АҚПАРАТТАР аєыны №150 (28628) 8 ТАМЫЗ СЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Даму жоспары маќўлданып, наќты тапсырмалар берілді Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Əбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда 2016-2020 жылдарға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары қаралды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Отырыста Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының əлеуетін Мемлекет бас шысының бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыруда кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті. «Соңғы кезде осы бағдарлама бойынша 2016-2020 жылдарға дейінгі ұсыныс дайындалды. Ол ұсыныстар қазір «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарымен байланыстырылып жатыр. Сондықтан да, Премьер-Министрдің қатысуымен Үкіметте де бірнеше рет қаралды. Енді Елбасына басты ұсыныстарды енгізуі міз керек», – деді Г.Əбдіқалықова. Бұл ретте Комиссияның өткен жылғы отырысында Мемлекеттік хатшы Қазақстан əлемнің ең дамыған 30 еліне кіру жолындағы қарышты қадамы саналатын Елбасының «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты аясындағы жоғары білікті кадрларды даярлау айрықша маңызға ие екендігіне екпін берген-ді. Кешегі
отырыс та білікті кадрлар даярлау мəселесінің əлі де жетілдіріле беретінін көрсетті. Сондай-ақ, Комиссия мүшелері «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарын мақұлдады. Бұл ретте даму жоспарында көзделген «Болашақ» стипендиясын дамытуға жəне жетілдіруге бағытталған бастамалар талқыланғандығын айта кету керек. Өйткені, еліміздегі ауқымды инфрақұрылымдық даму, жаңа өндіріс орындарын құру жəне ел өңірлері арасында көлік коммуникацияларының барлық түрлері арқылы бизнес ынтымақтастықты жандандыру үшін де біліктілікке ие жоғары деңгейлі менеджерлерге деген қажеттілікті тудыратыны белгілі жайт. Сонымен қатар, жиында кезекті конкурстық іріктеудің үміткерлеріне стипендия тағайындау мəселелері жəне азаматтардың өтініштері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Г.Əбдіқалықова Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын одан əрі ұйымдастыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ќўрылыс саласындаєы жаѕа бастама Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Кəсіпкерлік қызметті реттеу мəселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Отырыс барысында құрылыс саласындағы жаңа реттегіш құралдар ықпалына жасалған талдаулар нəтижелері қаралды. Бұл жаңа бастама Ұлттық кəсіпкерлер палатасы мен салалық ассоциациялар тарапынан оң қорытындыға ие болды. Отырысқа қатысушылар келесі реттегіш құралдарды ен гізуге қолдау білдірді. Олар: тапсырыс берушінің функциясын жүзеге асыру жəне құрылыс нысандарын тапсыру бойынша құрылыс жо баларын басқару жөніндегі инжинирингтік компанияларды аккредиттеу; ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық
байқауды жəне техникалық зерттеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу; құрылыс жəне жобалау ұйым дарының инже нерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес орталықтарды аккредиттеу. Тиісті жағдайлар (өзін-өзі реттеу туралы заңның қабылдануы, жауапкершілікті белгілеу) болған жағдайда аккредиттеудің бұл түрлері келешекте бəсекелес ортаға берілетін болады. Аталған құралдарды енгізу құрылыс жобаларын басқаруға, техникалық қадағалау мен зерттеу саласына, аттестациялық орталықтар жұмысына мультипликативті əсер беретін болады.
● Өңір өмірі
Шаєалалы Шардара Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Балығы тайдай тулаған, шағаласы шаңқылдап көк аспанда ойнаған Шардара су қоймасы – Оңтүстіктің көз қуанышы. Тянь-Шань тауларындағы еріген тау суы, сансыз бұлақтардан бастау алатын көлдің суы тұщы, сары сазанының еті балдай тəтті. Шардара балығының дəмін татқан адамдар оны Шымкенттегі сауда орындарынан іздеп жүреді. Облыс əкімдігі «Балық шаруа шылығын 2015-2017 жылдарға дейінгі дамыту» бағдарламасын қабылдаған. Осы ретте Шардарада қандай шаруалар атқарылатындығы, жобалардың қаржыландыру тетіктері талқыланған. Нəтиже жақсы. Бұрын 3800 тонна балық ауланып келсе, қазір ауданда 8 000 тоннаға дейін балық ауланады. Болашақта 27 тауарлы балық шаруашылығы іске қосылмақ. Дайын өнімді Еуропа нарығына экспорттау үшін қосымша 400 млн. теңге бөлінеді. Бұл шаруаға керекті қаржы «Максимум» аймақтық ин вес тициялық орталығынан берілмек. Шардарада облыс əкімдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңесте осындай жағдаяттар айтылды. Семинарға қатысушылар «Хамит» селолық тұтыну кооперативінің 387 гектар аумақты алып жатқан балық шаруашылығында болды. Мұнда балықты қабылдап алғаннан тазартып, филесін мұздатқышқа салып, дайын өнімді қораптарға қаттауға дейінгі процестер атқарылады. Шардарада су қоймасы балық шаруашылығынан табыс табудың үлкен мүмкіндігін көрсетіп отыр. Үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясында тағы екі шағын балық
Грант иелерініѕ тізімі жарияланады
Биыл тест сынағын тапсырғандарға берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мəселесін қараған респуб ликалық комис сия өз жұмысын қоры тын дылап, грант иелерін анықтады. Еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылық асыға күтіп отырған білім беру гранттары иелерінің тізімі газетіміздің 11 тамыз, сейсенбі күнгі нөмірінде жарияланатын болады.
Жылыту маусымына тыѕєылыќты дайындалу ќажет Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев алдағы жылыту маусымына дайындық мəселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі. Нысандарды 2015-2016 жылдардағы жылыту маусымына дайындау коммуналдық қызметтермен келісілген кестеге сəйкес жүзеге асырылуда. 2015 жылға 9 энергия блогына, 59 энергетикалық қазандыққа жəне 47 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Тамыздың басына қатысты 4 энергоблоктағы, 30 қазандықтағы жəне 20 турбинадағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Жылумен жабдықтау желілерінің жылыту маусымына дайындығы 60 пайызды, білім беру
нысандарында – 79, денсаулық сақтау мекемелерінде – 75, тұрғын үйлерде 63 пайызды құрайды. Қуаты сағатына 100 Гкал.-ға дейінгі жылу көздеріне қажетті отын алдағы жылу маусымына 1 883 мың тонна көмір мен 230 мың тонна мазутты құрайды. Сонымен бірге, қазірдің өзінде 591 мың тонна көмір жəне 54 мың тонна мазут дайындалған. Кеңес қорытындысы бойынша, Бақытжан Сағынтаев Энергетика министрлігіне электр стансаларының алдағы жылу
Айбыны асқақ Ата Заң асуы
Еуропа тығырықтан шығар жол іздейді
Бїгінгі нґмірде:
3-бет
4-бет
беру кезеңіне дайындығы, отынның нормативтік қорын жинақтау барысына тұрақты мониторинг ұйымдастыруды тапсырды. Облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының əкімдіктеріне əкімдердің жауапты орынбасарларын бекіте отырып, бүкіл жөндеу науқандары мен жоспарланған іс-шаралардың толық орындалуын, коммуналдық сектор мен əлеуметтік саланың барлық нысандарын жылыту маусымына уақтылы дайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ, дебиторлық борышты төмендету жəне коммуналдық қызмет үшін ағымдағы борыштардың өсуіне жол бермеу жөнінде тапсырма берілді.
Геодинамика – қауіпсіздік туралы ғылым 7-бет
● «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қыркүйекте тұрғын үйге қа тысты өтініштерін қабылдауды бастайды. Бұған «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сəйкес келетін тұлғалар қатыса алады. ● Алматыда Шекара қызметі академиясының жаңа оқу нысанының іргетасы қаланды. Оқу бекеті болашақта ҚР ҰҚК Шекара қызметімен Қырғызстан, Тəжікстан жəне Ауғанстан мем лекеті үшін шекарадағы бақылау-өткізу бекеттерінде қызмет атқаратын кəсіпқой офицерлерді даярлауға пайдаланылады. Айта кетейік, жоспар бойынша құрылыс биылғы жылдың қазан айында аяқталады. ● Қарағанды облысының Теміртау қаласында металл бұйымдарын шығаратын цех іске қосылды. Жобаның құны 302,1 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ, цехта жаңадан 20 жұмыс орны ашылды. ● Ақтөбеде 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 9,3 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба іске қосылады. Сонымен қатар, биыл 5,1 млрд. теңгеге 5 жобаны аяқтау жəне олардың базасында 220 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. ● Батыс Қазақстан облысында агроөнеркəсіп кешенін дамытуға 2 млрд. 450 млн. теңге қаралды. Бұл қаражаттың 7 млрд. 258,5 млн. теңгесі агроөнеркəсіп кешенін дамытуға жəне азықтүліктік, ветеринариялық, фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қарастырылған.
зауыты мен бір балық өңдеу цехы іске қосылу үстінде. Балық кəсіпорындары шабақтарды көл аумағындағы торда өсіру əдісін меңгеріп алған. Браконьерлердің шабақтарға дейін сүзіп алатын қытай торында кетпейді, көлдің көркіне айналып көбейеді. Бұл қанатқақты жобаның осындай ерекшеліктері бар. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс əкімі Асқар Мырзахметов тағы бір күрделі мəселенің түйінін тарқатып қайтты. Шардара – Оңтүстіктің облыс орталығынан ең алыс ауданы. Жолдар жөндеуден өтті дегенмен, машинаға ұзақ. Кеңес өкіметі дəуірлеп тұрған шағында Шымкент–Шардара бағытында АН-24 сияқты ұшақтар қатынаған. Асқар Мырзахметов ескі əуежайда болды. Ұзындығы 1625 метр, бетондалған аумағы 75 мың шаршы метрді құрайтын аэропорт
кешені қайта қалпына келтірілу үшін күрделі жөндеуден өтеді. Облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жəне жолаушылар көлігі басқар ма сының басшысы Нұрлан Алдамжаров: «Жұмыс тобын құру жөнінде облыс əкімі шешім шығарды. Əуе жайды қай та құрылымдау жұмысы бір ай көлемінде басталып, екі айдың ішін де аяқталуы тиіс. Бұл шаруаға 200 млн. теңге жұмсалмақ. Жөндеу жұмыстары «Оңтүстік СПК» арқылы жүргізіледі. Алла жазса екі айдан кейін Шардараның əуежайы алғашқы ұшақтарын қабылдайтын болады», деді.
Шардара – шалқар көл. Жағалауы шаңсыз алтын құм. Демалыс орындары көп. Басқа облыстардан да адамдар келіп көлге түсіп, балық аулап күнге қыздырынып рахаттанып жатады. Яғни, ішкі туризмді дамытуға нағыз лайық жер. Ал туризм дегеніңіз – қазынаға құйылған қаржы, қосымша жұмыс күші. Шағаласы шарқ ұрған Шардара аспанында енді күміс қанат ұшақтар да жиі көрінетін күн алыс емес. Аудан əкімі Қамытбек Айтөреев болашақта Алматы, Астанадан да əуе кемелері Шардараға қатынайды дейді. Оңтүстік Қазақстан облысы.
● Атырау облысында Ас тра хань–Маңғыстау су құбырының жұмысы қайта жанданды. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың хабарлауынша, енді аталған құбыр арқылы ауызсу тұрғындарға қалыпты технологиялық режімде жеткізілетін болады. ● Петропавлда алдағы оқу жылы қарсаңында 36 мектепке жаңа оқулықтар сатып алу үшін қалалық жəне республикалық бюджеттен 156 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, білім бөлімі 14 баспаханамен келісімдер орнатып, қаладағы мектептерді 100 пайыз оқулықпен қамтуға қол жеткізді. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
АДАМЗАТТЫЅ АБАЙЫ
Адамзатқа алыптарды сыйлаған қасиетті Шығыс өңірі Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойын лайықты деңгейде атап өтті. Əлбетте, елімізде мерейтойлар 25 жыл сайын өтетіні белгілі. Қазақ халқының кемеңгер перзенті Абайдың туғанына 170 жыл толып жатқан кезде, қабырғалы елдің ақын мерейтойын өз дəрежесінде өткізуі орынды. Бұл – тарихи тағылымымен есте қаларлық ерекше мереке. Сан тараптан жиналған жұрт Жидебай жеріндегі ұлы баба тыныстаған ауаны жұтып, хакімнің ғибратты сөздерінен сана сергітіп, ой түйіп аттанды. «Абай əлемі» атты музыкалық кеште қазақтың зор дауысты майталман əншісі,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шаһимардан Əбілов Семей жұртшылығына Абай əндерінен шашу шашса, белгілі абайтанушы Ғарифолла Есім хакім жөнінде тұщымды ойларын ортаға салды. Семей шаһарында Абай əндерімен басталған мерейтойдың маңызды бөлігі – «Абай жəне əлемдік өркениет» атты халықаралық ғылымитəжірибелік конференциямен жалғасты. Конференция жұмысына облыс əкімі Д.Ахметов, Сенат депутаты С.Плотников, академик Ғ.Есім, Назарбаев Университеттің вице-президенті Х.Дайырова, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Ұ.Есдəулет жəне алысжақын шетелдерден келген ғалымдар мен зиялы қауым қатысты.
Дала данасыныѕ дархан тойы Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан».
– Тəуелсіз Қазақ елі əлемдік өркениет көшіне жол тартқан тарихи кезеңде хакім Абайдың асыл мұралары болашаққа жол бастап, темірқазық болып отыр, – деді жиынды жүргізген Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Шəріпбек Əмірбек. Түркиядан келген мейман, Қазақстанның Түркиядағы Төтенше жəне өкілетті елшісінің кеңесшісі, Абай өлеңдерінің аудармашысы Зафер Кибар ислам дінінің қалыптасуы, түркі əлемінің исламды қабылдауы жөнінде айта келіп, Абай мен оның жауһар туындыларын Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік», Юсуф Хас Хажиб Баласағұнның «Құтадғу білік», Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» атты мұрасынан кейінгі ұлылар еңбектерінің жалғасы екендігін айтты. – Заманауи қазақ ұлтын қалыптастырған ұлы тұлғалардың бірі – Абай. Қыпшақ түркілерінің ең үлкен бөлігі болып табылатын қазақ ұлтының тілі ХІХ
ғасырда əдеби тіл ретінде асқақтай көтерілді. Абай қазақ тілін араб, парсы, орыс жəне көне түркі тілінен алынған сөздермен байытты. Тарихымызда біздің қолымызға жетпеген мыңдаған жазбаша
еңбектер болғандығы аян. Ұлы түркі мəдениетін дəлелдейтін құнды дүниелердің аздаған бөлігі ғана сақталып қалды немесе əлі жер астында зерттелуін күтіп жатыр. Міне, Абай еңбектері
осы даңқты тарихтың, керемет мəдениет жиынтығының өз дəуіріндегі құзар шыңы, – деді Түркиядан келген қонақ. (Соңы 5-бетте).