24 саєат №63 (28541) 8 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Ґндіріс пен ґнер їйлесім тапќан ґѕір Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Елбасы алдымен «Казцинк» ЖШС металлургиялық кешенінде болып, мыс зауытымен танысты. Өңір дегі ірі жүйе құраушы кəсіпорындардың бірі саналатын «Казцинк» ұжымы Президентті зор қошеметпен қарсы алды. Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Мыс қорыту цехының балқытушысы Нұрлан Ыдырышев Президентке металлургтердің еңбек құралы – сынама іріктеушіні сыйға тартты. Зауытта Мемлекет бас шысымен өткен кездесуге Өскемен шаһарындағы жеті мың металлург пен тікелей телекөпір байланысы арқылы Теміртау металлургиялық комбинаты жəне Павлодар алюминий зауытының еңбек ұжымдары қатысты. Елбасы өз сөзінде Өскеменнің ірі металлургиялық зауыттары, тау-кен байыту комбинаттары еліміздің мақтанышы, отандық индустрияның негізгі тірегі екенін, Ұлы Отан соғысында жауға қарсы бораған он оқтың тоғызы Қазақстанда, оның ішінде Шығыс өңірінде дайындалғанын жеткізіп, аталған зауытта жұмыс істеу үлкен мақтаныш екенін атап өтті. – Бүгінде комбинатта 20 мың адам еңбек етеді. Технология жетілдірілуде. Инвесторлар қаржы салып жатыр. Жаңа мыс зауытында болдым. Зауыт экологияны бұзбай, өнім шығарып жатыр. Біз армандағандай, барлық газ сүзгіден өтіп, күкірт
иісі білінбейтін болды. Мен инвесторларға қаланы ластамау жөнінде талап қойдым. Кəсіпорын жыл сайын халықаралық деңгейде 450 млрд. теңгенің өнімін өндіреді. Тек мыс зауытының өзі жылына 70 мың тонна катодты мыс шығарады. Технология тұрақты түрде жаңғыртылып, ұжымның тиімді жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалды, – деді Президент. Елбасы «Казцинктің» əлеуметтік жауапкершілік шеңберінде өңірдің дамуына 3 млрд. теңге құйып отырғанын, компания қаржысына облыста медициналық орталық, балабақша, теннис орталығы, жа бық бассейн, жекпе-жек сарайы жəне тағы басқа ондаған əлеуметтік нысандар салынғанын оң бағалады. – Мұның барлығын біз əлемде дағдарыс болып жатқан кезеңде атқардық. Дүние жүзінің көп
елдерінде зауыттар жабылып, адамдар жұмыссыз қалуда. Біз индустриялық бағдарлама бойынша жаңа зауыттар салып, жұмыс орындарын құрудамыз. Сол себепті елімізде жұмыссыздар саны төмен, 5 пайызға жуық. Дағдарысқа қарсы жұмыс істейтін бағдарламамыз бар. Əр келген сайын аймақтың тың табыстарына куə боламын. Бес жылда өңірдегі өндіріс қуаты 1,5 есеге өсті. Былтыр 1 триллион теңгеден аса өнім өндірілді. Оның 83 пайызы өңдеу өнеркəсібіне тиесілі. Біздегі инновациялық өнімдердің бестен бірі осы өңірде өндіріледі. Қазақстан индустриясының дамуы – мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі. Бір жылдың ішінде облыста 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл – өсіп келе жатқан жастар мен тұрғындар жұмысқа тұрып, өз
отбасын қамтамасыз етуде деген сөз. 360 шақырым жол, 300 мың шаршы метр тұрғын үй, 21 мектеп, 14 денсаулық сақтау мекемесі іске қосылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында көп шаруалар атқарылады. 700 шақырымнан астам жоғары кернеулі электр желісі сіздердің қалаларыңыз арқылы өтеді. Биыл 370 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тағы 5 мектеп салынады. Осының барлығы мемлекеттің сіздерге деген үлкен қамқорлығының арқасы, – деді Мемлекет басшысы. Елбасы əлеуметтік салаға бөлі нетін қаржылардың қысқармайтынын айта келе, автокөліктеміржол инфрақұрылымы жүзеге асырылатынын жеткізді. (Соңы 2-бетте).
● Жол жəне жаңару
ШУ МЕН АЛМАТЫ арасы жаќындай тїседі Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Тарихқа көз жіберсек, 1930 жылғы 28 сəуірде Түркістан – Сібір магистралды теміржолының оңтүстігі мен солтүстік жақтары Айнабұлақ стансасында түйіскен екен. Осынау 1644 шақырымдық теміржол торабының құрылысы 3 жыл 9 айға созылыпты. Сол кезден бері Шу – Алматы учаскесі бойынша жол қозғалысы 1 ғана теміржол желі сімен атқарылып келеді. Бү гінде ел экономикасы дамып,
теміржол тасымалына сұраныс едəуір өсті. Ал, теміржолдың осы учас кесінің өткізу қабілеті тек 20 пар жүк тасымалдау пойызына же тіп отыр. Бұдан басқа 24 пар жолаушылар пойызы қызмет көрсетуде. Осыған байланысты өткен апта соңында Шу – Алматы теміржол учаскесінің екінші желісінің құрылысын жүргізу жəне электрлендіру жұмыстары басталды. Бұл күні Шу ауданындағы Кемер стансасында алғашқы рельстер төселіп, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-тың
президенті А. Мамин, Жамбыл облысының əкімі К.Көкірекбаев жəне Инвестициялар жəне даму министрінің бірінші орынбасары Ж.Қасымбеков құрылыстың тұсауын кесті. Жаңа теміржолдың өткізу қабілеті қазіргі 25 миллион тоннадан 80 миллион тоннаға дейін артады. Сонымен қатар, жүк пойыздарының жету уақыты да екі есеге қысқарады. Яғни, 306 шақырымға созылған теміржол желісінде пойыз қозғалысы тасқындай түседі деген сөз. (Соңы 14-бетте).
АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ 21-22 МАМЫР 2015
● Оймақтай ой Көңіл – бір кеннің дариясы, сөз – содан шыққан жауһар. Мəшһүр ЖҮСІП.
Ќазаќстан бастамалары ќолдауєа лайыќ Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мəселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Тағайындалуына орай дипломатты құттықтаған Сенат Төрағасы М.Енчаның БҰҰ Превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының басшысы лауазымындағы жемісті қызметін атап өтті. «Орталық Азия жөніндегі бай тəжірибеңіз бен біліміңіз сіздің бұдан былайғы жауапты жұмысыңызда пайдалы болатыны күмəнсіз», – деді Қ.Тоқаев. Жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның ерекше рөлін атап өткен М.Енча БҰҰ Бас хатшысы ядролық қарусыздану жəне оны таратпау үдерістеріндегі Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың үлесін жоғары бағалайтынын атап көрсетті. БҰҰ қызметкерінің пікірінше, Азия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы Қазақстан Президентінің бастамасы маңызды болып табылады. М.Енча Азиядағы сенім жəне ынтымақтастық шараларын нығайтудың іс жүзіндегі тетіктері əзірленген АӨСШК-нің
Шанхайдағы 4 саммитінің нəтижелерін оң бағалады. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қ.Тоқаев жүздесушіні биылғы 10-11 маусымда Астанада өтетін V Съезге əзірлік туралы хабардар етті жəне осы келелі форумға Мемлекет басшысының шақыруымен БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның мəртебелі мейман ретінде қатысуының ерекше маңыздылығын атап өтті. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезін шақыру туралы Қазақстан басшысының бастамасын жоғары бағалаған М.Енча Қазақстан Президентінің V Съезге шақыруына орай БҰҰ Бас хатшысының ризашылығын жеткізді. «Діни экстремизмге байланысты өзекті мəселелер шиеленісе түскен қазіргі заманда бұл форум ерекше маңызды. Сондықтан, съездің маңызы зор, оны шақыру туралы бастама уақыт талабына сай жəне қажет», – деді М.Енча. Оның айтуынша, БҰҰ басшысы V Съезге қатысуды жоспарлап отыр.
Су тасќынына дайындыќ жайы пысыќталды Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өңірлердегі су тасқыны жəне қабылданып жатқан шаралар жөнінде селекторлық кеңес өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты. Бүгінгі күні Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының барлық аудандарында, сол сияқты Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының бірқатар аудандарында су тасқыны ахуалы сақталып отыр. Су тасқыны кезеңінің теріс зардаптарының алдын алу үшін республиканың барлық өңірлерінде алдын алу жəне құтқаруұйымдастырушылық-техникалық шаралары жүргізілуде. Облыстарда тасқынға 10,37 мың тонна жанар-жағармай, 188 мың тонна инертті материалдар, 1 миллион 84 мың қапшық, 89,4 тонна жарылғыш заттар дайындалды.
Су тасқыны жағдайы шиеленіскен немесе елді мекендерді су басу қаупі төнген жағдайларға өңір лерде əрекет ету бойынша апат тық-құтқару бөлімшелері күштерінің топтары мен құралдары жасақталды. Олар 23 972 адамнан, 7 361 техника бірлігінен, 982 бірлік жү зу құралдары мен 16 тікұшақтан тұрады. Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының əкімдеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, күн сайын мониторинг жүргізуді жəне осы мəселені тұрақты бақылауда ұстауды, сол сияқты, қалыптасқан ахуалға шұғыл əрекет етуді тапсырды.
Финляндияның НАТОға кіруі Мəскеу мен Хельсинки қарым-қатынасын нашарлататын болады. Бұл туралы Финляндия сыртқы істер министрі Эркки Туомиойя Туусула муниципалитетіндегі гимназия оқушылары алдында сөз сөйлеген кезінде мəлімдеді. Ирактың орталық бөлігіндегі Тикрит қаласында 1,7 мың ирактық солдат көмілген жер табылды. Олар 12 жерге көміліпті. Əскерилердің пікірінше, оларды «Ислам мемлекетінің» содырлары тұтқынға алып, кейін өлтірген болуы керек. Мүрделердің кімдікі екенін ДНК-ның көмегімен анықтауға мүмкіндік бар секілді. Кенияның əскери-əуе күштері Сомали аумағында орналасқан «Аш-Шабаб» радикалды исламшылар тобының екі базасына əуеден соққы берді. Бұл Кенияның шығысындағы Гариссе университетіне шабуыл кезінде өлтірілген 148 студенттің кегін қайтару жолындағы алғашқы қадам делініп отыр. Иран мен Ирактың шекарасында 35 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Сомар-Мандали шекара өткелі жұмыс істей бастады. Ашылу рəсіміне Иранның Ирактағы елшісі Хассан Данефар мен Иранның шекаралас Керманшах жəне Ирактың Дияла провинцияларының генерал-губернаторлары қатысты. Түрік билігі Анкараның өтініші бойынша компания өлтірілген прокурор Селим Кираздың суретін интернеттен алып тастағаннан кейін Twitter-ге қайтадан жол ашты. С.Кираз кепілдікке алынып, Ыстамбұлда өлтірілген болатын. Америкалық сарапшылар адамның Марсқа жететін мерзімін атады. Олардың пікірінше, астронавтар қызыл планетаның орбитасына 2033 жылы шыға алады. Ал 2039 жылы ғарышкерлер алғаш рет Марстың үстіне қонатын болады. Осы орайда, АҚШ-та көп мəрте қолданылатын Orion ғарыш кораблінің сынақ ұшырылымы жүзеге асырылғанын айта кетейік. Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев жол қозғалысы ережесіне бірқатар өзгерістер қарастырылатын қаулыға қол қойды. Бұл туралы министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады. Қаулы бойынша жаңа жол белгілері мен техникалық құралдар енгізілетіні белгілі болып отыр. АҚШ-тың Арканзас штатында жер бетіндегі ең қарт тұрғын – Гертруда Уивер көз жұмды. Ол Камден қаласындағы денсаулық жəне оңалту орталығында 116 жасында қайтыс болды. Уивер жер бетіндегі ең қарт тұрғын атағын 117 жастағы жапондық Мисао Окава есімді кейуана қайтыс болған 1 сəуірден бері бір аптадай иеленген еді. АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Принсесс Энн қалашығында Родни Тод да мен оның 6-дан 16 жасқа дейінгі жеті баласы иіс тиіп қаза тапты. Бұл жайт полицияға көз жұмған еркектің бастығы ол бірнеше күн жұмысқа шықпағаннан кейін хабарласқан соң белгілі болған. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді.
Бүгінгі нөмірде:
«БІЗГЕ ОТАНДЫҚ ҚЫТАЙТАНУ ҒЫЛЫМЫ ОРТАЛЫҒЫН АШУ КЕРЕК. МҰНЫ УАҚЫТ ӨЗІ ТАЛАП ЕТІП ОТЫР»
ВИЧ-ке шалдыќпауды əрбір адам ескеруі ќажет
8-бет
5-6-беттер
ÑÓÐÅÒÊÅ ÒYÑÊ²Ì ÊÅËÌÅÉIJ
10-бет
АЄАЛАР АЙТЌАН ƏЗIЛ СҐЗ
14-бет
М Ұ Н А Р А
9-бет