өзінің тыныс-тірлігінің түрін өзгертіп отырады. Бұрындары отбасы экономикалық негізге сүйенетін, оны діни ұстанымдар нығайтып келді. Ал қазір отбасынан игілік күтеді, бірақ оның берекесін арттырып, нығайтқылары келмейді немесе нығайта алмайды.
«Əлемніѕ жарыєын cыйладыѕ сен маєан...» Халық қалаулысы Ана қадірі туралы ой толғайды Анатолий БАШМАКОВ,
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Парламент Сенатының депутаты, экономика ғылымдарының докторы.
Əрине, мұның бəрінің себеп-салдарлары бар: күнделікті күйбеңнен, ерлізайыптылардың жеке-жеке жұ мысбастылығынан олар сирек жүздеседі. Қазіргі əйелдер экономикалық жағынан
тəуелсіз жəне олардың өзін өзі құрметтеу сезімі күшті. Əлеуметтік жəрдемақыларды көбейтуге болады, алайда, одан құндылықтар жүйесі өзгермейді. Дүниежүзінің əлеуметтанушылары мен демографтары материалдық жағдайдың жақсаруы – бала туудың азаюына əкеліп соқтыратындығын дəлелдеді. Қазіргі қоғамда керісінше көрініс қалыптасқан: ел бай болған сайын отбасында балалар саны азаюда. Отбасы қоғамның ардақты құндылығы болудан қалып барады. Сондықтан, бала туу да кемуде. Ендеше, шұғыл түрде тұтыну жəне рухани құндылықтар арасындағы
айырмашылықты азайту керек. Өкінішке қарай, қазіргі экономика мен əлеуметтік инфрақұрылым бұл айырмашылықты одан əрі өсіруге жұмыс істеуде. Көп ретте материалдық молшылыққа өзекті маңыз беретін ата-ана лардың өздері-ақ осы алшақ тықтың өсуіне жағдай тудыруда. Бүгінде адам тек ақша тауып қана қоймай, жақсы көлік мініп, қымбат киім киіп, қоғамның бетіне шыққан адамдармен араласып, байлықтың арқасында өзінің басқа да осындай артықшылықтарын көр сете отырып, қоғамдық құр метке бөленгісі келеді. «Жұлдыздар думанының», басқа да кең тараған сауық-сайран телебағдарламалардың көмегімен бұл «жаңа ақсүйектер» барлық тұрғындарға, əсіресе, жастарға өмір сүру «үлгісін» көрсетеді. Ал жастар «жолы болғыштарға» еліктеуге тырысады. Ал олардың, əдетте, балалары болмайды немесе отбасында, ең көп дегенде, бір ғана бала өсіреді. (Соңы 3-бетте).