Бїгінгі нґмірде:
№68 (28292) 9 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Мамандарєа наќты ќамќорлыќ керек 2-бет ИСЛАМ БАНКІ: оныѕ ќаржыландыру ерекшеліктері неде? 4-бет ЇРЕЙ 5-бет Жўлдыз боп аќќан бір єўмыр 6-бет
Судьялар ќызметі жаѕа деѕгейге кґтерілуі тиіс
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мəмиді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде сот төрелігін атқарудың қазіргі кезеңдегі жай-күйі, сондай-ақ, соттардың қызметін одан əрі жетілдіру жөніндегі перспективалық міндеттер талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев судьялардың саны артқанын жəне олардың жұмысын жақсарту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы қазақстандық судьялардың қызметі алдағы уақытта сапалы жаңа деңгейге көтерілуі тиістігіне тоқталды. Жоғарғы Сот Төрағасы
Мемлекет басшысының VI судьялар съезіндегі тапсырмаларының іске асырылу барысы, сот өндірісін жеңілдету, сот қызметінде төрешілдік ресімдерді азайту жөнінде жүргізілген жұмыстар мен азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, сот төрелігін атқару сапасын жақсартуға бағытталған шаралар туралы баяндады. Қ.Мəми сот төрелігін атқару үдерісіне араласудың алдын алу, сондай-ақ, сот билігінің имиджін нығайтуға бағытталған өзге де мəселелерді қарастырған, сот би лігінің тəуелсіздігі индексін
● VII Астана экономикалық форумы қарсаңында
«G-Global» – жаћандыќ зияткерлік желісі Бұдан бұрын хабарлан ғанындай, биылғы 21-23 мамыр аралығында елордамызда VII Астана экономикалық форумы жəне ІІ Дағдарысқа қарсы дү ниежүзілік конференциясы, сондай-ақ «G-Global» - пікірталас алаңы ұйымдастырылады. Осы халықаралық ауқымды шараларға дайындық барысын білу мақсатында «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының президенті Мұрат КƏРІМСАҚОВТЫ əңгімеге тартқан едік. – Мұрат Ратұлы, биылғы VII Астана экономикалық фо румының (АЭФ) ерекшелігі қандай? Форум аясында қанша шара ұйымдастырылады? – Биылғы форумның жалпы тақырыбы теңдестірілген экономикалық өсімді қамтамасыз ету жəне жаһандық даму мəселелері төңірегінде болады. Экономикалық форумда əлемдік экономиканың өзекті мəселелері талқыланып, соған байланысты қабылданатын ұсыныстарды өңдеу жұмыстары жалғастырылады. Алдымыздағы 21-22 мамыр күндері Астана экономикалық форумы алаңында Бреттон-Вудс жүйесінің 70 жылдық мерейтойына орай ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция өткізіледі. Бұл – БҰҰ үшін Дағдарысқа қарсы дү ниежүзілік жоспар жобасын өңдеп, қабылдауға бағытталған басты халықаралық шара. Биылғы елордамызда өтетін VII Астана экономикалық форумы мен ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияға БҰҰға мүше мемлекеттерден 10 мыңға жуық делегат қатысады деп күтілуде. Жалпы, əлемдік дағдарысқа қарсы өткізілетін бұл жаһандық конференцияға қаржы, экономика министрлері, орталық банк жетекшілері деңгейіндегі лауазымды тұлғалар, ха лықаралық сарапшылар мен БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ресми өкілдері қатысады. VII Астана экономикалық форумының негізгі міндеті – жаһандық
экономиканы дамыту мəселелері бойынша ұсыныстар əзірлеп, бұл ұсыныстарды G20 саммитінде талқылау үшін G20 елдерінің басшыларына, халықаралық жəне өңірлік ұйымдар жетекшілерінің қарауына беру. Сонымен бірге, жаһандық басқосуға Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар жобасының 16 бағыт бойынша өткізілетін шараларын ұсыну, Қазақстанның халықаралық бастамаларын таныстыру, инвестициялық келісімдерге қол жеткізу, форумға қа тысушылардың іскерлік байла ныстарын жақсартуға жағдай жасау болып табылады. Форум бағдарламасында 69 тең ұйымдастырушылардың (42 қазақстандық, 27 шетелдік, оның ішінде БҰҰ, ЮНКТАД, БҰҰДБ, ХВҚ, Көші-қон бойынша халықаралық ұйым, Бреттон-Вудсты жаңарту комитеті жəне басқалар) бастамасымен 61 шара өткізу жоспарланып отыр. – Биылғы ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияға дайындық қан дай деңгейде жүргізіліп жатыр? Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар жобасы туралы не айтасыз? – Бүгінгі күнге дейін VII Астана экономикалық форумы аясында өтетін ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның жұмысына қатысу үшін БҰҰ-ға мүше 124 мемлекеттің ресми делегациясы тіркеліп қойды. (Соңы 2-бетте).
көтеру жөніндегі Жоғарғы Сот əзірлеген іс-шаралар жоспары туралы хабардар етті. Бұдан бөлек, Жоғарғы Сот Төрағасы сот төрелігіне қолжетімділікті арттыруды, істерді қараудың сотқа қатысушыларға ыңғайлы тəртібін, бітістіру үдерістерін кеңінен қолдану мен заманауи технологияларды пайдалануды қарастыратын Азаматтық іс-жүргізу кодексінің жаңа жобасына қатысты жұмыстардың барысы туралы баяндады. Кездесу қорытындысында Мем лекет басшысы елдің сот жүйесін əрі қарай дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ КҮШІ – БІРЛІКТЕ! Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІ сессиясының қарсаңына орай əзірленген материалдарды 3-беттен оқисыздар.
Маќсат – таза экономикалыќ интеграция Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев баспасөз мəслихатын өткізді. Онда Еуразиялық экономикалық одақ туралы əңгімеленді. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Брифингке Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Ж.Айтжанова, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков, Индустрия жəне жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.Рау, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау вице-министрі Т.Жақсылықов қатысып, күн тəртібіне шыққан мəселе бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Бүгін осы Еуразиялық экономикалық одақ туралы сөз болады. Бұл шара бүкіл əлем жұртшылығының назарында тұрғанын жақсы білесіздер. Мұндай одақ құру ұсынысы осыдан 20 жыл бұрын біздің Елбасы тарапынан, Мəскеуде жасалғаны белгілі. Ол жылдары аймақтағы елдердің он дай экономикалық одақ құруға қы зығушылығы болмады. Себебі, тəуелсіздігін жаңа алған елдердің өз
іштеріндегі мəселелері де жеткілікті еді. Енді өтпелі кезең артта қалып бара жатқан қазіргі уақытта, осы күнге дейін күн тəртібінен түспеген Еуразиялық экономикалық одақ құру мəселесі қайта көтеріліп, оның құрылуының алғашқы кезеңі аяқталуға таяу. Бұйыртса, осы айдың соңына дейін тиісті құжаттар толық əзірленіп болса, келер мамыр айының соңын ала Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің мемлекет басшылары Одақты құру жөніндегі шартқа қол қояды. Бүгін сіздердің алдарыңызға келіп отырғанымыздың себебі бар. Еліміздегі кейбір бұқаралық ақпарат құралдары, оның қатарында электронды ақпарат желілерінде осы мəселе жөнінде көптеген талқылаулар жүрiп жатыр. Оған қолдау жасап отырғандар да, қарсылық бiлдiрiп жатқан да өзiмiздiң азаматтар бар. ЕЭО туралы шарттың айналасындағы кейбір тү сiнiспеушiлiктер ақпараттардың
толыққанды болмауынан да туындауы ықтимал. Көңiлге күдік-күмəн ұялататын осындай пікірлерге байланысты айтарым, Еуразиялық экономикалық одақ – тек қана экономикалық интеграция. Ең бастысы, бұл – ЕЭО ешқандай да саяси ұйым емес. Мұнда тек экономикалық əрiптестiк жасау көзделген, деді Б.Сағынтаев. Бірінші вице-премьердің айтуына қарағанда, келiссөздер барысында қазақстандық топ одақтың саясилануына, ұлттық құзыретке, тəуел сiздiк мəселелерiне тиесiлi тақырып тардың талқылануына жол бермеу жөнiнде нақты ұстанымдарын белгiлеп алады екен. Онда кез келген экономикалық емес тақырыптарға шектеу қойылатынын айтты. «Сондықтан Қазақстан азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты мазасызданып, қобалжымауларына болады. ЕЭО Қазақстан тəуелсiздiгiне қауiп төндiрмейдi. Керiсiнше, елiмiздiң экономикасына үлкен экономикалық мүмкiндiктер туғызады», дедi Үкімет басшысының бірінші орынбасары. (Соңы 2-бетте).
● Жағымды жаңалық
Отандыќ битумныѕ сапасы тексерілуде Аќтаудаєы битум зауытыныѕ алєашќы ґнімі республикалыќ маѕызы бар Шетпе – Бейнеу тас жолыныѕ ќўрылысына жеткізілді Дайын өнімнің сапасы мен жөнелтімі, оны ішкі нарыққа жеткізу, тұтынушылар мен битум нарығындағы барлық қатысушылардың тілекұсыныстары бірден екі – Мұнай жəне газ, Көлік жəне коммуникация министрліктері өкілдерінің қатысуымен Ақтау қаласында өткен жиналыста талқыланды. Ақтау битум зауытына Маңғыстау, Павлодар, Атырау жəне Батыс Қазақстан облыстарынан тұтынушылар келді. Үдемелі индустриялықинновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған Битум зауытын былтырғы жылдың желтоқсан айында телекөпір арқылы Елбасының өзі қосқан болатын. Мұнай жəне газ ви цеминистрі Мағзұм Мыр зағалиевтің айтуынша, елімізде теңдесі жоқ кəсіпорын жол құ рылысы алдынан жаңа көк жиектер ашады. Оның
жоғары сапалы өнімдері Қазақстан ғана емес, шетелдерге де экспортқа шығарылатын болады. Зауыт жыл сайын 400 мың тоннадай жол битумдарын, сондайақ, 255 мың тонна бензиндизель фракциясы мен 259 мың тонна вакуумдық газойль шығарады, – деп мəлім деді М.Мырзағалиев. Тех нологиялық жүйелер жөнделуден өткеннен кейін көзделген сапа
көрсеткіштеріне қол жеткізіл ді. Өнім сапасы битум маркалары бойынша Қазақстанның стандарттық талаптарына сай келеді, дейді «KPI» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Серік Байсексенов. Битум шығарудың əрбір сатысында барлық мұнай өнімдерінің түрлері бойынша сынаулар өткізілген болатын. Оның сапасын Қазақстан бойынша бірнеше зертханалар дəлелдеді, олардың ішінде тəуелсіз сапа зерт теу орталықтарының бірқатары бар. Қазақстан бұрын негізінде шикізаттық бағыттарға басымдылық берген. Тəуелсіздік алғаннан бері елімізде мұнай өндеудегі тұңғыш зауыт Ақтау қаласында салынды. Бұл зауытта ауыр жоғары
парафинді мұнайды өңдеуге барлық мүмкіндіктер бар. Ол мұнайдың осы бір түрі – битум шығару үшін салынған. Осындай зауыттың құрылысы Кеңес Одағы кезінде жоспарланған болатын. Алайда, бұл жоба тек былтырғы жылы ғана іске асырылды. Жаңа өнді ріс пластикалық масса зауытының орнында тұрғызылды. Ол зауыт бұрынғы қалпына келтіріл ме се де, оның дайын инфра құрылымын пайдалану мүмкіншілігі болды. Бүгінгі таңда Ақтаудағы битум зауыты өнімнің бірінші партиясын шығара бастады. Жоба бойынша битумды теміржол цистерналарына құю қарастырылмаған. (Соңы 2-бетте).
АҚПАРАТТАР аєыны ● «ҚазАгро» көктемгі жəне күзгі дала жұмыстары үшін 61,6 млрд. теңге бөледі. Соның ішінде қаржыландырудың негізгі бөлігі болып табылатын бюджеттік несие 40 млрд. теңгені құрайды. Ведомство сондай-ақ алғашқы рет көктемгі егіс жұмыстарын екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырып, бұл мақсатқа 20 млрд. теңге қарастырады. ● «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша көмек қаржы алатын компаниялардың саны 3600-ге жетті. Бұл туралы кеше Алматыда өткен баспасөз мəслихатында «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрайымы Лəззат Ибрагимова мəлімдеді. Оның айтуынша, бағдарламада өндіруші жəне өңдеуші компанияларға басымдық беріледі. ● Қостанай өңірінде биыл 12 инвестициялық жоба іске асырылады. Облыстық кəсіпкерлік жəне индустриялық инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлнəр Əбенованың мəліметінше, бүгінде 80 жобаның 69-ы іске қосылған. Соның нəтижесінде сомасы 100 млрд. теңгелік 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. ● Шығыс Қазақстан облысында ауадан қуат алатын қондырғы өмірге келді. Оны ойлап тапқан жергілікті өнертапқыш Михаил Бул даков «Шағын ЭКСПО-2014» көрмесіне осы жобаны ұсынып, мамандардың жоғары бағасын алды. ● Шымкентте «Театр көктемі-2014» облыстық кəсіби театр фестивалі мəреге жетті. Оған облыстағы 8 кəсіби театр қатысып, 8 номинация бойынша жарысқа түсті. Қорытындыда облыстық əзіл-сықақ жəне сатира, облыстық опера жəне балет театрларының ұжымдары бас бəйгелерге қол жеткізді. ● Қызылорда облысы Сырдария ауданында 402 су нысаны коммуналдық мен шік ке қайта өткізілді. Аудандық прокуратура қызметкерлерінің бастамасымен жүргізілген бұл шара жарамды жəне қайта жаңғыртуға жататын қондырғыларды ауыл шаруашылығының мүддесі үшін тиімді пайдалану мақсатында жасалып отыр. ● Ақтауда 200 жас отбасы жаңа пəтерлердің кілттеріне ие болды. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген бұл үйлердің кілтін табыс еткен Маңғыстау облысының əкімі Алик Айдарбаев алдағы уақытта аталмыш жоба негізінде салынатын жайлар санының күрт артатынын айтты. ● Қазақстанда «Скат» əуе компаниясының жұмысын тексеру басталды. Бұл жұмыстарды қолға алған Көлік жəне коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитеті соңғы уақытта жиілеп кеткен төтенше жағдайлардың себептерін анықтайды. Еске сала кетсек, 7 сəуірде авиа компанияның Шымкенттен ұшып келген «Боинг-737» ұшағы Астана əуежайына апаттық жағдайда қонған еді.
24KZ, BNews.kz, Nur.kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.