Бүгінгі нөмірде:
№250 (28189) 9 ҚАРАША СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Жағымды жаңалық
«Astana ballet»
алєашќы гастролін Аспанасты елінде бастады
Өнер өлкесі де өзіндік жа ңалықтарды бастан өткеруде. Бейсенбі күні «Astana ballet» атты би ұжымы туған Отанынан тыс жерде, Қытай Ха лық Республикасының астанасы – Бейжіңде тұңғыш концертін беріп, тұсауын кесті. Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан» – Бейжіңнен.
Хореографиялық өнердің үздік үлгілерін бейнелеуге бет алған «Astana ballet» қойылымдарына П.Гордон Эмерсон, Патрик де Лакруа, Асанга Дамаск, Арман Нұрмахаматұлы, К.Муминов, А.Четин, Г.Тұтқыбаева, Н.Кали нина, С.Ванцов, А.Əлішева, А.Тати, А.Цхай, М.Абубахриева сынды тəжірибелі хореографтар тартылған. Астана балеттің алғашқы концерттік сапары Аспанасты елінен бастау алғаны кездейсоқтық емес. Өз өнерімізге өзгелердің сыншы көзімен қараудың өзі жауапкершілікті еселей түсері анық. Елбасының тікелей батасын алып, Бейжіңге бағыт ұстанған таланттар шоғыры алдағы уақытта да əлемді шарлап, қазақ деген халықтың болмысы мен бүкіл жетістігін бидің тілімен тарата беретін болады. Əлемнің ең үлкен сахналарында салтанат құруды көздейтін «Astana ballet» сияқты ұжым құру идея сы Елбасына тікелей тиесілі. Əрі заманауи, əрі ұлтымыздан ажырамаған, əні де, сəні де келіскен, қандай өлшеммен қарасаң да мінсіз, қазіргі би өнерінің бар үдесінен шыға алатын труппаның құрылтайшысы да «Н.Назарбаевтың мəдениет, білім жəне əлеуметтік бағдарламалар қоры». Сонымен, Қазақстан Республика сының Қытай Халық Республикасындағы мəдени күндері
аясында 22,5 миллион халқы бар Бейжіңнің ең ірі концерттік сахнасы саналатын «Opera House of Hational Grand Teatre» залында өткен гала-концертте балауса балериналар тұңғыш рет шетелдік көрермендердің қошеметіне
бөленді. Атажұрттан алыстағы ағайындардың ғана емес, би өнерінің шыңына көтерілген, талғампаз қалың қытайдың тік тұрып көрсеткен ықыласын көрді. Бұл жерде əлемдік деңгейдегі опера дарындарының жас би
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 8 қараша
№1189
Астана, Үкімет Үйі
Еттiң жекелеген түрлерiн əкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемiн бөлудiң кейбiр мəселелерi туралы
«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сəуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Жаңа өнім берушілер үшін құс етін əкелуге (коды КО СЭҚ ТН 0207) 2013 жылға арналған тарифтік квота көлемі 10000 тонна мөлшерінде бекітілсін. 2. «Еттiң жекелеген түрлерiн əкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемiн бөлудiң кейбiр мəселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №27, 320-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сəуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес»; 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн əкелуге
арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына оларға қатысты тарифтiк квоталар енгiзiлген еттiң кейбiр түрлерiн əкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемдерiн сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидасы осы қаулыға қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi С.АХМЕТОВ. --------------------------------------------------
(Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн əкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын 2-беттен оқисыздар).
Аќтґбеде атќарылар жўмыс ауќымды Ондаєы ауќымды жобалар жалєасын табады Кеше Ақтөбе облысының əкімі Архимед Мұхамбетов Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін де брифинг өткізді. Əкім журналистерге облыстың əлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңірдегі мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы əңгімеледі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аймаққа қатысты айтқан сын-ескертпелерінің орындалуын баяндады. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысындағы жалпы жағдаймен оқырман қауым өңірге арналған беттен мəлімет алып, атқарылған ауқымды істермен толық танысуына болады. Сондықтан біз брифингте тілшілерді қызықтырған мəселелер жөніне тоқталмақпыз. Бірінші айтарымыз, Ақтөбе облысында орташа айлық еңбекақы – 93 500
теңге. Өңір басшысының сөзіне илансақ, бұл көрсеткіш жаман емес. Облыс тұрғындарының əлеуметтік əл-ауқаты жақсарып келеді. «Ағымдағы жылдың сегіз айында тұрғындардың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 7,9 пайызға, орташа айлық еңбекақы 6,2 пайызға өскен. Сөйтіп, 93 500 теңгені құрап отыр», деді облыс əкімі. Сондай-ақ, облыста кедейлік деңгейінен төмен табыс табатын тұрғындардың саны
27,5 пайызға қысқарып, жалпы саны 284 адамды құрапты. Салыстыратын болсақ, осыдан екі жыл бұрын атаулы əлеуметтік көмек 1100 адамға төленсе, қазір төрт есе азайыпты. Екі жыл бұрын бұл мақсатқа 25 млн. теңге бөлінеді екен. Қазір ол 4 есеге дейін қысқарған. Облыс əкімі өңірдегі жетістіктерді айта келіп, білім беру, спорт, мəдениет, денсаулық сақтау салаларына да кеңінен тоқталды. Əкімнің баяндамасына орай қойылған сауалдың бірі, Қазақстанның өзінде 5 облыспен, сондай-ақ, Ресей, Өзбекстанмен шекараласатын өңірдегі құқықтық тəртіп жəне діни ахуал туралы болды. «Облыста діни ахуал тұрақты, бірқатар жұмыстар атқарылды. «Аңсар» оңалтукеңес беру орталығы ашылды. (Соңы 4-бетте).
-----------------------------------------------------
Ақтөбе облысына арналған айқарма бет материалдарын 4-5-беттерден оқисыздар.
ұжымын демеп жібергенін де жоққа шығаруға болмайды. Ал «Astana ballet» тобының тұңғыш жеке концерті араға екі күн салып барып, Бейжіңдегі «Ғасыр театрында» өтті. Көп нəрсені таңсық көре бермейтін
көршілеріміз кең залды толтырып, күпті болып тұрған көңілді бір демдеп қойды. Сол сияқты, Қытай еліндегі өзге мем ле кеттердің елшіліктері Қазақстан елшілігінің құрметті шақыртуларына ілтипат білдіріп, сəн-салтанаттарымен жинала бастады. Оған қоса, Аспанасты елінде 9 мыңға тарта қазақ студенттері білім алып жатқанын, оның 3,5 мыңға жуығы Бейжіңде еке нін ескерсек, билетке деген сұраныстың болғаны өздігінен түсінікті ғой. Шымылдық сырылған сəтте сахнаға көрікті қытай қызымен бірге «Астана аруы-2012» Аяулым Ерғазы шығып: – Халқымыздың ең сүйікті құсы аққулар бастап ұшатын шексіз аспан кеңістігіндегі ақ жолақ қазақ аңыздарында құс жолы деп аталады. Дəл сол сияқты жас шығармашылық ұжым «Astana ballet» əлемге қазақ биінің əсемдігін, халқының қазақ даласындай кеңдігін, жанының жомарттығын көрсету үшін жолсапарға аттанды, – деді. Бейжіңді баураған би концерті А.Серкебаевтың «Арулар шеруімен» басталды. Сұлулығын көзбен көріп, жүрекпен сезінуге ғана болатын бидің тілін суреттеу əсте қиын. Сабырлы да салиқалы, білектері жібек ілгендей нəзік осынау қимылдар қазақ қыздарының қайталанбас сұлулығын, пəктігі мен инабаттылығын паш ете отырып, тақырыбы бірегей концерттік бағ дарламаның тұсауын кесіп берді. Осы арада сахнаны безендіруге ең заманауи технологиялар пайдаланылып, ұлттық нақыштар алып экранда бидің нарқын беріп отырғанын айта кеткен жөн. Айтқандай, «Astana ballet» труппасын құруға бақандай екі жыл кеткенін, балериналарды іріктеу өте талапшыл əрі кастинг өлшемдері өте жоғары болғанын айту керек. Жаңа ұжымның бишісі болу үшін биік кəсіпқойлықпен қоса, кіршіксіз тазалық пен мінсіз сұлулық қатар сұралады. Ал бұл шетелдік алғашқы көрермендер тарапынан бағаланбай қалған жоқ. Бұл туралы бейжіңдіктердің өз аузымен төменде айтармыз. (Соңы 10-бетте).
Мїдделі органдарєа тапсырма берілді
Кеше Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі Қ.Жаңбыршиннің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесі инспекциясының мəжілісі болып өтті. Онда авиация техникаларының техникалық жағдайы мен мемлекеттік авиация əуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігі мəселелері қаралды.
Əуе кемелерін пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, ІІМ Ішкі істер комитетінің қызметіне баға беру мақсатында, сондай-ақ, тұтастай авиация техникаларының жауынгерлік дайындығы мен жауынгерлік қабілетін бағамдау жөнінен аталған тақырып бойынша инспекциялық тексеру жүргізу үшін тартылатын күштер мен құралдардың мақсаттары, мерзімдері айқындалды. Мүдделі мемлекеттік органдарға қажетті тапсырмалар берілді.
«Болашақ» қанатымды қатайтып, қарымымды арттырды 2-бет 50 рет өзгеріс енгізілген кодекс 3-бет Жамбылда жол-көлік оқиғасы неге көп? 7-бет Құрдасыңызбен қалжыңдаса білесіз бе? 9-бет
Шетелдік дипломаттармен əѕгіме
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының елшісі Мауро Рейнамен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Əңгіме барысында 12-14 қараша аралығында Швейцария Конфедерациясы Кантондар Кеңесінің (Парламенттің жоғарғы палатасы) Президенті Филиппо Ломбардидің Қазақстанға ресми сапары аясындағы екі елдің парламентаралық өзара іс-қимыл мəселелері талқыланды. Одан басқа, Астанадағы ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіне əзірлік, 2014 жылы Швейцарияның ЕҚЫҰ-ға
төрағалығы жəне Қазақстанның 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне үміткерлігін ілгерілету секілді ынтымақтастықтың маңызды аспектілері атап өтілді. Сол күні Қ.Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді де қабылдады. Жүздесушілер Қазақстан-Америка қатынастарының өзекті мəселелері бойынша пікір алмасты.
Заѕ жобалары мўќият əзірленуі тиіс
Кешегі Мəжіліс бюросында алдағы жалпы отырыста қаралатын мəселелер белгіленді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Депутаттар салалық комитеттерде қорытынды əзірлеу мезгілдерін нақтылайтын бір топ заң жобасы қалыптастырылды. Ал палатаның күн тəртібіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру жəне өткізу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Елбасы шұғыл деп жариялаған заң жобасы қосылды. Жалпы отырыстың күн тəр тібіне бірінші оқылымға
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізіліп отыр. Сондай-ақ, депутаттарға атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мəселелері бойынша заң жобасы екінші оқылымға ұсынылмақ. Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин салалық комитеттерге палатаның жалпы отырысына шығарылатын заң жобаларын мұқият əзірлеуді тапсырды.
Президент тапсырмасы қалай орындалуда?
Монополистер ќашанєы басына береді?
Кəсіпкерліктің, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының қатаң сынға ұшырауының бір ұшығы мемлекеттік қызметтегі жаңаша басқарушылық талаптарды жете меңгеруден, терең ойластырудан, табандылықпен шешуден гөрі, бюрократтық-алпауыттық қылықтарға əлі де бой алдыруда. Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөздерінде шағын жəне орта бизнесті дамытуға үнемі басымдық беріп, жан-жақты қолдау көр сетіп келеді. Сол себепті осы салаға тікелей қатысты шетін мəселелерге Үкіметтің кеңей тілген отырысында назар аударылуы тектен тек емес. Онда сөйлеген сөзінде Президент кəсіпкерлікті қолдау тақырыбына арнайы тоқталып, оны өрістетуде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы тиімді тетікке ай налғанымен, əлі де қадауқа дау проблемалардың кезігіп отыр ғанын жасырмады. Оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жайына бөле-жара тоқталды. Өміршең тəсілді тиімді пайдалана алмай отырған өңір лер арасында Солтүстік Қа зақстан облысы да аталып, 2008 жылдан бері сараптамаға
Бəрекелді!
бірде-бір концессиялық ұсыныстың жасалмағаны, даму инс титуттарының осы бағыттағы жобаларға белсене қатыспайтыны қатты сынға алынды. Иə, қарап отырсақ, бизнесті үй лесімді өркендету қарқынды қа дамдар мен маңызды ынталан дыру шараларынан кенде емес. Алайда, осындай қолайлы мүмкіндіктер бола тұра, шағын жəне орта бизнесті экономи калық, əлеуметтік жаңғырту үдерісіне тарту үлесі неге жеткілік сіз деген сауал төңірегінде əңгімелейтін болсақ, бірінші кезекте аса маңызды стратегиялық міндеттерді шешуде жергілікті басқару буынындағы түрлі оралымсыздықтар атойлап қоя береді. Біздің бұлай ой түюімізге аймақ басшысы Самат Ескендіровтің төрағалығымен жуырда өткен əкімдік отырысын да өзекті мəселелердің талқылануы тамызық болды. (Соңы 3-бетте).
Їздіктерге ќосылєан Їсенбаева Еуропа сахнасын екінің бірі еңсере бермейді. Қазақ əншілерінің ішінде мұндай шыңды бағындырған жандар некен-саяқ. Жақында Қазақстанның халық əртісі Нұржамал Үсенбаева көркемөнер жəне мəдени қызмет саласындағы жоғары награданың бірі – Еуропалық өнер одағы тарапынан берілетін «Алтын Еуропамен» («Golden Europea») марапатталды. Бұл тек бір адамның ғана басындағы қуанышты жағдай емес, жалпы қазақ ұлттық опера өнерінің ортақ жетістігі ретінде бағалануда. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Опера əншісі Чехия астанасы – Прагада өткен қайырымдылық гала-концертіне қатысып, туған жерге алтын мүсіншемен жəне дипломмен оралды. Мұндай айтулы марапатқа дүние жүзі бойынша небəрі 20 адам ғана ие болған екен.
Салтанатты гала-концерт прагалық Рудольфинумде, ауыр дертке шалдыққан балаларды қолдап, олардың заманауи технологиямен жабдықталған ең үздік медициналық мекемелерде емделуіне мүмкіндік беру мақсатында қаржы жинау үшін өткен болатын. (Соңы 10-бетте).