Бїгінгі нґмірде: Бəсекелестіктіѕ басты кілті педагогтарда 2-бет Ќыран самєауы 6-бет Кїлкі – кїштілер ќаруы 7-бет Ќаладаєы ќазаншўѕќыр 10-бет
№67 (28291) 8 СƏУІР СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Елбасыныѕ апталыќ кестесі 11 сəуірде Қазақстан Президентінің төрағалығымен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді. Онда отандық кəсіпкерлікті дамытудың өзекті мəселелері талқыланады деп жоспарланған.
Сенат бюросыныѕ кезекті отырысы
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Тереѕ білім инновациялыќ Мəдениет пен ґнерге дамудыѕ басты алєышарты ынта жоєары
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіповті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. А.Сəрінжіпов министрліктің қызметі жəне Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев биыл білім жəне ғылым саласын дамытуға 1,5 триллион теңге бөлінгенін атап өтті. Алайда, мектепте орын жетіспеушілігі, үш ауысымда оқыту сақталып отыр, апатты жағдайдағы мектептер əлі де бар. Осыған байланысты құрылысқа, соның ішінде бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі аясында салынатын нысандарға бөлінетін қаражаттың тиімді пайдаланылуын қадағалау қажет. – Шығыс Қазақстан облысында апатты жағдайдағы 52 мектеп бар, сөйте тұра, 2013 жылы бюджеттік емес қаржы көздері есебінен 1,5 миллиард теңгеге өңірде Бокс жəне күрес сарайы салынған. Оңтүстік Қазақстан облысында апатты жағдайдағы 48 мектеп бар, бірақ бюджеттік емес қаржы көздері мен жергілікті бюджет есебінен 2012-2013 жылдары 500 миллион теңге Салтанат залына бөліпті. Қызылорда облысында апатты жағдайдағы 25 мектеп бар, бірақ өткен жылы Мұзайдын құрылысына 1,3 миллиард теңге жұмсалған. Бұл нысандардың барлығы да халыққа қажет, бірақ алдымен апатты жағдайдағы мектептерді қалпына келтіріп, үш ауысымда оқытуды жою сияқты ең қажеттілерін анықтап алған жөн, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті университеттердің автономды болу қағидаттарын айқын түсіну қажеттігін де атап өтті. – Автономды болу оқу бағдарламаларына, біліктілікті арттыру мəселелеріне, білім сапасына, тəжірибелі оқытушы-профессорлық құрамды тартуға қатысты. Алайда, кейбіреулер автономдылықты жоғары оқу орнының дербестігі, ректорларының өзгермейтіндігі, одан əрі жекешеленуі деп түсінуде. Сондықтан
жоғары оқу орындарының автономды болуының мақсаты, міндеттері жəне шарттарына қатысты нақты бағдарды айқындап берген жөн, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев білім дамудың, соның ішінде инновациялық дамудың басты мəселесіне айналып отырғанына тоқталды. – Жастардың мектепте оқуының, техникалық-өндірістік жəне жоғары білім алуының маңызы зор. Компаниялар мемлекеттің көмегімен жастарды даярлау мəселесін өз мойнына алуы үшін дуальді оқыту жүйесін дамытқан жөн. Ол үшін Еуропа елдерінің тəжірибесін тағы да мұқият зерттеу қажет, – деді Қазақстан Президенті. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ғылым саласына, əсіресе, көбіне шешімдерінде шынайылық бола бермейтін ғылыми кеңестер жұмысын жетілдіруге ерекше назар аударуды тапсырды. Бұған қоса, Мемлекет басшысы мектепке дейінгі білім берумен қамту, сондай-ақ, университеттердегі білім беру сапасын арттыру жəне мемлекеттік білім гранттарын тиімді бөлу жұмыстарын жалғастыру туралы тапсырма берді. Білім жəне ғылым министрі Мемлекет басшысы айтқан мəселелерді шешуге бағытталған жұмыстар туралы хабардар етті. А.Сəрінжіпов «Балапан» бағдарламасы аясында үш жыл ішінде балалардың мектепке дейінгі біліммен 80% қамтылғанын атап өтті. Сондай-ақ, үш жыл ішінде барлық өңірлерде үш ауысымдық жəне апатты жағдайдағы мектептер мəселесін шешу жоспарланып отыр. Тұрғындар саны көп екі облыста – Оңтүстік Қазақстан жəне Алматы облыстарында бұл мəселе 2017 жылға қарай шешімін табатын болады. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мəдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қабылдау барысында Ұлттық мұражайды ашу мəселелері, ЭКПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындықтың мəдени аспектілері, сондай-ақ, министрлік қызметінің басты бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы республикада 8 мың жергілікті жəне 39 республикалық мəдениет мекемесі жұмыс істейтінін, олардың рөлі күннен күнге ұлғайып келе жатқанын атап өтті. – Соңғы 10 жылда театрға келушілер саны – 50 пайызға, музейге келушілер – 25 пайызға, кітапханаға келушілер – 40 пайызға, концерт залдарына келушілер – 100 пайызға, кинотеатрға келушілер саны 400 пайызға көбейді. Мұның бəрі халықтың əл-ауқатының артқанын жəне мəдениетке, білімге деген ынтаның өскенін білдіреді. Соған байланысты осы саладағы кадрларды сапалы даярлау, қызметтің бірыңғай тəжірибелерін əзірлеу мəселесін қарастырған жөн. Əр облыста мемлекет қаржыландыратын 2 театрдан бар. Бүгінде халық арасында олардың қандай жұмыс жүргізетініне, мəдени салмағы мен қызметінің сапасы қаншалықты екендігіне көбірек көңіл аударған жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті жұмысы күшейтілуге тиіс бірқатар бағыттарға тоқталды. – Азаматтық қоғаммен ынтымақтасу, мемлекеттік тіл үйрететін аккредиттелген орталықтар желісін құруды жалғастыру қажет. Əлеуметтік тапсы рыстар аясында барлық шығарма шылық одақтармен, Қазақстан хал қы Ассамблеясымен, Дүние жүзі
қазақ тарының қауымдастығымен, «Болашақ» бағдарламасымен жұмысты жандандыру керек. Əлеуметтік маңызы бар əдебиеттерге келсек, халық қа қызықты, мазмұны сапалы шығар маларды шығаруға назар аудару қажет. Біз жазушыларға шығармаларын басып шығаруы үшін қаражат бөліп отырған жалғыз мемлекетпіз. Шығармалар елдің ішінде де, сыртында да біздің мəдениетіміздің рөлін арттыруға бағытталуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы. А.Мұхамедиұлы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларының іске асырылуы, соның ішінде Мəдени саясат жəне халықаралық жүйемен ықпалдастықтың ұзақ мерзімді тұжырымдамасының əзір лену барысы туралы баяндады. Бұған қоса, министр Тілдерді дамыту жəне олардың қызметі жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы мəлімдеді. Мəдениет министрі ведомство алдына қойылған міндеттердің бірі қоғамымыздың рухани дамуы екенін атап өтті. Қазақстанда қазірдің өзінде шеберліктің биік деңгейін көрсетіп жүрген «Астана Опера» опера жəне балет театры, ұйғыр, корей жəне неміс театрлары, басқа да мəдени мекемелер бар. Осы орайда негізгі міндет – оларды халықаралық деңгейге шығару. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мəселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Бюро мүшелері палатаның алдағы 10 сəуірде болатын отырысының күн тəртібін қарады. Отырыста, атап айтқанда, 1999 жылғы 3 желтоқсанда Пекинде қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына түзетулерді ратификациялау туралы жəне Қазақстан мен Қытай арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» ортақ бірлескен су торабын салудағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобалары қаралатын болды. Сондайақ, Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгеріс енгізу туралы заң жобасын (бірінші оқылымда) қарау жоспарлануда. Бюрода Мəжілісте мақұлданған заң жобаларына Сенаттың
бас комитеттері белгіленді. Бюро мүшелері, сонымен қатар, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттарын халықаралық парламенттік ұйымдарға жəне Парламент Сенатының шет мемлекеттердің парламенттерімен өңірлік ынтымақтастық топтарына жіберу жөніндегі ұсыныстарын қарады жəне мақұлдады. Отырыс барысында Сенат Аппаратының басшысы Александр Судьин Аппараттың 2014 жылғы бірінші тоқсаны жұмысының қорытындылары туралы хабардар етті. Кездесу соңында Сенат Төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі Қ.Тоқаев бірқатар сенаторларға – партия мүшелеріне жаңа үлгідегі партия билеттерін табыс етті.
«Ќара алтын» ґндіру кґлемі артып келеді
Елімізде өткен жылы мұнай өндіру жаңа рекордтық деңгейге (81,8 миллион тонна) жеткен. Бұл жөнінде Мəжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен өткен «Мұнай-газ саласының 2013 жылғы атқарған жұмыс қорытындысы жəне орта мерзімді міндеттер туралы» деп аталған Үкімет сағатында мəлімделді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында қойған негізгі тапсырмасының бірі – мұнай-газ саласын дамыту екендігін тілге тиек еткен вице-спикер бұл сала жалпы экономиканың басты флагманына айналғандығын ерекше атады. Жəне де басқа салалардың дамуына өз ықпалын тигізіп келе жатқанына тоқталады.
Бұдан кейін сөз алған Мұнай жəне газ министрі Ұзақбай Қарабалин қара алтынның экспорты 72 миллион тоннаны құрағандығын жеткізді. Оның айтуынша, газ өндіру 42 миллиард текше метр болса, тауарлық газ өндірісі 22,8 миллиард текше метрді, ал сұйытылған мұнай газының өндірісі 2,5 миллион тоннаны құраған. (Соңы 2-бетте).
● Көктемгі егіс
Ќамданбаєан ќапы ќалады Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІ сессиясының қарсаңына орай əзірленген материалдарды 3-беттен оқисыздар.
Солтүстікқазақстандық диқандар биыл 4 миллион 340 мың гектар алқапқа дəнді дақылдар себуді межелеп отыр. Жыл өткен сайын астық өндірісін əртараптандыруға баса назар аударылып, майлы дақылдар көлемі артып келеді. Міне, көктемнің екінші айы да басталып, Жер-ананы бусандырған күннің нұрлы сəулесі қарбаласқа толы дала жұмыстарының жақындап қалғанын сездіреді. Аймақ басшысы Самат Ескендіровтің төрағалығымен өткен əкімдіктің кеңейтілген мəжілісінде жауапты науқанға əзірлік барысы қаралды. Онда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серікбай Тұралинов егіс алқабының құрылымы мен тұқым түрлеріне қарай берілетін мемлекеттік демеуқаржы жайлы жанжақты айтып берді. 1,5 миллион гектардай алқапқа қар тоқтату жұмыстары жүргізіліп, ылғал қорын жинақтаудың озық технологиясы қолданылған. Шаруашылықтар 520 мың тонна тұқыммен қамтамасыз етіліп, себу өнгіштігі 1,2 сұрыпқа жеткізілген. Оның ішінде 9,9 мың тонна майлы дақылдар тұқымы құйып алынған. Көктемгі дала жұмыстарының сапалы орындалуы машина-трактор паркіне көп байланысты десек, бұл тұрғыда да ауқымды шаралардың атқарылғаны аңғарылады. Былтыр 17 миллиард теңгеге заманауи техника бірліктері сатып алынса, биыл да «ҚазАгроҚаржы» АҚ-тың лизингтік
қолдауына сүйеніп отыр. Жыл өткен сайын ауылшаруашылық техникаларына сервистік қызмет көрсету ахуалы жақсарып келеді. Жанаржа ғармай мəселесінің ойдағыдай шешілетін түрі бар. Қажетті 71 мың тонна дизель отынымен, 11 мың тонна бензинмен, 3,2 мың тонна мотор майымен қамтамасыз ету мақсатында операторлармен алдын ала келісім жасалған. Биыл Үкімет тарапынан егіншілік саласын қаржыландыру жайының əлдеқайда жақсарғаны байқалады. Мемлекеттік қордан 10,9 миллиард
теңгенің бөлінуі осы сөзімізге дəлел болса керек. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 4 миллиард теңгеге көп. Жанармайдың əр литрін 95 теңгеден босату көзделсе, дақылдар үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі белгілеген субсидия мөлшері диқан қауымының көңілінен шыққан сыңайлы. Мəселен, рапстың əр гектарына 12 мың теңге берілетін болса, тамшылатып суару технологиясын қолданған жағдайда 75 мың теңге демеуқаржыны иеленеді. (Соңы 2-бетте).