08082013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Археолог Ел жəне еңбек даулары

5-бет

6-бет Күріш кластері: даму динамикасы қандай? 8-бет Бұл не деген дәрменсіздік? 10-бет

№185 (28124) 8 ТАМЫЗ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Сайлау – 2013 Ораза айт мейрамы елімізде ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ мўсылмандарды єана емес, кїллі ќазаќстандыќтарды біріктіре тїседі ЖЕТІЛДІРУ – ӨМІР ТАЛАБЫ

Сенімге лайыќтылар ие болды

Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ Ораза айт мерекесімен ќўттыќтауы Құрметті отандастар! Барша қазақстандықтарды мұсылман əлемінің ең бір қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Қасиетті Рамазан айы аяқталғанын білдіретін бұл мереке – ис ламның ғасырлар бойғы игі дəстүрінің, оның маңызды рухани құндылығы болған кеңпейілдің, жақсылық пен мейірімділіктің көрінісі. Əлемнің барша мұсылмандары мүбəрак Рамазан айында өздерінің санасы мен жүрегін жаман ой, жат пиғылдан арылтады. Ораза айт иманды күшейтіп, азаматтарымызды қайырымды іс жасауға, жақынына көмектесіп,

мұқтаждарға қолұшын беруге, қонақжайлылық пен жомарттық көрсетуге жігерлендіреді. Халқымыз ислам татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні екенін əрдайым өз ісімен көрсетіп келеді. Ораза айт мейрамы елімізде мұсылмандарды ғана емес, күллі қазақстандықтарды біріктіре түседі. Қазақстан халқы өз жеріне деген зор сүйіспеншілігімен, даналығымен, еңбекқорлығымен, үлкенге құрметімен, айналасына қамқор лығымен ерекшеленеді. Тəуелсіз еліміз өзінің бай рухани мұрасын, қайталанбас тарихи, мəдени жəне діни дəстүрлерін орынды мақтаныш етеді.

Оларды дамыта отырып, біз қоғамдағы ұлттық мəдени жəне рухани алуандылықты сақтауға, азаматтар арасындағы өзара құрмет пен сенімнің нығаюына одан əрі ықпал етуіміз қажет. Осынау қастерлі күнде мен барша қазақстандықтарға рухани

құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхаттарда Мемлекет басшысы

Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан оларды алда келе жатқан қасиетті мерекемен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық пен бақыт тілеп, елдерінің, халқының өркендеуі мен дамуына ниеттестік білдірген.

журналист.

Дүниенің дөңгелек екенін шыр айналған ұршығымен ұғындырып отыратын жарықтық əжеміздің замана, ел, туған жер тарихы туралы айтатын əңгімелері əсерлі еді. Дала мектебінің сол бір салиқалы сабақтары бізді бағзы бабалар

(Соңы 2-бетте).

Батырлар мен аќындар еліндегі таѕдау Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

дос-жаранды мерекемен құттықтап, дастарқан жайып, ұлық мейрамның сəні мен салтанатын арттыру – Ораза айттың өзіне тəн жарасымды һəм сауапты амалдарынан. Осы мерекеде өзара ренжіскен кісілерді татуластырсақ, өзгенің қате-кемшілігін кешіре білсек, ол да – мұсылманға тəн сипат. Өйткені, Алла тағала қасиетті Құранда мұсылмандарды кешірім жолын ұстануға бұйырған. Күндегі оразасын құрмамен ашуды сүннет еткен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айт намазына барарда алдымен құрмадан дəм татып барып үйінен шыққанды ұнататын. Ораза айтта отбасымызға көңіл бөліп, балаларға сыйлық жасап, айттық əперудің де маңызы зор. Баланың бойына ізгіліктің дəнін себетін мерекені олар да асыға күтіп, тəлімі мен тəрбиеге толы қасиетті айдың мəні мен маңызын сезінетін болады. 30 күн оразада халқымыз ыждаһаттылықпен ауыз бекітті. Мешіттерімізде ауызашарлар мен қайырымдылық шаралар

ұйымдастырылды. Тұрмысы төмен отбасыларына көмек көрсетіліп, қамкөңіл қарттар мен жетім-жесірлерге көңіл бөлінді. Көптеген азаматтар жақсылыққа үлес қосып, сауабы мол амалдарға атсалысты. Баршасына «Алла разы болсын» айтамыз. Рамазан айында еліміздің игілігі үшін жасаған əрбір қайырлы амал мен құлшылықты алдағы уақытта да жалғастырудың қарымы шексіз. Алла тағала ұстаған оразаларымызды, дұға-тілектерімізді, ізгі істерімізді қайырымен қабыл етіп, екі дүниеде де жүзімізді жарық еткей! Мемлекетіміздің мерейі əрқашан үстем болғай! Халқымыздың бірлігі мен ынтымағына ешқашан сызат түспесін! Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз мəңгілікке баянды болғай! Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазірет, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

Жўмыр жердіѕ жўмаєы

Қуат БОРАШ,

бұрыннан істеп келе жатқан он үш округтің əкімдері де бəсекеде бағын сынап көруге ықылас танытыпты. Сайлау комиссиясы төрағасының мəлімдеуінше, үміткерлердің сайлауалды үгітнасихат жұмыстарына барлық мүмкіндіктер туғызылған. Үміткерлер депутаттармен кездесіп, өз бағдарламалық байламдарын баяндаған. Сайлау тəртібі түсіндірілгеннен кейін депутаттар он үш ауылдық, Никельтау селосы жəне Хромтау қаласы əкімдерін сайлау бюллетеньдерін алып, кабиналарға беттеді. Депутаттар кабиналарда

күш-жігер, жарқын көңіл, табыс, зор денсаулық жəне бақ-береке тілеймін! Қасиетті Ораза айт мерекесі арамыздағы ынтымағымызды нығайтып, шаңырағымызға бейбітшілік пен мол игілігін əкелсін!

Мїбəрак мейрам ќўтты болсын, жамаєат! Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Қадірлі отандастар, құрметті бауырлар! Əлемнің əр түкпірін мекендеген мұсылман қауымы Рамазан айымен қимай қоштасуда. Мұсылман қазақ халқы да қасиетті айды құлшылықпен, тақуалықпен өткізіп, Жаратқаннан елге жақсылық тілеп, дұға жасады. Күннің аптап ыстығына қарамастан, Алланың мейірімінен үміт етіп, ораза ұстады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ораза тұтқан үмбетін Алланың үлкен сыйымен сүйіншілеген. «Кімде-кім Алла жолында бір күн ораза ұстаса, Алла сол пенденің жүзін тозақтан жүз жылға алыстатады», – деген хадис мұсылманға жігер мен үміт сыйлайды. Өйткені, Рамазан айында ауыз бекітудің сауабы теңдессіз. Рамазан – ізгі амалдардың маусымы болғандықтан, мүбəрак айда Аллаға ұнамды əрбір қайырымды істің сауабы еселеніп жазылады. Себебі, ыстық пен аштыққа, Аллаға жағымсыз істер мен ғайбат сөзден сақтанып, сабыр еткен пенде өмірдің кезектесіп келетін қиыншылықтары мен сынақтарына төзімділік танытатыны ақиқат. Баршамызды Ораза айт мерекесіне аманесен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. «Айт» сөзі «қарымта» деген мағынаны білдіреді. Өйткені, Жаратушы Иеміз əрбір ізгі амал мен игілікті істің иесіне қарымтасын қайтарады. Пайғамбардың (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде жұмысшы ай соңында жалақы алатыны секілді, ораза ұстаушы да Алланың нығметіне, сый-сияпатына бөленетіні айтылған. Мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Ораза айтта жүрегіміз қуаныш пен шаттыққа бөленеді, жанымыз жадырап, көңіліміз шат-шадыман күй кешеді. Баршаңызды мұсылманның ұлық мерекесімен құттықтаймын. Ораза айт мүбəрак болсын! Айт күнінде ғұсыл құйынып, жұпар иіс себініп, жамағатпен айт намазына қатысудың сауабы мол. Туған-туыстарды, көршілерді,

туралы» Жарлығына сəйкес Ақтөбе облысындағы аудандық, қалалық мəслихат депутаттары əкім сайлауына анағұрлам азаматтық жауапкершілікпен келген екен. Біз облыс экономикасында өзіндік үлесі бар өнеркəсіпті өңір Хромтау ауданында өткен сайлау барысына куə болдық. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы өз жұмысын əкімдерді сайлауды салтанатты ашумен бастады. Сайлау комиссиясына бірқатар саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың байқаушылары, кандидаттардың сенімді өкілдері де тіркеліпті.

«Егемен Қазақстан».

Жеделхат жолдады

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ораза айт мерекесіне байланысты бірқатар шет мемлекеттердің басшыларына

Қазақстан Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауыл округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауыл əкімдерінің сайлауын өткізу

Хромтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серек Сағымбаев ауданда 14 ауылдық округ жəне аудандық маңыздағы қала бар екенін жеткізді. Осы округтердің билік тізгінін ұстау үшін 44 үміткер тіркелген. Соның 19-ы əйел адамдар. Солардың ішінде

Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

бюллетеньдерді асықпай толтырып, шыққаннан кейін урнаға салып жатты. Залдағы ахуалдан сайлауды ұйымдастырудағы ілкімділік байқалып тұрды. Сайлау комиссиясының мүшелері сайлау бюллетеньдерін мұқият санап, хаттама толтырып, қорытындысын шығарды. Біз сайлаудың өту барысын қадағалап отырған байқаушылар мен кандидаттардың сенімді өкілдерімен тілдесіп, пікірлерін сұраған едік. – Сайлаудың ашықтығы қамтамасыз етілген, сайлау процестері көз алдымызда өтуде. Ешқандай кемшілік жоқ, барлығы заң аясында болуда. Жарамсыз бюллетеньдер болмағанын, пайдаланылмаған бюллетеньдердің жойылғанын көзімізбен көрдік. Жалпы сайлау жұмысы өте жақсы ұйымдастырылған. Елбасы кезінде «Біз алда ауыл əкімдерін сайлауға жетеміз» деген болатын. Міне, бұған да жеттік. Бұл демократиялық дамуға қарай тағы да бір адым ілгері басқанымызды көрсетеді. Бұл бастама алда да жетілдіріле түседі. Халықтың аманатын арқалаған мəслихат депутаттары өздеріне үлкен міндет жүктелгенін түсінгендіктен аудандық маңызы бар қала жəне ауылдық округтер əкімдерін таңдауға аса жауапкершілікпен қарады деп ойлаймын, – деді Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі Роллан Құспан. Ақтөбе облысы жастар конгресінің өкілі, байқаушы Өтеміс Көкшаев та ашық сайлау өткенін, бұл сайлауда жастардың белсенділік танытқанын жеткізді, барлығы заң аясында жүргізілгенін айтты. Бұл ауыл əкімдерінің жауапкершілігін арттыра түсетінін, олардың жұмысына серпін беретінін мəлімдеді.

қадымнан қазық қаққан өскен өңірді қадірлеп-қастерлеуге, кие тұтуға баулыды. Есейе келе ұядай ауылға деген ұлпа сезім ұлан-байтақ қазақ жеріне деген ұлағатты сезімге ұласты. Университет қабырғасында табысқан достар арқылы бəріміздің бойымызда Сарыарқаның сағымды белдері мен Алтайдың айнадай көлдеріне, Каспийдің толқын ұрған шомбал тастары мен Түркістанның күн сүйген көне күмбездеріне деген ерекше махаббат оянды.

Мен жəне менің достарым жұмыр жердегі жұмақ мекен дəп осы кең көсілген қазақ жері екенін ешбір жасандылықсыз, ешқандай боямасыз сезіндік, айрықша ұлағат тұтып келеміз. Қос формацияны қолтықтап, егемендіктің елеңалаңын көзімен көрген, көкірегімен сезінген біздің буынның қазақы патриотизмі, міне, осындай саф күйінде сақталып қалды. (Соңы 4-бетте).

Ата Заңымызға сəйкес, демо кра тиялық жолдың бір үрдісі Жетісу жеріндегі батырлар мен ақындар елі болып саналатын Жамбыл ауданында ауылдық округтер əкімдерін сайлауда жарқын көрініс тапты. Осынау тарихи маңызы зор шара Əнұранымызбен басталып, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы үміткерлерге табыс тілеумен жалғасты. Барлығы 24 ауылдық округ əкімі лауазымына 72 үміткерді демократиялық жолмен халықтың атынан аудандық мəслихаттың 16 депутаты таңдады. Республикалық, облыстық 6 ба қы лаушы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлаудың əділ өтуін жіті бақылап отырды.

АҚПАРАТТАР аєыны  «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша бірінші жарты жылдықта 4,4 мың пəтер тапсырылды. Бұл туралы кеше «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (ҚТҚЖБ) басқарушы директоры Мұрат Шəріпов мəлім етті.  Бүгін Алматыда аймақтық «Қазақстан ның үздік тауары» байқау-көрмесі болады. Осы күні салтанатты түрде байқау жеңімпаздарын марапаттау рəсімі өтіп, оның соңы концертке ұласады.  Боксшы Геннадий Головкин Қарағандының құрметті азаматы атанды. Кеше қалалық мəслихаттың кезекті ХХІІ сессиясында депутаттар осындай шешім қабылдады. Бұл тізімді осы күні физика-математика

Қазақстан көлемінде тұңғыш рет ұйымдастырылған сайлау жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру жолында демократиялық қарқынмен өтті. Мұны еліміздегі

ғылымдарының докторы, профессор Көкетай Темірғали мен бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қазбек Əшляев толықтырды.  Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында көп қабатты тұрғын үй қанат жаяды. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында жасалатын бұл жоба бойынша 60 пəтерлі 8 тұрғын үйдің орны анықталып, сызбасы дайын болды.  Өскемендегі этнобақ маңында «Ұлы Жібек жолы» аймағы бой көтереді. Онда Ежелгі Қытай мен Үндістанды еске түсіретін ғимараттар мен сауда орталықтары салынады.  Қызылорда қаласында 31 көшеге жаңадан бағдаршам орнатылады. Қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев «Нұр Отан» партиясы филиалының кезектен тыс конференциясында бұл үшін бюджеттен 17 млн. теңге бөлінгенін айтты.  Қостанай қаласының тəртіп

жаңа үрдіс ретінде бағалағанымыз абзал. Біз бұл қадамға 20 жылдан астам уақыт ұзақ жолмен келдік. (Соңы 2-бетте).

сақшылары 116 жүргіншіге қатысты əкімшілік іс қозғады. Бұл жол полицейлерінің қатысуымен екі күн бойы жүргізілген рейдтің қорытындысында мəлім болды.  Қазақстанның 8 облысында жалған ақша жасау оқиғалары тіркелді. Өткен жылдан бері қаржы полициясы органдары республика бойынша жалған ақша жасаудың 44 фактісін анықтады.  Жамбыл облысында 2 тоннаға жуық марихуана тəркіленді. Тасөткел ауылы маңындағы құмды аумақта бұрын есірткі қылмысы үшін сотты болған 38 жастағы Тараз қаласының тұрғыны осыншама есірткі затымен қолға түсті. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
08082013 by Egemen - Issuu