АҚПАРАТТАР аєыны №186 (28125) 9 ТАМЫЗ ЖҰМА 2013 ЖЫЛ
Сайлау – 2013
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ДАМУҒА ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ Аршалы облыс орталы ғы Көкшетаудан 400 шақырымдай алшақ жатыр. Бірақ, оны шалғай аудан деп айта алмайсыз. Өйткені, ауданның орталық қонысы Астанадан алпыс-ақ шақырым жерде орналасқан. Осының өзінен-ақ өңірге жүктелген жауапкершілік жүгін салмақтай беруге болады.
Жаѕа сынаќтыѕ жауапкершілігі
Мўны сайланєан əкімдер де, тўрєындар да жаќсы тїсінеді Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».
Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың тапсырмасымен үлкен екі жоба жүзеге асырылуда. Біріншісі – Астананың агломерациялық аймағын қалыптастыру. Осыған орай 20112013 жылдарды қам титын арнайы бағдарлама қабыл да нып, серіктес ауылдар мен кент тер саны өсе түсуде. Бұл елді мекендер тұрғындарының саны соңғы жылдары 2,5 есеге өсті. Бірақ, əлі де Астанаға барып-келіп жұмыс істейтіндер көп. Екінші күрделі міндет – Астананың азық-түлік белдеуін жасап, дастарқан мəзірін мо лайтуда облыстың барлық
аудандары белсеніп қызмет атқарып жатқанымен, жұмыстың негізгі ауқымы аршалылықтарда екені белгілі. Мұның бəрін айтып жатқанымыз, ауыл əкімдерінің бұрын болмаған сынақ-сайлауының орасан маңызын алға тарту еді. Себебі, сайлау алдындағы жиналыстарда бүгінгінің табысы ертеңге өлшем болмай қалғанын халықтың өзі айтып жатыр. Астарында «болашақ əкім, сен де ойлан» деген түйін жатқанын аңғару қиын емес. Ауданда 12 ауылдық, 1 поселкелік
Ораза айт мерекесімен ќўттыќтады
ҚР Сырт қ ы істер минис трлігіне қаз а қста нд ық мұсылмандарды қасиетті Рамазан айының аяқталуымен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің құттықтау хаты келіп түсті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
«Осы күннің құрметіне орай менің отандастарым өзінің мол жəне бай əдет-ғұрпымен ерекшеленетін айт
мерекесін тойлауға жиналған əлемнің барлық мұсылмандарына қосылады. Бұл отбасының мейірімділіктің,
Мəселенің мəнісі
Ќазаќстандыќ 5 азамат бар
Антальяның «Гранд Ринг» қонақ үйінде уланған бірқатар шетелдік демалушылардың арасында Қазақстанның 5 азаматы бар екендігі белгілі болды.
Қазақстанның Антальядағы консулдығынан келіп түскен ақпаратқа сəйкес, отандастарымыз дер кезінде жергілікті «Марина» емханасында тиісті ем шараларын алып, қонақ үйге қайтарылды. Консулдық қызметкерлер қазақстандықтарға барлық тиісті көмекті көрсетті, емдеу
мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, азаматтарымыздың денсаулығына қазіргі уақытта ешқандай қауіптің жоқ екендігі анықталды. Азаматтардың улану себебін анықтау үшін, қонақ үй басшылары жəне медициналық персоналмен кездесу ұйымдастырылды.
Жағымды жаңалық
Маѕызды меморандум
Жуырда Ақмола облысы əкімдігі мен «Шеврон» компаниясы арасында Ерейментау ауданындағы «Самал» жел қуаты паркі жобасын жүзеге асыруға қатысты өзара ынтымақты келісім-шартқа қол қою рəсімі болды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».
«Шеврон» компаниясы Еуразия бөлімшесінің басқарушы директорының орынбасары Имир Боннер өз сөзінде жел қуаты əлемнің дамыған елдерінің барлығында тиімді пайдаланылып келе жатқандығын айтты. Ал, «Самал» жел паркінің құрылысы Қазақстандағы ірі шетелдік инвестициялық жобалардың бірі болып табылады. Кəсіпорын осы жоба аясында алдағы уақытта Ерейментау қаласының маңында желден электр қуатын өндіретін қондырғы қоюды ұйғарып отыр. Болашақта Ерейментау қаласында қуаты 50 мегаваттық станса салынатын болады. Қазақстанда баламалы жəне жаңартылатын
энергетиканы дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған ісшаралар жоспарына енгізілген құны 239 миллион долларды құрайтын жобаны компания өздері қаржыландыратын болады. Сондай-ақ, компания əлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында Ерейментау ауданының білім беру, денсаулық сақтау мекемелеріне 30 миллион теңгенің құрал-жабдықтарын сыйға тартқанын оқырмандарымызға жеткізгенбіз. Жел паркінің құрылысы арқылы арзан электр қуатын өндірумен бірге қоршаған ортаны таза ұстауға тікелей ықпал ететін бұл жобаның облыс үшін аса маңызды екендігіне тоқталған облыс əкімі Қосман Айтмұхаметов Қазақстан Республикасының
округ бар. Осы он үш орынға 39 үміткер ұсынылып, тіркеліпті. Аудан əкімі Қанат Қарауылов алғашқы кеңестік сипаттағы тұрғындар жиынына өзінің орынбасарлары мен мекеме басшыларын ала барған. Хаттамаларға көз салғанымызда əр басқосуда жеті-сегіз адамнан сөз сөйлеп отырғанын байқадық. Мұндай белсенділікті аудан шенеуніктерінің қатысуымен байланыстырғанның өзінде, ауылдың болашақ көшбасшылары төңірегіндегі мəселе ешкімді бейжай қалдырмайтыны бірден
бейбіт өмір сүрудің мейрамы жəне бұл мереке бізді байланыстыратын ортақ құндылықтарымызды еске түсіреді», деп айтылған хатта. Джон Керри біздің елдеріміз арасындағы байыпты ынтымақтастықтың жалғасуына сенім білдіріп, Қазақстан халқына Ораза айт мерекесін жақсы атап өтуге тілек білдірді.
Бəрекелді!
Автокеруен маќсаты – іскерлік ілкімділік
Тайландтағы «АМАТА» компаниясының басшысы əрі құрылтайшысы болып табылатын мультимиллионер, белгілі кəсіпкер Викром Кромадиттің қаржылық демеуімен алыс жолға шыққан автокеруеннің Қазақстанда атбасын тіреген алғашқы бекеті Петропавл қаласы болды. 17 наурыздан өз сапарын ұйымдастырған тайлар бұған дейін Бирма, Корея, Қытай, Ресей елдерін басып өтіп, Омбы арқылы жеткен. Одан əрі еліміздің бірқатар қалаларын араламақ. Өмір ЕСҚАЛИ, əсем табиғатына деген ризашылық «Егемен Қазақстан». сезімін білдіре келіп, сапар мақсатын түсіндірді. Оның айтуына қарағанда, Делегация мүшелерінің құр- компания Тайландта жəне Вьетнамда метіне С.Мұқанов атындағы əмбе- үш ірі индустриялық парк иеленетін бап кітапханада іскерлік кездесу көрінеді. Олардың құрамына 1 ұйымдастырылып, онда сөз алған мыңдай кəсіпорын топтастырылып, облыс əкімінің орынбасары Қайрат 150 мыңнан астам адам тұрақты Бекенов Президент Н.Ə.Назарбаев жұмысқа тартылған. ел экономикасына қызығушылық Тайлықтардың осы жұмыс танытқан шетелдік инвестор- сапарына бірден-бір дəнекер лар үшін қолайлы мүмкіндік ту- бола білген «ExpoArisCo.Ltd» дыру, экспорт қуатын арттыру фирмасының директоры Роман міндеттерін қойғанын, рынок көк- Арыстановтың да айтары аз болжиегін кеңейтуге, EXPO-2017 көр- мады. Ол Қазақстан мен Тайланд месіне əзірлікті күшейтуге, «жасыл» а р а с ы н д а ғ ы э к о н о м и к а л ы қ экономиканы дамытуға айрықша байланыстың 20 жылдан бері көңіл бөліп отырғанын, осы орай- тұрақты өркендеп келе жатқанын да туризм, шағын жəне орта биз- айта келіп, екі елдің индустриялықнес салаларына инвестициялық инновациялық зор əлеуеттерін, қаржылай қолдау ниетін көздеген осы салада қалыптасқан жақсы Тай ланд меймандарына жан- үрдістерін одан əрі ілгерілетудегі жақты қолдау көрсетілетінін і с к е р л і к қ а р ы м - қ а т ы н а с т ы ң ж е т к і з д і . К о м п а н и я н ы ң қ о р маңызын атап өтті. басқарушысы Панчана ханым қазақ елінің қонақжайлылығына, Солтүстік Қазақстан облысы.
байқалады. Аудандық газеттегі əріптестеріміз үміткерлердің үгітнасихат науқанын қызу əрі мəдениетті өткізгенін айтып жатыр. Мұны ертеңгі əкімнің бет-бейне сін айқындайтын көрсеткіш ретінде қабылдауға да болады. Сөйтіп, көптен күткен сайлауда, денсаулығына байланысты өз өтінішімен кандидатурасын алып тастаған бір кісіден басқасының бəрі дауысқа түсіп, бақтарын сынады.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.
(Топтаманың соңы 2-3-беттерде).
Өңір өмірі
Шґп буыны ќатќан шаќ
Мұнымен қоса, Анталья қаласының санитарлық бақылау саласындағы құзырлы органдары тиісті жұмыстар атқаруда. Қазіргі уақытта 3 азаматымыз басқа қонақ үйге ауыстырылды, 2 адамға ақшалары қайтарылды. Олардың жағдайы тұрақты жəне өздерінің денсаулығынан ешқандай да бір шағым жоқ екендігін хабарлады. Жалпы, осы қонақ үйде Қазақстанның 33 азаматы бар екендігі анықталды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Жер заңнамасы шеңберінде жел паркінің құрылысы үшін инвесторлардың 622 гектар жер учаскесін 49 жылға уақытша қайтарымды пайдалану құқын алуына қолдау көрсетілетіндігін жəне аталған жобаның жақын арада индустрияландыру картасына енгізілетіндігін жеткізді. Биыл Қазақстан мен «Шеврон» компаниясының жемісті серіктестігіне 20 жылға аяқ басты. Кəсіпорын осы уақыт ішінде Қазақстанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын, бұл елде еркін жұмыс істеуге болатынын өзгелерге дəлелдеді. Осы кəсіпорынның арқасында Қазақстанға 8,5 мың шетелдік компания 200 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. 20 жылда кəсіпорын елімізде бірнеше зауыттардың ашылуына септігін тигізді. ТМД елдерінде баламасы жоқ Атырау құбыр арматурасы зауыты Қазақстан мен «Шеврон» компаниясының бірлескен жобасы болып саналады. Ақмола облысы.
«Қолжетімді тұрғын үй2020» бағдарламасы бойынша биыл жас отбасылар үшін 3,5 мыңға жуық пəтер салынады. Атап айтқанда, Алматыда 120 пəтер, Солтүстік Қазақстанда 216 пəтер, Қостанайда 352 пəтер, Атырауда 234 пəтер, Қарағандыда 154 пəтер құрылысы жоспарланған. Астанада тамызда мектепке дейінгі білім беретін 52 мекеме ашылды. Соның ішінде 28 мектеп қазақ тілінде жəне 24-і орыс тілінде оқытады. Шымкенттегі Қошқарата өзені бойы əсем абатқа айналады. Қазір қызу жүріп жатқан бұл жұмыстардың биылғы алғашқы кезеңінде өзен бастауынан Ордабасы алаңына дейінгі 16 гектар жер толық игеріледі. Ал құрылысқа қажетті 452 млн. теңге қаржы қала бюджетінен бөлінді. Қазақстанда бауырдың қатерлі ісігі сырқатына қарсы заманауи ем қолдану жөнінде бастама көтерілді. Бұл қозғалыстың идеясын таратушы алматылық жас хирург Асхат Исбамбетов болып отыр. Елордада өзге ұлт өкілдері инновациялық əдістеме негізінде қазақ жəне ағылшын тілдерін меңгеріп шықты. «Диалог.kz» деп аталатын жоба аясындағы оқудың келесі кезеңі қыркүйек айында басталады деп күтілуде. Астанада тұңғыш түнемелік орын ашылды. Оның кəдімгі мейманханалар мен пəтерлерден басты айырмашылығы қолжетімділігі мен арзандығында. Мұндағы таза төсек, интернет, телевизор секілді ұсынылатын заттары бар жатынжайлардың тəуліктік құны 1500 теңге тұрады. Биыл Қызылордадағы көп қабатты тұрғын үйлер аулаларында 23 балалар спорт алаңы салынады. Бұл мақсатқа 103 млн. теңге бөлініп отырғанын тілге тиек еткен қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев бұдан бөлек, 74,5 млн. теңгеге заман талабына сай 50 автобус аялдамасы бой көтеретінін мəлімдеді. Ақтауда спорттық покер клубы атын жамылған жасырын казино анықталды. Ұстау кезінде онда 20-ға жуық келуші мен сол жердің 9 қызметкері болған. Оқиға орнынан 450 мың теңгеден артық ақша тəркіленді.
Биыл табиғат ана жомарттық танытып тұр. Көктемде басталған молшылық кепілі ақ жауын арада бірер күнді салады да, дамылдап алған соң бір тынбастан аспаннан сіркірей бастайды. Кенді Алтайдың қайбір бұрышына бара қалсаңыз, белуардан асатын көк шөпті көресіз. Таяуда Ұлан ауданының Отрадное ауылындағы «Агро-Бам» шаруа қожалығының жем-шөп дайындап жатқан бригадасында болғанымызда, қызу еңбектің үстінен шықтық. Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Қожалықты ұзақ жылдан бері ауыл шаруашылығының білгір маманы Жақсылық Қасенов басқарады. Былтыр зейнеткерлікке шықса да Жəкең жас жігіттердей лыпып тұр, қимылы шапшаң, есеп-қисапты жатқа соғады. Қазір оның қожалығында 700 ірі қара, 100 жылқы бар. Биыл қожалық үш жарым мың гектарға дəнді дақылдар, 500 гектарға шөп, 313 гектарға
екпе шөп еккен екен. Жаңбырдың көп жауып, ылғалдың мол болуы себепті жайқалып өскен астық əлі күнге жап-жасыл, күн жылыса болды сап-сары телегей теңізге айналатын түрі бар. – Диқандар мен мал азығын дайындаушылар үшін қарбалас сəт туды. Міне, екі апта болды жем-шөп əзірлеуге 15 техника мен жиырмаға тарта адам жұмылдырылды. Бүгінге дейін 750 тонна жем-шөп əзірленді. 42 жылдан бері техниканы тізгіндеп келе жатқан майталман
тракторшымыз Бейсембай Салқымбаев күндік тапсырмасын бір жарым есе асыра орындауда. Жұмағазы Асановтың 30 жылдық еңбек өтілі бар, ол да «МТЗ» тракторымен еселі еңбек етіп жүр. Тырнаушы Е.Толғынбаев, ораушы Бейбіт Бəкішев, шөпті маялаушы А.Нұрақатов, Т.Мұсақанов та қажырлы жұмыс жасауда. Аманшылық болса, мал азығын дайындап алған соң егін орағына кірісеміз. Жаңа аты аталған азаматтар тракторын комбайнға ауыстырып мінеді. Бізде техника жеткілікті, бесалты комбайн сатып алғанбыз. Механизаторлардың жалақысы да жаман емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын егін орағы мен жем-шөп əзірлеуде ерекше көзге түскен бес-алты азаматқа құрмет пен мəртебе көрсетіліп, бүкіл ауыл тұрғындарының қатысуымен тұрғын үй мен жеңіл көлікті
сыйға тартқанбыз. Биыл да еңбек адамдарына құрмет көрсету ойда бар, –деп «Агро-Бам» шаруа қожылығының төрағасы Жақсылық Қасенов біраз мағлұмат бере кетті. Міне, бітік өскен көк шөпті «МТЗ-80» тракторымен сырылдатып шауып келе жатқан механизаторды тоқтатып, сөзге тарттық. Бейсембай Салқымбаев сөзге сараң екен, 42 жылдан бері механизатор екенін, ауа-райының ашық күнін тиімді пайдалануға тырысып жатқанын тілге тиек етті. Оның соңында келе жатқан Жұмағазы Асанов та жаздың бір күні жылға азық екенін, жанталаса жұмыс жасап жатқандарын айтты. Сергей Морсофей деген механизатор биыл егіннің шығымы ғажап екенін, табиғат ананың жомарттығын пайдаланып қалу үшін техниканы сақадай-сай əзірлеп қойғаны жайлы айтты. Ұландық жем-шөп əзірлеушілер биылғы қатаң қыстан қысылмай шығатынына кəміл сенеді. Оған олардың бүгінгі қажырлы істері куə болса керек. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы. ----------------------------Суреттерді түсірген автор.