АҚПАРАТТАР аєыны
№106 (28584) 9 МАУСЫМ СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Жасыл желек – жанєа дауа Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы дəстүр бойынша елорда айналасындағы жасыл аймақ ты əуеден тікұшақпен шолып шығып, Астана қаласының «жасыл белдеуін» дамыту жəне орманды алқап қалыптастыру жұмыстарының барысымен танысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Бұдан кейін Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз брифингін өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде 1997 жылдан бері жүргізілген жұмыстардың нəтижесінде елорда айналасына егілген жасыл желектің ауданы бүгінде 70 мың гектарға жеткенін атап өтті. «Бір кездері біздің бұл жоспарымызға күмəнмен қарағандар болған еді. Бірақ, біз осы орманды болашақ ұрпақ үшін өсіріп, оны Қазақстанның кереметіне айналдырдық. Соның арқасында қалада шаң-тозаң, жел азайды. Орманда арнайы жидек ағаштары отырғызылып, аң-құс пайда болды. Егілген ағаштар елорда тұрғындары мен қонақтарының демалысына қажетті жағдай туғызады. Мұнда веложолдары, кемпингтері бар демалыс аймақтарын орнықтыру жоспарлануда», – деді Қазақстан Президенті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы орман шаруашылығы еңбеккерлеріне, ғалымдарға қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді. Елбасы, сонымен қатар, «жасыл белдеу» алқабын ұлғайту жұмыстары əлі де жалғасатынын айтты. «Барған сайын кеңейіп келе жатқан Астана орманын біз мақтаныш етуімізге болады. 2020 жылға қарай оның көлемін 100 мың гектарға жеткізу міндеті қойылды. Ал қарағай отырғызылғаннан кейін ол сапалық тұрғыда мүлде өзгеше болады. Осының бəрі Қазақстанның болашағы үшін жасалып жатыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осыдан кейін орман алқабына жылдағы дəстүр бойынша қырғауылдар ұшырылды.
Бұл күні Елбасы Астананың «жасыл белдеуін» дамыту мəселелеріне арналған кеңес өткізді. Кеңеске Президент Əкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Астана қаласының əкімі Ə.Жақсыбеков жəне Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Нысанбаев қатысты. Кеңеске қатысушылар былтырдан бергі екі аралықта істелген жұмыс қорытындылары мен елорданың жасыл белдеуін əрі қарай дамыту қадамдарын талқылады. Ол үшін 2020 жылға дейін негізгі үш бағытта жұмыс жүргізу жоспарланған. Олар – қалыптасқан аймақтардағы жасыл желектің тығыздығын арттыру, қала аумағындағы бос жерлерге ағаш отырғызу, демалыс орындарын қалыптастыру.
Елбасыныѕ апталыќ кестесі 9 маусымда Қазақстан Президенті Астанада өтетін Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі аясында Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездеседі деп жоспарланып отыр. 10-11 маусымда Мемлекет басшысы «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік жəне даму жолындағы диалогы» деген тақырыппен өтетін съездің жұмысына қатысады. Сондай-ақ, съезд аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен жəне Иордания Королі ІІ Абдалламен кездесуі жоспарланған, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының Өкімі 2015 жылғы 8 маусым
№41
Астана, Парламент Мəжілісі
Ќазаќстан Республикасы Парламенті Палаталарыныѕ бірлескен отырысын шаќыру туралы Қазақстан Республикасы Конститутциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2015 жылғы 17 маусымда сағат 10да Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Қ.ЖАҚЫПОВ.
Табысты болєан миссия
Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова өзінің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтаған Испанияның Қазақстандағы бұрынғы Төтенше жəне өкілетті елшісі Мануэль Ларотча Параданы қабылдады. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Гүлшара Əбдіқалықова бұрынғы елшіні Испанияның 2015-2016 жыл дарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сай лануымен құттықтады жəне испандық тараптың Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету
жөніндегі науқанына жəрдемдескені үшін ризашылығын білдірді. Кездесуде 2009 жылы қол қойылған Стратегиялық серіктестік ту ралы келісімге негізделген Қазақстан мен Испания арасындағы екіжақты саяси, сауда-экономикалық жəне мəдени қарымқатынастардың серпінді дамуы атап көрсетілді. (Соңы 5-бетте).
Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл белдеу» қалыптастыру барысындағы үйлесімді жұмысты қамтамасыз ету, ғылыми тəжірибені қолдану, жаңа технологиялар енгізу, қала аумағы мен оның сыртындағы орман алқаптарын қосу маңыздылығына назар аударды. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Бүгінде елорданың жасыл белдеуінің жалпы аумағы 14827 га, оның 11500-і – орман алқабы, ол жерде 9,6 миллион ағаш пен 2 миллионға жуық тал-теректер өсіпөнуде. Бұл аумаққа 2014-2015 жылдары 776340 көшет отырғызылса, 2016 жылы тағы 353560 көшет егілмек. Мамандардың айтуынша, 2017 жылдан
2030 жылға дейін 9820 га жер аумағына орман ағаштарын отырғызу көзделіп отыр. Бұл жұмыс ықтырмалы аумақ толықтай орманды жерге айналғанша жүргізіледі екен. Бұдан кейінгі кезекте қала аумағындағы бос жерлерге орман алқабын қалыптастыру жұмыстары жүзеге асырылмақ. ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында елорданың «жасыл белдеуін» дамыту үшін рекреациялық аумақтарды жасау да назардан тыс қалмайтын болады. Қазіргі уақытта 25 га аумақты құрайтын бір жоба бойынша спорт кешені, балалардың ойын алаңдары, дема лыс орталықтары, ресторан, 320 көлік ке арналған автотұрақ жасау қарастырылған.
Ал 100 га құрайтын тағы бір аумақта ат спорты кешенін орналастыру көзделіп отырған көрінеді. Онда отбасылық демалыс орталығы, аквапарк, 288 орындық балалар лагері, жастар демалыс орталығы болады. Мамандардың сөзіне қарағанда, бүгінде орманды алқаптардың санитарлық жағдайы көңілге қонымды. Онда бірнеше бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Көшеттерді зерттеу арқылы егілген ағаштардың, тал-шіліктердің зиянкес жəндіктер салдарынан қаншалықты деңгейде зақымданғаны немесе жерсініп қалыптасқаны анықталады.
––––––––––––––––––
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Ґткенніѕ ґнегесі – болашаќтыѕ болмысы Мəдениет жəне спорт министрлігі Дін мəселелері жґніндегі єылыми-зерттеу жəне талдау орталыєыныѕ директоры Айнўр ƏБДІРƏСІЛЌЫЗЫМЕН əѕгіме
− Айнұр Əбдірəсілқызы, əңгімемізді бүгінгі күннің өзекті тақы рыбы болып отырған дінаралық үнқатысу мəселесіне арнасақ деймін. «Пікірталасты бастамас бұрын ұғымдарды анықтап алайық», деген ұтымды сөз бар. Мен де бірінші кезекте «толеранттылық» терминінің басын ашып алсақ дер едім. Əдетте, толеранттылықты «тағаттылық» деп аударады. Бəзбіреулер «төзімділік» деп те беріп жүр. Ал сіз үнемі
«мəмілегерлік» ұғымын қолданасыз. Неге? − «Мəміле» сөзі арабтың «қарым-қатынас» ұғымын беретін «муъамала» сөзінен туындайды. Қазақы ұғымдағы «мəміле жасау» сөзі «келісімді қарым-қатынас жасау» ұғымына саяды. Өзгелермен қарым-қатынасы түзу адамды қазақ «мəмілесі түзу» деп атайды. Ал «мəмілеге келу» сөзі «бітімге, келісімге, ортақ шешімге келу» ұғымдарын береді. Демек, «мəмілегерлік» сөзінің «төзімділік» пен «тағаттылықтан» мағыналық аясы əлдеқайда кең. Мəмілегерлік – орнықты қарым-қатынас жасай білу, келісімге келе білу, мəселенің оң шешімін таба білу мəдениеті. Оның мəні орнықты тұрғысы
мен көзқарасы жоқтықтан туындайтын жалаң келісімпаздықпен бір емес. Қазақтың мəмілегерлігі – шарасыз көнбістік емес, парасатты мəмілегерлік; ғасырлар тəжірибесі негізінде қалыптасқан өмір сүру өнері, əдебі, мəдениеті. Мəмілегерлік келісімге қарай бір қадам артық жасаудан танылады. Бірақ мəмілегерлік – момындық та, төзімділік те емес. Ол – кеңдік (дүниетанымның, ойөрістің, пайымдау қабілетінің кең дігі), бейбітсүйгіштік, дархандық, жан жомарттығы секілді абзал қасиеттердің жиынтығы. Оның шегі «Ашылып келгенге алақан, жұмылып келгенге жұдырық» қағидатымен белгіленген. (Соңы 3-бетте).
«Даму» қорының 2015 жылдың бірінші тоқсанындағы таза табысы 1,5 млрд. теңгені құрады. Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 78 пайызға артық. Қордың активтері жыл басынан бері 14,6 млн. теңгеге (7 пайызға) артып, 237,6 млрд. теңгеге жетті. Еуропалық одақ Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамыту үшін 7 млн. еуро бөледі. Бұл туралы кеше Одақтың еліміздегі өкілдігі, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы жəне су ресурстары комитетінің «Қазақстанның «жасыл» экономика моделіне өтуін қолдау» бірлескен жобасын таныстыру кезінде белгілі болды. Астанада жыл басынан бері құрылыс нысандарында 9 315 тексеру жүргізілді. Қалалық сəулет жəне қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкийдің мəлімдеуінше, 2015 жылдың 1 маусымына дейін қолданыстағы заңнаманы бұзған 93 факт анықталған. Алматыда студенттер 2017 жылы өтетін қысқы Универсиада нысандарын салуға атсалысады. Қалалық əкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жұмыс «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Тағы бірқатар əлеуметтік нысандарда жұмысқа тартылатын əр студентке 40-50 мың теңге көлемінде жалақы төленеді. Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі өңірдегі кəсіподақ ұйымдарының басшыларымен кездесті. Басқосуда Елбасының бес институттық р е ф о р ма с ы ая сы н д а ең б ек қатынастары саласында болатын өзгерістер талқыланды. Бүгінде облыста 13 кəсіподақ ұйымы жұмыс істеуде. Қызылордада жыл басынан бері 73 ауылшаруашылық жəрмеңкесі өтті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Пірмұхамед Сыздықовтың айтуынша, соның нəтижесінде 26,7 млн. теңгенің өнімдері сатылған. Шығыс Қазақстанда облыс əкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен тілдерді оқыту бағдарламасын сараптаушы жұмыс тобы құрылды. Оған өңірдің орта мектептерінде білім беру жүйесінің заңнамалық талаптарына сəйкес, қазақ жəне ағылшын тілдерінің сағаттарын көбейту бойынша нақты ұсыныс əзірлеу тапсырылды. Бүгін Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында «Айбын» I республикалық əскери-патриоттық жастар жиыны басталады. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жиын 13 маусымға дейін созылады. Онда спорт тың əскери-қолданбалы түрлерінен сайыстар өтеді жəне жас тар белгілі тұлғалармен кездеседі. Алматы облысының полицейлері халықпен байланыс үшін белгілі WhatsApp мобильдік қосымшасын пайдалана бастады. Облыстық ішкі істер департаменті жедел басқару орталығында осы мақсатта +7 707 922 32 33 телефон нөмірі іске қосылды. Соңғы мəлімет бойынша, оған 22 хабарлама келіп түскен. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
● Өмірдің өзегі – өндіріс
Жаѕа зауыт ашылды Қызылорда қаласында тəулігіне 80 тонна құрамажем өндіретін жəне 150 тонна күріш салысын өңдейтін күріш ақтау зауыты ашылды. Өндіріс орнында облыс əкімі Қырымбек Көшербаев пен Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев болып, зауытты салтанатты түрде іске қосты. Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде ашылған зауытта 250-ге жуық адам жұмыс істейтін болады. Кəсіпорында шикізат жəне дайын өнімдер сақтайтын қоймалар, автотаразы мен зертхана, қалталау цехы, ұн тарту диірмені мен макарон өнімдері өндірістері бар. Аталған өндірістерден алынатын дəнді дақыл қалдықтарын құрамажем шығаруға пайдаланады. Зауыт Германиядан əкелінген заманауи қондырғылармен жабдықталған. Аймақ басшысы жаңа зауыттың ашылуымен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге тоқталды. – Соңғы екі жылда Сыр елінің ауыл шаруашылығына тартылған қаражат мөлшері 7,7 есеге өсті. Біздің диқандар екі жыл қатарынан бұрын-соңды болмаған рекордтық
көрсеткіштерге қол жеткізіп, күріштен мол өнім жинады. Бүгінде Сыр маржанының экспорттық əлеуетін арттыруға барлық жағдай жасалуда. Егін шаруашылығын əртараптандыру үшін өзге де өнімдерді
субсидиялауды қолға алдық. 15 мың гектар жерге тамшылатып суару тəсілімен жүгері мен қызанақ егіп, оларды өңдеп, экспортқа шығару үшін крахмал, томат сығындысы мен шырын өндіру зауыттарын салуға кірістік.
Мал шаруашылығына келетін болсақ, биыл біз буферлік аймақтан шығып, өзімізді де етпен қамтамасыз етіп, оны сыртқа шығара бастауға жол аштық. Осыған орай, Жаңақорғанда 7 мың тонна ет өнімдерін өңдейтін кəсіпорын құрылысын бастап жатырмыз. Осының бəрі өңдеу өнеркəсібінің өсуіне зор мүмкіндік береді,– деді Қырымбек Елеуұлы. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. – Бүгін Қызылордада «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында екі бірдей зауыттың іске қосылуына куə болдық. Бұл өнеркəсіп орындары аймақтың экономикалық дамуына өз үлесін қосады деп сенемін. Келешекте ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық əлеуетін арттыру керек,– деді ол. Айта кетейік, қазіргі таңда облыстың ауыл шаруашылығы саласында құрамажем өндіретін бірде-бір кəсіпорын жоқ. Жыл сайын облыс көлемінде мал басының көбеюі өз кезегінде құрамажем зауытының қажеттілігін арттыруда. Кəсіпорын басшысы Бақдəулет Мақашев бұл жұмыстардың əрі қарай жалғасатынын айта келе, келешекте ұн шығару зауытын жəне макарон фабрикасын іске қосуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Қазіргі таңда оған қажетті ғимараттар дайын тұр.
ҚЫЗЫЛОРДА.