09012016

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№4 (28732) 9 қаңтар СЕНБІ 2016 ЖЫЛ

ЎЛТ ЖОСПАРЫ – ЎЛЫ АРМАННЫЅ АСЌАРЫ Отандастарымыз Елбасы Н.Назарбаевтыѕ «Ўлт Жоспары – ќазаќстандыќ арманєа бастайтын жол» атты жаѕа еѕбегін ќызу ќолдауда

Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты еңбегін талқылауға арналған брифинг өтті. Оған «Қазақстан азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов жəне Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты əлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Алуа Жолдыбалина қатысты.

Дамудыѕ озыќ їлгісі Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Нұрлан Ерімбетов Елбасының аталған мақаласы өзіне ерекше əсер еткенін баяндады. «Бұл мақала мені қатты ойға қалдырды. Мен мақаланы оқып отырып, не туралы ойлауымыз қажеттігін түсіндім. Сондай-ақ, Елбасы мақаласы əрбір адамды өз тағдырына жауапкершілікпен қарау керектігіне үндейді», – деді Н.Ерімбетов. Сонымен қатар, спикер мақалада көрсетілген бағыттардың өзектілігіне тоқтала келіп, Елбасының мемлекетіміздің тұтастығы мен орнықты дамуына қатысты ойларына екпін берді. «Маған Президенттің ел бірлігіне қатысты айтқан тұшымды ойлары, ұсыныстары ұнады. Елбасының, əсіресе, Қазақстан

халқы Ассамблеясының қоғамымыздағы рөліне қатысты айтқандарының жөні бөлек. Өздеріңіз білесіздер, этносаралық қарым-қатынас саласы өте маңызды мəселе. Қазіргі таңда көптеген елдер этносаралық жанжалдардан зардап шегуде. Ал бізде бұл мəселе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында оңтайлы шешімін тауып, нəтижесінде ынтымағы жарасқан ел болып отырмыз», – деді. Алуа Жолды балина əлем қауымдастығы Президенттің «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының маңыздылығына баса назар аударды. «Жалпы, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары – бұл нəтижесі жағынан елімізде ұзақ мерзімді, кешенді, жүйелі, кең көлемде ықпал ететін стратегиялық құжат, сондай-ақ, түбегейлі құрылымдық,

институттық, жүйелік өзгерістерге əкелетін реформалар кешені, жаңғырту жобасы. Тарихтан білетініміздей, өткен ғасырдың белгілі көшбасшылары өз ұлты мен елі үшін белгілі бір стратегиялық міндеттерді шешуге ұмтылды. Олардың барлығы өз елдерінің қиын да күрделі кезеңінде халқының мүддесі үшін мемлекетінің стратегиялық дамуының негізі болған Бес институттық реформа тəрізді жаңғырту жобасын дайындаған-ды. Айталық, Сунь Ятсеннің 3 қағидаты: азаматтық ұлтшылдық, халық билігі, халықтың əл-ауқаты мен Дэн Сяопиннің «Дамудың 3

қадамдық стратегиясы», Мұстафа Кемал Ататүріктің «6 жебесі»: Республиканизм, Ұлтшылдық, Халықтық, Секуляризм, Этатизм, Реформизмі, Ли Куан Юдің 7 қағидаты: Адал жəне тиімді үкімет, Заң үстемдігі, Бизнестің дамуына жағдай, Макроэкономикалық саясат, Тəуелсіз білікті сот, Төмен деңгейдегі сыбайлас-жемқорлық, Мемлекеттік институттар мен жергілікті билік реформасы. Міне, осындай жобалардың барлығы да бұл елдердің дамудың даңғыл жолына түсуіне сеп болды», – деді А.Жолдыбалина.

Мəжілістіѕ жаѕа жылдаєы алєашќы бюро отырысы Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен Мəжілістің жаңа жылдағы алғашқы бюро отырысында бекітілген күн тəртібіне сəйкес, алдағы жалпы отырыста бірқатар халықаралық құжаттар депутаттар талқысына ұсынылмақ.

Олар: Чехиямен Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау жəне салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы, сонымен қатар, Қазақстан мен Үндістан арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялауға қатысты болмақ. Сондай-ақ, осы күні Қазақстанмен энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына жəне жастар корпусын дамытуға арналған бір донордың Траст қоры əкімшісі ретінде əрекет етуші Халықаралық Қайта құру жəне даму банкі арасындағы грант туралы (Жастар корпусын дамыту жобасы) келісім ратификацияланады деп күтілуде.

Жобаның мақсаты жастардың, əсіресе, əлеуметтік тұрғыдан осал топтарының қоғамдастық өміріне тартылуын ынталандыру, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламалары арқылы олардың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту болып табылады. Жалпы отырыста ілеспе құжаттармен төлемдер жəне төлем жүйелері, коллекторлық қызмет, халықты жұмыспен қамту туралы заң жобалары бойынша қорытынды əзірлеу мерзімі тағайындалатын болады. Осы күні Мəжіліс депутаттары Қазақстан мен Молдова үкіметтері арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы

Бїлдіршін ќыздыѕ ќуанышы

Оралдың кішкентай тұрғыны Виктория Хорлашина Аяз Атаның қолынан сыйлық алды, «Қазпошта» қызметкерлері Аяз Ата мен бірге барып, Викторияға сыйлықты табыс етті. Бұл сыйлықты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жіберген болатын, бүлдіршін қыз Елбасы сəлемдемесін алып, өте қатты қуанды.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н.Ə.НАЗАРБАЕВТЫҢ «ҰЛТ ЖОСПАРЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРМАНҒА БАСТАЙТЫН ЖОЛ» МАҚАЛАСЫ. САРАПТАМАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-САУАЛДАМА

сарапшылар əрбір институттық реформа үшін іс-қимылдың «жол картасын» жасау идеясын қолдайды

сұрау салынған сарапшылар ел Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласының ережелерімен танысқан

сарапшылар Ұлт Жоспарын жүзеге асыру, жаңа мүмкіндіктерді есепке ала келгенде, барынша тиімді жүзеге асырылады деген пікірмен келіседі

сарапшылар Бес институттық реформаның орындалу барысын түсіндіру, олардың іс жүзіне асырылуының алғашқы қорытындыларын шығару қажеттігі тұрғысынан келгенде мақаланың шығуы уақтылы деп есептейді

туралы келісімді жəне оны іске асыру бойынша атқару хаттамасын, сонымен бірге, Қырғыз Республикасымен өтеусіз əскеритехникалық көмек көрсету туралы үкіметаралық келісімді, 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы жəне қордың қаражатын басқару туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, сондай-ақ, бір тараптан ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер жəне екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді, Қазақстан мен Словакия арасындағы Инвестицияларды көтермелеу жəне өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заң жобаларын жұмысқа қабылдамақ, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

 Елімен етене Елбасы

(Соңы 2-бетте).

2016 ЖЫЛДЫҢ 6-7 ҚАҢТАР КҮНДЕРІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҮДЕРІСТЕРДІҢ САРАПШЫЛЫҚ-ЖОБАЛАУ БЮРОСЫ 73 САРАПШЫ ҚАТЫСҚАН ЖЕДЕЛ-САУАЛДАМА ӨТКІЗГЕН БОЛАТЫН. САРАПШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ, ЭКОНОМИКА, САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР, МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖƏНЕ БАСҚА ДА САЛАЛАРДЫҢ МАМАНДАРЫ КІРДІ.

Бəріміз біріміз їшін, біріміз бəріміз їшін 6-бет Тўманды Альбион елінде 8-бет Дулати жəне Ќазаќ хандыєы 10-бет Тґреші Тофик Бахрамовтыѕ тура шешімі 12-бет

ОРАЛ. –––––––––––––

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ.

 Өңір өмірі

Аќмолдаєы аяќ киім фабрикасы

сарапшылар бүгінде Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде 59 заңның жедел жасалып қабылдануы Үкімет пен Парламенттің өзара іс-қимылының тиімді моделі қалыптастырылуының нəтижесі деп есептейді

сарапшылар Мемлекет басшысының Бес институттық реформасы мемлекеттің кең ауқымды дағдарысқа қарсы шараларының басты құрамдасы болып табылады дейтін ұстанымын қолдайды

сарапшылар Бес институттық реформа мен «100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын» дайындау үдерісі мен іс жүзіне асыру кезеңі тиімді болды деп санайды

сарапшылар Президенттің Ұлт Жоспары шеңберінде заңнамалар мен басқару жүйесіне өзгерістер Қазақстан азаматтарының экономикалық белсенділіктерін арттыру үшін қуатты ынталандырушы болады дейтін тезисімен толықтай келіседі

сарапшылар Бес институттық реформаны жүзеге асырудың осындай екпіні мен қарқынын сақтау əрі қарай да қажет деп санайды

ҚОҒАМҒА ЕСЕП БЕРЕТІН АШЫҚ МЕМЛЕКЕТ сарапшылар қазақстандық қоғамның Ұлт Жоспарының орындалуының алғашқы нəтижелерімен жəне оны жүзеге асыру жөніндегі одан арғы шаралармен танысу қажеттігі тұрғысында мақаланың дер кезінде жарияланғанын атап өтті

сарапшылар Қазақстанды кең ауқымды жаңғырту жобасын жүзеге асыру жөніндегі алғашқы қадамдарды табысты деп есептейді

ИНСТИТУТТЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ БІРІНШІ ЖƏНЕ БЕСІНШІ БАҒЫТТАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАРАЛҒАН ШАРАЛАРҒА САРАПШЫЛАР БАҒАСЫ

сарапшылар азаматтардың мемлекеттік органдар мен мекемелердің барлық ақпараттарына қол жеткізудегі құқыларының кеңейтілуін толық қолдайды сарапшылар сыртқы тəуелсіз аудиттің міндеттілігі қағидаттарына арқа сүйейтін мемлекеттік басқару органдары жұмысына баға берудің жаңа жүйесін құру идеясын толық қолдайды сарапшылар Премьер-Министр басқаратын консультативтік-кеңес беруші органдар шеңберінде барлық мемлекеттік жəне үкіметтік жаңа бағдарламаларды міндетті қарау жөніндегі шараны қолдайды

МЕМЛЕКЕТТІ КƏСІБИЛЕНДІРУ

сарапшылар мемлекеттік қызметте тек конкурстық негіздегі мансаптық өсу шарасын қолдайды сарапшылар жаңа Мемлекеттік қызметтің Этикалық кодексінің жасалуын қолдайды сарапшылар мемқызметшілердің мансаптық баспалдақ бойынша өсуінің негізгі критерийі ретінде біліктілік пен жинақталған тəжірибені енгізуді қолдайды

сарапшылар Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік пен Қылмысқа қарсы іс-қимылдың ұлттық бюросын құруды көкейкесті жəне уақытылы деп есептейді

сарапшылар мемқызмет сапасына бақылау жасау үшін арнаулы қоғамдық кеңес құруды қолдайды сарапшылар «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Зейнетақылар төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМК-ларды бірегей құрылымға біріктіру идеясын қолдайды сарапшылар түпкі нəтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік органдарға бюджет қаржыларын шұғыл қайта бөлу құқын беруді қолдайды

сарапшылар мемлекеттік қызметшілерге біліктілік негізінде жəне олар атқаратын жұмыстардың сипатына, көлемі мен нəтижелеріне байланысты еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу шетелдік озық тəжірибелерге жəне мемлекеттік құрылыстың жаңа сатысына сəйкес келеді деп есептейді Сараптамалық жедел-сауалдаманы 2016 жылдың 6-сы мен 8 қаңтарында Демократия институты жүргізді. Сауалдамаға түрлі салалардағы: мемлекеттік басқару, экономика, əлеуметтану, саясаттану, құқықтану, білім беру жəне басқа салалардағы 115 сарапшы қатысты. Сауалдама электронды пошта бойынша жүргізілді.

Агломерациялық аймақтағы Ақмол ауылында қайта жаңғыртылған аяқ киім фабрикасы ашылды. Салтанатқа облыс əкімі Сергей Кулагин қатысып, жеңіл өнеркəсіп өкілдеріне сəттілік тіледі. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

«SAMHAT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы 2008 жылдан басталғанымен кəсіпорынның серпіліп жұмыс істейтін шағы енді туғандай. Астана қаласында шағын ғимаратты жалдап келген олар алғашында дайын өнімді сатумен айналысты. Ал, 2010 жылы жеке цех ашуға шешім қабылданған. Əйткенмен, ұжым өз қабілетін толық көрсете алмағандай. Ақырында «SAMHAT» ЖШС Ақмол ауылына көшіп, жергілікті бизнестің өрісін кеңітуге бел байлайды.

Ұсынысты облыс жəне аудан басшылығы қолдады. Арнайы шешіммен 2013 жылы 1,2 гектар жер телімі мен 1200 шаршы метрлік гараж ғимараты бөлінді. Жөндеу жəне жабдықтау жұмыстарынан кейін кəсіпорын толық қуатында жұмыс істей бастады. Мəселен, 2015 жылдың он бір айында ғана 800 миллион теңгенің 100 мың жұп аяқ киімі игілікке жаратылды. – Біз таза теріден тігілген аяқ киімнің 20 түрін шығарамыз, – дейді фабрика директоры Самал Тілеубаева. – «SAMHAT» ЖШС

негізінен қорғаныс саласының мемлекеттік тапсырысын орындайды. Ақмол ауылында жұмыс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік туып отыр. Сондықтан, 2016 жылы өнім шығарудың жылдық көлемін 500 мың жұпқа жеткізу жəне экспорттық бағдар ұстану ниетіндеміз. Қазір кəсіпорын 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Алдағы кезде оның саны 200-ге жетеді. Ақмола облысы, Целиноград ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
09012016 by Egemen - Issuu