09052015

Page 1

ЎЛЫ ЖЕЅІС МЕРЕКЕСІ ЌЎТТЫ БОЛСЫН! №87 (28565) 9 МАМЫР СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Мəскеуде ґткен келелі кездесулер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мəскеуде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ардагерлер ќандай ќўрметке де лайыќ Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Отан қорғаушы» монументіне гүл шоғын қою рəсіміне қатысты. Мерейтойлық шараға 10 мыңға тарта адам қатысты. Олардың арасында елордалық жəне өңірлерден келген Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Парламент депутаттары, мемлекет қайраткерлері, қала қонақтары мен тұрғындары болды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ.

«Егемен Қазақстан».

Мерекелік рəсім барысында, ең алдымен, Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс даласында қаза тапқан сардарлар мен сарбаздарды бір минуттық үнсіздікпен еске алу шарасы өтті. Бұдан кейін Мемлекет басшысы монументке гүл қойып, соғыс жəне еңбек ардагерлерімен əңгімелесті. Ерліктің ерен үлгісін көрсеткен барша қазақстандықты

Жеңіс күнімен құттықтады. «Бұл соғысқа көп ел қатысты, миллиондаған адам майдан даласында қаза тапты жəне соншасы жарақат алды, жақындары жапа шекті. Біз – жеңімпаз əкелердің бақытты ұрпағымыз. Егер, олар жеңіске жетпегенде, қазір біздің жағдайымыз қандай боларын елестетудің өзі қиын. Қазақстан бүгінгідей болар ма еді, болмас па еді? Мынау аспанымыз осындай ашық болар ма еді? Мынау жастарымыз жарқырап күлер

ме еді, күлмес пе еді? Мұның барлығы осы ардагерлеріміздің жеңісі. Демек, майдангерлерді əр уақытта да құрметтеп жүру керек. Ардагерлеріміз мерекеде ғана емес, күнделікті өмірде де барлық құрметке лайық. Мен жастардың оларға əрдайым көмектескенін, қарт ата-аналарын құрметтегенін қалаймын, біздің халық солай болуға тиіс. Себебі, ертең сен де қартаясың, сонда балаларың сені де дəл солай сыйлайтын болады. Осыны ұмытпаса екен деймін. Ардагерлер арамызда аманесен ұзақ жүріп, адамгершілік, моральдық ұстанымдарымен жас буынға үлгі бола берсін», – деді Елбасы. (Соңы 2-бетте).

● Мəскеудегі парадқа қатысады

Соєыс бізді ерте есейтті 1945 жыл

Құбылып сол кездерде тұрды аспаным, Сездіріп шаттанғанын, мұң басқанын... Қарсы алдым балалармен бірге барып, Əкемнің жаудан қайтқан құрдастарын. Мойнына əкенің ұл асылады, Əке де бақытына бас ұрады. ...Шетте тұр шемен көңіл қара бала, Тыя алмай көзден аққан жасын əлі!.. Қырық бес! Кетпей қойдың есімнен бір, Далиып жатты дала – төсінде гүл. Өшкені талайлардың қайта жанып, Тілеуі талайлардың кесілген жыл... Айтқали НƏРІКОВ. ОРАЛ.

– дейді Ресей астанасындаєы майдандас досына асыќќан ќарт жауынгер Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

– Бұл менің көп жылдан бергі арманым еді, – дейді қарт майдангер Михаил Васильевич. – 70 жылдан кейін Мəскеуде парадта жолығамыз деп кім ойлаған. Соғыстағы достықтың жөні бір бөлек. Майдандас досты көру, кездесу сəттерін айтып жеткізе алмаспын. Кездесерміз деген үлкен үмітпен бара жатырмын ғой енді. Ал ең бастысы – Жеңіс парадына Қазақстаннан баратын 6 майдангердің қатарында болғаныма қуанамын. Бұл – біздер үшін үлкен мəртебе.

Біз қатарластар Жеңіс күніне қашан жетеміз деген арманмен соғыста қыршын кетті. Көзге жас келеді. «Мəскеуге барасыз ба?» – дегенде еш ойланбастан бірден келісім бердім. Бұл күн біздің бүкіл тағдырымызды бақытты еткен Жеңіс күні ғой. Бүкіл Кеңес халқы аңсаған күн. Өзіңнің де аталарың соғысқа қатысқан шығар. Жас күндерді көз алдыма елестетіп, біртүрлі толқып, қарт адамның денсаулығы да құбылмалы ғой, жолға шыққанша қарадай асығып, қатты қобалжиды екенсің. (Соңы 6-бетте).

Шыға бастағалы он төрт жыл бойы əр айдың соңғы сəрсенбісінде жарық көріп келген «етжеңді» нөмірлеріміз өткен жылдан бері оқырмандармен ай сайын екі рет жүздесіп келе жатқанын, оларда өмірдің сан саласына қатысты танымдық дүниелер жарияланатынын көзіқарақты жұртшылық жақсы біледі. Ол нөмірлер айдың ортаңғы жəне соңғы сəрсенбілерінде назарларыңызға ұсынылып жүр. Бүгін сол дəстүр сəл өзгергелі тұр. Біріншіден, «етжеңді» сенбіде шығуда, екіншіден, нөмірдің материалдары түгелдей дерлік бір тақырыпқа – Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналуда. Мұның себебін түсіндіріп жату басы артық əңгіме болса керек. Елім деген ерлер еншісіне тиген «етжеңді» алдыңызға тартылды, ардақты ағайын.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты өзара ықпалдастықтың, соның ішінде, сауда-экономика, отын-энергетика, ғарыш салалары мен мəденигуманитарлық саладағы кең ауқымды мəселелерін талқылады. Қазақстан мен Ресей президенттері өңірлік жəне халықаралық күн тəртібіндегі бірқатар өзекті мəселелерді де қарастырды. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан Президенті болып сайланғаннан кейін шетелге алғашқы ресми сапармен шығып отырғанын атап өтті. – Біз 15 жылдан астам уақыт бойы бірге жұмыс істеп келеміз, осы жылдары Қазақстанның Ресеймен қарымқатынасы нығайды. Біз Сізбен Одақтастық туралы шартқа қол қойдық, оның аясында көптеген мəселелер жүзеге асырылуда. Біз Еуразиялық экономикалық одақты құрдық. Дағдарыс жағдайында елдеріміздің арасындағы тауар айналымы төмендегеніне қарамастан, ЕАЭО-ның болашағы зор деп есептеймін. Елдеріміздің екіжақты қарым-қатынастары жасалған уағдаластықтарға сай дамып келеді, – деді Мемлекет басшысы. (Соңы 2-бетте).

Еуразиялыќ экономикалыќ одаќ шеѕбері кеѕейе тїсті Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей астанасы Мəскеуге ресми сапармен келді. Онда Елбасы ТМДға мүше елдер Мемлекет басшылары кеңесінің бейресми саммитіне, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысына қатысты. Ал ертең Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған əскери шеруге қатысады. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан» – Мəскеуден.

ТМД-ға мүше елдер Мемлекет басшылары кеңесіне биыл Қазақстан төрағалық етіп отырғаны белгілі. Осыған орай ресми кездесу алдағы қазанда біздің елде өтеді. Сондықтан кешегі кездесу бейресми деп аталды. Саммитке ТМД Мемлекет басшылары түгел жиналған жоқ. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов, Тəжік стан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысты. Жиынды бастаған Ресей

Президенті В.Путин əріптестеріне келгендері үшін алғысын айтып, барша ТМД халқына Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай құттықтауын жолдады. Осы ретте ол 2014 жылдың ақпанында ТМДға мүше мемлекеттер басшылары тарапынан мақұлданған Жеңістің 70 жылдығына дайындалу жəне оны мерекелеу жоспарын іске асыру бойынша ауқымды бірлескен жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Отан үшін отқа түскен ардагерлерімізді ардақтау бұл мерекемен ғана шектеліп қалмауы керектігіне тоқталып, Ұлы Жеңістің баршамызға үлкен тарихи маңызы бар екендігін алға тартты. Қысқаша алғысөзден кейін Ресей Президенті бұдан əрі сөз тізгінін ТМД-ға мүше елдер Мемлекет басшылары кеңесінің іс жүзіндегі төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынды. Елбасы лауазымына қайта сайланғанынан бергі бұл Нұрсұлтан

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі Дэвид Кэмеронға Консервативтік партияның парламенттік сайлау дағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан құттықтады. «Бұл жеңіс Ұлыбритания халқының Сіздің саясатыңызға білдірген айқын қолдауының көрсеткіші екені анық. Сіздің Премьерминистр лауазымындағы қызметіңіз еліңіздің өркендеуіне жəне Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық əріптестіктің одан əрі дамуына септігін тигізетініне сенімдімін», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Д.Кэмеронға зор денсаулық пен қажымас қайрат, жауапты қызметіне табыс, ал достас Ұлыбритания халқына береке-бірлік пен бақуаттылық тіледі.

Назарбаевтың алғашқы ресми сапары. Осыған орай В.Путин сөз реті келгенде Қазақстан Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтап өтуді де ұмытпады. Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде бұл жолғы кездесу ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көрсетілген құрмет екенін атап өтті. – Қасіретті соғыс жылдарында біздің халықтарымыз нацистік қатерге қарсы біртұтас болып жұмылды. Соғыстың

негіз гі ауыртпалығы нақ осы біздің елдерімізге түсті. Біздің əкелеріміз бен аталарымыз жеңді. Егер олар жеңбегенде саясат пен экономика қандай бағытта дамитыны, біздің халықтарымыз қазір қайда болатыны белгісіз еді. Басшылары осында отырған барлық елдер секілді Қазақстан да Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. (Соңы 2-бетте).

Президент поштасынан

Жарќын жеѕісімен ќўттыќтады

Ќазаќстан Президенті Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ атына мемлекет, їкімет басшыларынан, халыќаралыќ ўйымдардыѕ жетекшілерінен сайлаудаєы жеѕісіне байланысты ќўттыќтаулар əлі де келіп жатыр Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Еуропалық Кеңес президенті Дональд Туск пен Еуропалық комиссия президенті Жан-Клод Юнкерден құттықтау жеделхаты келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Авторлар өз құттықтауларында Еуропалық одақ Қазақстанмен қарымқатынасты нығайтуды жақтайтынын атай келіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа жəне еліміздің халқына татулық пен бақуаттылық тілеген. «Еуропалық одақ Қазақстанмен ынтымақтастықты одан əрі күшейтуге жəне Кеңейтілген серіктестік жəне ынтымақтастық туралы жаңа келісімді қамти отырып, Сіздің басшылығыңызбен

жүргізіліп жатқан маңызды саяси жəне экономикалық реформаларға берік қолдауды жалғастыруға бейілді. Біз бұл құжатқа мүмкіндігінше биыл қол қойылады деп асыға күтеміз», – делінген хатта. Еуропалық Кеңес пен Еуропалық Комиссия Қазақстан Президентінің реформа жүргізудегі, əсіресе, транспарентті, есеп беретін мемлекетті дамыту бағытындағы күш-жігеріне, сондай-ақ, сайлау үдерісін əрі қарай жетілдіру ісіне қолдау көрсететінін атап айтты. «Біз таяу жылдары саяси жəне экономикалық жаңғырулар Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы қарымқатынасты күшейте түсетініне сенімдіміз», – делінген құттықтауда. (Соңы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.