МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, МАЙДАНГЕР! №90 (28314) 9 МАМЫР ЖҰМА 2014 ЖЫЛ
ЖЕЅІС КЇНІ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бёрнспен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың, соның ішінде сауда-экономикалық жəне инвестиция саласындағы байланыстардың негізгі бағыттары қарастырылды. Бұдан бөлек, Қазақстанның алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты негізгі мəселелер талқыланды. Тараптар Украина мен Ауғанстандағы жағдайға қоса,
халықаралық күн тəртібінің өзекті мəселелері жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қа зақстанның Құрама Штаттармен екіжақты қарым-қатынасты белсенді дамытуға əзір екенін айтты. – Таяуда мен Гаагада АҚШ Президентімен кездестім. Біз елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты дамыту мəселелерін, сондай-ақ, əлемде бүгінгі таңда қалыптасып
отырған ахуалды егжей-тегжейлі талқыладық. Оған қоса, бірлескен мəлімдеме қабылдадық. Екіжақты ынтымақтастықты жоғары деңгейде бұдан əрі де жалғастыру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. У.Бёрнс Мемлекет басшысына АҚШ Президенті Барак Обаманың жылы лебізін жеткізіп, АҚШ-тың Қазақстанмен стратегиялық серіктестікке деген ұзақмерзімді айнымас ұстанымын атап өтті.
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Медаль «Ерлігі үшін» медалі бар төсінде, Майдангермен сырласқаным есімде. Бір мың төрт жүз он сегіз күн жəне түн Осынау жан жүрген жорық көшінде. Осынау жан өмір үшін күрескен, Өмір үшін өлімменен тірескен. Жанардағы жан шырағы – жарығы Жел өтінде мың тіріліп, мың өшкен. Қанды майдан, жорықты жол, сыз окоп, Жүрегінде жауға деген ыза-кек.
АРДАГЕРЛЕРГЕ АЛЄЫС
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске биылғы 9 мамырда 69 жыл толды. Осы айтулы мерекеге орай Отанымыздың барлық елді мекендерінде ардагерлерге зор сый-құрмет көрсетілуде. Яғни мерекелік дастарқандар жайылып, басқа да түрлі салтанатты шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бұдан бөлек, қалыптасқан дəстүр бойынша, жергілікті билік Ұлы Отан соғысының барлық қатысушыларына бір рет берілетін ақшалай жəрдемақы тағайындады. Сонымен қатар, кейбір өңірлер ардагерлердің бір айлық коммуналдық төлемдерін өтеп беруге шешім қабылдады. Əрине, жəрдемақы көлемі əр өңірдің əлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай əртүрлі болып отыр. Бірақ мəселе оның нақты көлемінде болмаса керек. Ең бастысы – елімізде ардагерлерге лайықты құрмет көрсетілу үстінде.
Ақтөбе облысы Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Ұлы Отан соғысының от -жалынынан өткен майдангерлер қатары сиреп қалды. Қазір облыста небəрі 211 Ұлы Отан соғысына қатысушы тұрады. Солардың 160-тан астамы Ақтө бе қаласының тұрғыны. Жер гілікті билік оларға барлық тұрмыстық жағдай туғызып келеді. Майдангерлер «Ардагер» емханасында денсаулығын тек сертіп, емделеді. Өңірдегі соғыс ардагерлерінің барлығы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Майдан герлердің коммуналдық
төлемдерін өтеуге əр ардагерге ай сайын жергілікті бюджет есебінен 10 мың теңге төленеді. Олар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай Ұлы Отан соғысына қатысушылардың əрқайсысына облыстық бюджеттен 100 мың теңге берілді. Ақтөбе қала сын да тұратындар үшін Отан қорғау шылар күні дастархан жайылып, сый-сияпат жасалды. Осы шара барысында қалада тұратын үш соғыс ардагеріне жəне үш Ұлы Отан соғысына қатысушының жесіріне пəтер сертификаттары тапсырылды.
Алматы облысы Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Елімізде қалыптасқан дəстүр бойынша Алматы облысының əкімі Аңсар Мұсаханов 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай Талдықорғанда Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қабылдап, сый-сияпат көрсетті. Жалпы, Жетісу жерінде 471 ҰОС ардагері болса, соның 320-сы сұрапыл соғысқа қатысушы, 152-сі мүгедек жандар. Облыс əкімінің кездесуіне 100 ардагер шақырылып, облыстық бюджеттен олардың əрқайсына бір жолғы материалдық көмек ретінде 50 мың теңгеден берілді. Ардагерлер
басқосуында майдангерлер Солтанбай Жарықбаев пен Григорий Харченко мінбеге көтеріліп, кешегі күн естеліктерін тілге тиек ете тұрып бүгінгі өскелең өмірге ризашылықтарын білдірді. Əлбетте, Елбасына, облыс əкіміне алғыстарын да ағыта білді. Қарттар көңілдерін аулай білген Аңсар Мұсаханов құттықтау сөзбен шектелмей, ардагерлерге ақ дастарқаннан дəм татқызып, осы күні облыстың əр түкпірінен арнайы келген қариялардың қонақүйде орналасып, дəрігерлер тексерулерінен өтуіне де жағдай туғызды. (Соңы 4-бетте).
Туған жерде жат тұрғанын ойласа, Бойы суыр салғандай-ақ мұз əкеп. Қарт мінезі əшейінде қатал-ақ, Немереге отырар тек боталап. Қарт жүрегі елжірейді, медалін Сəби саусақ сипағанда «аталап».
Ордені жоқ, жалғыз ғана медалі, Мақтаныш қып өңіріне тағады. «Медаль ма?!» деп менсінбесе кей шіркін, Қыран қабақ қырауланып қалады.
Суретті түсірген Досжан БАЛАБЕК.
Серіктестік ґзара сенім арќылы ныєаяды
Мұндай ойға қайран көңіл жабырқап, Ондайларға қарай қалар таңырқап. «Ерлігі үшін» деген сөздің бағасын Бастан кешкен біледі ғой аға ұрпақ. Мəскеуіңнен жолды тартқан Берлинге, Толған небір қырғын менен сүргінге, Осы қазақ жауынгердің ерлігі Дастан болып жазылған-ды əр күнге. Ерлік жасау ойында еш болмаған, Бар білгені – елін жаудан қорғаған. Сондықтан да əр қадамы жеңіс боп, Отанына бейбітшілік орнаған. Соғысып па ерлік жасау үшін ол, Туған елге сатпайды əсте күшін ер! Отан бірақ ерлігі үшін деп берген, Сол медальдің салмағын жұрт түсінер... Қорғанбек АМАНЖОЛ. АЛМАТЫ.
Михаил ПОДОЛЯКОВ, Ұлы Отан соғысының ардагері:
«Мəскеудегі парадќа тірілер парызын ґтеу їшін барамын» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығына орай Мəскеуде өтетін əскери парадқа қатысу үшін Ресейдің Қазақстан Респуб ликасындағы елшілігі біздің елімізден бес ардагерге шақырту жасады. Соның бірі болып, Ресей астанасындағы парадқа қатысу құрметіне ие болдым. Соғыс салған жараның орны əлі сыздайды. Біз ауыр жаралансақ та, аман қалдық. Ал мыңдаған қанды көйлек жолдастарымыз туған жердің топырағы да, ауасы да бұйырмай, майдан даласында бір-бір төмпешікке айналып, қалып қойды. Олардың да елге қайтып келіп, бала сүйіп, ұрпақ тəрбиелеуіне, бақытты болуға, елдің тəуелсіздігін, бүгінгі бейбіт өмірін көруіне толық құқы бар еді ғой. Олар қыршын кетті, біз тірі қалдық. Қазір қатарымыз да сиреп кетті. Қостанай облысы бойынша бүгіндері 435 майдангер ғана Жеңіс мерекесін атап өтіп отыр. Соғыста ерлікпен қаза тапқандарды еске алу, ұмытпау, жастарды патриот етіп өсіру – тірілердің парызы. Мен майданға аттанғанда əлі 17 жасқа толмаған кезім еді. Жасы жеткен еразаматтарды майданға алып, біз секілді балаларды фабрика-зауыт училищесіне оқуға жіберді. Мен Қарағандыдағы ФЗУ-ға оқуға бардым. Қасымда екі досым бар, үшеуміз майданға сұранып, əскери комиссариатқа талай бардық. «Жастарың жетпейді», деп шығарып салады. Бірде майданға солдаттар апара жатқан эшелонға жасырынып мініп, тартып отырдық. Біздің училищедегі тəрбиешіміз осы вагонға мінген болатын, сол кісіні де арқа тұттық-ау деймін.
Сонымен пойыз жүріп кеткен соң, бізді қайта түсіріп тастамады. Жасымызды бір жас үлкейтіп жазып, сол эшелоннан түспей, майданға кірісіп кеткенімізді бір-ақ білдік. Соғыстың қырғынын бастан өткердім. Солтүстік Батыс майданда, Курск иіні үшін болған шайқаста болдым. Украинаны азат ету ұрыстарына, Корсунь-Шевченко операциясына қатыстым. Бұл ауыр, шығыны көп ұрыс болғаны тарихтан белгілі. Сол шайқаста мен ауыр жараландым. Ата-анама «қара қағаз» келіпті. Ал мені госпитальдан шыққан соң, Полтавадағы танк училищесіне жіберді. Жеңісті сонда жүріп қарсы алдым. Мəскеудегі əскери парадты көру мен үшін үлкен құрмет деп білемін. Қазір əрқайсысы бөлек ел болса да, сол кездегі Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың барлығы тізе қосып, фашизмге қарсы бірге күресті. Мəскеуді біздің қазақстандықтар жаудан қорғады. Мен парадты тамашалап тұрып, майдандастарымды еске аламын. Егер менен мəскеуліктер, парадты қызықтауға келген өзге де қонақтар сұраса, Тəуелсіз Қазақстаным туралы айтып беремін. Мəскеуден келген соң, Қостанайдағы жастарға, балаларға парад туралы, Ұлы Отан соғысындағы менің замандастарым, достарым жасаған ерлік істер туралы əңгімелеуден жалықпаймын. Олар бізге қарап Отанын қорғайтын патриоттық тəрбие алуы тиіс. Мəскеу парады өзге елде болса да, миллиондардың соғысқа, фашизмге ортақ қарсылығын, бейбітшілік тілегін паш етеді. ҚОСТАНАЙ.