Грант иелерініѕ тізімі жарияланады Биыл тест сынағын тапсырғандарға берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мəселесін қараған республикалық комиссия өз жұмысын қорытындылап, грант иелерін анықтады. Еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылық асыға күтіп отырған білім беру гранттары иелерінің тізімі газетіміздің 9 тамыз, сенбі күнгі нөмірінде жарияланатын болады.
№153 (28377) 8 ТАМЫЗ ЖҰМА 2014 ЖЫЛ
Кəсіпорындар келешегі кемел
Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары одан əрі жалғасты. Сергей ГОРБУНОВ, журналист.
Бұл күні Президент бірінші кезекте Павлодар мұнай-химия зауытында болды. Зауытты аралау
барысында Мемлекет басшысы жаңа өндірістік қондырғылар құрылысына арналған алаңды көріп, мұнай химиясы зауытын жаңғырту жобасының жүзеге асу барысымен танысты.
Телефон арќылы сґйлесті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Əңгіме барысында екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастық пен еуразиялық кеңістіктегі өңірлік іс-қимыл мəселелерін талқылады. Екі мемлекеттің басшылары Ук раинадағы дағдарыстық жағдай туралы, сондай-ақ Украина президентімен түрлі форматта, соның ішінде Кеден ода ғы мүшелері мен Украина кездесуі немесе ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кезектен тыс оты рысы аясында тікелей келіссөздер жүргізу жөнінде бірлескен қадамдар қабылдау мүмкіндігі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, Қазақстан мен
Ресей Президенттері тараптардың ұстанымдарын жақындастыру үшін Əзербайжан жəне Армения басшыларының Сочи қаласында өтетін алдағы кездесуіне қатысты мəселені талқылады. Владимир Путин Нұрсұлтан На зарбаевты Ресей Федера циясының бірқатар елдерден ауылшаруашылық өнімдері мен азықтүлік əкелуді шектеу жөнінде қабыл даған қадамдары туралы хабардар етті. Бұл Ресей Федерациясының бір жақты шарасы екені жəне ол Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше өзге елдерді қатыстыруды қарастырмайтыны атап өтілді.
Қазақстан Президенті аталған жобаның маңыздылығын атап өтті, оны жүзеге асыру мұнай өнімдерінің жоғары сапалы түрлеріне деген сұранысты өтеуге мүмкіндік береді. – Зауытты жаңғырту Қазақстан үшін өте маңызды мəнге ие жəне ол индустрияландыру үдерісінің бір бөлігі болып саналады. Мұнай
білім мекемесі ашылады Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Биыл Шығыс өңірінде 58 білім ордасының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 45 нысан ағымдағы жылы есігін айқара ашады деп күтілуде. Атап айтқанда, 1 қыркүйекте облыс бойынша 14 мектеп пен 1 балабақша, 1 қазанға дейін тағы 2 мектеп ашылмақ. Бұл туралы облыстың құрылыс, сəулет жəне қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төленбергенов мəлімдеді. Білім күнінде тұсаукесері өте тін нысандар қатарында Аягөз ауданының Бидайық ауылындағы 80 орындық мектеп, Күршім ауданының Жаңаауыл, Шеңгелді, Қойтас ауылдарында, Тарбағатай ауданының Бозша, Жамбыл, Қарасу ауылдарында, Ұлан ауданының Украинка, Привольное, Алғабас елді мекендерінде, Шемонайха ауданында орналасқан Пруггерово, Медведка, Октябрьское ауылдарының мектептері, сондай-ақ, Зайсан қаласындағы 140 орындық балабақша мен 600 орындық мектеп-интернат бар. Одан кейін 1 қазанда Ұлан ауданындағы Айтықов
табыс жəне бақ-береке тіледі. Айта кету керек, Павлодар мұнай-химия зауыты мұнай өнімдерінің оннан астам түрін шығарады, кəсіпорында 3800 адам жұмыс істейді. Зауытты жаңғырту жобасы шикі мұнай өңдеу өнімділігін жылына 7 миллион тоннаға дейін ұлғайтуды, өңдеу ауқымын 90 пайыздан
Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.
● Жағымды жаңалық
15
өндіруші ел болғандықтан, біз мұнай өнімдерінің барлық түрін өзіміз өңдеуге тиіспіз, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы еңбек ұжымының өкілдерімен əңгімелесіп, жұмыс жағдайымен жəне кəсіпорынның əлеуметтік саясатымен танысты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев ұжымға жұмыста
ауылы мен Күршім ауданындағы Ақсуат ауылында 2 мектеп оқушыларды қабылдайтын болады. Ал құрылысы күрделі мəселе күйінде шешімін таппай отырған 8 нысан бар. 6 мектеп пен 2 балабақшаның құрылысын шегіне жеткізу үшін бүгінде қатаң мониторинг жүргізіліп, құрылыс алаңынан апта сайын фотоесеп жіберілуде. – Біз əр құрылыс мекемесінің жұмысын назарда ұстап отырмыз. Олардың мойындарына алған нысанды дер уақытында тапсыруын, жұмыс күшінің жеткілікті болуын қатаң қадағалаудамыз, – деді басқарма басшысы С.Төленбергенов. Шығыс Қазақстан облысы.
АҚПАРАТТАР аєыны ● Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 40 пайызға өсті. Бұл өткен жылдың қаңтар-шілдесіндегі кезеңге қарағанда, көрсеткіш 41,5 пайызға өскенін білдіреді. Осы аралықта сауда-саттық ауқымы 23 трлн. теңгені немесе долларлық эквивалентте 130,1 млрд-ты құрады. ● «Астана-Мəскеу» бағытындағы пойыздың вагондары жаңартыла бастады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ мұны ауаны желдету жүйесімен, «Жүгіртпе жол» ақпараттық тақтасымен, бейнемониторлармен жəне бейнебақылау жүйесімен жабдықталған 52 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу арқылы жүзеге асыруда. Ресейдің «Тверь вагонқұрылысы зауыты» ААҚ құрастырған құрамның штаб вагонында автоматты көтеру құрылғысы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы купесі бар.
асыруды, ал өнім сапасын Еуро-5 стандартына жеткізуді көздейді. Осыдан кейін Елбасы «KSP Steel» ЖШС-нің металлургиялық кəсіпорнына барды. Президент онда ферроқорытпа жəне шарболат өндірісін ұйымдастыру жөніндегі инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Қазақстан басшысы зауыт
өнімдері отандық өнеркəсіптегі жаңа бағыт екенін жəне оған нарықта сұраныстың барын айтты. Жаңа өндіріс болат өнімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы, кəсіпорынның жақсы перспективасы бар, деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Соңы 2-бетте).
Кеше «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ ұжымына жаңа басшы, бұрын Қоршаған орта жəне су ресурстары министрі болып қызмет атқарған Нұрлан Қаппаровты таныстырды.
Компанияєа жаѕа басшы келді Жиналғандар алдында сөз алған «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Қаппаровтың кəсібилігі туралы əңгімеледі. Өмірзақ Шөкеев жаңа басшының энергетика саласында мол тəжірибесі бар екенін, кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика жəне минералдық ресурстар вице-министрі болғанын атап көрсетті. Кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Əбішұлы «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағалығына Нұрлан Жамбылұлы Қаппаровты тағайындауды ұсынды. Оның кандидатурасын ком панияның Директорлар кеңесі де мақұлдады. Ол Қазатомөнеркəсіптің табысты жұмысын лайықты жалғастырып, компанияның қарқынды инновациялық өсуіне ықпал жасай біледі деген үміттемін, деді Қор басшысы. Ө.Шөкеев сондай-ақ, келешекте
● Астанадағы қоғамдық көліктер тегін интернетпен қамтамасыз етілді. Ол Wifi Bus атты сынақ режіміндегі жаңа жобаның іске қосылуы арқылы мүмкін болды. Осыған байланысты қалалық №1 автобус паркі 12 автобусты арнайы модеммен жабдықтады. Жаңа қондырғы жолаушының ғаламтор əлеміне еш кедергісіз кіруіне жағдай жасайды. ● Алматыда 200-ден аса дəрігер мен медбике жаңа жатақха на ларға қоныс аударады. Оңтүстік астанада олар үшін қала аумағына қосылған аумақтарда осындай тұрғынжай салынуда. Оған бюджеттен 360 млн. теңге бөлінді. ● Оңтүстік Қазақстан облысында егістік алқап аумағы 794 мың гектарға жетті. Ол өткен жылмен салыстырғанда, 22 мың гектарға артты. Бүгінгі күнге 794,0 мың га. ауыл шаруашылығы дақыл дары орналастырылды. Тамшылатып суғару əдісі биылғы 6 айда 5 317 гектарға ендіріліп,
«Қазатомөнеркəсіп» компаниясы да, «Самұрық-Қазына» қоры да Энергетика министрлігімен берік байланыста жұмыс істейтініне сенім білдірді. Мұнан соң ұлттық атом компаниясы қызметкерлері алдында жаңа басшы Нұрлан Қаппаров сөз сөйледі. Ол өзіне осындай үлкен сенім артқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын жеткізді. Қазатомөнеркəсіп – жай компания емес, «Самұрық-Қазына» АҚ-тың үздік активтерінің бірі. Президентіміз атом саласын дамытуға айрықша назар аударып келеді, мен де өзіме жүктелген қызметтерді Мемлекет басшысы алдында болсын, «Самұрық-Қазына» АҚ алдында болсын, толығымен орындап шығуға барлық күшімді жұмылдыратын боламын, деді ол.
жалпы көлемі 32,1 мың гектарға толды. ● Алматы облысында жұмыспен қамту бағдарламасы сəтті жүзеге асуда. Мəселен, 20112014 жылдары Көксу ауданында мемле кет т ік бағдарламаға 529 тұрғын қатысып, 12 инфрақұрылым дық жоба іске қосылды. Коммуналдық шаруашылықты дамытудың 9 жобасына 458 млн. 663 мың теңге бөлініп отыр. ● Алматы циркі еліміздің қалаларына гастрольдік сапармен шығады. Қазір оның əртістері көрермендерге арнап «Алтын калейдоскоп» атты жаңа бағдарлама дайындап жатыр. ● Шымкентте күн көзінен қуат алатын жол белгілері орнатылды. Қала əкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрлыбек Жеңісбектің хабарлауынша, қазіргі таңда қаладағы орталық 38 көшеде күн көзінен қуат алатын 90 белгі орнатылған. Бұл үшін бюджеттен 28 млн. теңге қаралған.
«Егемен-ақпарат».
● Қызылордада 56 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы айтқан қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мəмен облыс орталығында үйлерді тұрғызуға республикалық бюджеттен 5 млрд. 257 млн. теңге қарастырылғанын жеткізді. Бұл қаражатқа 24 көп қабатты тұрғын үй салынады. ● Ақтөбеде «Мектепке жол» акциясы жүріп жатыр. Оның барысында көп балалы отбасыларынан шыққан 12 бала 30 мың теңгенің мектепке қажетті жарақтары, спорттық жəне оқу формасына ие болды. Оларға өңірлік кəсіпкерлер палатасы мен облыстық перинаталдық орталықтың өкілдері демеу көрсетті. Акция қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Хабарлар BNews.kz, YK-news.kz, Egemen.kz, агенттіктері мен облыстық əкімдіктер сайттарының деректері бойынша əзірленді.