09072015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Уаќыт тудырєан тўлєа 4-бет Бəрін шешетін – кадр 5-бет Алатау батыр 8-бет Гїл сатушы жігіттіѕ бір кїнде баєы ашылды 12-бет

№129 (28607) 9 ШІЛДЕ БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Ыќпалдастыќќа тыѕ серпін

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Үндістан Премьерминистрі Нарендра Модимен кездесті. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика, транзит-көлік жəне басқа да салаларға қатысты бірқатар ауқымды мəселелерін тал қылады. Мемлекет басшысы Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығын одан əрі арттыру жəне оның аясын кеңейту үшін

айтарлықтай əлеует бар екенін атап өтті. – «Біз 1991 жылы өзіміздің тəуел сіздігімізді жарияладық, оның алғашқы күндерінен бастап Қазақстан Үндістанмен жақын əрі сенімді қарым-қатынас орнатуға ұмтылып келді. Мен сауда саласындағы жəне саясаттағы ын ты мақтастыққа тың серпін беретін Сіздің сапарыңыздан зор үміт күтемін. Бүгінде Қазақстан – Үн дістанның өңірдегі ең ірі

Їндістан ынтымаќтастыќќа мїдделі Сейсенбі күні Үндістанның Премьер-ми нис трі Нарендра Моди Назарбаев Университетте дəріс оқыды. Бұл шараға еліміздің Үкімет басшысы Кəрім Мəсімов, университеттің оқыту шылары мен студенттері қатысты. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Премьер-Министр Кəрім Мəсімов пен университет басшылығына қонақжайлық үшін ризашы лығын білдірген мəртебелі қонақ, Орталық Азиядағы сапарын Қазақстан деген ұлы елден бастауында үлкен мəн бар екенін айтты. «Расында да, адамзат дамуының бесігі атанған осынау ұлы аймақтан сапарымды бастап отырғаныма шын ризамын. Бұл аймақтың жоғары мəдениеті мен ерен ерліктері адамзат тарихында өшпестей із қалдырғаны баршамызға мəлім. Сондай-ақ, бұл аймақтың Үндістанмен қарымқатынасы адамзат өркениетінің бастау кезеңдерінен бері мықтап орныққаны белгілі. Мен бүгін тарихты ойлай отырып, аймақпен жаңа ынтымақтастық орнатып,

№58

(Соңы 2-бетте).

Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен төртінші сессияның соңғы жалпы отырысы өтіп, онда бірқатар заң жобаларына қорытынды əзірлеу мерзімдері бекітіп берілді. Сондай-ақ, депутаттар мүгедектердің құқын қорғау, Еуразиялық экономикалық одаққа Қырғызстанның қосылуы туралы шартқа Арменияны да біріктіретін хаттама мен қылмыстық істер бойынша америкааралық конвенцияны ратификациялау мəселелерін қарады.

Мїмкіндігі шектеулілерге берілетін мїмкіндіктер Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

жаңа кітаптың бірінші бетін ашу үшін келдім. Қазір бүкіл Орталық Азия елдері халқының алдында сөз сөйлеп тұрып, жүрекжарды тілегім мен пікірімді жеткізуге Назарбаев Университеттен қолайлы орын жоқ екеніне көзім жетті», деген мəртебелі мейман университеттің табыстарына тоқталып, алғашқы түлектеріне қанат қақтырғанымен құттықтады. Сөйтіп, университет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арман-мұратын жүзеге асыруға жəне мемлекетті өркендетуге қызмет етіп, аймақтағы елдердің лидеріне айналуына өз үлесін қосатынын атап өтті. Абай атамыздың адамзаттың қамы үшін айтқан философиялық тұжырымдарына тəнті екенін білдіріп, Ұлы ақынның қара сөздерінен мысалдар келтірді. (Соңы 2-бетте).

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының Өкімі 2015 жылғы 8 шілде

серіктесі. Өзара ықпалдастықты одан əрі өрістету үшін де зор мүмкіндіктер бар, – деді Қазақстан Президенті. Үндістан Премьер-министрі өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы шырайлы қабылдауы үшін алғыс айтып, сапардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сондайақ, Н.Моди Үндістан халқының жəне жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты өт кен туған күнімен құттықтап, Қазақстан Президентінің көреген саясатының бүкіл ел халқына игілік əкелетініне сенім білдірді.

Екіжақты кездесуден соң Қазақстан Президенті мен Үндістан Премьер-министрі кеңейтілген құрамдағы келіссөздерге қатысты. Онда Нұрсұлтан Назарбаев Нарендра Модидің сапары еліміз үшін жəне екі мемлекеттің өзара қарым-қатынасы үшін тарихи оқиға екенін айтты. – Біздің елдеріміздің халықаралық күн тəртібіндегі мəселелері ұқсас. Сауда-экономика саласындағы зор əлеует, ғасырлар бойғы достық, мəдени жəне тарихи байланыстар бізді рухани жағынан жақын халықтарға айналдырды. Қазіргі кезде біз екі елдің игілігі жəне мемлекеттеріміздің өсіп-өркендеуі үшін бар əлеуетімізді пайдалана білуіміз қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы үнді халқын жəне Н.Модиді тағы да оның Премьер-министр лауазымына тағайындалуымен құттықтады, сондай-ақ, Үндістанды дамыту үшін жүзеге асыруды көздеп отырған ауқымды бағдарла маларына зор баға берді. Қазақстан Президенті, сонымен қатар, Үн дістан Премьерминистрін Үндістан тарапының ұсынысы бойынша БҰҰ қабылдаған, таяуда өткен Халықаралық йога күнімен де құттықтады. Мемлекет басшысы бұл жайт Үндістан халқының рухани мұрасының барша əлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалуын білдіретінін атап өтті. Мемлекет басшысы Н.Модидің сапары екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, оны жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

Астана. Парламент Мәжілісі

Ќазаќстан Республикасы Парламенті палаталарыныѕ бірлескен отырысын шаќыру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сəйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2015 жылы 15 шілдеде, сағат 10да Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Қ.ЖАҚЫПОВ.

Депутаттар жан-жақ ты қызу талқыға салған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Аталған заңдық құжат Мемлекет басшысының «Мүге дектердің құқықтары туралы конвенцияға жəне Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның Факультативтік хаттамасына қол қою туралы» Жарлығын іске асыруға бағытталған. Бұл ретте

мүмкіндігі шектеулі жандардың басқа да азаматтармен тең мүмкіндіктері қамты латындығын айта кету керек. «Мəселен, заң жобасымен мүмкіндігі шектеулі азамат тар үшін көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру мақсатында вокзалдар мен əуежайларда кедергісіз орталық құру, теміржол құрамдарын мүгедектер үшін қолжетімді вагондармен жабдықтау, қоғамдық орындар мен даңғылдарда, көшелерде көлік құралдарын қоюға болмайтын орындарға мүгедектер үшін көлік автотұрағын бөлу қарастырылады. (Соңы 4-бетте).

АҚПАРАТТАР аєыны  Отандастарымыздың 71,3 пайызы сот органдарының жұмысына көңілі толады. Бұл дерек отандық соттардың қызмет сапасына қатысты жүргізілген сауалнаманың нəтижесінде белгілі болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сауалнамаға республикадағы 193 сот қамтылып, 12 мыңнан астам респондент қатысқан.  Астанада бүгінге дейін 11,5 млрд. теңгенің мүлкі заңдастырылды.

Елбасы ќабылдады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуге Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев пен Инвестициялар жəне даму министрлігі Аэроғарыш

комитетінің төрағасы Т.Мұсабаев та қатысты. Қазақстан Президентіне А.Айымбетовтің штаттық режім бойынша Халықаралық ғарыш

стансасына ұшуға дайындығының барысы жөнінде хабарланды. А.Айымбетов өзінің барлық қажетті тесттер мен емтихандарды сəтті тапсырғанын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ғарыш қызметі саласына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Телефон арќылы сґйлесті Елбасының баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Əзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Əлиевпен телефон арқылы əңгімелескенін хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаевты Əзербайжан Президенті туған күнімен құттықтады. Сондай-ақ, Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелерін жəне 2014 жылғы 29 қыркүйекте Астраханьда өткен Каспий жағалауы мемлекеттерінің төртінші саммиті аясында қол жеткен уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Телефон арқылы əңгімелесуге əзербайжан тарапы бастамашы болды. *** Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Грузия Президенті Гиоргий Маргвелашвилимен телефон арқылы əңгімелескенін хабарлады. Грузия Президенті Гиоргий Маргвелашвили

Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтап, денсаулық пен бақ-береке жəне Қазақстан халқының игілігі үшін жаңа жетістіктер тіледі. Екі ел президенттері, сондай-ақ, Қазақстан мен Грузияның өзара ықпалдастығын арттыру мəселелерін талқылады. *** Президенттің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияның бұрынғы Федералды сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншермен телефон арқылы əңгімелескенін хабарлады. Телефон арқылы əңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевты ГФР-дың бұрынғы Федералды сыртқы істер министрі туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Г.-Д.Геншер Қазақстанның қазіргі табысына жəне Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған мақсаттардың жүзеге асатынына нық сенетінін айтты. Əңгімелесуге герман тарапы бастамашы болды.

 Президент поштасынан

Аќ тілектер аєыны Елбасының баспасөз қызметі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне байланысты Германия Федералды канцлері Ангела Меркельдің құттықтауы туралы хабарлады. А.Меркель өз құттықтауында Қаз ақстан мен Г ер ман и ян ы түрлі саладағы тығыз серіктестік біріктіретініне тоқталған. «Халықаралық қоғамдастық үшін өзекті болып отырған сын-қатерлер жағдайында Қазақстан аса сындарлы рөл атқаруда. Елдеріміз арасындағы өзара сенімді жəне серіктестік қарым-қатынастарды арттыра түсу, сондай-ақ, Қазақстанда демократияны, құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам қағидаттарын дамыту ісінде Сіз алдағы уақытта да Федералды

Қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі таратқан мəліметке сүйенсек, бұл сома негізінде 2,5 мыңнан астам нысан жарияланған.  Алматы саудагерлері жаппай тегін медициналық тексеруден өтуде. Қалалық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Галина Булыгинаның сөзіне қарағанда, кеше «Алатау» базарының 200-ге жуық саудагеріне тегін қызмет көрсетілген. Жылжымалы медициналық станса бүгін «Байсат» базарына тұрақтайды.

үкіметтің қолдауына сенім арта аласыз», – делінген жеделхатта. Германия Федералды канцлері Нұрсұлтан Назарбаевқа бақбереке, мықты денсаулық жəне табыс тіледі. *** Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне жəне Астана күніне байланысты Нидерланд премьер-министрі Марк Рюттенің құттықтауы туралы хабарлады. М.Рютте Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, сондай-ақ, Астананың 17 жылдығына байланысты Қазақстан халқына ең ізгі тілектерін жолдады.

 Шымкентте жылына 200 тонна қалдық өңдейтін зауыт ашылды. Кəсіпорынның сұрыптау желісінде 180 адам жұмыс істейді. Қалалық əкімдіктің хабарлауынша, жобаның құны 1 млрд. теңгеден асады.  Қызылорда облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары басталды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары биыл 2 671,9 мың гектар жерге зиянкестерге қарсы мониторингтік зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын айтты.

*** Елбасының баспасөз қызметі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне байланысты Венгрия премьерминистрі Виктор Орбанның құттықтауы туралы хабарлады. В.Орбан Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлігі арқасында Қазақстан мойындалуға лайықты даму жолынан өткенін айтқан. «Астанадағы таяуда өткен кездесуіміз дəлелдеп бергендей, соңғы жылдары біздің ынтымақтас тығымыз барған сайын қарқын алып, стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткені қуантады. Достық пен бауырластық біздің өзара табысты ықпалдастығымыздың кепілі болып келеді», – делінген жеделхатта. (Соңы 3-бетте).

 Шығыс Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне пəтер берілді. Өскемен қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Еркін Тұраров айтып өткендей, ай басынан бері 14 пəтердің кілті табысталды. Жаңа үйлердің барлығы инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.