АҚПАРАТТАР аєыны №132 (28356) 9 ШІЛДЕ СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Телефон арќылы сґйлесті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық жəне жұмыста табыс тіледі. Сонымен қатар, мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, ықпалдастық үрдістерінің жүзеге асу барысын талқылады.
Астана – он жыл ішінде салынєан бірден-бір бас ќала Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана күніне арналған салтанатты қабылдауға қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Еліміздегі елеулі жетістіктер – баршаныѕ еѕбегі
Қабылдауға жиналғандарға арнаған сөзінде Қазақстан Президенті елорданың іс жүзінде он жыл ішінде салынған ХХІ ғасырдағы бірден-бір астана екенін атап өтті. – Астананың қалыптасуы халық тағдырымен жəне мемлекет тəуелсіздігінің жылнамасымен тығыз астасып жатыр. Біз осы елордада ел тарихының жаңа парағын ашып, болашаққа зор сеніммен қараймыз. Астана мемлекеттілік пен егемендіктің айрықша символына айналды. Осының бəрі біздің ортақ еңбегіміздің нəтижесі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы баршаға бақ-береке, денсаулық жəне табыс тіледі. Елбасы, сондай-ақ, Қазіргі заманғы өнер музейінің директоры Н.Шивринаға, «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрының директоры Т.Мұхамеджановқа жəне «Sembol Insaat» АҚ президенті Ф.Таминджеге «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын тапсырды.
Ел басшылығы Астана күні мерекесінде Елбасымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында ел басшылығының өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен жəне Астана күні мерекесімен құттықтап, бақ-береке, мықты денсаулық жəне жұмыста табыс тіледі. Сондай-ақ, Астана мен бүкіл елді қарыштап дамытудағы Мемлекет басшысының жеке үлесі атап өтілді.
Жылы сөздер мен тілектерге ризашылығын білдірген Қазақстан Президенті ел ішінде жəне халықаралық аренада жеткен елеулі жетістіктер Тəуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап осы бағытта мақсатты түрде қызмет еткен баршаның еңбегі екенін атап айтты.
Президент поштасынан
Жаѕа тарихтаєы айтулы оќиєа
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысының өтуіне жəне Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуына байланысты үнқатулар мен құттықтаулар толассыз келіп түсуде, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Əйгілі кеңестік жəне ресейлік мемлекет қайраткері Е.Лигачев өз хатында шартқа қол қоюдың маңыздылығына тоқталған. «Бұл жаңа тарихтың соңғы жиырма жылдығындағы айтулы оқиға екені күмəнсіз. Біздің елдеріміздің халқы өз тұрмыстары мен болашағы турасындағы қамқорлықты айқын сезіне бастады», деп жазады автор. Батыс Қазақстан облысының бірқатар ұйымдарының басшылары – «Зерде-Память» ҚҚ төрағасы Қ.Төлебаев, Орыс мəдениеті орталығының төрағасы С.Погодин, «Грамада» белорус этномəдени бірлестігінің төрағасы М.Беляев жəне «Информбиржа news» газетінің шеф-редакторы С.Кульпин де Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюға қатысты өз қолдауларын білдірген. «Шартқа қол қою барлық мəселелерді табысты шешудің сенімді əрі жарқын мысалы болды, оған қатысушыларды бірігуге деген шынайы тілек, жан-жақты халықтық қолдау алға жетелейді.
Қабылданған тұтас бір дəуір құжатының өміршеңдігіне жұрт толық сенеді», дейді хат иелері. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың қабылдануына байланысты құттықтаулар Ауған соғыс ардагерлерінің, Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюшылардың қоғамдық ұйымдары өкілдерінен жəне өзге де бірлестіктерден келді. «Біз еуразиялық ықпалдастық идеясын толық қолдаймыз, ол жаһандану заманында халықтарымыздың игілігіне қызмет етеді жəне əлемдік нарықта табысты бəсекеге түсуге мүмкіндік береді», делінген жеделхатта. Өз жеделхатында музыкатанушы, журналист Л.Мұхамеджанова Мемлекет басшысына қажырлы еңбегі мен елге жəне бүкіл Қазақстан халқына адал қызметі үшін алғысын білдірген, ал Алматы облысының тұрғыны С.Мұхаметрахимов Қазақстан Президентінің еуразиялық ықпалдастықты дамыту үдерісіндегі айрықша рөлін атап өткен.
Адамдарєа ќамќорлыќ їшін алєыс
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Мəскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Орталық музыка мектебінің оқушысы Руслан Тұрынтаевтан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. 9-сынып оқушысы Р.Тұрын таев өз хатында Мемлекет бас шысына ел азаматтарының тұрмысын жақсартуға бағытталған күш-жігері мен адамдарға деген қамқорлығы үшін алғысын жеткізген. Хат иесі Мəскеуде өткен П.И.Чайковский атындағы 8-халық аралық жасөспірімдер
конкурсында бірінші орын алып, лауреат атағын иеленгенін айтады. «Əсемдіктің шыңына шығу қиын, бірақ сіз қазақстандықтар бақытты, мəнді де сəнді өмір сүруі үшін барлығын жасап келесіз. Өзімнің жетістігімді Сіздің туған күніңізге арнаймын. Бұл, сондайақ, Қала күніне де тартуым», делінген хатта.
Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Грузияның экспрезиденті Эдуард Шеварднадзенің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта Эдуард Амвросиевич Шеварднадзенің дүние салғаны туралы қаралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың күйзеле қабылдағаны айтылған. Мемлекет басшысы Грузияның экс-президентінің туған-туыстарына шын көңілден қайғыра көңіл айтып, Э.Шеварднадзе өз отанының игілігі үшін орасан көп іс атқарған грузин халқының аса көрнекті өкілі, көреген саясаткер болғанын атап өткен. «Кəсібилігі мен ісіне адалдығы, тамаша адамгершілік қасиеттері оны білетіндердің баршасының шынайы құрметіне бөледі. Э.А.Шеварднадзенің жарқын бейнесі əрдайым біздің жүрегімізде сақталады», делінген жеделхатта.
----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Жағымды жаңалық
QR-кітапхана – елорда кїніне арналды Елорданың төл мерекесі – күллі қазақстандықтардың ортақ мейрамы. Өскелең ұрпақ отандық патриотизмнің қайнарынан сусындауы үшін атамекеніміздің кіндік қаласының мейрамы айрықша маңызды. Биыл А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы елорда мерекесіне орай «Елімнің жүрегі – Астана» атты айрықша бағдарлама əзірледі. Яғни, Астана күніне – QR-кітапхана ұйымдастырылды. Атап айтқанда, шілде айының
Бїгінгі нґмірде: Ел жəне Елбасы 2-бет
Əр ардагер – бір тарих 4-бет
Миллиард ішіндегі бриллиант
6-бет
Ќазаќстан Республикасыныѕ ќылмыстыќ кодексi 11-29-беттер
алғашқы онкүндігінде «Астанаға деген махаббатпен!» атты Астана жайлы кітаптар, мерзімді басылымдар, альбомдар жəне деректі фильмдер көрмесі өтуде. Əрине, аталған шаралардың ішінде соны жаңалық – кітапхана алдындағы алаңда тəулік бойы
жұмыс істейтін QR-кітапхананың тұсаукесері деуге болады. Жаңа инновациялық мəдени-білімдік жобаны облыстық мəдениет, мұрағат жəне құжаттама басқармасы ұсынды. QR-кітапхананың бір ерекшелігі, сөреден кітап алып, əн тыңдап, бейнеролик тамашалау үшін оқырман билеті қажет емес. А.Пушкин атындағы кітап хана саябағында ақысыз Wi-Fi қызметі бар. Осы арқылы ғаламторға еніп, планшетіңізге
арнайы қосымшаны орнату қажет. Оның көмегімен жеке QR-кодты оқып, қажетті ақпаратты алуға болады. Кітапты жүктеу туралы нұсқау əр сөреде берілген. QR-кітапхана – жақсы, сапалы əдебиеттің мəңгілік құндылықтары мен заманауи ақпараттық технологиялардың үйлесімін тауып отыр. Оқырмандарымыздың «мобильді ұрпағы» осы бастамаға лайықты баға беріп, қаламызда оқуға деген ынта арта түседі деген үміттеміз. Хабиба АҚЖІГІТОВА, А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының директоры.
ӨСКЕМЕН.
ЭКСПО-2017 павильондарының негізгі құрылымдары 2015 жылғы қазан айына дейін салынып бітеді. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басшысы Талғат Ермегияев, сонымен қатар, ЭКСПОқалашықтың «нөлдік кезеңін» құрылысшылар кестеден бұрын аяқтауды жос парлап отырғанын айтты. Келесі жылы Қазақстанда тағы 20 мемлекеттік қызмет автомат жүйесіне көшеді. Бұл туралы хабарлаған Байланыс жəне ақпарат агенттігі баспасөз қызметінің мəліметінше, 2015 жылы электрондық үкімет арқылы «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша жүргізілетін мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалауға қатысу үшін құжатты тапсыруға болады. Таразда «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылданған дарға партия билеті тапсырылды. Бұл шараны жүргізген Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев жиналғандарды Астана қаласының мерекесімен құттықтады. Ақмола облысында құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды. Бұланды ауданының орталығы Макин қаласында бой көтерген бұл өндіріс орны ағаштан құрылыс ма териалдарын шығаратын «TransTechMash LTD» ЖШС күшімен пайда болды. Кəсіпорынның қуаттылығы жылына 300 000 дана шпал, 5 мың текше метр тақтай шығаруға жетеді. Шығыс Қазақстанда үздік журналистер марапаттарға ие болды. Өскеменде өткен журналистер форумында облыс əкімі Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдерін өткен кəсіби мерекелерімен құттықтай отырып, олардың арасындағы журналистика саласын дамытуға үлес қосып келе жатқандарына сый-сияпаттар тапсырды. Жиында жалпы 63 журналист марапаттарға қол жеткіз се, солардың 9-ы аймақ басшысының номинанты атанды. Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өнімдері 25,8 пайызға артық өндірілді. Бұл туралы мəлімдеген қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев 5 айдың қорытындысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 453,1 млн. теңгені құрап, оның нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінің 125,8 пайызын құрағанын айтты. Ақтау өрт сөндіру ші лері «Қауіпсіз балалық шақ» акциясын өткізді. Ол əртүрлі конкурс түрінде ұйымдастырылды. Сайысқа 4 балалар тынығу лагерінің командалары қатысты. Нəтижесінде жеңімпаздарға жүлделер табыс етілді. Хабарлар «ҚазАқпарат», Аltaynews.kz, Lada.kz, Egemen.kz агенттіктері, «Уральская неделя» газеті мен Қызылорда қаласы əкімдігі сайттарының деректері бойынша дайындалды.
● Ел тынысы: мың бір мысал
Маќсат – ќозы етін экспорттау Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Марқа қозының еті десе бір тамсанып қалатын, анатомия тілімен айтқанда, сол бір сəтте асқазанымыздан шартты түрде рефлекс бөлінетін халықпыз. Əдетте жыл басында туған қозыларды мамыр-маусым айларына қарай пышаққа іліктіруге болады. Қой баққан ағайындар мұндай кезде еті бал татыған бағланның «пісетінін» мəлімдеп жүр. Қазір бүкіл əлемде қозы еті өте зəру, жеңсік те шипалы тағам, ешқандай баламасы жоқ халал өнім қатарына қосылады. Тіпті, Австралия, Жаңа Зеландия секілді елдер қозы етін экспортқа шығаруды кешенді түрде жолға қойып, оны өз жерінің бренді ретінде танытуға талпынуда. Міне, осындай бəсекеде кейін қалып қойып жүрсек, бұл ежелден мал баққан, соның ішінде қой шаруашылығы мəселесіне келгенде ешкімге есесін жібере қоймайтын халқымызға əжептəуір сын болып жүрмегей. Ұлттық брендтің бірі де осы емес пе. «Батыс Марка Ламб» ЖШС қолға алған Қазақстанда баламасы жоқ ет өңдеу кешені осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді. Құрылысы аяқталып келе жатқан ерекше кешен жобасы
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-тың қаржылай қолдауы арқасында іске асуда. Оның өзгешелігі жоға ры да айтылғандай қозы етін өнді ріп экспортқа шығару болып отыр. Мұндағы мақсат – өте жоғары. Яғни, кешенде күніне 1400
бас марқа қозы немесе бағлан сойылып вакуумдық орамдар мен қораптарда еуропалық стандарттарға сай деңгейде тұтынушыларға ұсынылмақ. Алғашқы қазығы өткен жылы қағылған құрылысты биылғы жылдың
аяғына дейін аяқтау көзделген. Аталған жобаның жалпы құны 2,7 миллиард теңгені құрайды. Жоба толықтай іске қосылған кезде 283 жаңа жұмыс орны ашылмақ. (Соңы 5-бетте).