09102014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №197 (28420) 9 ҚАЗАН БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ілгері басќан ынтымаќтастыќ

Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев Бельгия Королімен кездесті Кеше түстен кейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігінің астанасы, сондай-ақ, Еуропалық одақ мемлекеттерінің бейресми астанасы Брюссель қаласына ұшып келді. Қазақстан басшысы мұнда бірқатар маңызды кездесулер өткізеді. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан» – Брюссельден.

Бельгия Корольдігі – Батыс Еуропадағы мемлекет. Жері – 30,5 мың шаршы шақырым. Халқының саны 11 миллион адамнан асады. Ел астанасы – Брюссель қаласында 1 миллионнан астам адам, ал кейбір бейресми мəліметтер бойынша 2 миллионға жуық адам тұрады. Сондағы мұндай үлкен айырмашылықты Брюссельге келіп-кетушілердің көптігімен түсіндіруге болады. Мұның се бебі, Еуропалық одақтың көп теген басқару органдары Брюссельде қоныс тепкен. Сондықтан да оны ЕО-ның бейресми астанасы деп те атайды. Оның үстіне Брюссельде мұнан басқа да халықаралық органдар мен олардың өкілдіктері көптеп орналасқан. Оларға күн сайын қаншама адамдар келіпкетіп немесе тұрақтап қызмет істеп жатады. Енді осыған қаланы аралап көру үшін келетін туристерді қоссаңыз, мұндағы халық санының ешуақытта да тұрақты бола қоймайтындығын аңғарасыз. Келіп-кетіп жататын халық нөпірі көп болған соң, мұнда қонақ үйлер де көптеп салынған. Естуімізше, олардың жалпы саны 3 мыңнан асып түседі екен.

Бельгия əкімшілік жағынан он провинцияға бөлінеді. Ресми тілдері – француз, нидерланд (фламанд) жəне неміс тілдері. Негізгі діні – католик (70%). Ислам дінін 200 мыңдай адам ұстанады. Антверпен, Гент, Шерлеруа, Льеж – Бельгияның Брюссельден кейінгі ірі қалалары. Бельгия – конституциялық монархияның елі. Қазіргі конституциясы 1831 жылы қабылданып, оған бірнеше рет өзгерістер енгізілген. Мемлекет басшысы – король. Заң шығару билігін король мен парламент жүргізеді. Парламент – өкілдер (150 депутат) жəне сенат (71 мүше) палаталарынан тұрады. Атқарушылық билікті парламенттің алдында жауап беретін үкімет жүзеге асырады. Провинцияларды король тағайындайтын губернаторлар басқарады. Бельгия жерінің жазықтығымен, жылы климатымен ерекшеленеді. Белгияны негізінен екі ұлт – валлондар мен фламан дар мекендейді. Осы екі халық арасындағы саяси-эконо ми калық теңдікті қамтамасыз ету Бельгиядағы мемлекет басшылы ғының үнемі назарында тұратын мəселе деп айтуға болады. Əйтпесе, сепаратистік пиғылдардың бас көтеріп қалуы əбден мүмкін. Мəселен, Бельгияға тұңғыш келген адам бұл елде мекемелердің

Консультациялыќ кеѕестіѕ мїшелерімен жїздесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық консультациялық кеңестің мүшелерімен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесуге Австрия Республикасының бұрынғы Федералдық канцлері Альфред Гузенбауэр, П оль ша Р есп убл и касын ың бұрынғы Президенті Александр Квасьневский, сондай-ақ, Италия Республикасының бұрынғы Премьер-министрі жəне Еуропалық Комиссияның бұрынғы төрағасы Романо Проди қатысты. Сенат басшысы меймандарды Қазақстан Парламентінің

құрылымы жəне қызметімен таныстырып, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Женевада өткен сессиясы туралы хабардар етті. Халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді талқылай келіп, жүздесушілер Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Украинадағы жағдайды реттеуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

маңдайшаларындағы тақтайлар мен көрсеткіш атаулының бəрі екі тілде: французша (валлондардың тілі) жəне фламанша жазылғанына назар аударар еді. Фламандықтар өздерін байырғы тұрғындармыз деп есептесе, валлондықтардың бүйрегі француздарға қарай бұрылатын секілді. Міне, осындай жағдайда Бельгиядағы билік басындағылар қоғамдағы татулықты тұрақты түрде қамтамасыз етіп

отыру мақсатында əлемдегі жақсы тəжірибелерге назар аударып келеді. Біздің Елбасымызды сан ұлттың басын қосып, қоғамдық тыныштықты ұйытып отырған əрі қарқынды даму үстіндегі елдің басшысы ретінде қат ты құрметтейді. Қазақстан Президентін əлемдік деңгейдегі көшбасшылардың бірі ретінде бағалап, оның қоғамдағы үнқатысуды қамтамасыз ету жөніндегі тəжірибесінен үйренгісі

Салыќтыќ раќымшылыќ кəсіпкерлердіѕ нəсібі болуы тиіс

Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында салық салу, ойын бизнесі, тұрғын үй қатынастары мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістерді көздейтін заң жобалары талқыға салынды. Сондай-ақ, депутаттар бірқатар халықаралық заңдық құжаттарды да қарады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Кейбір заңнамалық актілерге «салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев баяндап берді. Министрдің мəлімдеуінше,

аталған заң жобасында 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдардың сомаларын есептен шығаруды көздейтін, өсімпұл мен айыппұлдардан босату арқылы салықтық рақымшылық жүргізу ұсынылып отыр. (Соңы 2-бетте).

келетіндігіне осыдан он жылдай уақыт бұрын өзіміз де көз жеткізген болатынбыз. Сол кезде Бельгия Сенатының ғимаратында Қазақстандағы ұлтаралық татулық мəселесіне арналып, көптеген халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен кең көлемдегі ұлы дүбір жиын өткен болатын. Қазақстан Парламенті Сенатының сол кездегі төрағасы Нұртай Əбіқаев бастаған делегация мүшелері Бельгия Сенатының

мінберіне екі күн бойы қайтақайта көтеріліп, қазақстандық тəжірибені ортаға салған сəттері сол жиынға журналист ретінде қатысқан біздің есімізде де жақсы сақталып қалыпты. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельдегі бұл жолғы сапарын Бельгия Королі Филиппен кездесуден бастады. Мұның да жөні бар. Өйткені, Филипптің таққа отырғанына көп бола қойған жоқ. Филипп Леопольд Людовик Мария (Бұл жерде əулие Мария қыздың атын тіркеп отыру христиандық монархтардың дəстүрлі салты екендігін айта кетпекпіз) – Бельгияның бұрынғы королі Альберт ІІ-нің тұңғыш ұлы. Ал Альберт ІІ болса, біздің Елбасымызбен сыйластық қарымқатынаста келе жатқан саяси тұлғалардың бірі. Мəселен, ол 2006 жылы осы елге жасаған сапары кезінде Қазақстан Президентін Бельгияның жоғары мемлекеттік наградасы – Леопольд І орденімен марапаттаған болатын. Еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстанның» журналисі ретінде осы жолдардың авторына сол сапарға да қатысудың сəті түскендіктен, бұл оқиғаға өзіміз де куə болып едік. Былтыр 79 жасқа толған Аль берт ІІ өзінің қартаюына бай ла нысты тақтан бас тартатын дығын, тақты мұрагеріне табыстайтындығын мəлімдеген еді. Сөйтіп, Филипп 2013 жылдың 21 маусымында əке тағына отырып мемлекет басқару ісіне кіріскен-тін. Жалпы, мемлекет басшысы деп жатқанымызбен, Батыс Еуропаның көптеген елдеріндегідей Бельгиядағы король билігі де шектеулі. Ол мұндағы үкімет құрамы мен парламент мақұлдаған заңдарды бекіткені болмаса, саяси-экономикалық мəселелерге, елді басқару жайына тікелей араласпайды. Бірақ бір кездердегі монархиялық биліктің əрі Бельгия халқы бірлігінің символдық бейнесі ретінде корольге деген құрмет қашанда болсын жоғары. (Соңы 2-бетте).

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

● Қазіргі таңда елімізде мүлікті жария ету бойынша жалпы сомасы 26 320,9 млн. теңгенің дүниесін заң дастыруға 3 157 өтініш түскен. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі келтірген мəліметтерге қарағанда, осы уақытқа дейін құны 462,5 млн. теңге тұратын 113 нысан заңдастырылды. ● Астанада Мүгедектер күні кеңінен атап өті леді. Қалалық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, мүмкіндігі шектеулі 14 мың адамға бір реттік материалдық көмек көрсетіледі əрі атаулы күнге орай 15-ке жуық түрлі ісшара ұйымдастырылады. ● Еліміз бойынша алдағы 5 жылда 30 мың шақырымнан астам автожол жөндеуден өтеді. Транзитті жəне көліктік логистиканы дамыту департаментінің директоры Дəурен Сəбитовтің айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылып отырған жол жөндеу жұмыстары мемлекетіміздегі жүк тасымалын 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді. ● Қарағанды облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 15 сумен қамту нысаны пайдалануға беріледі. Өңір басшысы Нұрмұхамбет Əб дібеков төрағалық еткен кеңес те белгілі болғандай, бұл нысандар Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Ұлытау аудандары мен Қарағанды, Теміртау, Приозерск, Сəтбаев қалаларында іске қосылады. ● Оңтүстік Қазақстанда Маңғыстау облысының өнер апталығы басталды. «Мұралы Маңғыстау» өнер апталығының ашылу салтанаты барысында Маңғыстаудың инновациялық əлеуеті мен дəстүрлі қолөнер көрмелері таныстырылды. Облыс əкімі Асқар Мырзахметов Каспийдің жағалауынан келген өнер майталмандарына «Сарыағаш» шипажайына 100 жолдама тарту етті. ● Атырауда жастар жəне оқушылар сарайы салынады. Облыс əкімі Б.Ізмұхамбетов пен «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсон сарайдың алғашқы іргетасын қалады. Аталған нысанның болжамды құны 25 млн. доллардан асады. Құрылыс жұмыстары 2015 жылдың соңы мен 2016 жылдың басында аяқталады деп күтілуде. ● Ақтөбеде жөтелге қарсы дəрі шығаратын зауыт іске қосылды. Мемлекеттің қолдауымен ашылған бұл кəсіпорынның жалпы құны 245 миллион теңге тұрады. Зауыт басшыларының айтуынша, мұнда дайындалатын дəрілер ағзаға тез сіңіп, тұмау мен көк жөтелді тоқтатады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары жəне «Алматы» телеарнасының деректері негізінде дайындалды.

● Үйренетін үрдіс

Мўєалімдер мерейі Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Былтырдан бері Қызылорда облысында жақсы бір үрдіс қалыптасты. Жас баланың сауатын ашып, санасына сəуле құйып, өзгенің баласын аялайтын, өз-өздерін осы жолда аямайтын ұстаздар қауымына ерекше құрмет көрсетіліп келеді. Облыс басшылығы «Ұстаздар күні» қарсаңында 40 мұғалімге 1 миллион теңгеден береді. Бұл дəстүр биыл да жалғасын тапты. Осылайша, 40 оқытушы бір күнде миллионер атанды. – Мамандығына барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді. Ұрпақ тəрбиесі деген ұлы көштің басында тұрған сіздерге қадірлі де қажырлы еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін, – деді марапаттау сəтінде облыс əкімі Қырымбек Көшербаев. Жыл бойы жемісті еңбек еткен мұғалімдер марапат биігінен көрінді. Аймақ басшысы сала үздіктерін Құрмет грамотасымен жəне Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, Қырымбек Көшербаев мереке барысында үздік мұғалімдерді жəне жаңа оқу жылында жұмысқа орналасқан 25 жас маманды қабылдап, сый-құрмет көрсетті. Кездесуде аймақ басшысы білім саласын қолдаудың жыл өткен сайын артып келе жатқандығын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Мəселен, келер жылы

облыс орталығында академик Шаһмардан Есенов атындағы дарынды балаларға арналған орталық құрылысы басталады. Сондай-ақ, барлық аудандардағы жазғы демалыс лагерьлері жыл бойы жұмыс жүргізу ережесіне кезек-кезегімен екі жылда толық ауысады. Мұндай жұмыстарға Жалағаш пен Сырдария аудандары келесі жылы кіріседі. Бүгінде білім саласындағы облыстың көрсеткіштері біршама өсіп келеді. Соңғы үш жылда «Алтын белгі» иегерлерінің саны екі есеге өссе, мемлекеттік грант иегерлері 2 мыңға жуықтады. Сондай-ақ, былтыр аз қамтылған отбасынан шыққан дарынды 123 түлекке облыс əкімінің гранты берілді. Биыл осындай грантты 242 мектеп бітіруші иеленді. Кездесу барысында əкім

жас мамандармен емін-еркін сұхбаттасып, олардың өтініштілектерін, білім саласына қатысты ой-пікірлерін тыңдады. Физика мамандығының магистранты Алтынай Арықбай облыстың жас ұстаздарының кəсіби қауымдастығы құрылса деген ұсынысын білдірді. Өңір басшысы мұндай қауымдастықтар қай салада болмасын жаңа идеялардың пайда болуына жəне проблемаларды шешуге жол ашатынын айта келе, облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамовқа кəсіби қауымдастық құру жұмыстарын үйлестіруді тапсырды. Жиын соңында аймақ басшысы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білімдерін шыңдаған мамандарға арнайы куəліктерін табыстады. ҚЫЗЫЛОРДА.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.