Бїгінгі нґмірде:
№241 (28464) 9 ЖЕЛТОҚСАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Жолы жаќсыныѕ – жїрісі жайлы 3-бет Ислам – ізгілік діні 6-бет Астыќ 7-бет Алдаспан ґнер, бўл – айтыс 14-бет
Алматыдаєы инновациялыќ жобалар форумы
Əлемге танымал институттыѕ елімізге келуі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен инновациялық жобалар форумына қатысты.
біздіѕ таѕдаєан баєытымыздыѕ дўрыстыєын айєаќтайтын жайт Сенбі күні Алматыда айта жүрерліктей оқиға болды. Шежіресі ғасырлардан ғасырларға жалғасқан Париждегі Сорбонна университетінің Қазақстанда филиалы ашылды. Қалай айтсақ та, ең алғашқы студенттерін қабылдап үлгерген «Сорбонна-Қазақстан» институты Сорбонна университетінің əлемдегі саусақпен санап аларлық бөлімшелерінің бірі ғана болып қала бермек.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
Инновациялық форум аясында техникалық жоғары оқу орындарының ғалымдары мен түлектері бірлесіп жасаған жаңа технологиялық құрылғылар мен инновациялық жобалар, өнертапқыш жастардың қолынан шыққан ақылды техника мен стартап-бағдарламалар көрмесі, алыс-жақын шетелдерден келген мамандар өткізген шеберлік-сыныптары ұйымдастырылды. Қазақ ұлттық университеті қалашығында орналасқан əл-Фараби атындағы ғылыми кітапхана ғимаратының мəжіліс залында Мемлекет басшысының төрағалық етуімен өткен инновациялық жобаларды дамыту мəселесіне арналған жиынға Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешев, Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов, Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов жəне еліміздің іргелі жоғары оқу орындарының басшылары мен ғалымдары, сондай-ақ, инновациялық жоба авторлары мен оларды қаржыландырушы ірі инвестициялық компаниялардың өкілдері қатысты. Президенттің өзі төрағалық еткен келелі кеңесте еліміздің инновациялық кластерін жетілдіру жəне одан əрі қалыптастыру мəселелері қозғалып, Елбасының тікелей тапсыруымен іргесі қаланған Инновациялық технологиялар паркінің дамуы мен келешегі туралы сөз қозғалды. Елімізде екі бірдей инновациялық кластер қалыптасып келе жатқаны белгілі. Оның бірі – Астанада,
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Назарбаев Университеттің арқауында, ал екіншісі – Алматы қаласында, Инновациялық технологиялар паркінің жан-жақты жетілдірілген кешенінде. Жиынды Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешев жүргізіп, бүгінгі таңда
Солтїстік – сан алуан ґнімдердіѕ ґлкесі Өткен аптаның аяғында Орталық коммуникациялар қызметінде Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Ерік Сұлтанов баспасөз мəслихатын өткізді. Ол Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауында жүктелген міндеттердің орындалуы мен мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы əңгімеледі. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау бойынша Солтүстік Қазақстанда ауқымды жұмыстар жоспарланғанын айтқан аймақ басшысы, облыстың түрлі салада қол жеткізген табыстарын сан алуан өнім өндірудегі көрсеткіштерін жіпке тізді. Сөйтіп, үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның келесі бесжылдығында жүзеге асырылатын жобаларға тоқталды. «Екінші бесжылдыққа біз ауқымды мақсаттарды алға қойып отырмыз. Индустрияландыру картасына 100 млрд. теңгеден астам қаржыға 70-тен артық жобаны енгізуді көздеп отырмыз. Бұл бірінші бесжылдыққа қарағанда 2,5 есеге, ал инвестиция көлемі жөнінен 3
есеге артық. Бүгінге дейін 35 жоба мақұлданған. Бұйыртса, олардың үштен бір бөлігі алдағы жылы іске қосылады. Бірінші бесжылдық Индустрияландыру картасына 31 жоба енген еді. Қазір олардың 29-ы жүзеге асырылып болды», деді Е.Сұлтанов. Облыс əкімі ауыл шаруашылығындағы жетістіктер жөнінде де айтып өтті. «Бүгінде мал шаруашылығын дамыту бойынша нақты міндеттерді алдымызға қойып отырмыз. Нақты айтқанда, осы салада жұмыс істейтін тұрғындарды жыл бойы жұмыспен қамтуға, сон дай-ақ, өңіріміздің экспорттық əлеуетін өсіруге мүмкіндік бар. Президенттің тапсырмасын орындау мақ сатында биылғы жылы шаруашылықтар 18 мыңнан аса ірі қара малдың аналығын сатып алды. (Соңы 4-бетте).
тəжірибелік сынақтан өткен жəне қолданысқа енгізіле бастаған инновациялық жоба авторлары мен аталған жобаларды қаржыландырушы инвестор компаниялар өкілдеріне кезекпен сөз берді. (Соңы 2-бетте).
(Соңы 2-бетте).
● Заманмен үндес заңғар басылым
● Өмір мен өлең
Шабыт шыѕдайтын шаѕыраќ
Їй мен кїй Қазақтың киіз үйі мен дəстүрлі күйі ЮНЕСКО-ның шешімімен адамзат қазынасы қатарына қосылды. (Газеттегі хабардан) Кейде бір кездесетін қиын түйін Сыя алмай сахараға бұлқынғанда Болмаса не болады үйің-күйің? Жанына домбыраны серік еткен. Қазақтың қара шаңырақ киіз үйі Шалқытқан түндігінен өмір күйін. Қазағым патша көңіл, сері, дарқан Түйінін мықтап ұстап өмір-арқан, Ықылым замандардан бері жеткен, Өз үйі – өлең төсек жұмағында Ындынын дүниенің көріп өткен. Күй тартып, өлең айтып, Ырысын қазағымның шашпай-төкпей, шер тарқатқан. Ырзығын жиып алған төңіректен. Ұлытау ұлан төбе даласында, Кеңдіктің – керегесі белгісіндей, Сырдария атыраулы сағасында, Түндігі – көкке салған дүрбісіндей. Абызы аңыз күйдің Кет-Бұқа мен Есікте таудан биік табалдырық, Ұмытпас дана Қорқыт бабасын да. Көрмеппін бұл қазақтай өр кісіңді-ей! Қазақтың жан түбінен келді күйі, Аймалап шаңырағы бар ғаламды, Өмірді өрнектеген зерлі күйі. Байлаған белдеуіне жорғаларды, Қаратау қақ басында шерлі күйі, Бесікте белін жазған ұландары Жоңғардың қақпасында өрлі күйі. Ұнатқан қырандарша самғағанды. Даланың дабылындай Құрманғазы, Мешітті ғаламым ғой – үйім десем, Тəттімбет көңіл назы, өмір жазы. Үйімде падишаның күйін кешем. Саймақтың сары өзені, Сайдалылар, Тілімді тістемеспін, киіз туырлық Ұшырған Нұрғисалар аққу-қазы. Тəңірден алған асыл сыйым десем. Шүкірлік, үйім де аман, Мейірлі мекенім ғой тəңір қосқан, күйім де есен, Қаныммен, жаныммен Болмайды бұған бір сəт сүйінбесем. де тамырласқан. Қолыма қара домбыра алған кезде, Талқыда талай ауыр тағдырласқан, Үйімде падишаның күйін кешем. Бақилық туысымдай бауырласқан. Жүрегін киіз үйде тебіренткен, Сері де, қазағымды бөрі де еткен.
Ал айтулы оқиғаның тұсаукесері екі мемлекеттің – Қазақстан мен Франция Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олландтың қатысуымен өтті. Білім іздеген қазақ баласы үшін əлемдегі аса беделді Сорбонна сияқты университеттің өзі келуі – қай қырынан сипаттасақ та, еліміздің саяси беделінің, халықаралық қоғамдастықта абыройының бекемделгенінің көрінісі, даму жолына түскенін дəлелдегенінің, қала берді, бір кездегі қазақ халқының ғажайып қонақжайлылығының қайтарымы деп айтсақ болады. Сорбонна университеті сонау 1253 жылы ашылған. Осы сегіз ғасырға жуықтаған заманда Сорбоннада білім алған жəне дəріс берген тарихи тұлғалардың өзін тізбелей берсең, əрқайсысы бір-бір аңыз. Ал осындай айрықша оқиғаның ресми бөлімін баяндамас
бұрын, бүгінгі заманның аңызындай мына бір оқиғадан аттап өтуге болмайды. Алматыда «СорбоннаҚазақстан» институтының ашылуына Францияның қазіргі атақты публицист-жазушыларының бірі, қоғам қайраткері Марек Хальтер тікелей ықпал еткен. Париждегі Сорбонна университетінің басшыларымен тікелей келіссөздер жүргізіп, осы институттың ашылуына бар беделін салған. Əрине, бұл жерде екі елдің де дипломатиялық қарым-қатынасы жақсы екенін ешкім жоққа шығара алмас. Қысқасы, Ұлы Отан соғысы жылдарында жазмыштың жетектеуімен қазақ жерінен бір-ақ шыққан бала Марек Хальтерді аштық пен ажалдан қандастарымыз арашалап қалған екен. Жазушы өз аузымен бұл туралы былай дейді: – Алматыға келгенімде мені танымайтын қария алдыма тандыр нан қойып, мені ажалдан арашалап қалғаны əлі есімде. Содан бері талай жыл өтті. Бірақ, қазақ халқына əлі күнге дейін алғысымды білдіре
алмаған едім. Бұл жоғары оқу орнының Қазақстанда ашылуы – пейілі кең халыққа менің кішігірім тартуым деп түсініңіздер. Бұл Франция мен Қазақстан арасындағы ағартушылық достықтың негізін қалайды. Осылайша, бір таба нанды тағдыр тəлкегіне ұшыраған ұлттармен талай бөліскен қазақтың жақ сылығын тарих тағы да оң үдеріспен қайтарып отыр. Ал енді əлемді аузына қаратқан осы оқиғаның өзі не оралайық. Франция Прези денті Франсуа Олландтың Қазақ станға келуі, Қазақстан Президентімен көптеген тиімді келіссөздер жүргізіп, Сорбонна университетінің Орталық Азиядағы филиалын Қазақстанда ашуға келісіп қана қоймай, осы шараға тікелей өзі атсалысуы талай мəселені меңзейді. Сонымен, сенбі күні Қазақстан мен Франция Президенттері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің арқауында құрылған «Сорбонна-Қазақстан» институтының салтанатты ашылу рəсіміне қатысты. Елбасы бұл шараға француз көшбасшысының қатысуы білім беру саласындағы осы бірлескен жобаның екі ел үшін де маңызы жоғары екенін білдіретінін айтқан болатын.
Қорғанбек АМАНЖОЛ.
АЛМАТЫ.
«Ақкөл» атты туған жер туралы тырнақалды жырларымның бірі бұдан елу сегіз жыл бұрын алғаш дəл осы желтоқсан айында аға газеттің бетінде жарық көрген еді. Сондықтан шығармашылық қадамымның тұсауы тұңғыш кесілген бұл басылым туған шаңырағым тəрізді. Оның үстіне саналы өмірімнің, шалқыған көңілімнің, шабытты шағымның табаны күректей он жеті жылын осы газеттің өркенін өсіріп, көсегесін көгертуге сарп етіп, бұрқ-сарқ қазанында бірге қайнадым. Бейнеті мен зейнеті, қызығы мен қиындығы қат-қабат сол бір жылдарды еске алсам, ел газетінің еңсесін өсіруге қаламдас, қадамдас əріптестерімнің түн қатып, түс қашып жүріп қыруар еңбек сіңіргенін аңғарамын. Ұлан-байтақ елдің ерлікке толы өмірінің сан-саласын төрт-ақ бетке сыйғызып, талай-талай келелі мəселелер де қозғаппыз. Жастарды жат ықпалдардан сақтандырып, жасампаздыққа баулу, туған табиғатты аялап, байлығын келер ұрпаққа мирас ету, қазақ мектептерін қалпына келтіріп, ұлттық тəрбиеге көңіл бөлу, тарих қойнауында ұмыт қалған тұлғаларды жарыққа шығару, дала төрінде ырыс теңізін шалқытқан диқандар мен қыр жайлап, құз қыстаған шопандардың тұрмыс жағдайын жақсарту ұдайы назарда
ұсталды. Сапты аяқтың сабынан қарауыл қарайтын бақылаудың күшті кезінде кейбір бастамаларымыз қызыл саясаттың қынабына сыймай, сөз естіп қалған кездеріміз де аз болған жоқ. Соларды ойласам, баспасөзге бостандық беріліп, ресми бақылаудан ада-күде арылған бүгінгі таңда қаламын еркін сілтеп, ойындағысын бүкпей ашық айтуға мүмкіндігі мол ізбасар інілеріме қатты қызығамын. Сол еркіндіктің арқасында пұшпағын солар илесіп жатқан «Егемен Қазақстан» ел өмірінің шын мəніндегі шарайнасы болып, заманмен үндес заңғар басылымға айналды. Туған тарихымыздың түйткілді мəселелері жиі сөз болып, тарихи тұлғалар жөнінде мол мағлұмат алуға жағдай туды.
Əсіресе, оның «етжеңді» сандары танымдық материалдарға тұнып тұрады. Əдебиетіміз бен мəдениетіміздің көңіл аударарлық көкейкесті мəселелері кестелі тілмен көрнекті етіп беріледі. Жасыратыны жоқ, кей сандарын үтір-нүктесіне дейін қалдырмай, бүге-шігесіне дейін тəптіштей оқып, тіпті жастанып жатамыз десек, əсте де əсірелеу болмас. Қай мəселені болсын газет кеңінен қозғап, тереңнен толғап жазады. Елбасымыздың қазақ жерінің кіндігі – Ұлытаудың төрінде берген сұхбат-толғауы туралы алуан мамандықтың иелерін, қарапайым шаруадан бастап, көрнекті қоғам қайраткерлеріне дейін сөйлетіп, ой-пікірлерін ортаға салғызуы көптің көңілінен шықты. Осы арада бір ой келеді. Басылымды басы артық ресмиліктен арылтып, қаулы-қарарлар мен заңдарды бет-бет етіп беруден құтқарса, тынысы бұрынғыдан да кеңейіп, өрісі арта түсер еді. Қаулы-қарарларды жария лау үшін дербес «Хабаршы» шығаруға Үкіметтің мүмкіндігі бар ғой. Ал газет, Ахаң атамыз айтқандай, халықтың көзі, құлағы, һəм тілі болуы керек. Сарбас АҚТАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген мəдениет қайраткері, жазушы. АЛМАТЫ.