08/05/2013

Page 1

Кеше Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Отан қорғаушы күніне арналған жауынгерлік шеру болып өтті.

№123 (28062) 8 МАМЫР СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

АРМИЯМЫЗ – АЙБЫНЫМЫЗ!

Тəуелсіздік тарихындаєы тўѕєыш жауынгерлік шеру Отан ќорєау сенімді ќолда екенін кґрсетті Қанат ЕСКЕНДІР, Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Бастау

– Құрметті көрермендер! – деп мəлімдеді жауынгерлік шерудің жүйесін баяндап тұрған жүр гізуші. – Сіздер Қазақстан Республикасының Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанынан бері тұңғыш рет өткізіліп тұрған жауынгерлік шерудің, ерекше тарихи оқиғаның куəгері болудасыздар. Дəстүрлі жауынгерлік шеру кез келген əскер дайындығының аса қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Бүгінгі жауынгерлік шерудің ерекшелігі – сарбаздар мен сардарлардың əскери машығы мен кəсіби шеберліктерін, Қазақстан армиясы жабдықталған қару-жарақ пен əскери техниканың нақтылы қолданылуын іс жүзінде көрсетудің мүмкіндігін жүзеге асыруы. Иə, терең түйсінер болсақ, аса кең көлемде ұйымдастырылып отырған бұл жауынгерлік шеру жеке құрамның жауапкершілігін арттыра түседі, күш-жігерді барынша толық ауқымда шоғырландыруды талап етеді. Əскери əлеуетті таныту барлық кезеңдерде де халықтың өз Қарулы Күштерін мақтан тұту сезімін қалыптастырады. Армияның моральдық рухының жоғарылығына, техникалық жарақ тандырылуының қажетті деңгейде болуына жəне жалпы Отанды сенімді қорғау үшін жауынгерлік тұрғыдан əзір екеніне сенім ұялатады. Қазақстан армиясы өзінің жиырма жылдан астам уақыт тарихында қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті. Осы жылдары Қазақстан Қарулы Күштерінің жаңа келбеті, мағыналы бітімі, ізгілікті мазмұны, отаншыл рухы қалыптасты. Құрамы шағын, бірақ жоғары білікті, ұтқыр, заманауи қару-жарақпен жəне техникамен жарақтандырылған, Отанымыздың құрыш қалқаны дейтіндей айбынды армия құрылды. Егемендіктің қалыптасуында біздің əскери құрылым негізіне алынып, өзегіне тартылған негізгі қа ғидаттар мен тетіктер дұрыс айқындалған деп сеніммен айтуға болады. Қазақстан армиясы біздің

егемендігіміздің жетістіктері мен табыстарын сенімді қорғай отырып, ажырамас мемлекеттік институт болып қалыптасты. Қарулы Күштердегі əскери қызметтің бүгінгі күні шын мəнісінде беделі артты. Жыл сайын көптеген жастар Отанға қызмет ету жөнінде шешім қабылдауда. Қазіргі заманғы қауіпсіздік қатерлерін ескере отырып, жауынгерлік дайындық қарқы ны елеулі түрде арттырылды. Əскерлер барлық оқу-жаттығулар мен сабақтарды климаттық жəне ауа райы жағдайларына қарамастан, кез келген жыл мезгілінде, күндізтүні ұрыс жағдайына барынша жақындатылған тұрғыда өткізеді. Қарулы Күштерді қолдану қағидалары түбегейлі өзгертілді жəне жауынгерлік дайындық бағдарламалары жетілдірілді. Армияны жаңғыртуда отандық қорғаныстық өнеркəсіп кешені ерекше орын алады. Бүгінгі таңда «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының жəне басқа да кəсіпорындардың зауыттарында қолда бар əскери техниканы

жөндеу жəне жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, əскерлер үшін қаружарақтың, оқ-дəрілер мен арнайы жабдықтардың жаңа түрлерін шығару қалыптастырылды. Жауынгерлік шерудің жүрек тебірентерлік салтанатты сəттері келіп жетті. Құрлық əскерлерінің Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев əскери соғыс машинасымен Қазақстан Қарулы Күштерінің сымдай тартылып сап түзеген қалың əскерінің легін сүзіп өтіп, Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевқа əскердің бұл күнгі өтетін үлкен шеруге сақадай-сай дайын екендігін баяндады.

Ќўттыќтау

Мемлекет басшысы əскери қызметшілерді, ардагерлер мен барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтай келіп, бұл мерекенің отандастарымызды, жас ұрпақты отансүйгіштікке тəрбиелейтін үлкен мəні бар мемлекеттік маңызды мейрам екендігін айрықша атап өтті.

– Құрметті отандастар! Офицерлер мен сарбаздар! – деді одан əрі Жоғарғы Бас қолбасшы. – Бүгін – шебі бүтін, шекарасы берік қасиетті Қазақ жерін қорғайтын Қарулы Күштеріміздің құрылған күні. Биылдан бастап біз 7 мамырды мемлекеттік мереке ретінде атап өтетін боламыз. Елбасы барша қазақстандықтар ды, сарбаздарды Отан қорғау шы күнімен шын жүректен құттықтады. Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен Отанға адал қызмет ету дəстүрін тоғыстыратын мейрам. Аталарымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен осы ұлан-ғайыр жерді қорғап, бізге мұраға қалдырды. Соның арқасында бүгінде тəуелсіз мемлекет құрып, оны өркендетіп келеміз. Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы: «Өз елін мақтаныш етпеу – сатқындықпен тең» деген. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тəуелсіз Қазақстан. Қастерлі Отанымызға қалтқысыз қызмет ету жəне оны қорғау – əрбір азаматтың қасиетті борышы. Осынау перзенттік

парызымызды біз, əсіресе, əскери адамдар адал атқаруға тиістіміз! Сонда ғана біз арманымызға жетіп, Мəңгілік Ел бола аламыз, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Жоғарғы Бас қолбасшы одан əрі жыл сайын армиямыз далалық жерлерде жедел жəне əскери дайындық бойынша 250-ден астам іс-шаралар өткізетіндігіне тоқталды. Жауынгерлік шеру сол барлық дайындық шараларының шарықтау шегі болып табылады. Бұл – Қазақстан армиясы əс кери бөлімшелерінің кəсіби машығының, үйлесімділігі мен мүмкіндіктерінің іс жүзіндегі көрінісі. Бүгін армия бөлімшелері Құрлық əскерлері мен Əуе қорғанысы күштерінің осы заманғы қаружарақ қолдану шеберлігін көрсетеді, деп мəлімдеді Елбасы. Жауынгерлік шеруге 7 мың əскери қызметші, 400-ден астам əскери техника, 80 ұшақ жəне тікұшақ қатысады. Бұл – біздің аса ауқымды жаттығуымыздың бірі. Сонымен қатар, Каспий теңізі айлағында Қазақстанның Əскери-теңіз күштерінің кемелері

жауынгерлік атыс өткізеді. Елбасы сардарлар мен сарбаздар нағыз патриот жəне өздерінің жауынгерлік ісінің майталмандары екенін іс жүзінде дəлелдеп беретіндігіне сенім білдірді. Олардың айбынды əрі өршіл ұраны – «Қуатты армия – қуатты Қазақстан!» Одан əрі Жоғарғы Бас қолбасшы былай деді: – Қазақстан өз армиясын мақтан тұтады, оны нығайту үшін қолдан келгеннің бəрін жасайды. Қарулы Күштер осы заманғы техникамен жарақтандырылуда. Басқару жүйесіне жаңа технологиялар мен автоматтандырылған басқару жүйелері қарқынды енгізілуде. Біздің əскерлерімізді дайындаудың интенсивтілігі мен сапасы артуда. Мемлекет Отан қорғаушыларды қамқорлығына алып келеді. Былтыр əскери қызмет жəне əскери қызметшілер мəртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Əскери гарнизондарда спорт кешендері, тұрғын үйлер мен жатақханалар салынуда. Əскери қалашықтарды жоспарлы түрде көріктендіру жүргізілуде. Қазақстанның əскери

Шеруді кґріп, шаттандым Сағадат НҰРМАҒАМБЕТОВ,

армия генералы, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі.

Мен Отан қорғаушы күніне арналған жауынгерлік шеруді теледидардан бастан-аяқ көрдім. Көрдім де қуандым. Өзім баруға сырқаттаныңқырап, шамам келмеді. Егемен ел бола бастаған кезіміздегі бір жағдай еске түседі. Сонда армия құрамыз дегенде бір адамдар: «Сендер ел бола алмайсыңдар, Үкімет құра алмайсыңдар. Сендерде армия да болмайды. Жалпы, шеттегі республикаларға ондай күш-қуат қайдан келеді?» деп сəуегейсіген еді. Намысқа тиетін бұл сөздерге біз де тиісті жауабын қайтарғанбыз, ондай астамшылдармен жүз шайысып та қалғанбыз. «Бізде мемлекет те болады, əскер де болады, ондай институттарды құруға өреміз жетеді, біздің ақылымыз ешкімнен кем емес. Байлығымыз да, мүмкіндігіміз де жеткілікті. Енді өзіміз дербес ел болдық.

Сондықтан, ондай сөздерді айтушы болмаңдар», дегенбіз. Сөйтіп, тəуелсіз Қазақстан өзінің елдік, мемлекеттік ұстанымын танытқан еді. Егемендіктің өткен жылдарында осы асқақ ой-ниет толық іс жүзіне асты, еліміз өсіп-өркендеді. Қазақстан бар əлемде абырой биігіне көтерілді. Заман талабына сай жарақтанған қуатты армия да жасақталды. Менің бір қуанатыным, кешегі училище бітірген лейтенант, капитандар, міне, қазір генерал болды. Алғаш əскерімізді құрып жатқан кезде қазақтар офицерлер құрамының 1 пайызына да жетпейтін. Қазір, көріп отырсыздар, мына шеруден де байқадыңыздар, бəрі өздері, бəрі дерлік өзіміздің қаракөздер. Ол да бір қуаныш. Елдіктің бір белгісі осы. Армияның өз қолыңда болуы. Əскер тізгінін берік қолда нық ұстауың. Ал енді тізгін қолға тиді екен деп құр алақайлай бермеу керек. Мұны баянды ету үшін табанды еңбек, тынымсыз ізденіс, қажыр-қайрат керек. Жақсылық жалғасын табуы үшін əскер құрылымындағы көп нəрсе

тəртіпке байланыс ты. Əскер өнеріне тынымсыз үйренуді, əскери машық-дағдыны жетілдіруді əсте қаперден тыс қалдыруға болмайды. Өткендегі тəжірибеге жүгінсем, 1991-1993 жылдары қалтамыздың түбі тесік, қаржы жетпей жатты. Кеңес өкіметінің құ лаған кезі. Мұның зардабы əскерімізге де тиген. Мына шеруде мерейім өсіп отырды, кеудемді қуаныш кернеді. Жас ұлан, жасанған сарбаздарымыздың киімдері қандай! Айбынды жүздері қандай! Əскери қызметшілеріміздің еңбекақылары да жақсы. ТМД кеңістігінде Ресейден кейінгі тəуір жалақы бізде. Осындай жетістіктерді көріп мен Қазақстан армиясының ардагері ретінде қуанышқа бөленемін. Əскеріміз қарыштап өсті. Бірақ мұнымен де тоқтап қалмау керек. Сан-салалы міндеттерді атқаратын, ұтқыр, заманауи армия болуы керек. Ұлттық армияның өзіндік даралығы айшықталып тұрсын. Бірінші кезекте бірлік, тəртіп болсын, ұлттық, отаншылдық рух жоғары ұсталсын. Отан қорғаушы жас жігіттерге,

қызметшілері қазір лайықты қаржылық игілікке ие болып отыр. Армияның тəртібі ауыр деседі, бірақ бұл ауыртпалық – ел қорғау бейнеті, қиыншылық бейнеті емес. Армия – біздің егемен мемлекетіміздің берік қалқаны. Оны нық ұстап тұру – тек қасиетті борыш қана емес, зор мəртебе! Сіздердің қызметтеріңіз – еліміздің Тəуелсіздігінің, Қазақстанның əр шаңырағының тыныштығы мен алаңсыздығының кепілі. Мен əскери қызметшілерді, ардагерлерді жəне барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Өздеріңізге денсаулық, қызметтеріңіз бен еңбектеріңізге, жауынгерлік даярлықтарыңызға табыс тілеймін! 7 мамыр біздің мемлекетіміздің қуаты мен сенімділігін əрқашан айғақ тап тұратын күн болсын! Айбынымыз əрдайым асқақ, байрағы мыз қашанда биік болсын! Тəуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын! Қазақстан жасасын! (Соңы 2-3-беттерде).

жалынды сарбаздарға айтар ақ тілегім осы. Бүгінгі жауынгерлік шеру жаңағы қасиеттердің бəрі біздің армиямызда бар екендігін паш етіп көрсетіп берді. Жауынгерлік шеру барлық тұрғыдан алғанда жақсы өтті деп бағалаймын. Əскери дайындықтың дəрежесі жоға ры екендігі байқалды. Ұшқыш тарымыздың шеберлігіне соншалықты сүйсіндім. Бұрынғы кезде бірер ғана жақсы ұшқыштарымыз болатын. Қазіргі ұшқыштарымыздың деңгейі аса жоғары дей аламын. Құрлық əскерлері, Қарулы Күштердің басқа да тектері, киімдері, даярлығы – осы шеруде бəрі де көңілден шықты. Осы ретте офицерлердің тəлім-тəрбие, дайындық-жаттығу кезінде тер төккені көрініп тұр. Мұның бəрі əскер ісіне, армияға Елбасы тарапынан үлкен көңіл бөлінгендіктен мүмкін болып жатқан шаруалар. Мемлекет басшысы көңіл бөлмесе, мұндай көз қуанарлық көрнекті армия да болмас еді. Көп қаржы бөлініп жатыр. Себебі, егемен ел үшін армия керек. Елді əскер қорғайды. Мықты армиясыз мықты Қазақстан да болмайды. Тек осының бəрі ұзағынан сүйіндірсін дейік. АЛМАТЫ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
08/05/2013 by Egemen - Issuu