Бїгінгі нґмірде: Жаѕа дəуір басталды!
№192 (28670) 8 ҚАЗАН БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Абай елініѕ Жамбыл жўртына тартуы Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Дүбірлі той қарсаңында жыр алыбы Жамбыл жерінде əлем таныған Абай ескерткіші орын тепті. Шығысқазақстандықтар тағылымы мол тойға осындай тарту жасады. Көне Тараз қаласының қақ төрінен орын алған ұлы ақынның ескерткіші өткен-кеткенге ұлағаты мен ғибратын ұқтырып тұратыны анық. «Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік – ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дəулет ортақ болса екен дейді. Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес... «Ырыс алды – тірлік» дейді, ол қай тірлік? Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде əлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады». Абай атамыз алтыншы қарасөзінде осылай деп толғапты. Ұлы ақынның бірлік пен ынтымақты ту еткен терең де мағыналы асыл сөздері атадан балаға, немереден шөбереге үзілмей сақталып, өз қасиетін жойған емес. Иə, шынында бұл тойдың тарихта қалар орны, сипаты, ізі болу керек. Жамбыл жері ежелден ұлттық бірлікті санада сақтаған, татулықтың ордасы болған өңір. Тараз төрінде терең тарихымызды ұлықтауға бағытталып жатқан осынау тірліктердің бəрі көне қаланың жаңа заманға сай келбетін, сəулетін жасап, ажарын ашып, ел өткенін түгендей түсетіні анық. Тараз қаласындағы ең үлкен даңғыл Абай атымен аталады. Енді, міне, сол даңғылдың бойындағы Абай сквері қайтадан жаңғыртылып, еңселі ескерткішінің бой көтеруі қала халқын тағы бір қуантып тастады. Жалпы, еліміздің қай өңірі де Тараз жеріндегі торқалы тойға хал-қадерінше тарту-таралғы жасады. Оларды Қазақ хандығы 550 жылдығының біздің қаламызда бүгін өтетін салтанатты ісшаралары кезінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар тамашалайтын болады. Жамбыл облысы. ––––––––––––––
Реформаларды жїзеге асыру – ортаќ міндет Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен кеше палатаның кезекті жалпы отырысы болып, онда он тоғыз мəселе қаралды. Отырыс барысында Елбасының Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету туралы тапсырмасының алғашқы кезеңін қорытындылаған Төраға палата заңнамалық қамтамасыз ету тапсырмасының алғашқы кезеңін табысты орындағандығын жеткізді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Мəжіліс алты аптаның ішінде 55 заң жобасын қарап, мақұлдаған. Палатаның 20 жылдық тарихында болмаған бұл теңдессіз еңбек депутаттар мен аппарат қызметкерлерінің жоғары жауапкершілігі мен жұмыла жұмыс істеуінің нəтижесі екендігі ерекше аталды. Бұл ретте Төраға жедел заң жобалары бойынша негізгі салмақ бас комитеттер мен жұмыс топтарына түскендігін тілге тиек ете келіп, 534 жұмыс тобының жəне 22 бас
комитеттің кеңейтілген отырыстары өткендігін жеткізді. Жəне де күн сайын 30-ға жуық басқосу болып, сенбі-жексенбі күндері де қарқынды жұмыс атқарылған. Төраға Президенттің Ұлт жоспарына арналған заң жобаларын 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізу туралы тапсырмасын орындау барысында бірлесе əрі жедел, тиімді жəне сапалы жұмыс атқарғаны үшін Үкімет мүшелеріне, депутаттарға, Мəжіліс аппаратының қызметкерлеріне алғысын білдірді. (Соңы 3-бетте).
Оќырман назарына! «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу үшін, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.
Оймақтай ой Бүгін – өткеннің нəтижесі əрі болашақтың бастамасы. Виссарион БЕЛИНСКИЙ.
Уақыттан жүйрік ештеңе жоқ, тарих тұрғысынан таразылайтын болсақ, еліміздің қазіргі дамуының əрбір жылы кей сəтте онжылдықтардың жүгін арқалап отырғаны əмбеге аян. Қазақстан Республикасы егемендігін алған кезден бастап өзінің əлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық даму жолында елеулі табыстарға қол жеткізіп, əлемдік қоғамдастықтың жалпы жұртқа танымал, мойындалған мүшесіне айналды. Дүниежүзі «қазақстандық даму жолы» жөнінде, байыпты прагматизмге негізделіп, мемлекетіміздің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделері нақты ескерілген ерекше тұжырымдама туралы айта бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев атап өткендей, еліміз жиырма жылдан асар-аспас аз уақыт ішінде өз дамуының бірнеше кезеңін бастан кешірді: мемлекет құрылысының бірінші кезеңінде егеменді мемлекеттің іргетасы қаланса, екінші кезең қалыптасқан мемлекетке жеткізген жол іспетті болды. Мемлекет құрылысының үшінші кезеңі Мəңгілік Елге жол тартатын ұлы реформалардан басталып отыр.
Суретті түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.
Қабиболла ЖАҚЫПОВ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы. ҮШІНШІ КЕЗЕҢ БАСТАУЛАРЫ Елбасы ел дамуының үшінші кезеңін бастайтын бес институттық реформаны күрт шиеленіскен жаһандық сын-қатерлерге əдеттен тыс əрі күшті жауап ретінде ұсынды. Биылғы жылдың 27 қыркүйегінде БҰҰ-ның Нью-Йоркте өткен «2015 жылдан кейінгі даму кезеңіне арналған күн тəртібін» қабылдау жөніндегі саммитінде Президент БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары мен өзге де құжаттарының мазмұны мен бағдары Қазақстанның басымдықтары мен міндеттеріне толық сəйкес келетінін, оларды іске асыру жауапкершілігі ұлттық үкіметтердің мойнына жүктелетінін атап өтті. Қазақстан басшылығының елді орнықты дамыту жөніндегі жауапкершілігіне «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» құжатын іске асыру мысал бола алады, оның мақсаты елді əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосу болып табылады. БҰҰ-ның аса ірі халықаралық форумында біздің Президентіміз бүкіл əлем жұртшылығын елде іске асырылып жатқан, мемлекеттік басқару аппаратын жаңғыртуға, азаматтық жəне құқықтық институттардың жұмысын жетілдіруге, экономиканы əрі қарай индустрияландыруға бағытталған «Бес институттық реформа» жөнінде хабардар етті. Олардың іске асуы қазақстандық мемлекеттілікті одан əрі нығайтуға негіз қалап, жоғары технологиялы экономиканы жылдам дамытып, əлемдік нарыққа шығаруға жағдай жасайды.
Табысты ґткізуге кїш салады Астана қаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Халықаралық көрмелер бюросының Бас директоры Висенте Лоссерталеспен кездесті. Министр Астана қаласында ЭКСПО2017-ні өткізуге дайындық барысында ХКБ-ның қолдауын жоғары бағалады жəне халықаралық қатысушыларды тарту,
сондай-ақ, беделді халықаралық алаңдарда «Болашақ энергиясы» тақырыбын ілгерілету бойынша қазақстандық тараптың атқарған жұмысы туралы əңгімеледі. Қазақстан басшылығы ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындығына ерекше назар аударатыны туралы баса айтылды. «Қазақстан көрменің табысты өтуіне барынша күш салуда», – деп атап көрсетті министр. Тараптар алдағы бірлескен жұмыс жоспарларын талқылады.
Биылғы жылдың мамыр айында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына бес реформаны іске асыру бойынша мемлекет атқаратын іс-қимылдың егжей-тегжейлі екшелген алгоритмі – «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» құжатын ұсынды. Бұл құжат жаһандық тұрақсыздық белең алып отырған қазіргі жағдайда елдің қиын сынақ кезеңінен сенімді өтуіне мүмкіндік беретін негіз болмақ. Асқақ мақсаттарды мұрат тұтқан əрі сонымен бір мезгілде жүзеге асырылу мүмкіндігі мол «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» əлем қоғамдастығының назарын аударды. Шетелдік сарапшылар арасында Президенттің бұл жоспары – барынша уақтылы, өзекті əрі терең ойластырған жоспар, ол «əлемдегі үкіметтердің төрттен үші үшін манифест» бола алар еді деген пікір айтылды. Біздің еліміздің тəуелсіздік жылдары ішіндегі даму тəжірибесі Президент қабылдаған бағдарламалардың ешқашан манифест болып қала алмайтынын көрсетті. Олар əрдайым іс жүзіне асырылып, Қазақстанды прогрессивті даму жолында байыпты түрде алға бастырып, мемлекет пен қоғамға орасан зор пайдасын тигізіп келеді. Бұл жолы да Мемлекет басшысы ұсынған Ұлт жоспары нақты іс-қимыл құжаты ретінде қоғам мен мемлекетте заман талабына сай əрбір адамның, əрбір отбасының əл-ауқатын арттыра түсуге, елдің əлемдік ауқымдағы бəсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған іргелі өзгерістердің негізін қалайды. Президент алдымызға Ұлт жоспарын іске асыру жөніндегі ең шұғыл заңдардың алғашқы топтамасы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеуге тиіс деген міндет қойды.
(Жалғасы 3-бетте).
Е.Ыдырысов В.Лоссерталесті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында сөйлеген сөзінің басты тезистерімен, сондай-ақ, əлемдегі барлық мемлекеттерді ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырғаны жəне Астанада БҰҰ қамқорлығымен «жасыл» экономиканы дамыту технологиялары мен инвестициялық жобалар жөнінде халықаралық орталықты ашу ұсынысы туралы хабардар етті.
Механизатор «Егемен Қазақстан».
Қарапайым еңбек адамын сыйлау, құрмет көрсету бүгінгі күннің бір талабы. Рас, мемлекет тарапынан еңбектенемін деген жанға жарқын жол ашылған. Ал қандай да бір жұмыстың көзін тауып, нəпақасын теріп жеу əркімнің өзіне байланысты. Жұмыр басты пенде болған соң пендешілік те ілесе жүретіні жасырын емес. Ондайда сабыр сақтап, қарапайымдылықтан таймау адами құндылықты көрсетеді. Қанағат тұтумен бірге адал еңбек ете білу артықшылықты аңғартады. Осындай тізгіндеген темір тұлпарын жыл он екі ай тоқтатпай маусымдық жұмыстарды таңдамай қашан да алқаптарда адал еңбегімен еленіп жүрген жан Көксу ауданындағы «Құрақты» ауылшаруашылық өндірістік бірлестігінің механизаторы Берік Олжабаев. Ерте көктемде «МТЗ-82» маркалы тракторына соқасын тіркеп алып жер жырту,
айдалған жерді тырмалап, құнарлы топырақтың бойындағы ылғал кеппей тұқым сеуіп үлгеру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, өнім берекелілігі осынау көктемгі дала жұмысының сапалы атқарылуына байланысты болатыны анық. Бұл ретте қарапайымдылықтан танбай, ең бастысы, санаспай адал еңбек ете білген лəзім. Сонда адам бойындағы тұрақтылық танылып, ұжым табысы еселеніп, береке бұлағы ағып берері анық. «Біздің шаруашылық 1995 жылы заманның өзіндік қиындығы туындап тұрған кезде құрылды, дейді кейіпкеріміз. – Алғашқы жұмысымызды Талапты ауылында үлкен тас диірмен орнатып, іске қосудан бастадық. Солтүстік облыстардан бидай тасып Көксу ауданы тұрғындарын ұнмен қамтамасыз еттік. Сөйтіп, халықты қиындықтан дер кезінде шығарып, қажетті қызмет көрсеттік. Бүгінгі таңда барлығы 404 гектардан астам жеріміз бар. Суармалы 10 гектар жерге биыл қант қызылшасының
Тарихымыз – тўѕєиыќ 9-10-беттер Бабалар баєы жанєан кїн 11-бет Əлем əлеуетініѕ əлсіз тўстары сыр беріп жатыр 12-бет
Мəжіліс: «Мəѕгілік Елдіѕ» заѕнамалыќ негізі маќўлданды
● Еңбегімен еленген
Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,
5-бет
тұқымын сепкенбіз. Тəтті түбірдің шығымы жақсы. Əр гектарынан 300 центнерден асыра өнім жинайтын шығармыз. Оны осы күз көрсетеді. Алдағы уақытта бұл дақылды 30-40 гектар жерге өсірсек деген ойымыз бар. Жүгері тұқымын да егіп, жайқалта өсірдік. Дала аруының əр гектарынан 60 центнерден сапалы өнім аламыз деген үмітімізді үкілеп отырмыз. 12 гектар жерімізде баубақша өнімдері берекелілігін берді. Бұл күндері жүзім, алма, алмұрт жинап Талдықорған қаласында
өткізіле бастаған жəрмеңкеге апарып сатудамыз. Арзан əрі құнарлы жеміс-жидекпен қала тұрғындарын қуантумен қатар, шаруашылығымызға кіріс кіргізудеміз. Осы тұста айта кетер жайт, шаруашылықтарға мемлекет тарапынан көмек ретінде жанаржағармай арзан бағамен берілуде. Оның сыртында Қазақстанда шығарылатын тыңайтқыштарды да арзандатып беруде. Ауданымызда су мəселесі жақсы жолға қойылып келеді. Су жүретін тоғандар уақтылы тазартылып, жөнделіп,
«Егемен-ақпарат».
биылғы жазда еш қиындық көрмей өттік. Міне, осындай көмекті көріп, керегімізді алып отырғандықтан аудан, облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардан тыс қалмаймыз. Шама-шарқымызша көмек көрсетіп отырамыз. Оны азаматтық міндет санаймыз. Негізі «жалғыз ағаш орман емес» демекші, осынау жұмыстың барлығын бір басшы ғана емес, біртұтас ұжым мүшелері атқаруда. Солардың арасынан тиянақтылығымен танылып, бірсөзділігімен, жұғымдылығымен ерекшеленетін Берік Олжабаевты бөле-жара айтқым келеді», деді «Құрақты» бірлестігінің басшысы Қызырхан Дəуітов. Қарапайымдылығымен танылып, өзіндік орнын таба білген Берікті əріптестері бесаспап санайды. Бұл күндері қысқы мал азығы шөп шауып, жинау қауырт жүруде. Аз күнде қант қызылшасын жинау басталады. Сөйтіп, күзгі жиынтерін жұмысының басын қайырған соң, келер жылға дайындық болып тізбелене береді. Сөйтіп, жұмысшылардың еш алаңсыз еңбек етуіне барлық мүмкіндік жасалған. Оның соны жете түсінетін жан екенін алқап басында аз-кем тілдескенде аңғардық.
Алматы облысы, Көксу ауданы.