Хандыќтыѕ мерекесі – халыќтыѕ берекесі №193 (28671) 9 ҚАЗАН ЖҰМА 2015 ЖЫЛ
Жамбыл жерінде, Тараз тґрінде Ќазаќ хандыєыныѕ 550 жылдыєына арналєан іс-шаралар їлкен табыспен ґтті Еліміз өз Тəуелсіздігін алғалы бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, əлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің сапына ену жолында талай белестерді бағындырды. Тамыры тереңге бойлаған төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Сан қилы заманды бастан кешірген халқымыз өзінің елдігін жоғалтқан жоқ. Өзгенің алдында тізе бүкпей, намысты қолдан бермеген қазақ халқы шынайы ерліктің бай шежіресін жазып қалдырды. Міне, көне Тараз төрінде кеңінен тойланып жатқан Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесінің мақсаты – сол төл тарихымызды тереңінен танып, арыстан жүрек хандары бар, жолбарыстай ерлері бар, терезесі өзге жұртпен тең болған Қазақ халқының мəдениеті мен салтын, батыр бабаларымыздың ерлік істерін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру болғаны анық. Ел өміріне ерекше серпіліс берген бұл дүбірлі той іргетасын Жəнібек пен Керей қалаған қазақ хандарының ел басқарудағы ерен еңбегі мен тұлғасын ашып, Елбасымыз бен мемлекетіміздің бүгінгі саясатын, еліміздің қол жеткізген жетістіктерін паш етті.
Ўлт тарихы ўлыќталєан кїн
Кеше Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев жўмыс сапарымен Жамбыл облысында болды Қорғанбек АМАНЖОЛ, Оралхан ДƏУІТ, «Егемен Қазақстан».
Кїрделі жґндеуден ґткен əуежай Ел Тəуелсіздігінің алтын діңгегі ұлттық тарихымызда жатыр. Ал ұлттық тарихымыз – халқымыздың мəңгілік бойтұмары! Жалпы, Қазақ хандығының мерейтойына байланысты облыста жыл бойы көптеген ісшаралар атқарылды. Ғылыми конференциялар, акциялар, тарихи сабақтар сияқты 500-ден аса іс-шара өтіп, той қарсаңында 8 автордың кітаптары басып шығарылды. Еліміздің 14 облысқаласы көмекке келіп, көне қаланың той өтетін жерлерін аббаттандыру, жаңарту, көркейту жұмыстарын
жүргізуді міндеттеріне алып, шаһар тіптен құлпырып шыға келді. Міне, тарихымыздың алтын діңгегі – Тараз қаласы мерейтойға осындай берекелі бірлігімен, тиянақты тірлігімен, елден ерек əсем көркімен жетіп отыр. Ал Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өңірге сапарын «Əулие ата» халықаралық əуежайының жолаушыларға арналған жаңа терминалына барудан бастады. «Əулие ата» əуежайы кешені күрделі жөндеуден өтіп, жолаушыларға жаңа кейіпте қызмет етіп жатқанына аз ғана уақыт өтті. Əуежай кешені аэровокзалды, аэродромды, авиациялық-техникалық базаны қамтиды. Сондай-ақ, онда ұшуды радио құралдары көмегімен жəне жарықпен қамтамасыз етуге арналған құрылғылар, түрлі техникалар жəне басқа да жабдықтар бар.
Кїн тəртібінде – маѕызды мəселелер
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында он екі мəселе қаралды. Олар: кəсіпкерлік, ғылыми қызмет нəтижелерін коммерцияландыру, ауыл шаруашылығы кооперативтері, халықты əлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мəселелеріне арналған заң жобалары. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Күн тəртібінің алғашқы мəселесі Кəсіпкерлік кодексінің жобасы жəне оған ілеспе түзетулерді екі оқылымда қараған сенаторлар оларды қабылдау керек деп шешті. Заңдық құжат еліміздің кəсіпкерлік саласындағы заңнамасын жетілдіруді, кəсіпкерлік қарымқатынастарды құқықтық реттеудегі олқылықтар мен қайшылықтарды жоюды көздейді. Бұл ретте, заң жобасын əзірлеу кезінде Ав стрия, Германия, Франция жəне Жапония коммерциялық,
сауда кодекстері, сондай-ақ, Украинаның шаруашылық кодексі жан-жақты сараланғаны белгілі болды. Сонымен бірге, заң жобасымен кəсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты, оның ішінде мемлекеттік реттеу мен кəсіпкерлікті қолдауға қатысты туындайтын қоғамдық қарымқатынастарды реттеу көзделген. Кодекс жобасында кəсіпкерлік субъектілері мен мемлекет өзара əрекет ете алатындай 19 қағидат айқындалыпты. (Соңы 6-бетте).
Жастарымыздыѕ тарихи санасын жаѕєыртты Осыдан кейін Елбасы Тараз қаласындағы «Қазақ хандығы» монументінің ашылу салтанатына қатысты. Ел тарихының өшпес табы қалған, ежелгі ордамыздың шаңырағы көтерілген көне Тараз жерінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ерекше монумент бой көтерді. «Қазақ хандығы» монументінің биіктігі 30 метрді құрайды. Аумағы 3,5 гектарды алып жатқан бұл кешеннің ең ерекше архитектуралық шешімі, əрине, Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жəнібек хандардың тақта отырған сəтінің бейнеленуі болды. Бұл күні монумент маңына елуге жуық киіз үй тігіліп, сахна, алтыбақан, спорттық алаңдар, тайқазандар жəне басқа да нысандар орнатылып, өз
алдына əдемі этноауыл орын тепті. – Өткен тарихымызды зерттеп, мəлімет жинау үшін тəуелсіздік жылдарында əлемнің түкпір-түкпіріне экспедициялар ұйымдастырылды. Біздің тарихымыз бастауын сақ, ғұн, түркілерден алып, Керей мен Жəнібек хандардың Шу алабына көшіп, Қазақ хандығының туын көтеруімен жалғасады. Біз бұл мерекені тарихымыздың терең екендігін бүкіл əлемге таныту үшін, өскелең ұрпаққа жеткізу үшін өткізіп отырмыз. Мерекеге орай Тараз қаласының да келбеті жаңарды. Бұған Қазақстанның барлық облысы атсалысты, сол үшін оларға алғыс білдіреміз. Осының бəрі – ұрпақтың атабабалар аманатына адалдығының, Ұлы Дала тарихына тағзымының нышаны. 17 елден келген қонақтарға алғыс айтамын, – деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жиналған қауымға ақ тілегін жолдады.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген, əсіресе, Елбасы өңірдің даму үрдісін жоғары бағалап, мақтап жатса, осы елдің, осы жердің мерейі, ырысы емес пе? Елбасының: «Жамбыл облысы жақсы дамып келеді. Биыл 170 мың шаршы метр баспана салынды. Жыл басынан 7 мектеп, 3 балабақша, аурухана пайдалануға берілді. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы аясында 33 нысан іске қосылды, екінші өнеркəсіптік бесжылдықта 27 нысанды іске қосып, 6мың жұмыс орнын ашу қарастырылған. Тараз қаласының іргесінен халықаралық көлік дəлізі өтіп жатыр. Бұл күре жолдың облыс орталығының тыныс-тіршілігіне тың серпін беретіні анық. Алдағы уақытта Жамбыл облысы талай биік белестерге қол жеткізетініне сенімім мол. Жамбыл облысы – менің ең жақсы көретін өңірім. Тарих туралы сөз бола қалса, көне Таразды
айтпай кету мүмкін емес. Өңірде талантты жастар өсіп келеді. Көп шаруалар істелді», деп ағынан жарылуы Жамбыл жұртының төбесін көкке жеткізгені анық. Елбасы, сондай-ақ, біз кез келген мерекені халыққа көбірек игілік жасау үшін пайдаланамыз. Əлемде тұрақсыздық, қақтығыстар мен соғыстар болып жатыр, ал біздің елде бəрі тату əрі өзара сыйластық негізінде өмір сүруде. Қазақстанды əлемнің өзге елдері біледі, құрметтейді. Еліміз қақтығыстарды шешу ісінде арағайындық жасап, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізіп келеді. Осының бəріне халқымыздың бірлігі арқасында қол жеткіздік, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысының бұл сөздері елдің ынтымағы, бірлігі мен тірлігіне берілген оң баға екені сөзсіз. (Соңы 2-3-беттерде).
● Еңбегімен еленген
Кəсіптіѕ кґзін тапќан – ґмірдіѕ ґзін табады Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
«Елде болса, ерніңе тиеді» деп бос отырмай тіршілік қылған адамның ғана жұмысы берекелі болмақ. Ерінбей еңбек еткеннің ғана басына бақ пен байлық қатар қонатыны бесенеден белгілі. Бұл біз ойдан шығарған дүние емес. Нарықтың заңы сондай. Сондықтан бүгінде өз кəсіптерін ашып, ісін дөңгелетіп отырған адам көп. Үлкен қалаларда ғана емес, аудан-ауылдарда ондай азаматтар жеткілікті. Сондай кəсіпкерлердің бірі қармақшылық Темірбек Күзембаев. Ол отбасылық бизнеспен жиырма жылдан бері айналысып келеді. Əуелгі кезде нан өнімдерінің бірнеше түрінен күніне 100-300 дана көлемде жергілікті дүкендерге өткізіп отырған кəсіпкер өз өніміне
сұраныстың артуына байланысты кəсібін ұлғайту қажеттігін түсінді. Бұл ретте кəсіпкерге Қызылорда облысының кəсіпкерлер палатасы Қармақшы аудандық филиалының кəсіпкерлікті қолдау орталығы көмек бергенін айтқан дұрыс шығар. Алғашында жай ғана кеңес алуға келген Темірбек бүгінде орталықтың жан-жақты қолдауын алғанына ризашылығын білдіруде. Кəсіпкерлікті қолдау орталығының қызметкерлері кəсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік бағдарламалар жəне қаржы институттары арқылы Темірбек Күзембаевқа кəсібін кеңейту үшін несие алу жолдары мен олардың тиімді тетіктері туралы толық түсіндірме берді. Орталық тарапынан кəсіп керге тегін бизнес-жоспар əзірленіп берілуімен
қа тар, жобасы сүйемелденіп, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығына ұсынылды. Нəтижесінде Темірбек «Қызылорда» өңірлік
инвестициялық орталығы арқылы берілген 8 миллион теңге несиеге заманауи құрал-жабдықтар алып, өндіріс көлемін ұлғайтты. Қазіргі таңда наубайханада
нанның: бөлке, күлше, батон, багет, қара нан сынды түрлері мен түрлі тоқаштар шығарылады. Байқоңыр қаласының, Төретам кенті мен Ақай ауылының тұрғындары наубайханадан күніне 1000-нан аса нан өнімдерін алуда. Ауданның 7 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отырған кəсіпкер сонымен бірге, аудандағы əлеуметтік нысандарды да нан өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Жалпы, жыл басынан бері Қы зылорда облыстық кəсіпкерлер палатасы 5518 кəсіпкерге 11 188 кеңес берген. Мұнымен қоса, Кəсіпкерлікті қолдау орталықтарының сүйемелдеуімен жалпы құны 683,8 миллион теңге тұратын 117 жоба қаржыландырылып, жүзеге асырылған. Қызылорда облысы.