08062013

Page 1

Президент қиын түйінді тарқатты. Елбасымыз халыққа Үндеу арнап, зейнетақы реформасының қажеттігін дəлелдеп айтты, сонымен бірге оны жүзеге асырудың көкейге қонымды жолын да көрсетті. Өзгеріс берекеге бастасын, ардақты ағайын!

№144 (28083) 8 МАУСЫМ СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына зейнетақы реформасының мəселелері жөніндегі

ҮНДЕУІ Қымбатты отандастар! Республика Конституциясына сəйкес менің қарауыма Үкімет пен Ұлттық банк бастамашы болған зейнетақы жүйесі туралы жаңа заңнама келіп түсті. Мен заңнаманы жақтаушылардың да, оған қарсылық білдірушілердің де дəлелдəйектерімен жақсы таныспын. Ерлер мен əйелдердің зейнетке шығу жасын теңестіру туралы мəселе қазіргі ең өзекті тақырыпқа айналды. Мұның себебін мен Үкімет пен Ұлттық банк іс-əрекетінің олқылығынан да көремін. Жалпы, мен Үкімет пен Ұлттық банктің жаңа зейнетақы заңнамасын халыққа түсіндіру жөніндегі жұмысына оң баға бере алмаймын. Біріншіден, осындай өте маңызды əлеуметтік заң жобасы немқұрайды қаралды. Екіншіден, оны халыққа кеңінен насихаттау ісі дұрыс жүргізілген жоқ.

Нəтижесінде, қазақстандықтардың көбі зейнетақы реформасының түпкі мəнін түсінбей қалды. Бүгінде зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізу керек екені анық! Бұл – жаһандық үрдіс. Еуропа Одағы мен əлемнің өзге де елдері дағдарыс пен құлдырау жағдайында осылай жасауға мəжбүр болды. Əйелдердің зейнет жасын арттырудың басты себебі зейнетақы төлеудегі қаражаттың болжамды дефициті жəне зейнеткерлердің 70%-ын əйелдер құрайтыны болды. Əйелдердің зейнет жасын арттырмаса, зейнетақы төлеуге жұмсалатын бюджет шығыстары 2014-2024 жылдары 3 триллион теңгеге өседі. Бұл мемлекетті зейнетақы төлеуге қауқарсыз етіп, болашақ зейнеткерлер үшін проблемаға айналады. Сондықтан біз бұл мəселені қазірден бастап шешуге тиіспіз. Қазақстан Үкіметі əйелдер үшін

зейнет жасын өсіруді жоғары шекке дейін біртіндеп көшіру арқылы жүзеге асыруды алдын ала ұсынды. Парламент Мəжілісі мен Сенаты бұл шешімнің халық үшін маңызын түсініп, зейнетақы жүйесі туралы жаңа заңнаманың дұрыс шешім болып табылатын нұсқасын қабылдады. Азаматтардың əлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қажет болғандықтан заң жобасын мен жалпы қолдаймын. Бірақ, зейнетақы жүйесін реформалау аспектілерінің бəрі жете ойластырылған дей алмаймын. Конституция берген өкілеттіктеріме сəйкес, əйелдердің зейнет жасын өсіру туралы норманы қайта талқылау үшін Парламентке қайтарамын. Мен зейнет жасын кезең-кезеңмен ұзартуды 2014 жылғы 1 қаңтардан емес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастауды ұсынамын. Осыған байланысты Үкіметке халыққа қажет заң мəселелерін одан əрі

пысықтап, дамытуды тапсырамын. Бірінші. Бала күтімі демалысы кезінде жұмыс істеуші əйелдердің міндетті зейнеткерлік салымына мемлекет есебінен қосымша төлемақы қамтамасыз етілсін. Екінші. Азаматтардың міндетті 10 пайыз зейнетақы шығысына жұмыс берушінің міндетті шығарылымы есебінен қосымша 5 пайыз енгізілсін. Үшінші. Міндетті кəсіби зейнетақы салымын кезең-кезеңмен тағы да 5 пайызға көбейту керек. Бұл жəйт айрықша жəне зиянды өндіріс терде зейнеткерлікпен қамтамасыз етуді жақсартады. Сондай-ақ Үкіметке 2030 жылға дейін зейнеткерлікпен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуды одан əрі жалғастыру жөнінде кешенді іс-шаралар əзірлеуді тапсырамын. Парламентті менің ұстанымымды ескеруге шақырамын. Зейнетақы реформасының күрделі мəселесі бойынша дұрыс шешімдер табылады деп мен кəміл сенемін.

Бет қатталып жатқанда Президенттің зейнетақы реформасына қатысты заң жобасы туралы мəлімдемесі еліміздегі қоғамдық ойды дүр сілкіндіретінін, пікірлер тасқынын туындататынын қазірден-ақ айта беруге болады. Ақиқаттың бел ортада жататынын кемелдікпен көрсетіп, Үкімет пен Ұлттық банктің орашолақ іс-əрекетін сын тезіне салумен қатар, бұл реформаның қалайда қажеттілігін де қолмен қойғандай дəлелдеген, мəселені бірте-бірте шешудің нақты жолын да көрсеткен Елбасы мəлімдемесіне үнқатысулар телеарналардың кешкі жаңалықтарынан кейін-ақ əртүрлі жолмен редакциямызға түсе де бастады. Бет қатталып жатқан қарбалас сəтте біз олардың алғашқыларын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Алаѕ кґѕіл орнына тїсті Елбасы Нұрсұлтан Назар баевтың əйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұзартуға байланысты үндеуін тыңдап, күпті көңілімізді орнықтыра түстік. Өйткені, Президенттің қол қоюына ұсынылған жаңа заң жобасында əйелдердің зейнет жасын 2014 жылдан бастап 6 ай қосу арқылы біртіндеп 63 жасқа жеткізу көзделген еді. Əрине, бұл елдің экономикалық, қаржылық ахуалын қиындатпау үшін маңызды болар, алайда, əйел-аналардың көпшілігі жаңа заң жобасының түпкі мəнін түсіне қоймағаны анық. Оның үстіне ауылдық жерлерде тұратын əйелдердің зейнетақы қорында жинақталған қаржысы да мардымсыз екені даусыз. Демек, жаңа заңды ел ішінде түсіндіруде, қолданысқа енгізілу мерзімін белгілеуде бір шикіліктің барын ішіміз сезіп еді. Міне, осындай себептер аналардың алаңдаушылығын тудырып қана қоймай, тіпті кейбірінің өкпе-ренішке бой алдыруына түрткі болды. Аналардың ертеңіне алаңдаған осындай қиын сəтінде ел-жұрт Елбасының дұрыс шешім қабылдайтынына сеніп еді. Сол сенім алдаған жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа заңды əлде де талқылап, жетілдіре түсу үшін Парламентке қайтарғанын теледидардан тыңдадық. Сонымен бірге, əйел дердің зей нет жасын ұзартуды заң жобасында көрсетілгендей 2014 жылдан емес, 2018 жылдан енгізуді ұсынуының аналар үшін маңызы зор. Себебі, Елбасы ұсынған мерзімге дейін кей аналардың зейнетақы қорындағы қаржысын молайтуына мүмкіндік беріліп отыр. Біздің көңілімізден шыққан жəне бір мəселе – жұмыс берушінің есебінен зейнет ақы қорына 5 пайыздық жарна ның қосылатындығы. Ер азаматтарға қарағанда əйелдер көбінесе аз жалақы төленетін жұмыстарды атқарады. Осы тұрғыдан алғанда, зейнетақы қорындағы қаржымызға 5 пайыздық жарна қосылып жатса, мұны аналар үшін жасалған қамқорлықтың бір көрінісі деуге болады. Енді жұмыс беруші есебінен қосылатын 5 пайыздық жарнаның төленуін қолданысқа енгізу кешеуілдемесе екен. Зарифа МҰҚАНБЕТҚАЛИЕВА, «Күміс алқалы» ана. Атырау облысы.

Сабыр тїбі – сары алтын

Cалмаќты пікір айтылды

Əйелдердің зейнет жасын көтеру жөніндегі ұсыныс қоғамда əрқилы пікір тудырғанымен, жасыратыны жоқ, жұртшылықтың қалың бөлігін сендіре алмаған болатын. Тіпті кезең-кезеңмен ұзартуға қатысты жүргізілген үгітнасихат тобының жұмыстары да көздеген межеге дөп тимей жатты. Қарсы болғандардың бірі мен едім. Өз басым елдің саяси, қоғамдық салаларындағы өзгерістерге еш қарсы емеспін. Қазақстанның саналы азаматшасы ретінде демократиялық жаңғыртуларға бет алған елімнің əр қадамына қуана қараймын. Өкініштісі сол, билік тұтқасын ұстап отырған лауазым иелері төменгі топтың ойпікірлерімен санаса бермейтінін осы жолғы ащы жеңіліс тағы бір айғақтап бергендей болды. Бар үмітімізді конституциялық құқықтарымыздың басты кепілі

Елбасының зейнетақы реформасының мəселелері жөніндегі үндеуін кешкілік теледидар арқылы тыңдадым. Ерлер мен əйелдердің зейнетке шығу жасын теңестіру туралы мəселе қазіргі ең өзекті тақырыпқа айналды, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде қоғамда қазіргі күні тақылауға түскен осы мəселеге тоқталып. Менің ойымша да кейбір қазақстандықтар зейнетақы реформасының түпкі мəнін түсінбей қалды. Бүкіл елге ортақ жаһандық үрдістен біздің еліміздің шеттеп қалуы мүмкін де емес. Сондықтан мен ұстаз ретінде, Елбасының зейнет жасын кезеңкезеңмен ұзартуды 2014 жылғы 1 қаңтардан емес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастауды ұсынғанын дұрыс деп есептеймін. Бұған дейін зейнет жасын ұзарту мəселесі бүкіл өмірлерін шəкірт тəрбиелеп, білім беруге арнап жүрген ұстаздар арасында

ретінде Елбасымызға арттық. Нұрсұлтан Əбішұлы зейнетақы саласын жаңғырту реформасының қажеттілігін атап көрсете келіп, орын алған олқылықтар мен ағаттықтарды тайға таңба басқандай тізбелеп берді. Атамыз қазақ айтқан емес пе, «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деп. Оң мен солын салмақтап, əсіресе, бір қолымен бесікті, бір қолымен əлемді тербететін əйелдер қауымымен ашық ақылдасып, орынды шешімдерге асқан ақылмен, сабырмен құлақ түргенде мұндай асығыстық, асыра сілтеушілік орын алмас еді. Қиын жолдан қия жол таба білген Президентімізге алғысымыз шексіз. Серіккүл АХМЕТОВА, мұғалім. ПЕТРОПАВЛ.

Елбасы cґзін ќўптаймын Ерлер мен əйелдердің зейнетке шығу жасын теңестіру туралы мəселе қоғамда көп пікір тудырды. Өзім де зейнетақы жасын көтеру мəселесін онша жақсы түсінбей жүргенмін. Өткенде «Қазақстан» ұлттық телеарнасында Тамара Дүйсенова осы əлеуметтік саланың жауапты қызметкері бəрін жіліктеп, тəптіштеп түсіндіріп бергеннен кейін көп нəрсеге көз жеткіздім. Одан үйдегі ғаламтор,

газет беттерін ақтарып, көп нəрселерге қанықтым. Бүгінде көптеген елдер зейнетақы жүйесін реформалауда. Басты себеп – өмірдің орташа ұзақтығының артуы жəне сəйкесінше халық құрылымындағы зейнеткерлер үлесінің көбеюі, бұл өз кезегінде зейнетақы жүйесіндегі тəуекелді арттырады. Еліміздің қазіргі зейнетақы жүйесіне жасалған талдау экономикалық жəне

демографиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты бірқатар проблемаларды анықтады. Сондықтан Елбасымыздың Конституция берген өкілеттіктеріне сəйкес, əйелдердің зейнет жасын өсіру туралы норманы қайта талқылау үшін Парламентке қайтаруын елдің көңілін дөп басқаны анық. Н.Назарбаевтың бұл сөзін өз басым құптаймын. Біздің тұрғындар жаңа за манның лебін

да əртүрлі пікірлер тудырған еді. Енді кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын бұл жаңашылдық үрдісі əрине, уақытқа, заман талабына сай жүреді деуге болады. Яғни, 2018 жылға дейін еліміз жаңа даму жолына түсіп, оқу-білім саласы өркениет негізінде жаңа талап деңгейіне көтеріледі. Мұғалімдер қызметінің осы күндермен салыстырғанда жаһандық үрдіске ілесе алатындай биіктерге жетері, басқа да толып жатқан салалар заман талабына сай дамитыны сөзсіз. Елбасының зейнетақы реформасы жайлы айтқан салмақты пікірі жұртшылықты мазалап жүрген мəселенің түйінін тарқатып берді. Бұлғын ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, мұғалімдер біліктілігін арттыру ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ облыстық филиалының директоры. ПАВЛОДАР.

сезінуі тиіс. Тек Үкіметке қол жайып, жоғарғы жаққа «бер, бер» деп отыра бермей, еңбек етіп, табыс тауып, қор жинап, өзін өзі қамтамасыз ету қажет. Əрине, біздің елде жұмыс істеймін, табыс табамын деген адамдарға барлық жағдай жасалған. Қиын түйінді тарқатып берген Елбасына алғыс айтамыз. Роза ЕРНАЗАРОВА, медбике. ШЫМКЕНТ.

Мəссаған!

Кеше Бейбітшілік жəне келісім сарайында жас орындаушылардың республикалық «Жас қанат» байқауы аламан бəйгенің алауын жақты.

Аламан алаѕындаєы арман Жиырма екінші рет бəйге алаңын қыздырған жас əншілер байқауына байланысты үміткерлер маусымның 3-і күні бас қосқан болатын. Онда өнерге қанат қаққан өрендер елорданың ең көрікті де əсем жерлерін аралап, ұмытылмас əсерге бөленді. Байқауда бірінші болып сахна төріне атыраулық Нұрлыбек Төлепберген көтерілді. Ал бірінші

күнгі өнер додасы Петропавл қаласынан келген Əсел Малаеваның əнімен қорытындыланды. Бəйге алаңы жас дауыстардың алуан нақышымен түрленіп, қазақ эстрадасының көгінде өрімдей өнерлі буын өсіп келе жатқанын аңғартты. «Жас қанат» байқауында бақ сынап, үлкен сахнаға жолдама алған жас əншілер көрерменді көркем үннің толқынымен

тербетті. Эстрадалық əншілердің ұстаханасына айналған аламан бəйгенің биылғы дүлдүлдері алдағы үш күнгі сайыста мəлім болады. Байқау ережесі бойынша, қатысушылардың ішінен əр кезең сайын төмен ұпай жинаған 5 үміткер сайыс тізімінен шығуға тиіс. «Мыңнан – тұлпар, жүзден – жүйрік» озған жеңімпаздарға арналған алтын, күмiс жəне қола қанаттардың мүсінін жасау құрметі Алматы қаласындағы Орал Таңсықбаев атындағы рес публикалық сəндік қолданбалы өнер колледжінің 3-ші курс сту денті Айтжан Тұрлығазыға бұйырыпты. Жас зергердің айтуы бойынша, республикалық бай қау болғандықтан, шеберлер сыйкəделер мен бағалы белгілердің мінсіз жəне сапалы орындалуына барынша көңіл бөлген. (Соңы 10-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Ґзбек байымаса да там салады 6-бет

Телегей теѕіз тарих бар «Ботагґздіѕ» сґзінде 7-бет

Сіріѕкеніѕ шиінен жасалєан домбыра 10-бет

Есілге ќўйылєан керосин экологтардыѕ алаѕдаушылыєын туєызып отыр Елордалық экологтар Есіл өзеніне авиаотын – керосин құйылып жатыр деп дабыл көтерді. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабар таратты. Өндіріс кенті тұрғындарының сөздеріне қарағанда, авиаотын өзенге бірінші жыл құйылып жатқан жоқ. Экологиялық апаттың ауқымы əзірше белгісіз. Белгілісі, сол төңірекке түгелдей керосин иісі тарап кеткен. «Керосин

иісі қолқаны қабады. Өзендегі балықтарға дейін керосин сасиды. Атап көрсететін бір жəйт, осының бəрі ағыспен қалаға қарай кетіп жатыр. Өйткені, біздің тұсымызда Есіл қаламен түйіседі. Авиаотын иісінен тіпті дем алу да мүмкін емес», дейді Өн діріс тұрғыны Александр Беккер. Қазіргі кезде кентті орап өте тін өзен арнасы жабылған.

Керосин өзен ге құятын тұста экологтар жұмыс істеп, ластану аумағын айқындауда. Күні кеше Астана Экология департаменті қызметкерлерінің ақпаратынан белгілі болғанындай, авиаотын «Астана қаласы халықаралық əуежайы» балансындағы құбырдан құйылып жатыр екен. Істің ақ-қарасын прокуратура тексеру үстінде. «Егемен-ақпарат».

Оқыс оқиға

Тексеру жўмыстары атќарылуда Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Атбасар аудандық соты мен прокуратура ғимаратына 6 маусым күнгі 03 сағат 25 минутта белгісіз біреулер жанғыш зат құйылған шөлмектер мен тас лақтырған. Осының салдарынан сот ғимаратында өрт шығып, екі қабатты үйдің оң қанатын жалын шарпыды. Мекеме күзетшісі бұл туралы тиісті мекемелерге дер кезінде

хабарлаған. Бірақ, ол бұзақылардың бет əлпетін анықтауға мүмкіндік болмағанын айтады. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчуктің мəлімдеуінше, төтенше жағдай түн ортасында орын алғандықтан, зардап шеккендер жоқ. Əйтсе де сот төрағасының қызмет бөлмесі, мəжіліс залы, кеңсе мен істерді сараптау бөлмесіне елеулі зақым келтірілген. Қолда бар құжаттардың біршамасы, 4,5

шаршы метр аумақтағы жиһаздар жанып кеткен. Өртті ауыздықтауға Атбасар қаласындағы өрт сөндіру қызметінің үш арнайы техникасы мен бес адамдық бригада жұмылдырылыпты. Оқиға орын алған сəтте сот ғимаратымен іргелес аудандық прокуратураның ғимаратына да жоғарыда айтылған əдіспен шабуыл жасалған. Сəтін салғанда, өрт оқиғасы орын алмаған. Ақмола облыстық ішкі істер

департаменті бастығының бірінші орынбасары Асхат Ғали бастаған топ оқиға орнына жедел жетіп, кешенді тексеру жұмыстары атқарылуда. Төтенше оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мамандардың пайымдауынша, бұл оқиғаға қылмыстық немесе əкімшілік жолмен айыптаушылар мен күдіктілердің қатысы бар болуы мүмкін. Ақмола облысы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.