09122015

Page 1

24 саєат №236 (28714) 9 ЖЕЛТОҚСАН СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

 Өмірдің өзегі – өндіріс

«Агроґнім» кґш бастады Ұлттық чемпиондар қатарынан «Агроөнім» акционерлік қоғамы Қазақстан рыногына ұзақ уақыт сақталатын сүт өнімдерінің жаңа түрлерін шығаруға кірісті. Мұны компания басшылары Көкшетау қаласындағы мамандандырылған училище оқушыларының қатысуларымен өткен кəсіби бағдарлық танысу турын өткізу барысында толық көрсетіп берді.

 Президент поштасынан

Таѕдауымыз – жасампаздыќ, достыќ жəне келісім

Президенттің баспасөз қызметі мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты келіп түскен хаттар мен жеделхаттар туралы хабарлады. Мемлекет басшысының атына келіп түскен, оған мықты денсаулық, табыс жəне бақ-береке тілеген құттықтауларда еліміздің қарқынды дамуы жолындағы, оның халықаралық аренадағы

беделін нығайту жəне Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан зор рөлі атап өтілген. Мысалы, Түрік Республикасы Үкіметінің жанындағы

ынтымақтастық жəне үйлестіру жө ніндегі түрік агенттігінің Қазақ стандағы өкілі М.Бодур Нұрсұлтан Назарбаевтың тəуелсіз елді қалыптастыруға жəне дамытуға, маңызды жаһандық бастамаларды ілгерілетуге, сондай-ақ, республикамызды өркендетуге қосқан елеулі үлесін атап өткен. (Соңы 4-бетте).

Əйел таєдыры – ўлт таєдыры Халыќаралыќ форумда келелі мəселелер талќыланды «Əйел – өмірдің шырақшысы» деген тəмсіл бар. Ұлт тағдыры, ұрпақтың дұрыс өсіп, жақсы тəрбие алуы да осы нəзік жандылардың қолында. Кəсіпкерлік саласында да əйелдер қауымы қоғамдық өзгерістерден қалыс қала алмайды. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Шымкенттегі «Rixos Khadisha» ғимаратында өткен

«Қа зақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда – əйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық əйелдер форумында осы ақиқат тағы да

айтылды. Форум жұмы сына Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Əбдіқалықова қатысты.

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Кəсіпорын қазіргі күндері «Бəйтерек» холдингі жүзеге асырып жатқан «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысуы нəтижесінде ұзақ мерзім сақталатын асептикалық қышқыл сүт өнімдері рыногына шығу мен бренді күшті термостатты өнімдерді жасаудың белгілі бір белесіне көтерілуге əрекет жасап келеді. Ол сондай-ақ тұрғындардың жан басына шаққандағы тұтыным мөлшерін арттыру мен импорттық өнімдердің орнын басу есебінен өнім шыға рудың

əлеуетін арттыруға бағыт ұстап отыр. Алдын ала есептер бойынша, кəсіпорынның бағдарламаға қатысуы ол үшін өсімнен түсетін табысты 2018 жылға қарай 89 пайызға дейін көтеріп, 55,6 млрд. теңге табыс табуға жол ашып береді. Бұған қоса, бұл еңбек өнімділігінің 71 пайызға дейін өсуіне мүмкіндік əпереді. Еске сала кетейік, «Бəйтерек» холдингі 2015 жылдың көктемінде Президент Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» атты институттық реформасын іс жүзіне асыру мақсатында ондағы 62-ші қадамның тапсырмаларын орындауды бастаған болатын. Атап

айтқанда, еліміздің шикізаттық емес экономикасы саласындағы орта бизнестің лидер компанияларына дұрыс бағдар беруге бағытталған «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алды. Бұл компаниялар енді өздерінің бəсекеге қабілеттілік деңгейлерінің жоғарылығы арқа сында жаңа жобаларды іске қосып, экспортты ұлғайтуға, сонымен бірге, импорттық өнімдерді алмастыру ауқымын ұлғайтып, тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыруға қол жеткізетін болады. (Соңы 5-бетте).

Даєдарысќа ќарсы жоспар дайын Кеше Премьер-Министр Кəрім Мəсімовтің төрағалығымен селекторлық режімде Үкімет отырысы өтті. Онда ауқымы кең бірқатар маңызды мəселелер талқыланды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Отырыста «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық жоспарды бекіту

Оймақтай ой Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.

туралы» Қазақстан Президенті Жарлығының жобасы қаралды. Сондай-ақ, Үкімет пен Ұлттық банктің 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы ісқимыл жоспары талқыланды. Бұдан өзге, «Жол картасы-2020» жұмыспен қамту бағдарламасын

өзектендіру жəне «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңды жүзеге асыру мəселелері күн тəрбіне шықты. «Біз бюджетті 2016 жылға барреліне 40 доллар есебінен жоспарлағанымызға назар аударғым келеді. Бүгінде барреліне осы 40 долларды құрап отыр. (Соңы 4-бетте).

 Ұлыбританияда интернет пайдаланушылар Корольдік ІІМ басшысы Тереза Мэйдің атына жазылған петицияның астына қол жинай бастады. Құжатта олар министрден АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамптың елге енуіне тыйым салуды талап етеді. Британиялықтар дың пікірінше, Трамп – нəсілшілдік жəне діни төзбеушілік отын жағатын адам.  Ресей мен Қытай Аспанасты еліне бидай, рапс, соя жəне жүгері сату туралы екіжақты хаттамаға қол қойды. Бұл өнімдер Қытайда өңдеуден өткізілетін болады. Бүгінде екі ел арасындағы тауар айналымы 90 миллиард долларды құрайды.  Эстония президенті Тоомас Ильвес Латвия Ішкі істер министрлігі киберқауіпсіздік қызметінің басшысы Иева Купцемен некеге тұрды. Бұл жаңалықты Эстония басшысының Таллиндегі əкімшілігі растап отыр. Купценің өз қызметінде қа латыны не қалмайтыны əзірше белгісіз. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді.

Бїгінгі нґмірде: МЫҢЖЫЛДЫҚ ҚҰПИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

Абу Абдулло РУДАКИ.

(Соңы 4-бетте).

қ ы и ғ ұң

Т

ЌАРАТАУ

Аспаннан алтын жауған жыл 10-бет

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

 Канада мен Мексика Дүниежүзілік сауда ұйымынан АҚШ-қа 1 миллиард доллар сомасында сауда санкциясын салу құқын иеленді. Осылайша, Оттава АҚШ өніміне баж салығын 780 миллион, Мехико 228 миллион долларға ұлғайта алатын болды.

15-бет

отандық бизнестің мүд десін барынша қамтамасыз етіп, мүлікті жария етуге қатыс т ы түсіндіру жұмыстарын белсендірек жүргізуді тапсырды. Мемлекет басшысы Қазақстанда өндірілген тауарлар ды ілгерілетудің, əсіресе, сырт қы нарықтарға шығарудың маңыздылығын айтты жəне «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасының инвестиция тарту, сондайақ, ауыл шаруашылығы кооперациясындағы, еңбекпен қамту жəне ауыл тұрғындарын оқыту саласындағы жұмысын жан дандыру қажеттігін атап көрсетті. Палата басшылығы кəсіпкерлерді қолдау орталықтары 188 аудан орталығында, моноқалалар мен шағын қалаларда жұмыс істеп тұрғанын айтты. Бүгінде солардың негізінде 212 мың кəсіпкерге көмек көрсетілген.

 Анкара Мəскеуден кейбір арандату əрекеттеріне бармауды талап етті. Мəселе түрік жағының Босфор арқылы Ресейдің «Цезарь Куников» десант тық кораблінің өтуіне наразылық білдіруінде болып отыр.

7-8-беттер

Кездесуде Президиум төрағасы Т.Құлыбаев пен Басқарма бастығы А.Мырзахметов Мемлекет басшысына Ұлттық палатаның 2015 жылғы қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Қазақстан Президенті Ұлттық палата құрылған 2013 жыл дан бері ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. – «Атамекен» кəсіпкерлік өкілдерінің пікірін танытады. Палата мемлекеттің шағын жəне орта бизнесті қолдау үшін қабылдаған көптеген шараларын жүзеге асыруға қатысты. Бес институттық реформа аясында 80-дей заң қабылданды. Оларды əзірлеу ісіне де палата өз үлесін қосты. Енді сол шараларды жүзеге асыратын уақыт келді, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев жекешелендіру үдерісі бары сында

Ұлттық палатаның нормалар əзірлеу саласындағы шығармашылық жұмыс пен кəсіпкерлікті қорғау арқылы бизнес жүргізетін ортаны жетілдіру ісіне белсене қатысатыны атап өтілді. Мəселен, биыл 6,9 мыңнан астам нормативтік-құқықтық актіге, соның ішінде 200-ден аса заң жобасына сараптама жасалды. Кəсіпкерлерден келіп түскен 9,6 мың шағымның 41 пайызына қатысты оң нəтижеге қол жеткізілді. Сонымен қатар, сатып алу жəне жергілікті қамту жүйесін жетілдіру аясында 2014 жылдың 1 тамызынан бері «Атамекеннің» атсалысуы арқылы отандық өндірушілермен арада ұзақ мерзімге арналған 334 миллиард теңгенің 750 шартына қол қойылды. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

 Иран орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Ұшырылу Оман бұғазындағы полигонда жүзеге асырылды. АҚШ-тың пікірінше, Тегеран сынақ жасамау туралы БҰҰ қарарын бұзып отыр. Ал Пентагон өкілі оқиғаға байланысты алаңдаушылық білдірді.

 Далай лама ХIV тыйым салынған «Ислам мемлекеті» делінетін содырлар ұйымымен диалог жүргізуге шақырды. Оның пікірінше, лаңкестік ұйымның олардың нені талап ететінін түсіну маңызды.

Жўмысты жандандыру міндеттелген ќабылдау Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасының басшыларын қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 Мəскеудің Покровка көшесіндегі аялдамада жарылғыш құрылғы іске қосылды. Салдарынан 5 адам зардап шекті. Бұл төтенше оқиғаға байланысты Ресей қылмыстық кодексінің 213бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

11-бет

Əзиз əлемі 12-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.