Бїгінгі нґмірде:
№4 (28228) 9 ҚАҢТАР БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Халыќаралыќ ќўжаттар ќолдау тапты
Ел тынысы: мың бір мысал
Кґгілдір отын кедергісіз келіп тўр
Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен кеше палатаның жаңа жылдағы алғашқы жалпы отырысы болып өтті. Бұл жолы депутаттар назарына Швейцариямен арадағы қосарланған салықты болдырмау, Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің еліміздегі қызметі жəне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мəселелеріне қатысты заң жобалары ұсынылды.
Қызылордаңызға газ əлдеқашан келген. Қала көгілдір отынның қызығын көріп отыр. Дегенмен, бұрнағы жылдары қақаған аязда жылусыз қалған кездер болған. Ол да себепсіз емес. Қыс мезгілінде газды тұтыну көбейеді де, оны таратып тұрған желілерге артық салмақ түседі. Сондықтан жылу сөніп, жұрт əбігерге түседі. Ендігі жерде мұндай келеңсіз жағдаяттар болмайды. Өйткені, республиканың оңтүстік аймақтарын газдандыруға бағытталған «Бейнеу-БозойШымкент» магистралды газ құбыры құрылысының бірінші кезеңі аяқталды.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Жалпы ұзындығы 1475 шақырымды құрайтын бұл желінің 846 шақырымы Қызылорда облысынан өтеді. Онымен қоса аталған құбыр өңірдің барлық аудан орталықтарына жағалай тартылған. Енді осы негізгі газ желісіне қосылу арқылы кезең-кезеңімен облыстың барлық елді мекендерін көгілдір отынмен қамту жоспарланып отыр. Қызылорда облысын кешенді газдандырудың бірінші кезеңі 2013-2015 жылдары аралығында жүрмек. Сол кезде 21 ауыл отынның осы түрімен қамтамасыз етіледі. Бұл жұмыстар тиісті дəрежеде жүзеге асырылған жағдайда 2015 жылы аймақ халқының 70 пайызын газбен қамтуға мүмкіндік туады. Аталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2013 жылы облыстық бюджеттен 623,6 миллион теңге бөлінді. Қазіргі таңда бұл қаржыға елді мекендердің 5 техникалықэкономикалық негіздемелері мен 10 жобалау сметалық құжаттамалары əзірленуде. Жоғарыда айтқанымыздай, Ақшабұлақ
кенішінен берілетін газ Қызылорда қаласының қажеттілігін өтеуге жетпей келді. Тіпті алдымен тұрғын-үй секторына көгілдір отын жеткізу үшін өткен жылдары кəсіпорындар мен бизнес субъектілерін газдан ажыратып, облыс орталығын жылумен қамтамасыз етіп отырған «Қызылорда жылу
Жағымды жаңалық
Ґткен жылы 152 нысан пайдалануєа берілді Қызылорда облысында құрылыс қарқыны жыл санап артып келеді. Мысалы, былтыр аймақта 152 нысан пайдалануға берілді. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда, 2 есеге артық. Нақтырақ айтар болсақ, алдыңғы жылы 76 нысан салынған. Ал өткен жылы бой көтерген нысандардың ішіндегі 23 ғимарат білім саласына тиесілі екен. Атап айтқанда, 19 мектеп пен 4 балабақша пайдалануға берілген. Денсаулық сақтау саласы бойынша 3 емхана, 11 амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт бой көтерген. Ал, 8 нысан – мəдени ошақтар. Сондай-ақ, 2 коммуналдық шаруашылық нысаны жəне 1
АҚПАРАТТАР аєыны ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында елорда аумағына жас көшеттер отырғызу одан əрі жалғастырылатын болады. Соңғы жылдардың өзінде бас қаланың 14 мың гектарына жас көшеттер отырғызылған. Ал 2017 жылға дейін Астана төңірегінің 40 пайызға жуығы ормантоғай болады. Қашаған кен орнындағы «Д» аралынан тартылған мұнай құ быры тексеріледі. Диаг нос тикалық снарядтың көмегімен ұзындығы 96 шақырым газ құбырын тексеруге арнайы мамандар бөлінген. Бұл жұмысты іске асыру өндірістік газдың кемуіне байланысты жоспарланған болатын. Елімізде жаңа жүк электровоздары сынақтан өткізілуде. Екі секциялы электровоздың номиналдық қуаты - 8800 квт. Конструк циялық жылдамдығы 120 км/сағатқа тең. Жаңа техникада
мемлекеттік мекеме ғимараты ашылды. Бұдан бөлек, облыста 1 қоршаған ортаны қорғау, 1 табиғи жəне техногендік бағыттағы нысанның құрылысы аяқталған. 8 нысан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында салынды. Ал, 2013 жылы «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 91 тұрғын үй пайдалануға берілді. Осындай жүйелі жұмыстың арқасында Қызылорда облысы 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында құрылыс салу қарқыны бойынша республикада бірінші орынға шыққанын да айта кеткен абзал шығар. «Егемен-ақпарат».
басқару мен диагностиканың кешенді микропроцессорлық жүйесі қарастырылған. Сондай-ақ, бұл электровозда климат-бақылауды басқару кабинасы бар. 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығындағы 2 күнде елімізде 1203 бала дүниеге келді. Бала туу көрсеткіші бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Мұнда 262 сəби жарық дүние есігін ашты. «Көшпенділер» трилогиясының авторы, жазушы І. Есенберлиннің 100 жылдығы 2015 жылы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі. Сондай-ақ, осы жылы Ақмола облысы Атбасар ауданының орталығындағы алаңда қаламгерге арналған еңселі ескерткіш бой көтермек. Шығыс Қазақстан облысында əкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері басталды. Кеше алғашқы болып ауылдық жəне кент округі əкімдері есеп берді. Жекелеген мəселелер бойынша тұрғындар талабы ескерілетін болды.
Еуроодаќ – Ќазаќстанныѕ əлеуетті əріптесі 2-бет «Пекин їйректері» ќайда кетті? 3-бет Бауыржан Момышўлы кім? 5-бет Шоќан кїнделігі шерткен сыр 6-бет
электрорталығы» мен «Оңтүстік жылу орталығын» шектеуге мəжбүр болған кездер өтті. Аталған түйткілді мəселені шешу үшін облыстық бюджеттің есебінен Қызылорда қаласына екінші автоматтандырылған газ тарату стансасын салу керек еді. Оны «Ақшабұлақ–Қызылорда» жəне
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырлары түйіскен жерде біріктіріп, құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесін əзірлеу «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қаржысы есебінен жүргізілді. (Соңы 4-бетте).
Қазақстан Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға жəне Хаттамаға өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралып, мақұлданды. Хаттаманың мақсаты – салықтық жалтарулардың алдын алу, ақпарат алмасу арқылы екі мемлекеттің салықтық қызмет органдарының ынтымақтастығын кеңейту. Зейнетақы қоры мен Ұлттық банк алатын дивидендтер кіріс пайда болған мемлекетте салық салуға жатпайтыны да атап көрсетілген. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа қатысты депутат Майра Айсинаның сұрағына жауап берген Қаржы вицеминистрі Руслан Дəленовтің сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 5 миллиард 181 миллион АҚШ долларын, соның ішінде экспорт 4 миллиард 900 миллион долларды құраған. Қазақстан негізінен минералдық шикізат жөнелтіп тұрса, ол жақтан химия, машина мен жабдықтар келеді екен. 2013 жылы елімізде швейцариялық капиталдың қатысуымен 163 кəсіпорын мен 60 компанияның филиалы тіркеліпті. Еліміз бен Еуропа Қайта құру жəне даму банкі арасын дағы ынтымақтастық пен
аталған банктің Қазақстан Республикасындағы қызметіне қатысты келісімді ратификациялау мəселесі де кеше депутаттар қолдауына ие болды. Қазіргі таңда аталған банктің тұрақты өкілдіктері Астана жəне Алматы қалаларында құрылған. Бұл ретте банк үшін құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету, талап бойынша репатрациялау, əкелу кезінде баждар мен алымдар төлеуден босату жəне өзге де артықшылықтар қарастырылғандығын айта кеткен жөн. Осыған ұқсас өңірлік келісімдер банктің операциялары жүргізілетін 34 елдің 22-сінде жасалыпты. Депутат Розақұл Халмұрадовтың Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің Қазақстан аумағында пайдаланатын артықшылықтары мен иммунитеттері шамадан тыс емес пе, деген сұрағына жау ап қатқан Р.Дəленов бұл жеңілдіктердің барлығы да заң аясында реттелгендігін алға тартты. Əсіресе, артықшылықтар мен иммунитеттердің банктің мұрағаты мен барлық құжаттарына, сондай-ақ, оның орналасқан жері мен қалыбына қарамай, ол иесі болып табылатын құжаттарға да қатысты екендігі көлденең тартылды. Ал заң жобасы бойынша қо сым ша баяндама жасаған депутат Үсенгелді Медеуов «зейнетақы қоры немесе зейнетақы жүйесі» жəне «зейнетақы» терминдері еліміздің ұлттық заңнамасына сəйкестендірілгенін ерекше атап кетті. (Соңы 2-бетте).
Ойласу
Ўлы мəртебелі ізетті іздеп жїрмін... Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Баяғыда-а-а, бала кезім ғой, Тамабай көкемнің үлкен ұлы Тимур үйленді. Көп ұзамай сол үйге келін боп түскен Пернеш атты жіңішкелеу келген, ұзын бойлы, қара торы келіншек мектепке қызметке орналасып, оқушы ларға сабақ бере бастады. Сабақтан соң оқушылардың дүкенге бір соғып кететін əдеті бар. Ал Тамабай көкемнің үйі дүкеннің дəл түбінде. Бір күні дүкеннен тəтті-пəтті ап, талдың көлеңкесінде соларды ал кеп жəукемдеп жатыр ек, көшенің бойымен жайлап басып келіп, үйіне қарай бұрыла берген Тамабай көкемнің келіні кілт 2016 жылы Павлодар мұнайхимия зауыты экологиялық К4 түріндегі жанармай мен К5 түріндегі дизель отынын шығара бастайды. Бұл өндірісті жаңғырту негізінде іске асырылғалы отыр. Алматы облысында қар құрсауында қалған 5 адам құтқарылды. Олардың көліктері «Үшарал – Достық» республикалық маңызы бар автокөлік жолының 94-ші шақырымында жүрмей қалды. Аталған жолдың жабылғаны туралы мəлімет алдын ала жарияланғанымен, азаматтар бұл ескертуге мəн бермеген. Қарағанды облысы «Бесоба» шағын ауданында опырылып құлаған үйдің тұрғындарына жаңадан бой көтерген «Шапағат» тұрғын үй кешенінен пəтер берілді. Бұл жерге 27 отбасы қоныстанды. Ал қалған 200-ден астам отбасыға жыл соңына дейін пəтер кілті табыс етіледі. «bnews.kz», Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.
тоқтай қалды. «Не боп қалды?» дегендей біз де жеңгемізге ошарыла қарап қалыппыз. Жас келін болса төмен қараған күйі əлі тұр. Ал уақыт өтіп жатыр. «Кенет жүрегі шаншып, ауырып қалған жоқ па екен?» деп қауіп те ойлап үлгердік. Жоқ, сөйтсек жеңгемізді кілт тоқтатқан күш жүрек те, шаншу да емес екен. Оның сырын анадай жерде газет-журнал толы қоржынын қара есегіне теңдеп ап, «шүу-шулеп» келе жатқанын пошташы көкем Махамбетті көргенде түсіндік. Тамабайдың келіні болса мамыр мен маусымның тоғысар тұсындағы ми қайнатар ыстықтың астында пошташы атасының алыс та келе жатқанына қарамастан жол беріп, ізет сақтап тұр. Жəне сол
тұрғаннан өгіз аяңдары бізге бір ғасырға созылғандай көрінген пошташы мен қара есек алдынан қашан өтіп кеткенше күтіп тұрды. Үйге келген соң «жаңалығымды» бірден дастарқан басында отырғандарға жеткіздім. Бірақ менің «сенсацияма» ешкім таңғалған жоқ. Атам ғана: – Тəрбиелі шаңырақтың қызы екен ғой, айналайын. Көргенді бала үлкен кісінің алдын ешқашан кесіп өтпейді, – деді сүйсініп. Бүгінде біз де сол пошташы көкеміздің жасына жетпесек те, өкшелеп қалдық. Көңілімізде жастардан сəлем дəмететін, ізет күтетін, жүздеріне үңіле қарап иман мен инабат іздейтін сезім пайда бола бастаған. Бірақ қалалық жастардың көбісі сіздің
көңіл-күйіңізге, сезім-пезіміңізге пысқырмайды да екен. Көше бойындағы таспадай жолмен келе жатсаң да, мекемеге кіріп немесе шығып бара жатсаң да қарсы жолыққан қызы болсын, ұлы болсын үлкен екен демей жолыңды кесіп өтіп, тіпті, иығымен қағыпсоғып өтіп кете барады. Өкінішке қарай, онысына қысылып, кешірім де сұрамайды. Сол кезде Тамабай көкемнің тұңғышы Тимур ағайымның үйіндегі жеңгем нің үлкенге деген баяғы қайран да қайран ізетін іздеймін. Ибасын сағынамын. Мына бəсекеге толы өмір жастардың жүрегін қарайтып, сезімін мұздай ғып жіберді ме деп əлденеден сескеніп, бірдеңеге алаңдағандай боламын.
Бүгінде бір қолын соғысқа беріп келсе де қара есегіне мініп алып, ауылға дүниенің жаңалығын жеткізіп жүретін Махамбет көкем де жоқ, ауылаймаққа ибалы келін атанған Пернеш те жоқ өмірде. Айтыңыздаршы, пошташы көкемнің жолын кесіп өтпей именіп тұрған Ұлы мəртебелі ізет қайда кетті? Іздейік те. Біржола жоғалмаған шығар. Сіз боп, біз боп жабыла іздесек, мұзға айналған жүрек атаулы жібіп, тас боп қатып қалған ұят-аят, ізет, иба деген сезімдер адамдардың қанына нұр болып, жүздеріне шуақ болып қайта оралар... Жамбыл облысы.
Бір ауыз сөз
Не болып барады? Сүлеймен МƏМЕТ,
«Егемен Қазақстан».
Осы күні ештеңеге таңғалмайтын да, таңғалдырмайтын да болып бара жатқан секілдіміз. Тіпті, бойымызды немкеттілік, немқұрайлылық, бойкүйездік, селқостық, е, дей салатын бір сұмдықтар билеп алған тəрізді. Осы таяу күндері теледидардан үш бейкүнə баланы біреудің ауласына əкеліп, жалаңаяқ, жалаңбас, кішісін сөмкенің ішіне салып тастап кеткені туралы сюжет көрсетті. Үшеуі де үріп ауызға салғандай ұл мен қыз екен. Аттары əдемі қойылған: Керемет – үш жаста, Мирас – екі жаста, Кəусар – сегіз айлық. Қарап отырғанда, жүрегің қан жылайды, сүйегің сырқырайды. Осындай
күйге қалай түсті екен? Не себеп болды екен? Адамның кінəсі өз алдына, қоғам кінəратсыз ба? Біз кейде осындай қатыгездікті айтқанда, себебіне көз жұмып, бəрі жақсы дегенді желеулетіп, салдарына жүгінеміз. Абай айтады: «Кеселді түйін шешілсе» деп. Шынында, жат қылық, кеселді түйінді сөзбұйдаға салып, шеше алмағандығымыздан болып отыр ма? Байлығы мен атағы əлемді тамсандырған Қазақ елінде мұндай бетке шіркеу қылықтардың айды қойып, кейде күн сайын қайталана беретіні неліктен екен? Біз ел болып, жұрт болып осыны ойластыра алып отырмыз ба? Қазақ жер көлемі жағынан əлемде 9-орын алады деп мақтанамыз. Ал халқының саны бойынша тізімде 62-болып
тұрмыз. Өткен ғасырдың басында «Əлхамдилла, алты миллионбыз!» дедік. Жаңа ғасырдың басында 11 миллионға жеттік дейміз. Бес миллион қазақ сыртта жүр. Көршіміз, өзбек туыстар бір кездері бізден аз еді. Осы күндері 30 миллионға шығып, шіреп тұр. Ғалым Əзімбай Ғали «Табиғи өсім орта деңгейде, бұл болашақта ұлтқа қауіп» деген уəжді алға тартады. Ал біз сол қауіптен қорғанудың орнына, періште ұрпақты қор қылып жатырмыз. Осындай келеңсіз жайларды, ұлт рухын жасытар сұмдықтарды естігенде, басылымдардан оқығанда не болып барады, не болып барамыз, қатыгездік, қайырымсыздық қазаққа қайдан келді, қандай жұқсыздардан жұқты дейсің де, Абайға бас қоясың. Данышпан
ақын: «Қайнайды қаның, ашиды жаның, мінездерін көргенде» дейді. Ұлттың бойындағы рухсыз мінезді, намыссыздықты өзгеге көл, өзімізге шөл бола қалатын кейпімізді көргенде, ұлы ақын осылай деген-ау, шамасы? Ел болған тұста мұндай жат мінезден арылмасақ, ертең бейкүнə, ақ ұлпа кінəсіз ұрпақтың наласына қаларымыз анық. «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туа ды, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тəрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тəрбиелесең, ол да солай тəрбиеленеді» десе француз Жан-Жак Руссо, «Көпшілікті адамшылыққа тəрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тəрбиелеу керек», дейді қазақ Мұхтар Əуезов. Осыған қазақ жұрты ден қойса, намысын жаныса, рухсыздықтан арылса, ұл-қызы мынандай тағдыр тауқыметін тартпасы анық.