Қытай елінің басшысы Си Цзиньпиннің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары өзара ынтымақтастықты жаңа тарихи белеске көтеретін орасан мəнді оқиғаға айналды.
№207 (28146) 8 ҚЫРКҮЙЕК ЖЕКСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Ќазаќстан-Ќытай:
Ґзара ынтымаќтастыќ жаѕа тарихи белеске кґтеріледі
Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Бүгінгі күні Шығыстағы алып көршімізбен арадағы екіжақты да, көпжақты да, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі де қарым-қатынастар өзара түсіністік, мүдделестік жəне
құрмет пен сыйластық негізінде дамып, тереңдеп келеді. Қытай елінің басшысы кеше Астанадағы бағдарламаны «Отан-Ана» монументіне гүл шоғын қойып, тағзым етуден бастады. Мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин Ақордада
ресми қарсы алу рəсімі аяқталған соң шағын құрамда кездесті. Бұл кездесу екі сағатқа жуық созылды. Ақордада өткен келіссөздер барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин екі елдің арасындағы жанжақты стратегиялық серіктестікті одан əрі тереңдету перспективаларын қарастырды. Атап айтқанда, сау да-экономикалық, инвестициялық, агроөнеркəсіптік, шекаралық,
Жаќын кґрші алыс туыстан артыќ
мəдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыру мəселелері, сондай-ақ халықаралық күн тəртібі мен өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мəселелері талқыланды. Қазақстан Президенті шағын құрамдағы кездесу барысында Си Цзиньпиннің тарихи сапарына зор мəн беріліп отырғанын атап өтті. Одан əрі кездесу екі жақтың ресми делегациясы мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда
жалғасты. Онда екіжақты ынтымақтастықты сауда-экономикалық, инвестициялық, агроөнеркəсіптік, шекаралық, мəдени-гуманитарлық салаларда жандандыра түсу мəселелері қарастырылды. Сондай-ақ, халықаралық жəне өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мəселелері талқыланды. Кеңейтілген құрамдағы кездесуді ашқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си
Тиімді келісімдер
іскерлік байланыстардыѕ тынысын ашады Кеше Астанада Қазақстан – Қытай іскерлік кеңесінің құрылтайшылық отырысы болды. Ол Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен өтті. Сондай-ақ, отырысқа екі елдің ұлттық компаниялары басшылары мен іскер орта өкілдері қатысты. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Назарбаев Университетінде болды. Мемлекет басшылары университеттің қызметімен танысып, студенттермен кездесті. Си Цзиньпин олардың алдында Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы саяси басымдықтары жəне Қазақстанмен арадағы екіжақты ынтымақтастық тақырыбында дəріс оқыды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміз Қытайдың Қазақстанмен жəне өңірдегі өзге елдермен
қарым-қатынасын нығайтуға ұмтылысын қолдайтынын атап өтті. – Біз Санкт-Петербургте өткен G20 саммитінен енді ғана оралдық. Онда екі күн бойы дағдарыс
кезіндегі жəне дағдарыстан кейінгі кезеңдегі əлемнің қаржыэкономикалық архитектурасының проблемалары қызу талқыланды. Тəуелсіз Қазақстан мен ҚХР қарым-қатынасының жаңа тарихы өте тəнті етеді. 1700-ден астам шақырымға созылатын біздің ортақ шекарамыз достық пен өзара іс-қимылдың шекарасы болып саналады, – деді Қазақстан басшысы. (Соңы 2-бетте).
Цзиньпин сапарының маңызы зор екенін атап өтті. Қазақстанға келген сапарыңызға құтты болсын айта отырып, мен Сіздің алғашқы мемлекеттік сапарыңыз екі елдің арасындағы ынтымақтастықты жанжақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтереді деп сенемін, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Одан əрі Елбасы шағын құрамдағы кездесудің қорытындыларына тоқталып, онда ашық жəне
Қатысушыларға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қытайды сенімді серіктес жəне тату көрші ретінде жоғары бағалайтынын атап өтті. Дипломатиялық қатынастар орнаған кезден бастап біздің елдеріміз екіжақты экономикалық ынтымақтастықта айтарлықтай нəтижелерге қол жеткізді. Өткен жылы өзара сауда көлемі 24 миллиард доллар болды. Ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында соңғы жылдары өзара іс-қимылдың түрлі тетіктері қалыптастырылды жəне табысты жұмыс істеп келеді. Олардың қатарында ҚазақстанҚытай комитетінің Ынтымақтастық жөніндегі қызметі мен тұрақты өткізіліп тұратын үкімет басшылары деңгейіндегі кездесулер анағұрлым маңыздысы болып саналады. Өткен жылдарда біз екіжақты ынтымақтастықты одан əрі дамытуды реттейтін байыпты шарттық-құқықтық база құра білдік. Бұл 170-тен астам үкіметаралық жəне ведомствоаралық құжатты қамтып отыр, деді Елбасы. Қазақстан Президенті елімізде инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған заңдар қабылданғанын да арнайы атап өтті. Олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетіледі. «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының, «Сарыбұлақ-Зимұнай» жəне «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырларының құрылысы табысты
инвестициялық өзара іс-қимылдың тағы бір мысалына айналды. Қазіргі уақытта біз жаңа Жібек жолын жаңғыртудамыз. Бүкіл еліміз бойынша «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистральді көлік дəлізін, жаңа автомобиль жəне темір жолдарды, теңіз терминалдары мен логистикалық орталықтарды салып, құрып жатырмыз, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан басшысы Ұлы Жібек жолын жаңғыртудың тағы бір тəсілі ақпараттық технологиялар саласындағы транзиттік əлеуетті ашу болатындығы жөнінде пікір білдірді. Азия мен Еуропа арасындағы телекоммуникациялық арналарға сұраныстың артып отырғанын ескеріп, Қазақстан ақпараттар ағыны үшін мейлінше қолайлы жəне барынша қысқа бағыт ұсынуға дайын, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы Іскерлік кеңесті құру екі ел бизнесінің арасындағы байланыстарды кеңейтудің тиімді жалғасы болатынына тоқталды. Менің ойымша, онда елеулі экономикалық əлеует бар. Бұл құрылым қызметтің ашық форматына ие бола отырып, екіжақты сауда-экономикалық қарымқатынастарды тереңдетуде пəрменді шараларды қабылдауға тиіс, деп бір қайырды. Қазақстан Президенті Іскерлік кеңестің аясында салалар мен өндірістерді дамыту жобаларын жүзеге асыруға арналған инвестициялық жəне жол карталарын жыл сайын əзірлеп, қабылдауды ұсынды. (Соңы 2-бетте).
сенімді пікір алысу болғанына ризашылығын білдірді. Осыдан кейін Президент Си Цзиньпинді ҚХР-дің алдағы болатын мемлекеттік мерекесімен құттықтады. Мен Сізді алда келе жатқан Қытай Халық Республикасының құ рыл ған күнімен құттықтаймын. Тəуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап Қытаймен арамызда дамып келе жатқан тату көршілік қарым-қатынасымыз бен серіктестігіміз біз үшін басым бағыт болып табы лады. Сіз бен жүргізген келіссөздеріміз елдеріміздің достығын, халықтарымыз арасындағы ынтымақтастық пен сенімді мүлде жаңа биікке көтеретініне сенімдімін, деді Қазақстан басшысы. Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға келіп қайтуға шақырғаны үшін алғысын айтты. Мен бұл сапарды көптен армандаған едім, бүгін сол арманым орындалды деуге болады. Əуежайға өзіңіз келіп қарсы алғаныңызды мақтан етемін. Осы орайда, жылы қабылдауыңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіргім келеді. Сіздің көрікті қалаңызды кеше бірге аралап көрдік. Ұлттық сипат пен нақыштағы заманауи ғимараттарды бірге тамашаладық. Шынында да, он жылдан сəл астам ғана уақытта дала жауһарындай болған жаңа қала тұрғызылған екен. Мұның бəрі терең символдық мəнге ие, өйткені, Астана жас республикаларыңыздың дамуының көрінісі, деді ҚХР Төрағасы. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық жəне өңірлік ұйымдардағы өзара іс-қимылдың маңызды тұстарына қатысты пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Си Цзиньпиннің сапары Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеретініне сенім білдірді. Қытаймен ынты мақтастықты дамыту біздің сыртқы саясатымыздың басымдығы екенін тағы бір рет айтқым келеді. Сіздің сапарыңыз екі елдің өзара байланысын жақсарту мен тереңдетуді мақсат еткен мемлекет басшылары тұрақты кездесулерінің дəстүрлі жалғасы, деді Қазақстан басшысы. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің үкіметтері, парламенттері, саяси партиялары арасындағы байланыстардың игі дəстүрге айналғанын атап өтті. (Соңы 2-бетте).
Ќазаќстан Президентініѕ ќазаќстандыќтарды Отбасы кїні мерекесімен ќўттыќтауы Құрметті отандастарым! Елімізде алғаш рет Отбасы күні бекітілді, ол Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін болады. Мен барлық қазақстандықтарды шын жүректен жаңа мерекемен құттықтаймын! Біздің қоғамда отбасы əрқашанда рухани жəне мəдени дəстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды жəне солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлізайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тəрбие – бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі. Отбасылық құндылықтарды, көпбалалықты насихаттау – біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі. Тəуелсіздік жылдары 6 миллионнан аса қазақстандық дүние есігін ашты. Ал еліміз азаматтарының жалпы саны 17 миллионнан асты. Бұл Қазақстан Республикасындағы отбасылықдемографиялық саясаттың дұрыстығының, халқымыздың əл-ауқатының артқандығының барынша айғағы. Отбасы күні барша қазақстандықтарға амандық жəне баянды отбасылық бақыт тілеймін. Əрбір қазақстандық отбасының өркендеуімен біздің Қазақстанымыз, біздің Отанымыз нығая берсін. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. –––––––––––––––––––––––––––––––––––– (Отбасы күні мерекесіне арналған топтаманы 4-беттен оқисыздар).