09092015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №171 (28649) 9 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

 Орақ – 2015

Сертке сай серпін Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қызылжар өңірінің диқандары ала жаз бойы баптап өсірген бітік ризықты шашпай-төкпей жинап алуға орақ науқанының алғашқы күнінен бел шеше кірісіп, кең даланы еңбек дүбіріне бөлеп кеткен. Айтуға ғана оңай, əйтпесе, 4,3 миллион гектар алқаптың ауылшаруашылық дақылдарын күздің қара суығына ұрындырмай қамбалап алу ерен еңбекті, білікті тəжірибені, зор ұйымдастырушылық қабілетқарымды қажет етері айтпаса да түсінікті. Жауапты науқанға айрықша белсенділікпен кіріскен теріскей аграршыларының бір ғана тілеуі–аспаннан иіп, жерден берген молшылыққа ауа райының кедергі келтірмеуі. Былтырғы жылдың жауын-шашынды күндері əлі ұмытыла қойған жоқ. Сол себепті болар, астықты орып, бастыруға 9 мыңнан астам техника жұмылдырылып, барлық жерлерде екі ауысымды жұмыс ұйымдастырылған. Тайынша–облыстағы ең ірі астықты аудандардың бірі. 674 мың гектар жерге жайқала өскен дəнді, майлы, азық-түлік дақылдарын ысырапсыз жинап алуға бір мыңнан астам техника қатыстырылуда. «Вишневское» ЖШС-нің егіс танаптарын аралаған аймақ басшысы Ерік Сұлтанов осында агроқұрылым жетекшілерімен жедел кеңес өткізіп, проблемалы мəселелерді сұрастырып білді. Биыл ауыл шаруашылығы саласы 6,4 миллиард теңгенің техникаларымен жабдықталғанын, 73 мың тонна дизель отынымен қамтамасыз етілгенін, екпінді майданды қысқа мерзімде атқарудың барлық шаралары қарастырылғанын жеткізді. Қырдағы еңбек дүбірі көп ұзамай қырмандар мен элеваторларға ауысатынын атап көрсетіп, бір сəт те босаңсытпауды ескертті.

Кґкейкесті мəселелер ќаралєан мəжіліс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Беларусь Республикасының Гродно қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің мəжілісіне қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Мəжіліс барысында интеграциялық үдерістер аясындағы бірқатар көкейкесті мəселелер қаралып, Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) əрі қарай дамытудың перспективалары талқыланды. Мəжілістің қорытындысы бойынша ЕАЭО елдерінің нарықтарын контрафактілік өнімдерден қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Зияткерлік меншік нысандарына құқықты қорғау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру туралы шартқа қол қойылды.

Мəжіліске қатысушылар, сондай-ақ, ЕАЭО шеңберіндегі өнеркəсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, ЕАЭО органдарының қызметіне қаржылық-шаруашылық ревизия жүргізу тəртібін мақұлдады. Одақ шеңберіндегі біртұтас қызмет көрсету нарығын қалыптастыру оңтайландыру жоспарларына сəйкес жүзеге асырылатын болса, осы мəселеге байланысты жайттар да жан-жақты талқыланды. (Соңы 2-бетте).

Жарна тґлемегенніѕ жаєдайы ќиындамаќ

Сыйымдылығы 3,4 миллион тонна болатын 53 астық қабылдау кəсіпорындарының қуаттылығы аздық ететіні күні бұрын ескеріліп, 3,1 миллион тонналық астық сақтау

қоймалары əзірленген. Тəуліктік қуаттылығы 200 мың тоннаға жететін астықкептіргіштер үзіліссіз іске қосылатын болады. Диқандар атынан сөз алған «Вишневское» серіктестігінің

бас директоры Павел Рафальский науқанның ерекшеліктеріне орайластырылып, егін ору тəулік бойы өткізіліп жатқанын мəлім етті. Ылғалдылық жоғары, кей танаптарда 25-32 пайызды құрайды. Тура бастыруға келмегендіктен, дестеге түсіруге тура келеді, деді комбайншылар. Соған қарамастан қарқын жоғары. П. Рафальский 30 мың гектарға жуық астықты уақытылы жинап алатындарына бек сенімді. Уақытпен санаспай, күндіз-түні еңбек етіп жатқандары сондықтан. Жұмыс күші де, техника да жеткілікті. Танаптарда комбритрейлерлік əдіс кең қанат жайған. Комбайншылар мен астық тасымалдаушылар арасында ешқандай іркіліс жоқ. Қызыл керуен сап түзеп, қырман жаққа ағылуда. (Соңы 3-бетте).

Елімізде міндетті əлеуметтік медициналыќ саќтандыру енгізіледі

Мəжілістің Əлеуметтік-мəдени даму комитетінің ұйымдастыруымен «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң жобасы бойынша қорытынды əзірлеу жөніндегі» заң жобасының тұсаукесері өткізілді. Таныстырылымға Парламент Мəжілісі Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева қатысты. Құжат бойынша Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова баяндап берді. Заң жобасы «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы нақты 100 қадамы» институттық реформалар жоспарын, Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде əзірленген.

Заң жобасы міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруды – масылдық идеологиясынан бас тартуды көздейтін, жеке жəне қоғамдық денсаулық үшін мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауап кершілігінің тетігін енгізуге жəне денсаулық сақтау саласында қазіргі заманғы нарықтық тетіктерді енгізуге бағытталған. (Соңы 2-бетте).

 Еңбегімен еленген

550 жылдыќ мерекеге арналєан 5040 марка Кеше «Қазпошта» АҚ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған пошталық марканы айналымға енгізді. Осыған орай Астанадағы Ұлттық мұражайда өткен салтанатты шараға Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев арнайы қатысты. – Ағымдағы жылы біз Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтудеміз. Өздеріңіз де білетіндей, өткені жоқ елдің болашағы бұлыңғыр. Тарихы жоқ ел болмайды. Бүгінгі «Қазпоштаның» 550 жылдық мерейтойымызға арналған жаңа пошта маркасын шығаруы өте жақсы шара. Бұл – «Қазпошта» басшылығының, министрлік тарабының біздің тарихымызды, қазақ мемлекеттігін барша əлемге паш етуі», – деді Б.Сапарбаев.

Марканың өлшемі 52х36 мм, ал парағының өлшемі 156х148 мм. Бір парақта 6 марка бар. Пошта маркасының атаулы бағасы 550 теңгені құрайды. Таралымы 5040 дана. Суретін Р.Ахмедин салған. Марка «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банкнот фабрика сы» республикалық мемле кеттік кəсіпорнында басып шығарылған. «Егемен-ақпарат».

Татулыќќа бастайтын тарихи таным Еліміздің сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов кеше Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын атап өту мерекесі қарсаңында дипломатиялық корпус өкілдері үшін брифинг өткізді. Оның барысында министр аталған датаның маңызын ашып көрсетті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Бұл ретте бірнеше күннен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назар баев тың жəне көптеген шетелдік мейман дардың қатысуымен мере келік іс-шаралар өтетіні белгілі. Əсіресе, əлемнің əр шалғайынан келген ғалым дардың басын қоса тын Қазақ хандығының құрылуына арналған халықаралық ғылыми

конференцияны атап өтуге болады. Министр сөз орайы келгенде жаңадан бой көтерген мұз сарайы ғимаратында үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінің кешінде театрландырылған қойылым қойылатынын да тілге тиек ете кетті. Бұл мерекелік тойлау ертесіне, яғни 12 қыркүйекте де қала көшелері мен алаңдарында жалғасын табады деп күтілуде. (Соңы 6-бетте).

Кенші Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Тау-кен металлургиялық өнеркəсібі – отандық экономи каның негізгі салаларының бірі. Инвестициялар жəне даму министрлігінің мəліметтері бойынша, аталған секторда 300 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Сəйкесінше, тау-кен өнеркəсібінің ішкі жалпы өнімді өндірудегі үлесі 19 пайызға, экспорт көлеміндегі үлесі 20 пайызға тең. Ал қазақстандық металлургия алыптарының біріне саналатын KAZ Minerals тобында шамамен 10 мыңға жуық адам еңбек етеді. Түсті металл өндіру – кеншілердің күннің жарық көзін көрмей, апталап, айлап, жылдап жер астында

тер төккенінің нəтижесінде жүзеге асатын нағыз еңбек майданы. Осы майданның бел ортасында жүрген еңбек жауынгерлерінің бірі, Алтайдың кенін қопарып жүрген кенші Алтайбек Дегембаев туралы сөз қозғамақпыз. Алтайбек Бүркітбайұлы 2001 жылдан бері Глубокое ауданының Алтай кентінде орналасқан Ертіс кенішінде үңгуші-бригадир болып еңбек етіп келеді. Ол мың жарымға жуық адамды жұмыспен қамтып отырған Ертіс кенішіне əскер қатарындағы борышын өтегеннен кейін келіпті. Бозбала күнінде əскери қызметкер болуды армандағанымен, өмір жолы оны өз ағысымен кен қазу саласына бұрып жіберді. Алтайбектің ағасы Алтай мен оның əйелі де кенші еді.

Қазір Секисовка кенішінде жұмыс істейтін ағасының шақыруымен шахтаға түскен ол алғашқыда бұл жұмысты уақытша істей тұруды жоспарлайды. Ағасы кеніште кен қазудың оңай еместігін айтып, оқу оқып, басқа жұмысқа тұруын қалаған екен. Алайда,

 Жағымды жаңалық

Алтайбек кенішке түскеннен кейін жер астында қайнаған еңбектің тылсым сыры баурап алғанын айтады. Бастапқыда ата-анасы алаңдамасын деген оймен үй ішіне айтпай кен қазып жүреді. (Соңы 7-бетте).

Єарыштан ќазаќша мəтін жетті! Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов көгілдір кеңістіктің зеңгір зереніне алғаш көтерілген сəтінен бастап Twitter əлеуметтік желісі арқылы өз жазбаларын күллі əлемге тарата бастады. Ол Халықаралық ғарыш стансасынан Жерге қазақ тілінде жазылған мəтіндерді жолдаушы ең бірінші адам атанды. Біз бұған дейін, 2008 жылы ғарышкер Талғат Мұсабаевтың ғарыш көгінен хабарласып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Астана күнімен жəне оның 10 жылдық мерекесімен құттықтағанын, соңынан Елбасымен қосылып, Абайдың «Көзімнің қарасы» əнін шырқағанын жақсы білеміз. Осылайша көк жүзінен бізге алғаш қазақтың əуелеген əні

жетіп еді, енді дəл солай болып төгіліп, туған тілімізде жазылған жазбалар тарап жатыр. Мұның өзі қазір өзінің микроблогын күнделік іспеттес жазба орнына мұқият пайдаланып отырған ғарышкеріміздің белсенділігі арқасында мүмкін болып отыр. (Соңы 3-бетте).

 Республика бойынша егіс алқабының 22,7 пайызы жиналып болды. Бұл шамамен 3,4 миллион гектар жердегі дəнді дақылдардың бастырылғандығын білдіреді. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков биылғы жылы ауа райының қолайсыз болғанына қарамастан, республика бойынша барлығы 17,3 миллион тонна астық жинау жоспарланып отырғанын мəлімдеді.  Еліміздегі «ТұлпарТальго» пойыздарында мультимедиялық ойынсауық порталы бар Wi-Fi желісі орнатылды. Осыған орай аталған пойыздың 20 жолсерігі біліктілікті арттыру бойынша арнаулы курстан өткізіліп, оларға сертификаттар табыс етілді. Сонымен бірге, «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы сервистік қызметкерлерін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне даярлап жатыр.  Астана қаласында бүгін, яғни 9 қыркүйек күні бос жұмыс орындар жəрмеңкесі өтеді. Бұл шараны қалалық жастар саясаты мəселелері жəне жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармалары ұйымдастырады. Жəрмеңке сағат 10:00-14:00 аралығында өткізіліп, онда 50-ден астам бос жұмыс орны ұсынылады.  Оңтүстік Қазақстан облысының Бəйдібек ауданына жыл соңына дейін толық газ беріледі. Осы орайда, аудан орталығы – Шаян ауылында жерасты газ құбырын жүргізу жұмыстары басталды. Облыс əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған жоба аймақ басшысы мен «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің келісімі негізінде іске аспақшы. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен бұл жұмыстарға 110 млн. теңге бөлінген.  Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында жалпы құны 138 млн. теңге болатын 28 жоба қаржыландырылды. Облыстық кəсіпкерлер палатасы аудандық филиалының дерегіне сүйенсек, аталған қаражат қалааралық көлік тасымалы, автокөлік жөндеу орталығы, наубайхана, жарнама агенттігін ашу, шұжық цехын іске қосу, мал басын көбейту жəне бордақылау, жылыжай кешенін салу секілді жобаларды жүзеге асыруға жұмсалған.  Павлодар облысында 170 кəсіпорын жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Сонымен қатар, аймақта 30 жоба бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Айта кетейік, өңірде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде кəсіпкерлер 15,6 млрд. теңге көлемінде несие алған.  Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері аймақтағы ардагерлер қорына 7 млн. теңге аударады. Бұл қайырымдылық шарасы қарттар күні мерекесі аясында ішкі істер басқармасының мұрындық болуымен жүзеге асты. Сондай-ақ, тəртіп сақшылары сенбілік өткізіп, қарияларға қолғабыс етті. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.