10012014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№5 (28229) 10 ҚАҢТАР ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

 Өмірдің өзегі – өндіріс

 Көкейкесті

Ґтімді ґнім

Ашынєаннан айтылар ащы шындыќ

Сауда орындарынан «КЭММИ-дің» өнімдерін сатып алған кезде немесе дастарқан басында тамақтанып отырып біз ылғи да «Нан жайып, кеспе кесуге уақытың жетпей асыққанда немесе жалпы жұмысбасты əйелдерге жақсы. Сонда бұл жайма жұқа нан, кеспелерді кім жасайды екен өзі?» деп ойлап жүретінбіз. Сөйтіп, кəсіпорынның бас директоры Андрей Кригермен кездестік. Тағы да бір алыс іссапардан келіп отырған беті екен. Бізді жылышырайлы, жарқын көңілді, бұрыннан білетін адамдай қарсы алды. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

– Біз отбасымыз, əке-шешем бəріміз Германия жаққа көшіп кетсек те, осы елдің, осы жердің тумасы, ауылда өскен жергілікті неміс ұлтының өкілдеріміз ғой. Облыстағы Шарбақты ауданының Орловка ауылында қазақтар арасында, қарапайым отбасында өстік, – дейді Андрей Кригер. Кəсіпорын қақпасынан ішке енген бетте-ақ көрініп тұр: айнала тап-таза, таптұйнақтай. Ыбырсып, шашылып жатқан қоқыс жоқ. Неміс халқының біз үйренер, үлгі алар өркениеттік тəртібі, талабы деген осы. Қарап тұрып, шын мəнінде риза боласың. – Бүгінгі заман бəрімізден, Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, көп еңбек етуді қажет етеді. Еліміз экономикасы күннен-күнге өсуде. Өзіңіз айтқандай, тіпті, жайма, кеспемен ас дайындауға да уақыт жетпейтіні бар. Ал, үйіңізде «КЭММИ» болса, еш уайымдамайсыз, – деп əзілдей күлді кəсіпорын басшысы. «90-жылдары, елімізде кəсіпкерлікке, өзіңнің жеке шаруаңмен айналысуға мүмкіндік ашылған кезде макарон өнімдерін шығаруды қолға алдық. Сол кездегі нарық шеңберіне қарасақ, бəрі де макарон шығарғыш болып кетті. Біз етке жайма нан салып жейтін, кеспе көже жасайтын қазақтар арасында өстік қой. Үйде анамыз да көршілерден көріп ет асып, жайма салып ас əзірлейтін. Жергілікті жерде макароннан гөрі жайма нан мен кеспеге сұраныс болатынын істі бастамай жатып-ақ білдік», – деді Андрей əңгімесін жалғастырып. Ал, бүгінде «КЭММИ» компаниясы еліміздегі жайма нан, лағман, сорпалы кеспе жəне макарон өнімдерінің көшбасшы өндірушісі болып отыр. Өзінің "КЭММИ" атты жеке тауарлық белгісі бар. Өнімдері еліміздің барлық өңірлеріне,

Қырғызстанға, Германияға, Ресейге жеткізілуде. Жалпы, компанияның жұмысы 1997 жылы басталды. Ол кезде қытайлардан көріп, тез дайындалатын кеспе де жасады. Бірақ, сол кезден-ақ, қазақ халқының ұлттық асы – етке салатын жайма жұқа нан, үй кеспесін жəне лағман дайындау үнемі «КЭММИ-дің» ойында жүрді. Ал, қазіргі күндері кəсіпорында жайма нан, кеспе дайындау үшін əлемдегі алдыңғы қатарлы Оңтүстік Корея, Италия, Германия кəсіпорындары жабдықтарының үлгілері қолданылады. Тіпті, компания бұл тағамдарды жасауда өзінің жеке желісін құрып, алғашқы эксклюзивті өнімдерін шығара бастады. – Бұл – ноу-хау! Яғни, біз жайма нан, кеспе жасау өндірісінде көпшілік əлі біле бермейтін, басқалардың алдында бəсекелі болатын ерекше технология жасап шықтық. Өзіміз жасаған өнімдерімізді Ресейдің талай халықаралық көрмелеріне алып бардық. Бір қызығы, олар біз жасаған жайма нанға қарап «бұл квадраттар не өзі?» деп төртбұрышталып кесілген жаймаларға таңданыспен қарап тұрады, – деді А.Кригер бізбен бірге кəсіпорын ішін аралап көрсетіп жүріп. Кəсіпорын түгелімен автоматтандырылған. Жансүйсінерлік мұнтаздай тазалық. Айнала тəртіп. Барлығы робот, компьютер, жайма нан, кеспе жасау үшін тетіктерді басып қалсаң болды. Ұлттық тағамдар өндірісіндегі Андрей Кригердің болжамы дұрысқа шығып, тұтынушылар бұл өнімдерді жылы қабақпен қарсы алды. Жұмысбасты қыз-келіншектер де қораптағы дайын қамыр тұрғанда, ұнды илеу үшін көп күш жұмсаудың қажеті жоғын түсіне бастады. Сапалы, дəмді. Ал, кəсіпорын желілері арқылы жасалынған жайма нан, кеспені үйде дайындау мүмкін емес, себебі, машина қамырды бір шаршы сантиметрге 120 келілік қысыммен илейді. Өнімдерді дайындауға 01-01

Жақында қызмет бабымен аймақтарға барған сапарымда халықтың мұң-мұқтаждарымен танысып қайттым. Сонда айрандай ұйыған ауылдардың бірлігін бұзып отырған діни ағымдар туралы көп естідім. Уақыт өткен сайын бұл мəселенің ушығып бара жатқанын енді ашық айтқан орынды деп білемін. Себебі, «ауруын жасырған өледі» дейді атам қазақ. Мұндай үлкен проблемаға тұсау салмасақ, ертең еліміздің қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіретіні күмəнсіз. Бақытбек СМАҒҰЛ,

Парламент Мəжілісінің депутаты.

нөмірімен техшарттар (ТШ) құрылды, сəйкестілік сертификаттары алынды. Қазіргі уақытта «КЭММИ» сұранысымен құрылып, іске асырылған осы өнімнің СТ № 001 мемлекеттік жеке стандарты бар. «КЭММИ» өнімдерін дайындау оңай емес екеніне көз жеткіздік. Компания өз қарамағына түріктің диірмен кешенін сатып алыпты. Енді «КЭММИ» өзінің жеке жоғары сортты ұнын өндіруде. Сапалы өнімнің дайындалуына негіз деген осы. Бұл

Елшімен əѕгіме

Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Пэк Чу Хёнды қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар қос елдің президенттері Нұр сұлтан Назарбаев пен Пак Кын Хенің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы айрықша үлестерін алға тарта отырып, Қазақстан мен Корея қарым-қатынасының стратегиялық маңызына назар аударды. Одан əрі парламентаралық өзара іс-қимыл тақырыбы сөз болып, Нұрлан Нығматулин оның мемлекет басшыларының келісімдерін тиімді жүзеге асыруға ықпал ететінін атап айтты. Өз кезегінде Пэк Чу Хён біздің еліміздің экономикалық қарқынын жоғары бағалады. Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымы өткен жылдың 9 айы ішінде 1 млрд. АҚШ долларын құрады. Бүгінгі күні біздің елімізде оңтүстіккореялық капиталдың қатысуымен 700 бірлескен кəсіпорын жұмыс

АҚПАРАТТАР аєыны  «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру 2020 жылға дейін ұзартылды. Осы бағдарламаны 2014-2020 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 190 млрд. 536 млн. теңгені құрайды. Бұл өспірімдердің сапалы білім алуына негіз қалайтын болады.  Елордада қыс басталғалы бері сыртқа 813 370 текше метр қар шығарылған. Қар тазалау жұмыстарына 609 техника жəне 372 жол қызметкері жұмылдырылды. Осы жұмыстың тыңғылықты атқарылуына бас қаладағы Алматы ауданы да өз үлесін қосып келеді.  Алматы қаласы «Қалқаман» шағын ауданындағы 500-ге жуық отбасы екі аптадан бері жылусыз отыр. Қыстың көзі қырауда жарықтары да сөніп қалған. Тұрғындар жауапты мекемеге шағым айтқанымен, нəтиже шығатын емес.

Адамзатќа «Эйфель мўнарасын» сыйлаєан кґрме 2-бет «Магнитогор жўмысшысы» ќандай газет? 6-бет Кґкжар жəрмеѕкесі 7-бет «Есіѕде ме Ќарабўтаќ, Тахауи»... 10-бет

 Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында жетім жəне атаана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жатақхана пайдалануға берілді. Бұл игілікті істің нəтижесінде жас тар енді осы жерде тұрып, белгілі бір білім беру мекемесінде сапалы оқуға мүмкін дік алады.  Павлодар облысындағы мал өсіретін шаруашылықтар жел генераторымен жəне күн батареяларымен жабдықталды. Қазіргі кезде заманауи блок-модульдер 75 жайылымда орнатылған.  Жамбыл облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде химия зауытының құрылысы жүргізілуде. Ол пайдалануға берілген кезде 225 жаңа жұмыс орны ашылады. Соның негізінде жергілікті өңірдің экономикалық əлеуетін еселеуге мүмкіндік жасалғалы отыр.  Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Бір жыл ішінде салынған оқу орны қажетті құралжабдықтармен жабдықталды. Мұнда

ұнның негізіне бидайдың алуан түрлілігі зор əсер тигізеді, қатты жəне жұмсаққа жақын бұл бидайдың өсуіне солтүстікте жатқан Павлодар жерінің ауа райы жақсы ықпал етеді. – Жеріміздің табиғатын, одан шыққан табиғи өнімдерді пайдалана білуіміз керек. Сондықтан, біздің өнімдеріміз еш қоспасыз жасалады, – дейді А.Кригер.

істейді. Елшінің айтуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімнің жарқын үлгісі болып табылады. Бұл бүкіл əлемде өте жоғары бағаланады. Нұрлан Нығматулин Корея тарапының Азиядағы өзара іс-қи мыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, сондай-ақ, ядролық қарусыздану жəне таратпау жөніндегі форум жұмыстарына белсене қатысуы екі ел үшін де зор маңызға ие екендігін атап көрсетті. Кездесу барысында Мəжіліс Төрағасы Оңтүстік Кореяның халықаралық көрме өткізудегі өзіндік тəжірибесі мен табысын еске ала отырып, аталған елдің компания өкілдерін ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындық жұмыстарына қатысуға шақырды. Кездесу иелері екі ел қарым-қатынасын, соның ішінде, парламентаралық байланыстарды одан əрі нығайтуға мүмкіндіктер жеткілікті екенін білдірді.

оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуына жағдай жасалған.  Келер жылы Батыс Қазақстан облысында жалпы аумағы 343 мың гектар болатын «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты іске қосылады. Сол кезде 80-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Сондай-ақ, «Ащыөзек» қорығын осы аймақ құрамына енгізу жоспарланған. Ал аталмыш резерваттан алдағы мерзімде «Қызыл кітапқа» енген əсем тырна, аққұйрық бүркіт, безгелдек, дуадақ, алып көртышқан, ақбөкен сынды аң-құстармен бірге, қызғалдақ, көктікен, сарғалдақ сынды өсімдіктерді көре аласыз.  Атырау облысында жаңа жылдан бастап жастар ресурстық орталығы жұмыс істей бастады. Аталған орталық өңірдің барлық аудандарында құрылған. Басты мақсат – жастардың жұмыспен қамтылуына жəрдемдесу жəне кəсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік жасау. Bnews.kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.

(Соңы 5-бетте).

 Оймақтай ой Жан – сəуле, жүрек – айна. Мəшһүр Жүсіп КӨПЕЙҰЛЫ.

Қазіргі таңда қоғамымызда ғасырлар бойы қалыптасқан дəстүрлі дінімізді исламға жат дүниетанымдағы ағым ретінде көрсету белең алып барады. Бүгін уаххабтік жолдағы миссионерлер қазақтың санғасырлық мұсылмандық түсінігіне балта шабуға тырысып бағуда. Бұл дегеніңіз, зардабы кешегі коммунистік идеология жүргізген ұлтсыздандыру саясатынан да асып түсетін қасірет. Бұлар қазақты бүгін ғана мұсылмандықты қабылдаған ел сияқты көрсетіп, өздерін таза ислам атынан, кей жерлерде Алланың атынан сөйлеп, халықты қалыпты діни сенімі мен танымынан бездіруге жұмыс жүргізуде. Демек, олар қазақтың санғасырлық тарихы мен діни тəжірибесін жоққа шығаруды мақсат етуде. Бұл – нағыз революциялық үрдіс. Ал исламның рухында революция емес, эволюция ғана бар екендігін неосалафилер сезінбейтін секілді. Тек өздерінің танымын ғана тықпалай береді. Яғни, еркін үнқатысуға емес, психологиялық қысымға негізделген рухани экспанциясын жүргізіп отыр. Бұл – еліміздің зайырлылық ұстанымына қайшы əрекет. Сондықтан зайырлылық түсінігіне анықтама беріп, нормативтік құқықтық актілердегі зайырлылық функцияларын қайта қарастырмасақ, жат ағымдарды сырттан тықпалаушылар тəуелсіздігімізге қауіп əкелмек. Салафилер музыка, театр, өнер, туған күн тойлауды харам, күнə деп есептейді. Бұлар – уаххаби ағымындағылар үшін Аллаға серік қосу (ширк) жəне дінге жаңалық қосу (бидғат). Одан қалды, беташар сияқты салтдəстүрлерімізді жоққа шығарып, тыйым салуда. Шариғатқа емес, конституцияға бағынған адамды

бір Құдайға сену формуласын бұзғаны үшін «көп Құдайға табынушы» (арабша – мүшрік, кəпірдің бір түрі) ретінде көрсетеді. Уаххабилер пенделер ойлап тапқан конституцияға бағыну арқылы адам конституция ны Құдай заңына теңгеріп, оны жазған адамдарды Құдаймен қатар қояды деп айыптайды. Қысқасы, жат ағымдағылар ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтымызды ревизиялап, шырқымызды бұзуда, ұлттық қауіпсіздігімізге орасан зор қауіп төндіруде. Жоғарыда атап өткендерді ескере отырып, тиісті жауапты органдарға бірнеше мəселелерді ұсынамын: Біріншіден, мемлекет жəне дін арасындағы қатынас нақты емес. Яғни, мемлекет тарапынан дін конституциялық шеңбердегі құбылыс ретінде қабылданбаған. Конституцияда əр адамның дін таңдауынан өзге нақты категория қалыптаспаған. Егер нақты түсінік қалыптасса, ЖОО-лар мен мектептерде қазақ мəдениетінің ислам өркениетіндегі орны, дəстүрлі ислам діні туралы оқытылуы тиіс еді. Оған да кадр, база, материал, ғылыми-зерттеу институты қалыптасушы еді. Дегенмен, Елбасының «Мəдени мұра» бағдарламасында көрсет іл ген еңбектер білім беру үдерістерінде жоқ, енбеген. Ол діни білім беру болсын, тарихи, мəдени болсын, көрінбейді. Екіншіден, жауапты орган ретінде Дін істері агенттігі, құқық қорғау органдары дін істеріне қатысты жауапкершілік жүктеу туралы заң жобасын жасауы қажет. Аталған ұсыныстар мемлекеттілігіміздің тікелей қауіпсіздік, идеология, мəдениет жəне білім салаларын қамтитындықтан, əрі ұсыныстардың өзекті екені ескеріле отырып, қазірден бастап қам жасалмаса, ертең кеш қалып, бармақ тістеуіміз əбден мүмкін...

● Толғандырар тақырып

– Нестеватсын? – Ойнавотрм

Интернетті, ўялы телефонды сыпыра сауатсыздыќ пен жаппай жауапсыздыќ жайлап барады

Қазіргі заманғы байланыс түрлері пайда болғанға дейін адамдар ақпарат алмасу үшін отты, түтінді, желкендік рəміздерді, белгі беретін жалаулардың түсін, диірмен қанаттарын, ысқырықты, құбырлардың, барабандардың немесе ұңғыланған піл азуларының дыбыстарын пайдаланған ғой. Ал сіз адамзат баласы онлайн-байланысты ойлап тапқанға дейін талай тығырыққа тіреліп, мыңдаған-миллиондаған жылдарды артқа тастағаны туралы ойланып көрдіңіз бе?

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Ұялы байланысты былай қойғанда, адамдардың агентсіз де өмір сүрген кездері болған. Қысқасы, барлық кезде алыстан араласудың жолдарын тауып отырған. Ендеше, адамзат баласының ең ұлы жаңалығының бірі де осы – ғаламторлық байланыс. Айшылық алыс жерде отырған адаммен бір түйменің көмегімен сөйлесуге де, дидарласуға да болады. Америкада отырып та skype көмегімен балашағаны көріп, не ішіп, не киіп жүргенін бақылай аласың. Ғажап! Алайда, адамзат баласының өзі ойлап тапқан ұлы жаңалығы өзін кейін қарай сүйреп бара жатқаны өкінтеді-ау. Ұялы телефон ұстап туған қазіргі ұрпақ бір күн де агентсіз өмір сүре алмайды. Қолындағы телефонын тартып алсаң, жан-жағына алақтап, түсінен шошып оянғандай, уақыттың қай мезгілі болғанын ажырата алмай, айналасына таңғала қарайтын адамдардың түрлері пайда болды. Ұялы телефонға агент «ұя салғалы» мына өмірді ұмытып, виртуалды əлемнен шырмалып шыға алмай жүргендер шаш-етектен. Үйде де, түзде де, автобус пен троллейбуста бір бір телефонға телміріп отырған адамдар. Амандасқаныңды естімейді, жымиғаныңды байқамайды. (Соңы 5-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.