08092015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№170 (28648) 8 ҚЫРКҮЙЕК СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Босќындар барєан сайын бой бермей барады 4-5-беттер Халќымыздыѕ ќилы тарихы 7-бет Ќазаќы тґбет пен тазы – ќўндылыќтарымыздыѕ бірі 11-бет Бразилиядан жеткен ќуаныш 14-бет

АГРОКЕШЕННІЅ БАРЛЫЌ БУЫНЫ ДАМУЫ ТИІС

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше жұмыс бабындағы сапармен Ақмола облысына келді. Мемлекет басшысы Зеренді ауданындағы «Викторовское» ЖШС ауыл шаруашылығы кəсіпорнының егістік алқабында көршілес Ақмола, Қостанай жəне Солтүстік Қазақстан облысы əкімдерінің қатысуымен агроөнеркəсіп саласын дамытуға қатысты мəжіліс өткізді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Елбасы алдымен «Викторовское» ЖШС ауыл шаруашылығы кəсіпорнының астық ты алқаптарын аралап, аудандасты рылған дəнді дақылдар мен мал азығындық екпе шөп жəне

заманалық техникалар тізбесі қойылған көрмені аралап көрді. Мемлекет басшысына биылғы астық дақылдарының ахуалы мен жиын-терін науқанының барысы жөнінде баяндалды. «Викторовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бидай, майлы дақылдар өндірумен жəне

мал шаруашылығымен айналысады. Мұнда астықтың жиынтық көлемі 2014 жылы 13 мың тоннадан асқан. Былтыр егіннің орташа шығымы гектарына 16,3 центнерден айналды. Кəсіпорынның ет өндіру бағытындағы 300 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Елбасы агрокешен қызметін бүгінгі нарықтық талаптарға бағыттай білген шаруашылық ұжымына тілектестігін білдірді. Ел Президенті Н.Назарбаев елімізде егін орағы науқаны жоспарлы түрде жүріп жатқанын, ауа райы біршама қолайлы болады деген үміт барлығын тілге

тиек етіп, астықты алқаптың 75 пайызы орналасқан солтүстік облыстардың əкімдерін бүгінгі жиынға арнайы шақыртқанын айтты. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдау шаралары жүзеге асырылуда, мəселен, субсидиялау үш есе өсті. Қайтарым бар. Алдағы міндеттер де ауқымды. Дала қосындағы дəстүрлі мəжілісте бұл туралы кеңінен айтылуы тиіс. Биыл салалық жалпы өнім көлемі 26,5 пайызға өсіп, 2,5 триллион теңгені құрады, – деді Ауыл шаруашылығы ми нис трі Асылжан Мамытбеков. Са ла ға құйылған инвестиция да екі есе

артып, 173,3 миллиард тең геге жетті. Осының арқасында республикамыздың агроөнеркəсіп кешені өзіне қойылған міндеттерді атқа руда серпінділік танытып отыр. Биыл республика диқандары 14,9 миллион гектарға ырыздық дақылдарын септі. Бүгінгі күні 3,4 миллион гектардың астығы жиналды. Бұл – барлық алқаптың 22,7 пайызы. Астықтың басым бөлігі орналасқан солтүстік облыстарда егін шығымдылы ғы жақсы. Науқандық жұмыс тарға тыңғылықты əзірлік жасалды. Астық комбайндарының 99 пайызы дайындық

 Еңбегімен еленген

Жоспар наќтыланатын болады Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен палата бюросының отырысында Сенаттың 10 қыркүйекте болатын кезекті отырысының күн тəртібі қаралды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Сенаторлар бірқатар халықаралық құжаттарды, атап айт қанда, Қазақстан мен Румыния арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты, Қазақстан мен Болгария арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты, сондай-ақ, Қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы америкааралық конвенцияны ратификациялауды жоспарлап отыр. Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай заң жобаларының палата отырысына əзірлігі туралы баяндады. Бюро мүшелері Сенаттың

2015 жылға арналған шаралар жоспарына өзгерістерді де бекітті. Түзетулерге сəйкес, бірқатар үкімет сағаттары, Сенат комитеттерінің көшпелі отырыстары, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен мемлекеттік органдар басшылығымен кездесулер болмайтын болды. Кейбір шаралар кейінірек уақытқа шегерілді. Палата Төрағасы Қ.Тоқаев бұдан бұрын айтқандай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың институттық реформаларын қамтамасыз ету жөніндегі заң жобалары бойынша жұмыстардағы берілген басымдықтарды ескере отырып, депутаттарға жоспарларды нақтылау ұсынылды.

Əлеуетті елмен əріптестік арта тїседі Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Отанымыздағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Кэролин Браунмен кездесті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Кездесу барысында Гүлшара Əб діқалықова Қазақстан мен Ұлы британия арасында қарымқатынастардың серпінді дамып жатқанын атап өтіп, біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік таяу аралықта жаңа сападағы деңгейге шығатынына сенім білдірді. Іскерлік байланыстарды тереңдетуге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес институттық реформа аясындағы «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру кең мүмкіндіктер ашпақ. Алда тұрған мемлекетті, эко номиканы жəне қоғамды

кезең-кезеңімен жаңғырту шеңберінде Мемлекеттік хатшы отандық экономиканы əртараптандыруға жəне Қазақстанның «жасыл технологияны» пайдалануға көшуіне серпін беретін 2017 жылы Астанада «Бола шақтың энергиясы» тақырыбында өтетін «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесінің маңыздылығын атап өтті. Бұл орайда Ұлыбританияның «ЭКСПО-2017»ге қатысуы аталған елдің өзінің жоғары ресурстық жəне энергия сақтаушы технологияларын əзірлеу жəне енгізу саласын паш етуіне ерекше мүмкіндік бермек. (Соңы 2-бетте).

сапына қойылған. Мемлекет тарапынан 9,4 миллиард теңгенің жеңілдетілген жанар-жағармайы бөлінді. Оның үстіне, биылғы жылы өнімділігі жоғары 400-ден астам комбайнның сатып алынуы ел байлығын ысырапсыз жинап алуға мүмкіндік береді. Қазіргі болжам бойынша ел аумағында гектар түсімі 11,7 центнерден айналады деп күті луде, деді А.Мамытбеков. Сондай-ақ, министр элеватор лар мен астық қабылдау кəсіп орын дарының науқанға толық дайын екендігін баяндады. Мұның үстіне, биыл 1,1 миллион тонна сый ым дылықтағы

астық қоймасы пай да лануға берілгендігі атап өтілді. Ауыл шаруашылығы министрі сала ауқымында шешімін табуға тиісті мəселелердің барлығын да атап өтті. Мəселен, сақтандыру ісін жетілдіруге қатысты жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, субсидияның түрі мен көлемі өсуіне орай аталған жұмысты автоматтандыру қолға алынған. Мұнда түпкі қайтарым нəтижесі назарда ұсталмақ. Жер қатынастарында да жедел қолға алынатын істер бар. Оны нарықтық айналымға қосудың тетігі қалыптасып келеді. (Соңы 2-бетте).

 Мемлекет мерейі

Алматыдағы əл-Фараби мен Фурманов даңғылының қиылысындағы ерекше шеберхананың атақ-даңқы Қазақстаннан тыс жерлерде де жақсы танымал. Мұнда ағайынды темірші-ұсталар Махмұт, Айтберген, Мұхит Жетенұлы еңбек етеді. Қалалық мəдениет басқармасының ұйымдастыруымен алматылық бұл шеберлер бас болып, құрамында 50 қолөнер шебері бар топ Астанаға аттанып кетті. Осыған орай ағайынды шеберлердің ортаншысы Айтберген Жетенұлын əңгімеге тарттық.

АЌИЫЌ

Аєайынды їш шебер Астанаєа ќару-жараќ їлгілерін алып кетті

– Айтеке, Астана сапарының мақсат-міндеті туралы айтыңызшы? – Халқымыз үшін аса маңызды оқиға – Қазақ хан дығының 550 жылдығы салтанатына орай Астана тұрғындары мен қонақтарына шеберлердің қолынан шыққан бұйымдарды

көрсетіп қайтпақпыз. Бір сөзбен айтқанда, халықтық мұраны – халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарын көрсету арқылы насихаттауға атсалысып жатырмыз. – Ағайынды шеберлер көрермендерге қандай бұйымдар көрсетеді?

– Біз о бастан қазақ хал қының жауынгерлік құралсаймандарын жасаумен айналысамыз. Ол біздің бабамыз Омар ақсақалдан бері қарайғы ұрпағы арасында дəстүрлі түрде жалғасын тауып келеді. Қаружарақ пен қалқанның барлығын қосқанда 50 түрін буып-түйіп алып бара жатырмыз. Бəрін де өз қолымыздан жасап шыққанбыз. Астанада бізге арнап үлкен бір киіз үй тігіп қойыпты... – Қару-жарақ туралы айтуға жеңіл болғанмен, оны жасау оңай еместігі белгілі. Омар аталарыңыздың ұрпағына қалдырған мұрасын жаңғыртып қою жағын да ой лас тырып отыратын шығарсыздар? – Жасалынатыны бір қару болғанымен, оның өмірге келу жолдары əрқилы болып келетіні бар. Сол себепті де біз бұл салада халықтық мұраларды терең зерттеп, оқып, ілімімізді жетілдіріп отырмыз. (Соңы 2-бетте).

Айымбетов єылыми баєдарламасын орындау їстінде Айдар ӨРІСБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Халықаралық ғарыш стансасындағы экспедиция құрамындағы қазақстандық ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетов ғылыми бағдарламасын орындау үстінде. Ғарыш экспедициясын жүзеге асыру кезінде Айдын Айымбетов ғарыш кемесінің жекелеген жүйелерін басқару, сондай-ақ, Халықаралық ғарыш стансасының бортында «Қазғарыш» агенттігі

əзірлеген зерттеулер мен эксперименттерінің бесінші ғылыми бағдарламасын іске асыру міндеттерін орындайды. Бұл бағдарлама «Мир» орбиталық кешенінің жəне халықаралық ғарыш кешенінің бортында Тоқтар Əубəкіровтің қатысуымен бір рет жəне Талғат Мұсабаевтың қатысуымен үш рет орындалған болатын. Айдын Айымбетов енді сол зерттеулерді жалғастыруда. (Соңы 6-бетте).

 Бəрекелді!

Ќазаќстан боксшылары – Азияныѕ алды Қазақстан былғары қолғап шеберлері өзінің кезекті тамаша жеңісіне қол жеткізді. Қыркүйектің 5-і күні Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында мəреге жеткен бокстан Азия чемпионатында еліміздің 6 боксшысы алтын медальдің иегерлері атанды. Сөйтіп, осыдан екі жыл бұрынғы құрлық біріншілігіндегі табысын қайталап, командалық есепте тағы да бірінші орынға орналасты. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Жерлестеріміз арасынан бұл атаққа бірінші болып 52

килоға дейінгі салмақтағы Олжас Сəттібаев жетті. Ол ақтық сында Өзбекстанның соңғы жылдардағы басты үміттерінің бірі Шахоббидин Зоировпен күш

сынасты. Шайқастың басы екі жақтың бір-біріне барлау жасауымен өтті. Соның арасында да Олжастың шалымдылығы көзге ұрып тұрды. Мұны төрешілер

де лайықты бағалады. Ал екінші раундта қарсыластар ашық ұрысқа көшіп кетті. Осы толассыз жұдырық сілтестің барысында тағы біздің боксшы бір сүйем болса да алда екенін танытып үлгерді. Соңғы раундта ол есесі кетіп бара жатқан бəсеке ле сі нің өршелене алға ұмтылған екпінін дəл соққыларымен басып, шабуылдың бетін

салқынқандылықпен қайтарып отырды. Осы ұстамдылық қазақстандық қыранды абырой асуына шығарды. Төрешілердің үш раундтағы берген бағасы (29:28, 29:28, 29:28) бойынша Олжас 3:0 есебімен талассыз жеңіске жетті. Осылайша ол 2009 жылы Азия чемпионатында қол жеткізген қола жүлдесін арада алты жыл өткенде алтын медальға айналдыра білді. (Соңы 10-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.