Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары табысты аяқталды
№102 (28041) 9 СƏУІР СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Кґршілес кґшбасшылар кездесуі Ќазаќстан-Ќытай ќарым-ќатынасыныѕ келешегі кемел екенін кґрсетті жеткізе алуының да арқасы. Академик Сахаров айтатын конвергенция, яғни екі қоғамдық жүйенің артықшылықтарын қатар ала білу саясаты дəл осы елде ойдағыдай жүзеге асуда. Алдыңғы жылы Вьетнамға барғанымызда да мемлекеттің даусыз жетістіктерін көріп, мəселе елді кімдердің басқаруында емес, қалай басқаруда екен-ау өзі деген ойға да қалғанбыз. Қатарында 82 миллионнан астам мүшесі бар Қытай коммунистік партиясы елді білікті басқаруда. Партияның өткен жылғы қарашадағы XVIII съезінде ҚКП Бас хатшысы болып Си Цзиньпин сайланды. Биылғы наурыздан бері Си Цзиньпин – Қытай Халық Республикасының Төрағасы.
Жаѕарєан елдіѕ жаѕа басшысы
Алпыс деген асқар жастың асуына биыл көтерілетін Қытай басшысының өмір жолына қарап
Сауытбек АБДРАХМАНОВ, «Егемен Қазақстан» – Боаодан (Қытай).
Азияныѕ алтын айдары 1992 жылы, егемендіктің елең-алаңында, тəуелсіздіктің табалдырығында, əлемдегі ең биік мінбер – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз Азияда, таңғажайып жерде тұрамыз. Əлемнің барлық ең ірі діндері – иудаизм, буддизм, христиандық, ислам дəл біздің құрлығымыздың қасиетті жерінде дүниеге келген. Адамзаттың барша ұлы рухани ұстаздары – Лао Цзы мен Гаутама Буддадан, Иисус Христос пен Мұхаммедтен бастап Махатма Ганди деңгейлес осы заманның ең данышпан ойшылдарына дейін бəрі де дəл біздің жерден шыққан. Сондай Азия ғасырлар бойы жинақталған қазынаны ой елегінен өткізіп, құрлықтағы ынтымақтастық пен ұжымдық қауіпсіздіктің жаңа тұжырымдамасын елеп-екшей алмай ма?» деп жаһанға сауал салған еді. Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) құру бастамасы ортаға осылай тасталған. Содан бері өткен 21 жыл Елбасымыз айтқан ұлылар мекені – бүкіл адамзаттың үштен екі бөлігіне əз ұя болған Азияның əлемдегі алар орнын барған сайын қомақты ете түсуде. Азияның алтын айдары, əрине, айдаһарлы алып Қытай. Он төрт елмен шектесіп, жағалауларын үш теңіздің суы шайып жатқан Қытай Халық Республикасы жер көлемі жөнінен Ресей мен Канаданы ғана алға салады, ал ел ауқымы жағынан ешкімге қарасын да көрсетпейді: 2011 жылғы санақ бойынша мұндағы
халықтың саны – 1 миллиард 370 миллион адам. Бұл санға онша селт ете қоймасаңыз, онда Жер бетіндегі əрбір төртінші адам – қытайлық екенін қосып айтайық. Жақында қолымызға түскен бір кітапта Қытайдағы ағылшын тілін білетін адамдар саны АҚШтағы ағылшын тілін білетін адамдардан көп екендігі жазылған... Құлаққа кірмейтін сөз сияқты бір қарағанда. Бірақ, ақиқаты солай: мұндағы жеті адамның бірі ағылшынша білсе де АҚШтағы ағылшынша сөйлейтіндердің санынан асып түседі ғой. Ал бұл елде жаһанданудың жалғыз тіліне жетілгелі жанталасып жүргендер жылдан жылға артып барады. Шығыс жақ беттегі жағалаулы өңірлерде халықтың тығыздығы сондай, əр шаршы шақырымға 400 адамнан келеді екен. Қытайда 56 ұлттың өкілдері тұрады. Біздің қазақтар чжуандармен, ұйғырлармен, дүнгендермен, мяолармен, моңғолдармен, тибеттіктермен, корейлермен қатар саны миллионнан асатын аз ұлттар сапында аталады.
Сын саєатта сыр бермеген
Қытай елінің ғасырлар бойы бұғылып келген ішкі қуаты соңғы отызшақты жылда айшықтала ашылды. Данышпан Дэн Сяопин бастап берген реформалар жемісті жалғасып жатыр. Аспанасты елінің алапат əлеуеті жаһанды қамтыған қаржы дағдарысы тұсында тіпті, тамаша танылды. «Бүгінде бүкіл адамзаттың дағдарыс қыспағында тұрғаны белгілі. Ел-елде, жер-жерде: «Енді не болады, бұл қиындықтан шығудың жолы қайда, ол сүрлеуді кім салады?» деген сауалдың төңірегінде бас қатыру көп. Сондайда біледі-ау дейтіндердің талайы Қытай жаққа назар салып отыр. Бүкілəлемдік банктің сарапшылары
ҚХР экономикасы тұрақтылық белгісін байқатуда, əлемді дағдарыстан сүйреп шығаратын локомотив АҚШ емес, нақ осы Қытай болады деп санайтыны рас», деп жазған екенбіз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Боао экономикалық форумына мұнан бұрынғы қатысуы жайындағы репортажымызда («Егемен Қазақстан», 2009, 17 сəуір). Солай екенін одан бергі төрт жылдың өзі көрсетіп берді. Дағдарыс басталғанға дейін Қытай 2 триллион долларлық валюта резервін жинақтаған болса, қазір оған тағы 1 триллион қосып үлгерген. Басқа жұрттың қалтасы жұқарып жатқанда, бұлар байып барады. Өткен жылы Қытайдың қаржылық емес тікелей экспорттық инвестициялары 38 пайызға артып, 60 миллиард долларға жетіпті. 2010 жылы қаржы əлемін қайран қалдырған жай Қытай ақшасының Батыс жартышарды жаулап алғаны, АҚШтан асып Бразилияға, Канадаға, Аргентина мен Экваторға жеткені болды (www.russia-off.ru). Əрине, əлемдік қаржы дағдарысының Қытайға атымен ықпал етпеуі мүмкін де емес еді. Саньядан жолдаған алғашқы мақаламызда (2013, 6 сəуір) елдің ішкі жалпы өнімінің көптеген жылдар қатарынан 10 пайыздық өсіммен келіп, соңғы екі жылда ол қарқынның бірер пайызға баяулағанын айта кеткенбіз. Соның өзінде де мұндайлық күрделі жағдайда тұрақтылықты сақтап қана қоймай, өркендеуге де мүмкіндік тапқан алып елдің табыстары тəнті етпей қоймайды. Бұл табыстар осыншама халықты ши шығармай ұстап, жұмыс тауып, тойындырып, киіндіріп, артылғанын сыртқа шығарып отырған қоғамның бастаушы күші – Қытай коммунистік партиясының жаңарған жағдайға бейімделе білуінің, нарық пен жоспардың үйлесімділігіне қол
отырсаңыз, оның партиялық жұмыста əбден ысылғанын көресіз. Осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын Хэбэй провинциясындағы Чжэндин уездік партия комите тінің хатшысы болған Си Цзинь пин 2007 жылы Шанхай қалалық партия комитетінің хатшылығына сайланғанға дейін елдің əрқилы өңірлерінде партком хатшысы қызметтерін абыроймен атқарған. 2007 жылы ҚКП Орталық ко ми теті Саяси бюросының мүшелігіне, ал 2008 жылы ҚХР Төрағасының орынбасарлығына сайланғаннан, əсіресе, 2010 жылы ҚКП Орталық комитетінің Орталық əскери кеңесі төрағасы ның орынбасарлығына тағайын далғаннан бастап елдің келесі басшысы Си Цзиньпин болатындығы басы ашық жайға айналған еді. Қытайда мемлекет тізгінін сеніп тапсыратын тұлғаны билік басындағы партия жылдар бойы іздейді, табады, ірік тейді, таңдайды, зерттейді, сы найды, тексереді, үйретеді, ши ратады, шыңдайды, сөйтеді де сəт сағаты соққанда партия жетекшілігіне алып келеді. Партияны кім басқарса, елді сол адам басқаратыны баршаға белгілі. «Егемен Қазақстанның» Си Цзиньпин Қытай Компартиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы болып сайланатын күні жариялаған бір беттік талдау ма қаласын (2012, 15 қараша) «Қытайдың жаңа басшысы» деп атағаны сондықтан. Мақалада Си Цзиньпиннің əкесі Си Чжоңсюнь үлкен лауазымды қызметтер атқарғаны, ол дүниеге келетін 1953 жылы ҚХР Министрлер кабинетінің бас хатшысы болғаны, Маоның «мəдениетті революциясының» тұсында күмəнділер қатарына қосылып, қияндағы бір провинцияға жер аударылғаны, сол жақтан
1978 жылы ғана оралғаны, Си Цзиньпиннің бала күннен азапты ауыр еңбекпен шынығып өскені айтылады. «Ол жылдарда мен, ара-тұра бір ауырып қалған кезде болмаса, 365 күнді мүлде демалыссыз өткізіп жүрдім. Істемеген жұмысым қалған жоқ. Жауыншашынға қарамай ауыл адамдарымен бірге шөп шауып, мал бақтым. Кейде 100 кило бидай салынған дағарды иыққа салып алып, ондаған шақырым жерге жаяу тасыған кездеріміз де болды...», деп еске алады екен өзі. Қаладағы оқудан үйіне келген кезінде шамаданы тек кітаппен толатынын əуелде ауылдастары күлкі де етіпті. «Сөйтсек, ол шынында да кітапқұмар бала екен. Сондай азапты, ауыр жұмыс істеп жүрсе де Си Цзиньпиннің қолынан кітап түспейтін. Таңғы ас үстінде, түскі ас кезіндегі үзілісте, кешке қарай сығырайған май шамның жарығында кірпіштей-кірпіштей қалың кітаптардан бас алмайтын», дейді екен ауылдың бір қариясы.
«Кірпіштей-кірпіштей» демекші, Си Цзиньпин жақында Ресейге ресми сапары кезінде елдің зияткер элитасын орыс əдебиетін соншалықты жетік білетіндігімен, əйгілі шығармалардың барлығын оқып шыққандығымен қайран қалдырды. Газеттердің біріндегі «Си Цзиньпин и Чернышевский» деген мақалада оның жас күнінде «Не істеу керек?» романының кейіпкеріне қатты еліктегені, шегелердің үстінде ұйықтайтын Рахметов сияқты қарлы борандарда əдейі далаға кетіп қалып, желді аязда өзін өзі сынайтыны сондайлық тəнтілікпен жазылды да.
Кґршісі дўрыстыѕ кґѕілі тыныш
Қай көршінің де дұрысы жақсы. Əсіресе, ол көршің мемлекеттілігінің бес мың жылдық тарихы бар ел болса, ол көршіңнің елі өзіңнің еліңнен шамамен сексен еседей көп болса, ол көршіңнің жері өзіңнің жеріңнен шамамен төрт есеге жуық еседей үлкен болса, ол көршіңнің экономикасы өз еліңнің экономикасынан шамамен алпыс еседей қуатты болса тіпті дұрыс. Қытай сондай ел. Нұрсұлтан Назарбаев тəуелсіздіктің таңсəрі шағынан-ақ Қытайдың геосаяси салмағын да, экономикалық əлеуетін де таразыға дəл тартып, ұлы көршімізбен стратегиялық қарым-қатынасқа айрықша басымдық берді. Ең алдымен кешегі кеңес-қытай қатынастарынан мұраға қалған шетін мəселені – шекараны шешуге кірісті. Осы жолда бар білімбілігін, тəлім-тəжірибесін, қажырқайратын, дипломаттық дарынын жұмсады. Сол тұстағы Қытай басшылығымен адами достық байланысын да орайымен пайдаланды.
(Соңы 2-бетте).
150 елге таралатын Ќазаќстан Президенті Нўрсўлтан Назарбаев Ќытайдыѕ «Сhina Daily» ќоєамдыќ-саяси газетіне сўхбат берді
Қазақстан Президенті өңдеу саласында жəне өзге де шикізаттық емес салаларда екіжақты ынтымақтастық алдыңғы кезекте тұрғанын атап өтіп, екі елдің қазірдің өзінде кең ауқымды жобаларды белсене іске асырып жатқанына тоқталды. Мəселен, көлік саласындағы өз ара іс-қимылдың жандануы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль магистралінің қазақстандық телімін пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі. Болжам бойынша, 2015 жылы оның жұмысының басталуы екі ел арасындағы жүк тасымалы көлемін 12 миллион тоннадан 33 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. 2012 жылы екі ел арасындағы темір жол арқылы жүк айналымы 16 миллион тоннадан асты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, мүмкіндіктер арта түсуде. Өткен жылғы желтоқсанның соңында «Алтынкөл–Қорғас» темір жол өткелі пайдалануға бе ріл ді, ол Қытайдан Орталық Азия мен Парсы шығанағы елдеріне жүк жеткізілетін арақашықтықты 500 шақырымға қысқартты. Бұл бағыт бойынша 2015 жылға қарай жүк айналымы 4,5 миллион тоннаға жетеді деп күтіліп отыр. Ал келешекте оның жыл сайынғы қуаты 25 миллион тоннаға жетеді. Сонымен қатар, Қазақстандағы «Қазақстан темір жолы» компаниясы Қытайдың Ляньюньган портында терминал құрылысын салу мəселесін пысықтауда. Нұрсұлтан Назарбаев екі көршілес елдің тағы да бірқатар жобаларды іске асырып жатқанын атап өтті. Оның ішінде электр энергиясын генерациялау саласында, күн сəулесін, желді пайдаланатын стансаны жəне су электр стансасын қоса алғанда, жалпы құны 1,2 миллиард доллардан асатын 4 жоба бар. Осылайша, шикізаттық емес саладағы ынтымақтастық үдеме лі қарқынмен дамып келеді. Қазақстан Президенті осыған орай қолда бар мол мүмкіндіктің бə рі нің кеңінен пайдаланылатынына сенім білдірді.
Мұнай-газ индустриясынан тыс өзара іс-қимыл аясын кеңейту жəне шикізаттық емес жоғары технологиялы сектордағы, ғылыми-зерттеу жəне білім беру салаларындағы серіктестікті күшейту қажеттігі пісіп-жетілді. Мемлекет басшысы Астана мен Пекиннің қарым-қатынасы туралы айта келе, дəйекті көп деңгейлі өзара іс-қимыл қуатты, сындарлы жəне практикалық байланыстарға айналғанын атап өтті. Бұл бүгінде тату көршілік пен өзара сыйластықтың үлгісі болып отыр. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясында Қытаймен қарым-қатынасты нығайту біздің еліміздің сыртқы саясаттағы басымдығы болып саналады. Екі мемлекет арасында еңсерілмейтін ешқандай қайшылық жоқ. Бір ғана сын-қатер бірлес кен жобалардың тиімділігін одан əрі арттыра түсуге, сондайақ, өзара іс-қимыл аясын кеңейте түсуге байланысты болып отыр. Қазақстан Президенті біздің республикамыз бен Қытайдың ынтымақтастығы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысында оның тиімділігін арттырып қана қоймайды, ұзақ мерзімге арналған бірлескен жобалардың жаңа перспективалық бағыттарына жол ашады деген пікірін білдірді. Шанхайда өткен ЭКСПО-2010 көрмесі қатысушылар мен келушілер саны, экспозиция ала ңы жөнінен рекордтық көрсет кішке қол жеткізді. Қытай мұн дай іс-шараны өткізу үшін ұйымдастырушылық жағынан да, техникалық жағынан да жаңа стандарт ұсынды. Мемлекет басшысы Қытай компаниялары көрме нысандары құрылысын салуға жəне соған сəй кес инфрақұрылым түзуге қызығушылық танытатынына сенім білдірді. Бірақ, сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбына айналатын баламалы энергетика саласындағы бірлескен жобалардың өзара ісқимыл үшін жаңа мүмкіндіктер ашуы жəне ынтымақтастықтың мəнді саласына айналуы өте маңызды.
Көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьерминистрі Дэвид Кэмеронға осы елдің бұрынғы Премьерминистрі Маргарет Тэтчердің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Жеделхатта Мемлекет басшысының М.Тэтчердің қайтыс болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев оның Біріккен Корольдіктің дамуына жəне өркендеуіне орасан зор үлес қосқан ірі саяси қайраткер əрі дана тұлға ретінде дүние жүзіне танымал болғанын атап өткен. «Тэтчер ханыммен өткізген кездесулерімді əрдайым жылылықпен еске аламын жəне бұл жүздесулер елдеріміз арасындағы достық пен əріптестік қарым-қатынастардың негізі болып табылатынын сенімділікпен айта аламын», делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы осындай қиын сəтте қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан М.Тэтчер отбасына жəне достас Ұлыбритания халқына шын ниеттен көңіл айтты.