Бүгінгі нөмірде:
№229 (28168) 9 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Президент Їкімет басшысын ќабылдады
Саяси доктрина – тәуелсіз еліміздің болашаққа бағдары 3-бет Көнеден жеткен күй күмбіріндей... 5-бет Шабыт 8-бет Сәтсіз қойылған «спектакль» 10-бет
Бизнесќоєамдастыќ байланысы артады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VIII KazEnergy Еуразиялық форумына қатысу үшін келген Испания Корольдігінің экс-Премьер-министрі Хосе Мария Аснарды қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Əңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі аспектілері мен екі елдің бизнес-қоғамдастығы арасындағы өзара іс-қимыл аясын кеңейтудің келешегі талқыланды.
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ПремьерМинистр Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде С.Ахметов еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 9 айдағы қорытындылары, сондай-ақ өңірлердегі жиын-терін науқанының барысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті бұл мəселе таяу уақытта өтеді деп жоспарланған Үкіметтің кеңейтілген отырысында да талқыланатынын атап өтті. – Міндет – жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтау. Бұл, əсіресе, əлемде орын алып отырған дағдарыстық құбылыстарды
ескергенде өте маңызды. Қысқы маусымға лайықты дайындықты қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы жылын табысты аяқтап, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қарастыру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. С.Ахметов 9 ай ішінде 5,7 пайызды құраған ішкі жалпы өнімнің өсімі туралы хабардар етті. – Инфляция биылғы жылы болжамды күйінде тұр. Ішкі жалпы өнімнің өсімі 2013 жылдың қорытындысы бойынша 6 пайыз
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Республикалық бюджет жобасын əзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 26 тамыздағы №861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қаулы етемін: 1. «Республикалық бюджет жобасын əзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №36, 342-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобасын əзірлеу қағидалары осы Жарлыққа қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президентi Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 7 қазан. № 663. ------------------------------(Республикалық бюджет жобасын əзiрлеу қағидаларын 4-беттен оқисыздар).
деңгейінде болады деп күтілуде. Астық жинау науқанының аяқталуына қатысты айтсақ, жауыншашынға байланысты Ақмола облысында ғана жиын-терін жұмысы аздап тоқтап қалды. Жалпы, бүгінде бункерлік салмағы 18,5 миллион тонна астық жинап алынды. Аптаның соңына дейін өңірлер жиын-терінді аяқтайды. Нəтижесінде биыл бункерлік салмағы 20 миллион тонна шамасында астық жиналып алынатын болады, – деп мəлімдеді ПремьерМинистр. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мəселелер бойынша бірқатар тапсырма берді.
Елбасыныѕ апталыќ кестесі
Іс-ќимыл аясын кеѕейту жолында
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VIII KazEnergy Еуразиялық форумына қатысу үшін келген Францияның экс-Премьер-министрі Франсуа Фийонды қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейі жоғары екенін, сондай-ақ оны келешекте арттыру үшін елеулі əлеуеттің бар екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Франция тауар айналымының көлемі жөнінен Еуроодақ елдері арасында Қазақстанның ірі серіктесінің бірі болып табылатынына да тоқталып өтті. Атап айтқанда, бүгінде экономиканың түрлі салаларында 25 бірлескен кəсіпорын өз қызметін жүзеге асыруда. Бұған қоса, кездесуде екі елдің іскер топтары арасында өзара іс-қимыл аясын кеңейту бағытындағы алдағы қадамдар қаралды.
-----------------------------------------
Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2013 жылғы 8 қазан
11 қазан да Мем лекет бас шы сы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыста еліміздің биылғы 9 айдағы əлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі, сондай-ақ Үкімет қызметінің түрлі бағыттары бойынша Қазақстан Президенті тапсырмаларының іске асырылу барысы қаралатын болады.
Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау жəне 2013 жылғы қазандағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Демалыс күні 2013 жылғы сенбі – 12
Оймақтай ой Азамат жолы – ар жолы. Бауыржан МОМЫШҰЛЫ.
Достық дəнекері
Їш Еділ елі – елордада Елордада академик Рахманқұл Бердібай ағамыз дың сөзімен айтсақ, «...бас қаласы Уфаны үш өзен: Ақ Еділ, Қара Еділ, Көк Еділ қоршай ағатын» Башқұртстан мемлекетінің мəдени күндері өтпекші. Ол кеше Бейбітшілік жəне келісім сарайында, нақтылай түссек, Түркі академиясына рухани құндылықтың бастауы саналатын кітап тапсыру рəсімімен ашылды.
Қазақ пен башқұрт елдері ежелден қанаттас, қатарлас келеді. Тамырластық пен үндестік іздері тіптен мол. Этностық жағынан да жақындығы бар. Халық ауыз əдебиетіндегі кейбір дүниелер тақырыптық тұрғыдан ұқсас.
№1068
қазаннан дүйсенбі – 14 қазанға ауыстырылсын. 2. Қажетті өнім шығару, қаржы қызметтерін қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық жəне қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кəсіподақ
Болашаќтыѕ энергиясы Ол ќандай болмаќ?
Кеше Астанадағы Тəуелсіздік сарайында «Болашақтың энергиясы – Еуразиялық перспективалар» деген тақырыпта VІІІ KAZENERGY еуразиялық форумы өз жұмысын бастады. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Жер-ана барған сайын өз үстінде мекендейтін жеті млрд. адамзаттың сұранысын қанағаттандыруда күрделі қиындықтарға тап болуда. Жаһандану үрдісі белең алған сайын планетамызда азықтүлік тапшылығы, энергетика тапшылығы атты əлемдік қауіптер бой көтере бастады. Адамзаттың алдыңғы қатарлы ақыл-ойы бүгінде əлем алдында тұрған осы тығырықтарды тұсаулаудың жолын іздеуде. Қазақстан үшін бұл жаһандық проблемаларды шешуге үлес қосу адамзат ертеңі үшін жауапкершілік тұрғысындағы маңызды міндеттердің бірі. Міне, Сарыарқа төсіндегі елорданың Тəуелсіздік сарайында бас қосқан əлемнің озық ойлы энергетикалық,
экономикалық сарапшылары, ғалымдары, ірі мұнай-газ компанияларының өкілдері адамзат үшін ауадай қажет «Болашақ энергиясы» атты өзекті мəселені талқылады. Тəуелсіз Қазақстанның астанасында осымен сегізінші рет өткізіліп отырған бұл дəстүрлі форумды KAZENERGҮ ассоциациясының төрағасы Тимур Құлыбаев ашты. VІІІ KAZENERGҮ еуразиялық форумында алғашқы сөзді еліміздің Үкімет басшысы Серік Ахметов алып, Мемлекет басшысының форумға қатысушыларға арнаған құттықтауын оқып берді. «Қазақстан энергетика саласында өзара тиімді халықаралық ынтымақтастықты əрдайым қолдайды. Елімізді одан əрі дамытудағы маңызды үрдістердің бірі шикізат өндіруден энергетикалық ресурстарды қайта өңдеу жəне
жаңа технологиялармен алмасу саласындағы ынтымақтастыққа көшу болып табылады», деп атап көрсетілген құттықтауда. Мемлекет басшысы өзінің құттықтауында инновацияларды, оның ішінде кен орындарын игеру кезіндегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына инновациялар енгізудің маңыздылығын атап көрсеткен. Біздің елімізде Қашаған кен орнын игеруді бастау оқиғасы арқылы болашақ өркениеттілікке ұмтылудың ұлттық моделі жасалынды. «Бізді алдағы уақытта бірқатар перспективалық жобалар күтіп тұр. Мұнай-газ индустриясы біздің еліміздің экономикасының шешуші саласы болғандықтан, алдағы уақытта технологиялық көшбасшылықты қамтамасыз етуге тиіс. (Соңы 2-бетте).
Тəуелсіздік талаптары
Байќоѕыр экологиясы Ќазаќстан кодексіне баєынуы керек
Сүлеймен МƏМЕТ,
«Егемен Қазақстан».
Астана, Үкімет Үйі
Демалыс күнін ауыстыру туралы
ұйымдарымен келісім бойынша 2013 жылғы 14 қазанда жұмыс жүргізуге құқық берілсін. Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес өтеледі. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Бұл үрдіс қай кезеңде де сабақты жіптей үзілмей келе жатыр. Патшалық Ресей түбірі бір жұртты бір-бірінен алшақтату үшін араға сына да қағып көрген. Бірақ башқұрт пен қазақ ара қатынастарын үзе алған жоқ. Əдебиет пен мəдениеттің айтулы өкілдері Ақмолла
(Мұхамедиярұлы) секілді ақындар алтын арқау болған. Уфаның «Ғалия» медресесінде қазақтың айтулы ұлдары білім алып, оларға «Қазақ қызы» деген роман жазған Ғ.Ибрагимов сабақ берген. Ойы озық, санасы биік, ұлттың кемел келешегі деп жар салған Мағжан Жұмабаевты
əміршіл жүйе жау етіп көрсетіп, бүкіл шығармаларын жоқ қылуға ұмтылып жатқанда башқұрт бауырлардың зиялы ұлы Сайфи Құдаш араша түсіп, тиісті мекемелерге қасқайып тұрып хат жазғанын қалай ұмытарсың. (Соңы 10-бетте).
Бұрнағы күні Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Парламент Мəжілісінің Үкімет сағатында есеп берді. Бұл кездесу депутаттар тарапынан үлкен қозғалыс туғызып, ведомство басшысына сұрақ бергісі келетіндердің қатарын көбейтіп жіберді. Бірақ уақыттың тығыздығына байланысты осы қатардағы қырыққа жуық тілек білдірушілердің жартысы ғана сауалдарын қойып үлгерді. Депутат Рауан Шаекин өзіне кезек келгенде, тағы да «Байқоңыр» мен «Протон» мəселесін көтерді. «Мысалы, 1999 жылдары Қарағанды
облысына екі мəрте зымыран ұшырғыш құлағанда Ресей 10 миллион доллар өтемақы төлеген. Себебі, ол кезде, топырақ, ауа, су арнайы
тексерістен өтетін. Біз сіздерге айттық, жыл сайын скринингтік, биологиялық тестілер өткізу керек деп. Осы шаралар орындалған болса, біз Ресейге залал мөлшерін ойланбастан айтушы едік», – деді ол. Ақиқатында еліміздің Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бұдан бұрын бірнеше рет «Роскосмос» өкілдерімен кездесіп, зымырандардың ұшырылуын азайтуды, экологиялық қауіпті гептилді қолданбауды сұраған болатын. Алайда, əзірге одан еш қайран болмай тұр. (Соңы 3-бетте).