09/05/2013

Page 1

ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН №124 (28063) 9 МАМЫР БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Батырдыѕ кґзіндегі шуаќ

Суретті түсірген Сəрсенбек ҚЫЗАЙБЕКҰЛЫ.

Алматыдағы «Ғылым ордасында» халқымыздың қаһарман перзенті, даңқты ұшқыш, екі дүркін Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновпен болған кездесуден алар тағылым аз болған жоқ. Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

Аңызға айналған ардагер батырды қауым сағынып-ақ қалған екен, кеудесінде марапаттары жарқырап залға кіре бергендеақ мұндағы ғалымдар, ғылыми институттар қызметкерлері, студенттер мен магистранттар ду қол шапалақтап қарсы алды. Отан қорғаушы күнінің алғаш рет мемлекеттік мереке ретінде аталып өтуіне орай жəне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 68 жылдығы қарсаңында бұл кездесуді Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Институт директоры Əбсаттар Дербісəлі осынау кездесудің мəнмаңызына тоқтала кетті. Əлбетте, қазақтың текті қыранымен нақ осы кездесудің Отан қорғаушы күні мен Жеңіс мерекесі қарсаңында өтуінің мəні зор. Бұл мерекелер күнтізбелік

жағынан жақын əрі идеялық тұрғыдан да біртұтас, рухтас. Қазірде тəуелсіздік тұғыры нығайып, еліміздің қорғаныс қабілеті жылдан-жылға артып келеді. Мықты армия – мықты Қазақстан екендігі əрбір саналы азаматқа, елдің отаншыл өрім жастарына белгілі. Отанның құрыш қалқан жауынгерлерін тəрбиелеу ісінде кешегі сұрапыл соғыста от кешкен аға буын майдангерлердің үлгі-өнегесі əрқашан алдымызда шырақ болып маздап тұрары анық. Олай болса, бүгінгідей кездесулер бүкіл адамзат үшін фашистерді жеңудің маңызын, əлемді қасірет тажалынан қорғаудың ізгілігін, Ұлы Отан соғысының барлық кезеңдерінде қазақстандықтардың қосқан елеулі үлесін, аға ұрпақтың майдан мен тылдағы батырлығы мен ерлігін айшықтап көрсетеді. Тоқсаннан асқан қарт қыран бұл күндерде онша-мұнша кездесулерге бара беруге

сараңдық танытатыны да рас. Ал дəл осы жолы ғалымдардың қара шаңырағына шақыруды ықыласпен қабыл алғаны үшін Əбсаттар қажы алғысын да білдіріп өтті. Сонымен бірге, батырды мəпелеп, алақанға салып күтіп отырған жары Орындыбике Жекенқызына да рахметін айтпай қала алмады. «Ғылым ордасы» мемлекеттік мекемесінің бас директоры Роза Кəрібжанова да аңызға айналған ардагер ұшқыштың тарапына ілтипатты лебіздерін аяп қалған жоқ. Талғат ағамыздың бүкіл шығыс халықтары ішіндегі, бүкіл мұсылман қауымындағы, бүкіл түркі жұртшылығындағы Кеңес Одағының Батыры атағын екі дүркін алған бірден-бір жампоз екендігін үлкен мереймақтанышпен шаттана мəлімдеді. Шынында да, бір қисын айтсақ, сонау қаһарлы соғыс жылдарында Сталиннің жарлығы бойынша 80 жауынгерлік ұшуды табысты орындаған ұшқышқа батыр атағы берілетін болып белгіленген екен. Ал біздің Талғат ағамыз болса, 305 мəрте жауынгерлік тапсырмамен ұшып шығып, жауға соншама рет ойран салып шайқасқан, соншама рет өліммен беттесіп,

арпалысып айқасқан. Қарапайым арифметикаға салсақ та төрт немесе, кем дегенде, үш мəрте Кеңес Одағының Батыры болғандай екен-ау. Ендеше, бүгінгі кездесу тірі аңызбен кездесу емес пе?! Осылайша туған халқына мереймақтаныштың кенен олжасын салған көзсіз батырға арналған алғыс-рахмет те, ілтипат-құрмет те мəңгілік болуы керек шығар. Кездесу «Халқының даңқты батыры» атты деректі фильмді тамашалаумен басталды. Бұл фильмде батырдың жасөспірім шағынан бастап, бүкіл өмір белестері, жауынгерлік жолы, Ұлы Отан соғысындағы ерліктері кино тілінде айшықты баяндалыпты. Негізгі кейіпкер, əңгіме айтушы Талғат Жақыпбекұлының өзі. Кадрда күркірей аңқылдап күлімсірей сөйлеген батыр ағаның көзіндегі шуақтан қилықияпат жылдарға мойынсұнбаған жан тазалығын танығандаймыз. Бала шақтың хикаясы бұрынғы Ақмола-Қараөткел төңірегіндегі ата-қоныста, қазіргі Астана əуежайының орнындағы ескі Майбалық ауылында басталған. Бигелді балалары Жүсіпбек пен Жақыпбек аласапыран заманда Ғали деген байдың көп малын айдап қырғыздың Пішпек қаласына келеді. Кейінірек бала Талғат жақын маңдағы аэроклуб ұшақтарына қатты қызығады. Сол арадан айналшықтап шықпай, ұшақ қанаттарын жалтыратып сүртуге көмектесетін болыпты. Сөйтіп, талапты жас аэроклубқа алынады. Талғат аға сондағы «ПО-2» ұшағымен аспанға алғаш көтерілгенін жыр қылып айтады. «Ойпырмай, мына ұшып жүрген шынымен менмін бе!» деп өзінің көкте ұшып жүргеніне сенерсенбесін білмей, қуанышында шек болмаған екен. Бұл да болса қазақтың қаршадай баласының арманының асқақтығын, аңсарының биіктігін аңғартады-ау. Ұшқыштар мектебіне алынуы да қызық. Сондағы комиссия басқарушы капитан шалбары жамау, көзге қораштау бұған қарап: «Ей, ты, байский сын, тебя не возмём!» дейді. «Какой я байский сын!» деп жылап жібере жаздайды. Содан құстай ұшып үйіне келіп, баяғыда əкесіне қызыл командир Фрунзе берген қолхатты алып келеді. «Никакой я байский сын! Вот! Скот сдавал Советской власти. На-те!» деп қолхатты комиссия алдына атып ұрады. Онда «Я, главнокомандующий Туркестанским военным округом М.В.Фрунзе, принимаю скота Гали бая от чабанов Бегельдиновых Жусупбека и Жакупбека и других, в составе: 20 тыс. овец, 500 крупного скота» деген сөздер жазылып, мөрі басылған екен. Комиссия қолхатты бірінен соң бірі алып оқып, ақыры капитан айтты дейді: – Бигельдинов, ты принят в лётную школу! Осылайша қыран самғауының ақ жолы ашылып, таңғажайып ұшқыш тағдыры басталады. Талғат əуелі Саратовтың арнаулы барлаушылық авиамектебіне оқуға жіберіледі. Оны бітірген соң Чкаловтағы 3-ші бомбалаушы жəне 1-ші жойғыш авиациялық ұшқыштар мектептерінде аспан қыраны мамандығының қыры мен сырын тəптіштеп меңгереді. Сол екі арада соғыс басталады. Талғат Бигелдинов 1942 жылдың желтоқсан айында алғы шептегі авиаполкке келіп қосылып, соғыстың соңғы күніне дейінгі бүкіл от-жалынды бастан өткереді. (Соңы 2-бетте).

Жаѕартылатын энергияєа жаѕа кґзќарас ќажет

Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен кешегі жалпы отырыста депутаттар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау, сотсараптама қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жəне əуе тасымалына қатысты заң жобаларын қарастырды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібіне шығарылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Жаңартылатын энергия көздерінің нысанын салуға жер учаскесі ерекше жағдайда бөлінетінін баяндамашы – Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров ерекше атап кетті. Министр осы ретте жаңартылатын энергия көздерінің бірнеше жобаларын салу негізінен жер учаскелерін осы мақсатта пайдалануға рұқсат алудың қиындығына байланысты жүзеге

аспай жатқандығына қынжылыс білдірді. Мəселен, өзен алқаптары мен олармен іргелес жатқан орман қорына кіретін учаскелерде шағын су электр стансалары құрылыстарын салу қиындықтарға тап болуда. Ал шағын ГЭС-тер салу үшін ондай аумақта орналасқан жер учаскелерін орман қорынан шығарып, басқа санаттарға ауыстыру қажет. Дəл осындай қиындықтар жел қуатын пайдаланатын электр стансаларын салуға қатысты мəселеде де туындап отыр. Жер кодексінде жердің нысаналы мақсатын өзгерту Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға берілген, ал жаңартылатын энергия көздері нысандарына жер бөлу мəселесі назардан тыс қалып қойған. Енді бұл проблемалар заңдық негізде шешімін табатын болады. (Соңы 6-бетте).

 Бəрекелді!

Ќариялар ќуанышы Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Күннен-күнге қатары селдіреп бара жатқан соғыс жəне еңбек ардагерлерін мамырдың мамыражай күнінде Талдықорғанға жинап, бір реттік ақшалай сыйлық беріп құрмет көрсету жетісулықтардың да игі дəстүріне айналған. «Отанымызға қауіп төнгенде Жетісу жерінен май дан ға 120 мыңнан астам адам аттанып,

олардың 50 мыңы туған жерге оралған жоқ. Ерліктің ең жоғары үлгісін көрсеткен 52 жетісулық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Солардың бірі бүгін арамызда жүрген Иван Васильевич Косенковты біз мақтан тұтамыз. Жауынгерлеріміз жаумен айқасып жатқанда, тылда жұмыс істеп, ашаршылықты, ауырт палықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген

Əкім ардагердіѕ їйіне барды Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Жеңіс мерекесі қарсаңында облыс əкімі Қанат Бозымбаев соғыс ардагері Үбіжан Əміркеновтің шаңырағына арнайы барып, 95 жастағы қарт майдангерді төл меркесімен құттықтады. Ү.Əміркенов 1918 жылы 18 ақпанда Жамбыл ауданындағы «Көлқайнар» ауылында дүниеге келген. Он сегіз жасқа дейін балалар үйінде тəрбиеленген ол 1938 жылы

МТС-те есепші болып жүрген жерінен əскерге шақырылды. Фин соғысына, Белоруссия, Батыс Украина майдандарына қатысты. Панфилов дивизиясындағы 27 гвардия полкінде артиллерист болды. Мəскеуді қорғап, Псков қаласын, Латвия, Эстония елдерін азат етуге де атсалысты. Осы сұрапыл соғыстардағы ерен ерлігі үшін ІІ дəрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен екі мəрте жəне «Мəскеуді қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін»,

 Талап жəне тəртіп

Ќызметтіѕ ќўпиясы Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Егер қол астындағы қызметкері аяқ астынан жұмыстан кету жөнінде арызын жазып алып келсе, басшы адам не істеуі керек? Бəлкім, «не үшін, не болып қалды?» деп бір ауыз мəн-жайды сұрайтын да шығар. Бірақ, «жұмыстан босаймын» деп шешім қабылдап, біржолата белді бекем буған адам ешқандай бұйрыққа бағынбайтыны анық. Байлап ұстап тұра алмайсыз. Өтінішіне қол қойып беріп, бес күннің ішінде есеп айырысасыз. Қайбір күні Оңтүстік Қазақстан облыстық тəртіптік кеңесінде өткен мəжілісте осы тектес сұраққа бірқатар аудан əкімдері осылай жауап берді. Бірақ, қанша өз еркімен бас тартып, жұмыстан кетуге өздері өтініш берді десек те, бұларды осылай істеуге бір жағдай мəжбүрлеген секілді. Əйтеуір, осында бір гəп бар. Отырар ауданы, Балтакөл ауыл округінің əкімі, Созақ ауданы, Қаратау ауыл округінің əкімі, Түркістан қаласының сəулет жəне қала құрылысы бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы, əл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік санитарлықэпидемиологиялық қадағалау басқармасының жетекші маманы... Барлығы да үстерінен қылмыстық іс қозғалып жатқан кезде арыздарын жазып, қызметтерінен босап кеткен. Арада бірнеше уақыт өткеннен кейін

барып, барлығы сотты болып, шартты жаза алған. Бұл қызметкерлер жұмыстан босауға неге соншалықты асықты? Əлде алдын-ала өз еркімен босап кетсе, жазасы жеңілдейді ме? Тіпті, Мəжілісте «бұлар мемлекеттік қызметтен күні бұрын кетіп қалғандықтан сотталғаны туралы мəліметтер прокуратураның арнайы есебіне тіркелмейді, уақыт өте келе қайтадан мемлекеттік қызметке оралуға болады» деген де пікірлер айтылды. Бірақ, прокуратура өкілдері «кез келген қылмыстық іс есепке тіркеледі» деп, ол пікірді жоққа шығарды. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 28-бабының 1-тармағында мемлекеттік қызметшінің теріс себептермен жұмыстан босатуға əкеп соғатын тəртіптік теріс қылық жасаған адамдарды өз еркімен жұмыстан босатқаны үшін мемлекеттік қызметшілерге тəртіптік жазалар қолданылу мүмкіндігі берілген. Бірақ тəртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір ай ішінде қолданылады, алты айдан кейін қолданыла алмайды дейді бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы Берік Бекжанов. Осы мəселе бойынша екі ауданның əкімі тəртіптік кеңес мүшелері алдында есеп берді.

(Соңы 8-бетте).

қайратты да қайсар жандарға бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз», деді Алматы облысының əкімі Аңсар Мұсаханов. Бұл басқосудың бір ерек шелігі – ардагерлер бүгінгі бейбіт заманға тəубешіліктерін айтып, өз ара шүйіркелесіп, Отан алдындағы міндетін қиын-қыстау күндерге қарамай, иілмей адал атқарғандарын еске алысып, бір серпіліп тарасты. Алматы облысы. «Ерлігі үшін», «Маршал Жуков» жəне басқа медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін Красногор ауданында шикізат дайындау мекемесінің директоры, Қаратау артелінің директоры, Жамбыл нан комбинатының өткізу бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған ардагер бүгінде тəуелсіз елінің қызығына куə болып, аман-есен тұрып жатыр. Қарт майдангердің отбасында болған облыс басшысы ардагерге мықты денсаулық, отбасына, бала-шағасы мен немерешөбересіне мол бақыт тіледі. Жамбыл облысы.

Бїгінгі нґмірде:

Мыќты армия – мыќты Ќазаќстан! 4-бет

Намыс сардары

5-бет

Ќаратаудан Карпатќа дейін

6-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
09/05/2013 by Egemen - Issuu