Кеше Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ə. Назарбаев Отан қорғаушы күніне арналған əскери парадқа қатысты.
№89 (28313) 8 МАМЫР БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Еліміздіѕ əскери əлеуеті мен айбынын айшыќтаєан парад
Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Парадты «Даңқ», «Айбын» орден дерінің иегері, Қазақстан Респуб ликасы Қарулы Күштері Құрлық əскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев басқарды. Қалыптасқан дəстүр бойынша Мемлекеттік туды алаңға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қыз метінің ту тобы əкелді. Ту ұстау шы – сержант Ақжолбек Ербол ұлы. Оның ассистенттері ағайынды Евгений жəне Александр Бекбосыновтар болды. Олар – Шоқан Уəлиханов атындағы Кадет корпусының түлектері. Ту тобына «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалінің иегері, подполковник Бауыржан Таңатаров жетекшілік етті. Бұл кезде алаңда Қорғаныс ми нис трлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің шеру шептері толық даярлықта тұрған болатын. Ал əскери шеруге қатысатын механикаландырылған лек қозғалу үшін бастапқы шепке орналасты. Сонымен қатар, əуе айлақтарында авиация ұшуға əзір тұрды. Осылайша, шеру алаңға Қорғаныс министрі Серік Ахметовтің келуімен басталды.
Тəуелсіздігіміздің тарихында Қазақстан əскері қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті. Бұл жылдары Қазақстан Қа рулы Күштерінің жаңа келбеті қалыптасты. Жоғары кəсіби, ұтқыр, заманауи қару-жарақпен жəне техникамен жарақтан дырылған əскер құрылды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес, ел Президенті Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып табылады. Əр азамат Отан қорғаушы санатына қосылғанда, Қазақстан халқына жəне оның Президентіне адал болуға ант береді. Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұрақ тылықтың бесігіне айналды. Қарулы Күштеріміз қасиетті Отанымызды, ел тəуелсіздігінің теңдессіз жетістіктерін сеніммен қорғауға толығымен қабілетті. 2012 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушы күні туралы Жарлыққа қол қойып, оған мемлекеттік мереке дəрежесінде мəртебе бергеннен кейін біздің Армиямыздың елдің қауіпсіздігі мен оның азаматтарының тыныштығын қамтамасыз етудегі рөлін атап өткен болатын. Қарулы Күштер қатарында қыз мет ету – шын мəнінде зор абырой. Жыл өткен сайын өмір жолын Отан қорғауға арнаған
жастар саны артып келеді. Қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді ескере отырып, жауынгерлік даярлықтың қарқындылығы едəуір артты. Əскерлеріміз оқу-жаттығуларын ұрыс қимылдарына барынша жақын жағдайларда, күндіз-түні, кез келген ауа райында өткі зіп
жүр. Елбасының тікелей қамқор лығымен Қарулы Күштерді мүмкіншіліктері мол қаружарақпен жəне əскери техниканың жаңа үлгілерімен жоспарлы түрде қамтамасыз ету жүргізіліп жатыр. Бұл ретте еліміздің Қарулы Күштерінің қалыптасу кезеңін
əрдайым Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстыру керек. Кешегі əскери шеруге қатысқан Президент өз сөзінде де осыны тағы бір айғақтай түсті. Нұрсұлтан Назарбаев шеруде Отан қорғаушыларды жəне бар ша
қазақстандықтарды патриотизм, ерлік, жауынгерлік даңқ мерекесімен құттықтай келе, былай деді: – Тəуелсіздік жылдары мемлекетіміз кəсіби армия қалыптастырды, ел мүддесіне толық сай келетін Əскери доктрина қабылдады. Біздің қасиетті топырағымыз əуеде де, жерде де жəне суда да қорғаныс аясында. Біз барлық көршілес елдермен достық қарым-қатынастамыз. Қазіргі уақытта армия əрдайым сақадай-сай болуға тиіс. Бұл – əскери қызметшілер алдына мемлекет қойып отырған міндет. Мемлекет басшысы бұдан əрі өткен жылы қабылданған «Қазақстан-2050» Стратегиясы бойынша еліміз қарышты дамып келе жатқанын атап өтті. – Біздің тұрақты экономикамыз, біртұтас қоғамымыз, дайындықтан өткен қуатты армиямыз бар. Біз жаңа Қазақстан рухына, прогресс жəне жасампаз болашақ қалыптастыру рухына адалмыз. Бұл – елімізді əлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарынан көруді армандайтын барша қазақстан дықтардың мақсаты. Бүкіл өңірлеріміз, қалаларымыз, аудандарымыз бен ауылдарымыз бір қарқынмен дамып келеді. Біздің басты байлығымыз – татулық пен келісім. Елдің əрбір азаматының борышы – халқымыздың бірлігін сақтап, оны қорғау, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстан
Президенті əскери қызметшілер үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалғанын айтты. – Армия заманауи қару-жарақпен жабдықталуда, жаттығулар тұрақты өткізіліп тұрады, сарбаздар мен офицерлерді əлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етіп келеміз. Барлық жерде əскери қалашық тар абаттандырылып, жаңа баспана, спорт кешендері салынып жатыр. Бұл – елдің армиямызға деген қамқорлығы. Қазақстанның Қарулы Күштері, Ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлт тық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі – бəрі алдарына қойылған міндеттерін лайықты орындауда, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев келесі жылы еліміз Ұлы Отан соғы сындағы Жеңістің 70 жылдығын кеңінен атап өтетінін еске салды. – Əрбір ардагерге көңіл бөліп, қолдау көрсету керек. Адамзат та рихындағы ең қанқұйлы соғыста жеңіске жеткен ерлер рухын біз əрдайым қастер тұтамыз. Біз ХХІ ғасырда бейбітшілікке бағытталған жаһандық ауқымдағы бастамалар көтеріп, жүзеге асырудамыз. Қазақстан – ядролық қаруға қарсы жалпыға ортақ дүниежүзілік қозғалыстың локомотиві, мұны бүкіл əлем жоғары бағалап отыр, – деді Қазақстан Президенті. (Соңы 2-3-беттерде).
● Жағымды жаңалық
● Айбын
Ќабанбай батыр – Ґр Алтайдыѕ ґрінде, Ґскеменніѕ тґрінде
«Сарыарќа» Каспийге баєыт алды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақстан Қарулы Күштерінің салтанатты əскери шеруінде тəуелсіз елде тұруға, бейбіт өмір сүруге мүмкіндік сыйлаған, тарихта қайталанбас орны бар қаһарман, ержүрек батырларды насихаттау жөнінде тапсырма жүктеді. Мемлекет басшысының сөзімен үндескен үлкен шара Шығыс өңірінде өтті. Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Өскеменде қазақ халқының əйгілі қолбасшысы, ел мен жерді жаудан азат етуде аты аңызға айналып, «Хан батыр», «Дарабоз» атанған Қабанбай бабаға үлкен ескерткіш қойылды. Отан қорғаушы күнінде облыс орталығына кіреберіс жол шетіндегі биік қыратта салтанатты түрде ашылған батыр баба мүсіні Қубас атымен бірге асқақтап, көрген жанның рухын жаныды. Қоладан құйылған ескерткіштің биіктігі – 13 метр. Ескерткіш авторы – белгілі мүсінші Нұрлан Далбай. Астана қаласындағы «Балқыту» ЖШС-інде құйылған ескерткішті құю мен орнату жұмыстарына республикалық бюджеттен 105 миллион теңге бөлінген
болатын. Сондай-ақ, ескерткіш маңайын көріктендіру, абаттандыру жұмыстарына қала бюджетінен 30 миллион теңге бөлінді. Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс əкімі Бердібек Сапарбаев бастаған өңір жұртшылығымен бірге, Мəдениет министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уəлиев, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары: ақын Ұлықбек Есдəулет пен Несіпбек Айтұлы, Қабанбай батыр кесенесінің шырақшысы, профессор Камал Абдрахман жəне Алматы облыстық мəслихатының хатшысы Ермек Келемсейіт бастап Жетісу жерінен арнайы келген делегация қатысты. (Соңы 4-бетте).
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Отандық қорғаныс саласының көшбасшы кəсіпорыны саналатын Оралдағы «Зенит» зауыты Ұлы Жеңістің 69 жылдығы жəне Қазақстан Қарулы Күштерінің 22 жылдығы қарсаңында кезекті тамаша табысқа қол жеткізді.
Атап айтқанда «Сарыарқа» деген айбынды атауға ие болған кезекті кемені суға түсірді. Бұл тарихы сонау 41-дің отты жылдарынан басталған кəсіпорынның конвейерінен шыққан 21-ші корабль. Кемеге «Сарыарқа» атауы берілуі де тегін емес. Өйткені, тəуелсіз еліміздің астанасы осы жазира жазық Сарыарқаның
самалды төсінде орналасқан. Олай болса, қарт Каспийге бағыт ұстаған кеменің ғұмыры да ұзақ, кедір-бұдырсыз, тептегіс боларына сенгіміз келеді. Корабльді теңізге шығарып салу салтанатына халық көп жиналды. Əскеритеңіз күштері басшылығы, облыс əкімдігі өкілдері түгел осы жерден табылды. Əсіресе, жаңа кемеге жан бітірген зауыт жұмысшыларының қуанышында шек болмады. Мұны олардың бал-бұл жанған жүздерінен, бұл біздің өніміміз деп мақтанышпен кеуде кере айтқан əңгімелерінен айқын аңғардық. Қорғаныс министрлігінің тапсырысымен жасалған үшінші кемеге əсем астанамыз орналасқан жазиралы өңірдің атауын беруіміз тегін емес. Себебі, Сарыарқа Отанымыздың жүрегі, барша халықтың сүйікті өлкесі. Алдағы уақытта кемемен еліміздің теңіздегі шекарасын күзететін сарбаздарымызға бұл үлкен көмекші болады. Сол үшін зауыттың ұжымы күні-түні аянбастан еңбек етті. Міне, нəтижесі алдарыңызда тұр. Сəт сапар, «Сарыарқа»!», – деді зауыт директоры Вячеслав Валиев салтанатты рəсімде сөйлеген сөзінде. (Соңы 4-бетте).