Бїгінгі нґмірде: Елбасы назарындаєы ел спорты 2-бет Ўлытау – ўлыќтау ордасы 4-бет Ґміршеѕ əндер 5-бет Кубалыќтар ќазаќ əнін шырќап жїр 12-бет
№175 (28398) 9 ҚЫРКҮЙЕК СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
● Жағымды жаңалық
Жетіаралда – амбулатория, Ќарасуда мектеп бой кґтерді Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылында отбасылық дəрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары көптен күткен қуанышқа өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қатысып, амбулаторияның ашылуымен құттықтады. – Мемлекеттің басты байлығы – халық. Ал халықтың басты байлығы – денсаулық. Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің əр елді-мекенінде дəрігерлік емхана болуына жіті көңіл бөліп отыр. Биылдың өзінде облысымызда 14 ауылдық дəрігерлік амбулатория салынды, – деді. Жаңадан ашылған емхана Жетіарал ауылдық округіне қарайтын Асусай, Қамысты жəне Жалғызтал ауылдарының халқына да медициналық қызмет көрсетеді. Үш жарым мың халық тұратын Жетіарал ауылдық округінің тұрғындары енді аудандық ауруханаға ат сабылтпайтын болды. – Бұл – біздің ауыл үшін үлкен мереке. Мəселен, мен осыған дейін кішкентай баламмен Ақсуат
ауылындағы ауруханаға жиі баратынмын. Енді өз ауылымызда бой көтерген амбулатория арқылы да денсаулығымызды тексеріп, қажетті ем-домды алып тұруға мүмкіндігіміз бар, – дейді жас ана Айнұр Құсманова. Сондай-ақ, осы күні Қарасу ауылы орта мектебінің оқушылары жаңа оқу жылын жаңа ғимаратта бастап, мəре-сəре болды. Мектеп сыныптары заманауи оқу құралдарымен жабдықталған. Информатика сыныбына мектепте 30 жыл ұстаздық еткен Мұқатай Айтышұлының есімі беріліпті. Ал ардагер ұстаз Оралбек Мүсілімов аядай ауылда соңғы жылдардың өзінде мəдениет үйі, балабақша, су құбыры, жаңа мектеп ғимараты пайдалануға беріліп жатқанын, осының барлығы мемлекет экономикасының ілгерілеуі нəтижесінде жүзеге асқанын жеткізіп, ауыл тұрғындары атынан алғыс айтты.
Қазақстан Сенатының Төра ғасы Қазақстан мен Францияның түрлі салалардағы ынтымақ тас тығының қарқынды дамуы на қанағаттанғандық біл дірді. Парламентаралық байланыстарға қатысты Қ.Тоқаев
екіжақты үнқатысуды кеңейту үшін екі елдің парламенттерінде жұ мыс істеп келе жатқан «Франция-Қазақстан» достық тобы ның əлеуетін белсенді дамы ту қажет екенін атап өтті. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан мен Франция
депутаттарының өзара іс-қимылының зор маңызы бар. А.Дюлэ, сондай-ақ, парламенттік ынтымақтастық топтарының өзара іс-қимылының маңызды екенін атап өтіп, қазақстандық сенаторларды Францияға келуге шақырды. Жоғары палатаның басшысы француз əріптестерін еліміздің жоғары заң шығару органының қызметі мен Сенатқа сайлау науқанының барысы туралы хабардар етті.
Сенат бюросыныѕ отырысы Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды. Онда 2014 жылғы 11 қыркүйекте болатын Сенаттың кезекті отырысының күн тəртібі талқыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Отырыста «Қазақстан Респуб ликасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конс титуциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Алмас Шəмшиденұлы Əбдіраманов Қазақстан Республикасының Кувейт мемлекетіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды; Дулат Оразбекұлы Қуанышев Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының ШриЛанка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. *** Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Қабдылхамитұлы Нұрғалиев зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Еуроодаќпен серіктестікке серпін ќосу жолында Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстанда тіркелген Еуропа елдері дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесіп, кең ауқымды мəселелерді, соның ішінде Қазақстан Республикасы-Еуропа Одағы кеңейтілген серіктестігі туралы жаңа келісімшарт жобасын талқылады. Елшілер үшін ұйымдастырылған брифингке, сонымен қатар, Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова қатысты.
–––––––––––––––– Суретті түсірген Есімхан ОРЫНБАЕВ.
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Франция – Орталық Азия» достық тобының төрағасы Андре Дюлэ бастаған Француз Республикасы Сенатының делегациясын қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
заң жобасын бірінші оқылымда қарау жоспарланып отыр. Депутаттардың қарауына кейбір заңнамалық актілерге сот төрелігін іске асыруды одан əрі жеңілдету, төрешілдік рəсімдерді азайту мəселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы да (бірінші оқылымда) ұсынылатын болады. Қ.Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалауды сапалы заңнамамен қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысы шұғыл деп жариялаған заң жобаларының топтамасы бойынша қалыптасқан жұмыстың қажеттігіне бюро мүшелерінің назарын аударды.
Парламентаралыќ їнќатысу
Ќазаќстан мен Франция ынтымаќтастыєыныѕ маѕызды бґлігі Кеше Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Франция Сенаты «Франция - Қазақстан» достық тобының жетекшісі Андре Дюлэ бастаған делегация өкілдерімен екіжақты қарым-қатынастың өзекті мəселелерін талқылады, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.
Тараптар екі елдің парламенттері арасындағы ынтымақтастықты одан əрі дамыту, жалпы алғанда, Қазақстан мен Франция байланысын күшейтуге жəне тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді. Қабиболла Жақыповтың атап өткеніндей, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия, Іскерлік кеңес, сондай-ақ, бүгінгі күні жүзеге асырылып жатқан жобалар сауда-экономикалық, мə дени-гуманитарлық қатынасты дамытуға айтарлықтай үлес қосуда. Олардың қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арқауында Сорбонна университетінің филиалында халықаралық қатынастар жəне менеджмент екі магистрлық бағдарлама бойынша мамандар дайындауды атап өтуге болады. Мəжіліс Төрағасы Франция – біздің еліміздің Еуропадағы негізгі саяси əрі
Термин жасау – халыќтыќ іс Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы негізінде Педа гогикалық ғылымдар академия сы 2012-2014 жылдары ғылым мен техниканың, экономика мен мəдениеттің барлық салаларын қамтыған 30 томдық ғылы ми салалық қазақша-орыс ша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер топтамасын дайындады. Сөздіктерді дайындауға 52 ме кемеде – жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында, академияларда, министрліктер мен Парламентте, салалық мекемелерде жұмыс істейтін ғалымдар мен сала мамандары, жалпы 350-дей адам атсалысты. Барлық сөздіктердің авторлық ұжым құрамында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары бірге еңбек етті. Сөздіктер Терминком мəжі ліс терінде мұқият талқыланды. Комиссияның 29 тамызда өткен мəжілісінде сөздіктерді халықтың талқысына түсіру, көптің сарабына салу жөнінде ұсыныс айтылып, ол ұсыныс
9 қыркүйек, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездеседі. 11-12 қыркүйекте Қазақстан Президентінің Душанбе қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысуы жоспарланған, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Таєайындаулар
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы.
Франция Сенатыныѕ делегациясын ќабылдады
Елбасыныѕ апталыќ кестесі
министрлік тарапынан да қолдау тапты. Терминжасам ісі – бүкіл халыққа ортақ іс. Термин жасау сала мамандары мен терминолог ғалымдардың ісі болғанымен, оған жалпы жұртшылықтың да араласқаны дұрыс. Себебі – тіл халықтікі, жалпы ортақ байлық. Сондықтан, сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді білу, əртүрлі нұс қаларды қарастыру үшін осы сөздіктер Педагогикалық ғылымдар академиясының сайтына (www.apnk.kz ) ілінді. Өз пікірлеріңізді 30 қыркүйекке дейін мына электрондық адреске жолдауларыңызды өтінеміз: apnkaz@mail.ru Жұмыс тиімді болу үшін ұсыныс-пікірді дəлме-дəл айтқан жөн. Электронды адреске жолданатын пікірде сөздіктің аты көрсетілуі, онан кейін – терминнің орысша берілуі – қазақша берілуі – ұсынатын нұсқаңыз – нақпанақ жазылуы жөн. Сіздерді осы іргелі іске атсалысуға шақырамыз! Педагогикалық ғылымдар академиясы.
экономикалық əріптесі екенін алға тарта келіп, өзара ықпалдастықтың алда достық жəне сенім негізінде дамуының маңыздылығын көлденең тартты. Өз кезегінде Андре Дюлэ Францияның Қазақстанға түрлі бағыттарда, соның ішінде индустриялық, агроөнеркəсіптік дамуда, жаңа технологияларды тартуда қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Мейманның тағы бір атап өткені – біздің еліміз ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қатысты барлық мəселелер бойынша Францияның қолдауына арқа сүйеуіне болады. Жаһандық қауіпсіздік тақырыбын сөз еткенде, Франция Сенатының Қарулы күштер жəне қорғаныс, халықаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Ив Поццо ди Борго аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде Қазақстанның рөлі айрықша екеніне тоқталды.
Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру ар қылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.
Кездесу Қазақстан Рес публикасы мен Еуропа Одағы арасындағы жаңа келісімшарт бойынша келіссөздердің қорытынды 8-ші раунды болатын күннің қарсаңында өтті. Е.Ыдырысов тараптардың келіс сөз топтары бұл күнге жақсы дай ындықпен келіп, келіссөздер бары сында келісімшарт жобасын бір жола келісу үшін жұмысын жалғастырып жатқанын атап айтты. «Жаңа келісімшарт кең ауқымды қамтитын болады, ол тек ортақ мүдделерге ғана емес, ортақ құндылықтарға, өзара түсінушілікке, сыйластыққа жəне тиімділікке негізделген Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қазіргі жетілген, тең құқылы серіктестікті айқындай түспек. Бұл келісімшарт Қазақстанның ЕО елдерімен ынтымақтастығын жоғары деңгейге шығаратын арқауға айналуы тиіс», дей келіп, Е.Ыдырысов келісімшартты дəйектеу рəсімі үстіміздегі жылдың күзінде өтетінін хабарлады. Е.Ыдырысов атап өткендей, жаңа келісімшарттың бас ты мақсаты Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылу мүмкіндігін, сонымен қатар, Кеден одағын, Біртұтас экономикалық кеңістікті,
АҚПАРАТТАР аєыны ● Үстіміздегі жылы Астанада 11 заңды тұлға жекенің меншігіне өтеді. Бəсекелестік ортаға енгізілген олардың құны 244,7 млн. теңгені құрайды. Келер жылы – 7, арғы жылы 20 осындай нысан жекешелендірілуге жіберіледі. ● Алматы технопаркінде инновацияларды қолдау орталығы құрылды. Ол «Алатау» технопаркі жанында жұмыс істейді жəне отандық өнертапқыштар мен бизнесмендердің ашық алаңына айналады. ● Ақтөбе жаңа ферроқорытпа зауыты алғашқы металын шығарды. ERG құрамына кіретін «Қазхром»ТҰК» АҚ жаңа балқыту цехының бірінші пешінен 20 тонна металл алынды. Сөйтіп, өндіріс технологиясы мен қуаты жағынан əлемде көшбасшы болып табылатын бірегей кəсіпорын іске қосылды. ● Павлодар облысында жыл соңына дейін 12 инвестициялық жоба жүзе асырылады. Облыс əкімі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, соның арқасында 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. «Жобалардың арасындағы іріктемелі экстракция мен электролиз əдісі арқылы мыс өндіру зауытының орны ерекше. Кəсіпорынның жобалық қуаты – жылына 3000 тонна катодты мыс өндіру. Биыл мұнда 700 тонна мыс шығарылады», – деді ол. ● Қызылорда облысында 2014 жылы 13 өнеркəсіптік жоба бойынша жұмыс
Еуразиялық экономикалық одақты дамытуды көздейтін жаңартылған сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыра түсу болып табылады. Қазақстан мен Еуропа Одағы арасында қол жеткізілген келісімдерге сəйкес, құқықтық негізге айна латын жаңа келісімшартқа болашақта қосымша «жол карталары» мен ынтымақтастықты тереңдететін нақты салалық келісімшарттар қабылдануы мүмкін. Е.Ыдырысов атап өткендей, Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап кеткен тапсырмалар аясында Астана инновациялар, ғылым, ағарту жəне бəсекеге қабілеттілік секілді салалардың дамуына ерекше көңіл бөледі. Атап айтқанда, СІМ басшысының сөзіне сəйкес, Қазақстан ЕО-мен ғылым, технологиялар жəне инновациялар бойынша жеке келісімшарттар жасасуға мүдделі. Еуропа Одағы Қазақстанның ірі сауда серіктесі екенін атап өткен Ж.Айтжанова келіссөздер үдерісінің тетіктері туралы ақпарат беріп, көптеген ұстанымдар бойынша келісімге кол жеткенін мəлімдеді. (Соңы 2-бетте).
жүруде. Олар Индустрияландыру картасына енбегенімен, аймақтың экономикалық жəне əлеуметтік ахуалын жақсартуда атқарар мəні зор. Облыс əкімі Қырымбек Көшербаевтың мəліметінше, жобалардың жалпы құны 3 млрд. теңгеге жуық, өнеркəсіп орындары түгел іске қосылғаннан кейін оларда бірнеше жүздеген жұмыс орындары пайда болады. ● Өскеменде екі күн бойы Күршім ауданының күндері өтті. Шығыс Қазақстан облысының орталығында аудан көркемөнерпаздары бірнеше концерт қойып, ауыл шаруашылығы тауарларының жəрмеңкесіне кезек берді. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев жылда дəстүрге айналып келе жатқан бұл шараның биыл да жалғасын табатынын айта келіп, Ертістің жағасындағы қалаға енді өңірдің басқа аудандары да осындай мүддемен кезектесіп келіп тұратынын жеткізді. ● Оралдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Алтын ханшайым» көрмесі қанат қақты. Қала күні мейрамының құрметіне ашылған көрмеде 2012 жылы Теректі ауданындағы Тақсай қорғанынан табылған ежелгі сармат ақсүйек əйелінің қалпына келтірілген бейнесі бай əшекей бұйымдарымен жəне тарихи маңызы зор тұрмыстық бұйымдарымен бірге қойылды. Хабарлар BNews.kz, lada.kz, egemen.kz агенттіктерінің деректері бойынша дайындалды.